Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар



бет84/102
Дата26.09.2022
өлшемі9,25 Mb.
#40326
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
V. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:
1. Есту ағзасы және оның жеке бөлімдерінің құрылысын сипаттау.
2 Есту талдағышы, оның бөлімдерінің функциялық маңызы.
3. Корти мүшесінің орналасқан жері, құрылымы және функциялық маңызы.
4. Есту ағзасының дыбыс өткізуші және дыбыс қабылдаушы жүйелері туралы түсінік.
5. Дыбыс толқындарының қабылдануы туралы теориялар (резонанстық, телефондық, жарысқан толқын тәрізді тербелістерді қабылдау ).
6. Дыбыстардың ауа және сүйек арқылы өтетіндігін дәлелдеу.
7. Есту өткірлігі туралы түсінік.
8. Вестибулярлық (тепе-тендік) талдағыш, оның бөлімдерінің сипаттамалары.
9. Дененің кеңістікте орналасу өзгерістерін қабылдау механизмдері.
10. Дәм сезу талдағыштары, оның бөлімдерінің сипаттамасы.
11. Дәм тітіркендіргіштерін сезу (қабылдау) теориялары.



  1. Ақпаратты дидактикалық бірлестігі.



ДӘМ СЕЗУ ТАЛДАҒЫШЫ

Тілдің кілегей қабығында тәттіні, тұзды, қышқылды, ащыны қабылдайтын 4 түрлі рецепторлар орналасқан. Тілдің ұшындағы рецепторлар тәттіні қабылдайтын болса, тіл бүйіріндегі рецепторлар қышқылды, тұздыны, ал тіл түбіріндегілері тек ащыны қабылдайды. Тілдің орта шетіндегі кілегейлі қабығында дәм рецепторлары болмайды. Сондықтан тіл бетінің ортасындағы кілегейлі қабығы дәм тітіркендіргіштерін сезбейді. Өткізгіш бөлімі үшкіл жүйке, тіл – жұтқыншақ, бет жүйкелерінің талшықтарынан тұрады. Осылар бойынша қозу сопақша миға, таламусқа және ми қатпарының артқы орталық аймағының төменгі бөліміне беріледі.




1-жұмыс. Тілдің әр жеріндегі түрлі дәм сезімдерінің орнын анықтау


Жұмысты орындау. Зерттеуші адам зерттелуші адамның тілінің әр жеріне (тілдің ұшы, бүйірі, ортаңғы бөлігі, түбірі) әрбір екі минут сайын мына ерітінділердің: 3%-қант, 10%-хлорлы натрий, 1%-лимон қышқылы, ащы эритромицин бір тамшысын кезекпен тамызады. Сөйтіп тілдің дәм сезімін дұрыс анықтайтын жерін табады Зерттелуші адам тіліне қандай ерітінді тамызылатынын білмеуі керек. Әр сынауды жүргізгеннен соң ауызды сумен шаяды. Әр сынаудың арасы 2 минуттен кем болмағаны дұрыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет