Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет80/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102
Жұмысты орындау. Зерттелуші адам ақ түсті крест пен дөңгелек салынған қара қағазды қолына ұстап, сол көзін жауып, оң көзімен суреттегі крестке қарап (ақ дөңгелек сырт жағында қалады), біртіндеп оны көзіне жақындатады. Шамамен 15-25 см қашықтықта ақ дөңгелек көрінбей кетеді, себебі крестке көзді тоқтатқанда, одан шашыраған сәулелер белгілі бір қашықтықта сары даққа түседі де, ал дөңгелектен шашыраған сәулелер соқыр даққа түседі, сондықтан дөңгелек көрінбей қалады.



3-жұмыс. Көздің өткірлігін анықтау

Көздің өткірлігін анықтауды көз ауруларының тәжірибесінде жиі қолданады. Сыртқы дүниенің заттарын анықтау үшін оларды тек қана түсіне және реңіне қарап бөліп қоймай, олардың жеке бөліктерін де анықтайды. Көздің өткірлігі (visus) неғұрлым ұсақ бөлшектерді анықтай алса, соғұрлым жоғары болады.


Көздің өткірлігі деп біріне-бірі өте жақын орналасқан нүктелерді жекелеп қабылдау қабілетін атайды.
Жаңа туылған нәрестелердің жарық қабылдау қызметі (жарықты сезгіштігі) көзге айтарлықтай күшті жарық түскенде, жауап ретінде пайда болатын қарашық және кірпік қағу рефлекстері, басын қозғалтуы арқылы анықталады. Жарыққа қарашық рефлексі (қарашықтың тарылуы) жатырдағы дамудың алтыншы айында пайда болады.
Нәрестелердің қарашығының жарыққа сезімталдығын анықтаған кезде нұрлы қабықтың бұлшық еттерінің толық дамымағанын ескеру қажет, сондықтан жарықтың әсерінен қарашықтың тарылу дәрежесі төмен болады.
Жұмысты орындау. Көздің өткірлігін анықтау үшін 12 жолды, көлемі әр түрлі мөлшердегі әріптерден тұратын Сивцев кестесі пайдаланылады. Кестенің сол жағында әр жолдағы әріптердің қалыпты жағдайда көріну қашықтығы (Д) жазылған.
Қалыпты жағдайда 1-қатардағы әріптер 50 м, 10-қатардағы 5 м қашықтықтан анық көрінеді.
Көздің өткірлігін жақсы жарықтандырылған кестені 5 м қашықтыққа қойып тексереді. Егер зерттелуші адам 10-қатардағы әріптерді жақсы көре алса, көздің өткірлігі (V) 1-ге тең болғаны. Егер зерттелуші 1- жолдағы әріпті ғана көре алса, 5-ті 50 метрге бөліп, көздің өткірлігі 0, 1-ге тең екенін білуге болады. Көздің өткірлігі (V) кестенің оң жағында жазылған.
Әріп танымайтын балалардың көру өткірлігі Сивцевтің түрлендірілген кестесінің көмегімен анықталады. Онда әріптердің орнына қатары мен мөлшерлеріне сәйкес түрлі ойыншықтардың суреті берілген.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет