Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет83/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102
VII. Сабақтың мазмұны:


Студенттер өздері орындайтын жұмыстар.

1.Форстер периметрімен көздің көру аймағын анықтау.


2. Мариотт тәжірибесі.
3. Көздің аккомодация мөлшерін анықтау.
4. Сфералық аберрацияны көрсету.
5. Бинокулярлық (екі көзбен) көруді дәлелдеу.
6. Рабкин кестесін, түрлі түсті айналатын зырылдауықтарды
қолданып көздің түстерді көру механизмін зерттеу.
7. Эстезиометрия - терінің жанасу сезімталдығын анықтау.
8. Тері рецепторларының температуралық бейімделуі мен контраст
құбылысын байқау.



  • Оқытушының қатысуымен бірлесіп жұмыс жасау – көздің көру өткірлігін анықтау, теориялық материалдарды талдау, жұмысты орында әдістемелері.

  • Студенттердің бастапқы және қорытынды білім деңгейін тексеру (тест сұрақтары мен мәселелік тапсырмалар).


I.Тақырып: Есту, дәм сезу, тепе-теңдікті сақтау талдағыштары


II. Оқу сағаты – жоспар бойынша.


III. Тақырыптың маңыздылығы : Есту талдағышы сыртқы ортаның организм үшін ең маңызды ақпараттарын қабылдайтын көру талдағышынан кейінгі екінші орынды алады. Есту талдағышының функциясы адамның екінші сигналдық жүйесімен тығыз байланысты. Есту талдағышы тепе-теңдікті сақтайтын вестибулярлық талдағышпен де бірге кеңістікке бейімделуге қатысады. Ал дәм сезу талдағышы ас қорыту жүйесінің функциялық жағдайына әсер етеді. Талдағыштар физиологиясын жетік білу клиникалық пәндерді меңгеруді жеңілдетеді .


IV. Сабақтың мақсаты:


Студент білуі қажет:
1. Есту, дәм сезу және тепе-тендікті сақтау талдағыштарының морфо-функционалдық сипаттамалары.
2. Дыбыс өткізуші және дыбысты қабылдаушы жүйелердің құрылымы мен функциялары.
3. Дененің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі, дәмдік тітіркендіргіштер және дыбыстық толқындарды қабылдау теориялары.


Студент орындауы қажет:

1. Есту өткірлігін анықтау (дыбысты тыңдау әдісімен) және нәтижені тіркеу.


2. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтімділігін тексеріп, қорытынды жасау.
3. Дәм рецепторларының тіл бетінде орналасу топографиясын анықтап, олардың орналасқан үлгісін (схемасын) салу.
4. Барани сынағын өткізу, алынған мәліметтерді дұрыс тіркеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет