Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау



бет75/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102
Байланысты:
2. Жеке физиология

Құрғақ тамақ жегеннен кейін несептің қойылуын Фольгард сынауымен анықтау
Зерттеуші адамға ақ затқа бай құрғақ (қою) тамақ береді. Әрбір 2 сағат сайын несеп жинайды да оның мөлшері мен сыбағалы салмағын анықтайды. Зерттелу нәтижесін бағаларда, әдетте несеп мөлшері 40-60 мл дейін азаятынын, белгілі бір мезгілде (зерттеу барысында) 250-350 мл несеп жиналатынын, оның сыбағалы салмағы 1,078-1,035 ке дейін артатынын ескеру керек.


10-жұмыс. Нечипоренко әдісі

Нечипоренко әдісі бойынша 1 мл несептегі формалық элементтердің (эритроцит, лейкоциттердің) санын анықтайды.


Жұмысқа қажетті заттар: центрифуждық өлшеуші пробирка, 10 мл пипетка, Горяевтің есептеу камерасы (немесе басқа камера), шыны таяқша, микроскоп.
Зерттеу тәсілі: зерттеу үшін зәр сындыру ортасында таңертеңгілік алғашқы несептің (15-20 мл) орташа мөлшері алынады. Несептің рН ортасын анықтайды (несепте жасушалық элементтердің жартылай ыдырауынан сілтілік реакция жүруі мүмкін). 5-10 мл несепті минутына 3000 бұрылымда 3 минут центрифугалайды. Сосын 1 мл несепті тұнбамен қалдырып, жоғарғы қабатын сорып алады. Тұнбаны араластырып, бір тамшыдан камераны толтырады. 1 мм куб несеп тұнбасындағы (1 мкл) формалық элементтердің (жеке-жеке лейкоциттер және эритроциттер) санын камераның барлық торында санап шығады. 1 мл-дегі жасушалардың санын мына формуламен анықтайды:
N = X * 500/V, мұндағы
N – 1 мл-дегі жасушалардың саны;
X – 1 мкл-дегі жасушалардың (лейкоциттер немесе эритроциттер) саны;
V – центрафугалауға алынған несеп мөлшері;
500 – тұнбаның мөлшері (мм куб)
1 мл-де лейкоциттер 4000, эритроциттер 1000-ға дейін болуы қалыпты деңгей деп саналады.


Сыртқа шығару және жылу реттелу тақырып бойынша ситуациялық есептер

1. Түнгі уақытта диурез мөлшері төмендейді. Себебі неде?


2. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы фильтрация немесе түтікшелердегі секреция нәтижесінде несепке түседі? Олар: мочевина, альбулин, аммиак, фосфаттар, глюкоза, бикарбонаттар, гиппур қышқылы, натрий ионы, кальций ионы, пенициллин.
3. Қанның осмостық қысымы жоғарлағанда несеп түзілуінде қандай өзгерістер пайда болады?
4. Қанға АДГ енгізгенде жануардың бүйрек қызметін қандай өзгерістер пайда болады?
5. Адам шөл далада болғанда, терморегуляцияның қай түрі басым болады?
6. Cуық жағдайда терморегуляцияның қай түрі басым болады?
7. Неліктен нейлон мақтадан жасалған жейде киген кезде, ыстықты ауырлапу күйінде көтеріледі?
8. Неліктен суық кезде торғайлар ұрпейді (қауырсын көтеріледі)?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет