Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет3/12
Дата18.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#2182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жаниба ҚАРАСАЕВА, 

ақын, Қазақстан Жазушылар және 

Журналистер одағының мүшесі, 

«Махамбет ауданының Құрметті 

азаматы», Халықаралық Бейбітшілік 

әлемі қоғамының алтын медаль иегері 

 

Атырау облысы



Таңдай ауылы

Әлемге үлгі болатын Барыс сияқты тәуелсіз, 

батыл мемлекет құру біздің көкейкесті арма-

нымыз. Президент 2030 жылғы Қазақстанды 

азаматтардың дендері сау, білімдері сапалы, 

нарықтық қатынастардың қыр-сырын терең 

меңгерген, үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын 

тілдерінде еркін сөйлейтін, бабалардың 

салт-дәстүрлерін ұмытпай ұстанатын, әлем 

халықтарына сыйлы, өз елінің нағыз патри-

оттары болып тәрбиеленсе екен деген сенім-

тілегін білдіреді. Ең бастысы, «халықтың 

қарны тоқ, көйлегі көк болса екен» деп 

тіледі. Бұл ұстаным президенттік «алдымен 

экономика – одан кейін саясат» принципіне 

айналғаны белгілі.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясы елдің 

экономикалық өзгеру идеясын күн тәртібіне 

қойды. Өтпелі кезеңдегі және одан кейінгі 

мемлекеттің экономикалық мақсаттары 

анықталды. Басқарушы органдардың осы 

мақсаттарды орындау жолындағы нақты 

қызметтері көрсетілді. Экономикалық, 

әлеуметтік және қоғамдық өмірдің негізгі са-

лаларын реформалау жолдары мен Қазақстан 

халқының этносаяси бірлігін сақтау және 

нығайту жолдары белгіленді.

«Қазақстан – 2030» Стратегиясы өзінің 

өміршеңдігін толық дәлелдеді. 33 жылға 

арналған Бағдарлама 2013 жылға таман 

20 жылда толық жүзеге асты. Қазақстан 

әлемнің орта дамыған индустриялды елдері 

қатарынан көріне алды.

Сайын БОРБАСОВ, 

саяси ғылым докторы, профессор

айырылған адамдарға тіршілік жасауға, үмітін 

қайта жалғауға, өмірді қайта бастауға күш 

берді» деп Нұрсұлтан Назарбаев қуғын-сүргін 

жылдарының куәгерлері мен олардың ұр-

пақтары Қазақ елінің қамқорлығын қазір ай-

рықша жылылықпен еске алатынына назар 

аударды. 

«Олар кезінде өздеріне де оңай болмағанына 

қарамастан, қазақтардың қайырымдылығы 

үшін, сол кездегі тыйымдарға қарамастан, 

батыл әрі риясыз көмегі үшін алғыс айтады. 

Қазақтар да бауырластарға туған өлкеге деген 

сүйіспеншілігі үшін, жеріміздің түрленуіне 

қосқан үлесі үшін, ұлттық мәдениетке, тілге 

және дәстүрге деген құрметтері үшін алғыс 

білдіреді» деді Қазақстан Президенті.

Елбасы тарих беттерін парақтасақ, Сталин 

режімі кезінде тұтастай бір халықтар – 800 

мыңға жуық неміс, 102 мың поляк, 507 мың 

Солтүстік Кавказ халықтарының өкілдері, 

18,5 мың корей отбасы Қазақстанға жер 

аударылғанын, оларды жүк вагондарына тиеп, 

қақаған қыста ашық далаға әкеліп тастағанын 

еске салып сөзін былай жалғады. «Ол кездері 

мұнда тек қазақтар ғана тұратын. Өздері 

жоқшылықта отырса да қазақ отбасылары 

қатарында Парламент Мәжілісі депутаттығынан 

үміткерлер Мақсат Раманқұлов, Қайырбек 

Кемеңгер, Әсет Атабаев және «Ақ жол» пар-

тиясының қалалық филиалының басшы лығы 

болды. «Ақ жол» – еңбек етер кез келді» деп 

аталатын сайлауалды бағдарламасының негізгі 

бағыттары мен тетіктері кеңінен айтылды. 

Қазақстан Коммунистік халық партиясы 

(ҚКХП) Ақтөбе облысында мал өсірумен ай-

налысатын «Парижская коммуна» ЖШС еңбек 

ұжымымен және қалада партияның облыстық 

жастар қанатымен кездесті. Жиналғандар 

алдында партияның көшбасшысы Владислав 

Косарев сөз сөйлеп, жұртшылықты сайлауалды 

бағдарламамен таныстырды. 

« А у ы л »   х а л ы қ т ы қ - д е м о к р а т и я л ы қ 

оларды үйлеріне кіргізді. Солардың бірі біздің 

үй болатын» деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев сол кезеңнің тотали-

тарлық машинасынан барлығы жапа шеккенін 

атап өтті. «Біз жыл сайын Саяси қуғын-сүргін 

және ашаршылық құрбандарын еске алу 

күнін атап өтеміз. Бүгінде біз – 100-ден аса 

этнос және 17 конфессия өкілдері татулық 

пен келісімде өмір сүріп жатқан бірегей елміз. 

Біз бірге қалалар мен кенттер салып, егін егіп, 

индустрияны дамытып, жол салып жатыр-

мыз, отбасын құрып, бала тәрбиелеудеміз. 

Табыстарымызға бірге қуанып, ең қиын 

сәттерде бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз. 

Менің тапсырмаммен Ассамблеяның бүкіл 

елдегі барлық қайырымдылық шаралардың 

үйлестірушісі ретіндегі рөлі Ұлт Жоспары 

аясында заңнамалық тұрғыдан бекітілді. 

Ассамблея тарихы – біздің достығымыз бен 

тұрақтылығымыздың тарихы. Алғыс айту күні 

бізді бұрынғыдан да жақындастыра түсетініне 

сенімдімін» деді Мемлекет басшысы.

Елбасы татулық пен келісімде бірлесіп 

өмір сүру салты, әсіресе, жаһандық экономи-

калық дағдарыс жағдайында көші-қон хаосы 

басталған, этносаралық және әлеуметтік 

патриоттық партиясы да сайлаушыларымен 

жүздесіп, бірқатар жайттарды талқылады. 

П а р т и я н ы ң   р е с п у б л и к а л ы қ   қ о ғ а м д ы қ 

штабының жетекшісі Рүстем Жоламан сайлау 

науқанындағы үгіт-насихат жұмыстарының 

бірінші кезеңін, яғни алғашқы 10 күнінде 

атқарылған шараларды қорытындылауға 

а р н а л ғ а н   б р и ф и н г   ө т к і з д і .   Б а с қ о с у д а 

Рүстем Жоламан үгіт-насихат жұмыстары 

басталғалы бері «Ауыл» партиясы тарапынан 

ұйымдастырылған шаралар жөнінде толық 

әңгімелеп берді.

Жалпыұлттық социал-демократиялық 

партияның сайлауалды штабы тұрғындармен 

кездесуінде штаб жетекшісі әрі аймақтық 

филиал төрағасы Валерий Смоквин кез-

десуге қатысушы Парламент Мәжілісі 

депутаттығынан үміткер Уәлихан Қайсаровты, 

Ж а н г е л д і   Ш ы м ш ы қ о в т ы   ж ә н е   А с л а н 

Құрманбаевты жұртшылыққа таныстырды. 

қақтығыстар ушыққан бүгінгі таңда еліміздің 

ең қымбат тәжірибесі екеніне назар аудар-

ды. «Біздің бірегей этносаралық келісім 

тәжірибемізді неғұрлым көп ел пайдала-

натын болса, соғұрлым әлем де қауіпсіз 

бола түсетініне сенімдімін. Біз – ынтымағы 

жарасқан керемет халық мекендейтін ғажайып 

елміз. Татулық пен келісімнің қазақстандық 

тәжірибесі негізінде біздің Болашағы Біртұтас 

Ұлт қалыптасуда. Сондықтан, біз Қазақстан 

халқы Ассамблеясы құрыл ған 1 наурызды 

Алғыс айту күні ретінде әділ таңдадық. Бұл 

күнді айрықша қайырымдылық акциялары-

мен, мұқтаж жандар мен жақындарға қолдау 

көрсету арқылы атап өту маңызды. Осыған 

байланысты Ассамблеяның арнаулы қорын 

құрып, сол арқылы қолдау көрсеткен жөн 

болар еді. Әрбір ауылда, ауданда, қала мен 

облыста әлеуметтік маңызды мәселелерді ше-

шуге бағытталған қоғамдық шаралар айрықша 

мәнге ие» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Шара барысында Қазақстан Президенті 

Конституция мен ел заңнамасында ұлттық 

және діни ерекшелігіне қарамастан, барлық 

азаматтардың теңдігі көрініс тапқанына 

назар аударды. «Заңның осы ережелерін 

мүлтіксіз орындау керек, оларды қалауынша 

әлдекімдерге түсіндіруге жол беруге болмай-

ды. Мұнда Қазақстан халқы Ассамблеясына 

ерекше рөл жүктеледі. Мен орын алған кейбір 

құқық бұзушылықтарға байланысты бұл ту-

ралы айттым да. Біз үш тұғырлы тіл бағытын 

ұстанып отырмыз және бұл – әлдебіреудің 

қалауы емес, уақыттың талабы. Мемлекеттік 

тілді, мемлекет құраушы этностың тілін білуге 

біз міндеттіміз. Сондықтан да біз қазақшаға 

балаларды мектептен бастап үйретіп жа-

тырмыз. Біз ағылшын тілін де білуге тиіспіз, 

өйткені ол – ғылымның, инновация мен 

ақпараттық технологияның тілі. Ұлтаралық 

қарым-қатынас тілі ретінде орыс тілін де білу 

маңызды. Балаларымызға бұл қажет» деді 

Мемлекет басшысы.



Ақбота ИСЛӘМБЕК

Құқық қорғаушы, блогер Аслан Құрманбаев 

елімізде демократиялық жаңғыртуларды ба-

рынша өрістету, басқарушылық менеджментті 

күшейту, өзара сын мен ұтымды ұсыныстарды 

қолдау қажеттігі жөніндегі пікірлерін білдірді.

А л   П е т р о п а в л   қ а л а с ы н д а   « Б і р л і к » 

 саяси партиясының мүшелері өңірдің 

ірі кәсіпорындарының бірі – «Масло Дел» 

компаниясында болды. Ұжыммен кездесу-

де партиялықтар шағын және орта бизнесті 

дамытудың әрі қарайғы перспективаларын 

талқылады. Партиялықтар, сондай-ақ, елдің 

әлеуметтік негізінің тірегі ретінде орта таптың 

қалыптасуы мен дамуын бағдарламалық 

мақсаттардың бірі деп танитындықтарын, 

олар қазақстандықтардың өмір сүруінің жалпы 

деңгейін көтеру тек орта және шағын бизнестің 

қолдауы арқасында ғана мүмкін екенін жеткізді. 

А.ҚАЙРАТҚЫЗЫ

Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев пен 

Мысыр Президенті Ә.Ас-Сиси келіссөздер 

қорытындысы бойынша бірлескен баспасөз 

брифингін өткізді. 

Қ а з а қ с т а н   П р е з и д е н т і   ө з   с ө з і н д е 

 Ә.Ас-Сисидің ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы 

белесінде келуінің мәні зор екеніне назар аудар-

ды. Елбасы екі ел ынтымақтастығының маңызды 

жайттары талқыланған келіссөздердің мазмұнды 

болғанын, өзекті халықаралық және өңірлік 

мәселелерге қатысты пікір алмасылғанын айтты. 

Екіжақты іс-қимылдың бірқатар бағыт тары айқындалғанын айтты. 

Соның ішінде елдеріміздің көлік-транзит саласындағы әлеуетін бірлесіп 

пайдалану және дамытудың маңыздылығын тілге тиек етті. Мысыр 

Президенті Астана мен Каир берік саяси байланыстар арқылы ортақ 

мүдделерді табысты жүзеге асыратынына сенім білдірді. Келіссөздерге 

жоғары баға беріп, екі елдің сауда, туризм, ауылшаруашылығы және 

білім беру саласында ынтымақтасуға мүдделі екенін атап өтті.

еларалық байланыс нығаймақ 


4

№9 (1319) 

3 – 9 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

5

№9 (1319) 



3 – 9 наурыз

2016 жыл


ІлЕСпЕ аУДаРМа

қашан қолға алынады?  

ашық айту  – ардың ісі

пердесіз көңіл

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белгілі ғалым, академик, 

мемлекет және қоғам қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Өмірбек 

Жолдасбековтің 85 жылдығына арналған іс-шара ғалымның ескерткішіне гүл 

шоғын қою рәсімінен бастау алды.    

Иә, құрметті оқырман, қазақ тіліндегі 

ілеспе аударма бұл ұлттық тіліміздің, ана 

тіліміздің ең өзекті мәселелерінің бірі әрі 

бірегейі. Бұған бейжай, атүсті қарауға 

болмайды. Егер біз тіліміз өркендесін, 

аясы кеңейсін десек, ілеспе аударманы 

қолға алуымыз керек. Өкінішке орай 

осы мәселеге көңіл бөлінбей келеді. 

Мамандардың пікіріне құлақ ассақ, бұл 

саланы дамытуға бағытталған біршама 

жұмыстар атқарылып жатқандай. 

Бірақ біз журналист ретінде айтары-

мыз, баспасөз конференцияларына, 

небір алқалы жиындарға қатысып 

жүргендіктен қазақ тілінен ілеспе аудар-

ма жасалып жатқан жерлерді байқай 

алмай келеміз. тіпті оған деген сұраныс 

та, талап та жоқ екенін қайтерсіз. 

Білдей министрлер, үкімет мүшелері 

ондай басқосуларда «Мен енді бәріне 

түсінікті тілде сөйлейін» деп сырғып 

орыс тіліне көше қояды да, мемлекеттік 

тілімізді шеттетіп тастайды. ал мұндай 

жағдайда біз қазақ тілін қалай дамы-

тамыз? Бір сәт ойланып көрейікші, егер 

де сондай кезде ілеспе аудармашылар 

тобы жұмыс істеп тұрса, ол министр 

немесе әкім «Бәріне түсінікті тілде 

сөйлейін» деп айтар ма еді? олай демей, 

бірыңғай қазақша сөйлеп шығар еді. 

ал орыстілділер оның сөзін ілеспе ау-

дарма арқылы ұғып, түсініп отырар еді. 

ал біз сол деңгейге жеттік пе? Жеткен 

жоқпыз. тіл тағдыры ілеспе аудармаға 

да қатысты екенін ұмытпауымыз керек. 

Баспасөз мәслихаттарында орыстілді 

журналист әріптестеріміз қазақша 

сөйлеп тұрған адамның сөзіне құлақ 

аспай, ұялы телефондарын шұқылап 

отырады. Мемлекеттік тілді білмегеннен 

кейін және мемлекеттік тілді өзге тіл-

дер ге аударатын ілеспе аударманың 

бол мағандығынан бұл. Мұндай көріністі 

еліміздің әр аймағынан байқауымызға 

болады. 

Біз елімізде ілеспе аудармамен тікелей 

шұғылданатын мемлекеттік мекеме 

құруымыз керек. Үкімет соған пәрмен 

беріп, ашуға мүдделі болса, қазақ 

тілінің аясы кеңейе түсер еді. Өйткені 

ілеспе аударма жалғыз парламентте 

ғана болмауы керек. ол мемлекеттік 

жүйенің барлық сатыларында мінсіз 

қызмет етіп тұруы керек. Мұнда да 

ең алдымен қазақ тіліне ерекше мән 

берілуі тиіс. Сөйлегендер, баяндама-

шылар қазақ тілінде сөйлеп, ілеспелі 

түрде орыс тіліне аударылғаны 

жөн. Міне, сонда ғана біз тіліміздің 

жағдайын дұрыстаймыз. Әйтпесе, «Мен 

бәріне түсінікті тілде сөйлеймін» деген 

ұстаным бұдан былай да жалғасып 

кете береді. Бұл өзекті мәселеге тілші 

ғалымдар, филологтар, мемлекеттік 

қызметшілер, басшылар, тіл жанашыр-

лары үн қосса құба-құп. Өйткені ол бір 

адамның ісі емес, бұған мемлекеттік 

дәрежеде мән беріп, қолға алынғаны 

жөн. Қазақ тілін дамытудың нақты 

жолының бірі де осы болмақ, ағайын. 

Біздікі ұсыныс, ал ұсынысты жүзеге 

асыру іс басындағы азаматтардың 

еншісіндегі мәселе. олай болса, алдағы 

уақытта тиісті сала басшыларынан, 

қазақ тіліне жанашыр азаматтардан 

қолдау күтеміз. Ілеспе аударманы 

дамытайық, өйткені дәл осы сала бүгінгі 

таңда қамқорлыққа аса зәру. 

Қоңыр күздің есіктен жаңа 

аттаған мезгіліндегі бұл бір ша-

дыман сәт естен кетпейтіндей 

айрықша әсер қалдырды. Халел 

Досмұхамедов атындағы аты-

рау мемлекеттік университетінің 

мәжіліс залында қазақ 

тілінің практикалық курсы 

кафедрасының меңгерушісі, до-

цент зәуреш Қазмағамбеттің 

мерейтойы аталып өтіп жат-

ты. Демек, бүгінгі қуаныш 

иесінің үлкен белесті артқа тас-

тап, келесісін бастауға рұқсат 

сұрап отырған шағы. Нағыз 

кемел кезең. Жиналғандардың 

қай-қайсысының да оған де-

ген ілтипаттары ерекше, 

құрметтері қапысыз. Кезек-ке-

зек құшақтарына айқара қысып, 

жүрекжарды тілектерін ақтарып, 

кішілік ізеттерін көрсетушілер легі 

көп-ақ. Құттықтаушылардың бір 

шоғыры университеттен тысқары 

жерлерден келген бұрынғы 

әріптестері, мектептерде оқытқан 

шәкірттері. зәурештің аққұба жүзі 

нарттай қызарып, шырайланып 

бал-бұл жанды. Құттықтау үстіне 

құттықтау... 

Қазақ тілінің аясын кеңейтетін өзекті мәселенің бірі – бұл аударма саласын 

дамыту. аударма – кең ұғым. Соның ішіндегі ең күрделісі – ілеспе аударма. 

ол орыс тілінде «синхронный перевод» деп айтылады. 

Ілеспе аударманың қиын болатыны сол мұнда аудармашыға өте жоғары 

талаптар қойылады. ол талаптар үдесінен кез келген аудармашы шыға 

бермейді. Жүз аудармашының ішінен ілуде біреуі ғана бұл талапқа сай 

келуі мүмкін. Сонда қиындықтың кілті неде дейтін болсақ, ілеспе аудар-

маны өзінің ана тілін және аударма жасайтын шет тілін өте жетік, тіпті аса 

жетік біліп, шебер аудара білуі керек. ой ұшқырлығы, тілге шешендік, 

зеректілік, ұғымталдық, жылдамдық, тапқырлық сынды қасиеттер де 

аудармашының эрудициясымен, білімінің кеңдігімен, мәмілегерлігімен, 

жан-жақтылығымен ұштасып жатуы тиіс. Сөйлеу мәдениеті, білімі, 

біліктілігі, дауыс ырғағының бірқалыптылығы, бояуы және т.б. қасиеттер 

ілеспе аудармашыға қойылатын ең басты талаптар.

Ө.Жолдасбеков атындағы 

дәрісхана ашылды

Жиналған қауым алдында сөз 

сөйлеген әл-Фараби атындағы Қазақ 

ұлттық университетінің ректоры 

Ғ.Мұтанов осы жоғары оқу орнында 

1970-1986 жылдары аралығында 16 жыл 

ректор болған Өмірбек Жолдасбековтің 

өткен жолына үңіліп, бүгінгі таңда 

уни верситеттегі атқарылып жатқан 

әртүрлі жобалардың негізі сол кезде 

қалан ғандығын жеткізді. «Өмірбек 

Жолдасбеков ғылым мен қоғамдық 

жұмыс тарды қатар алып жүрген көр-

некті тұлға еді. Ол Қазақ ұлттық уни-

верситеті қалашығының негізін қалап, 

оны әлемдік деңгейге көтеріп кетті. 

Өмекеңнің ғылыми мектебі қазіргі 

таңда да жемісті еңбек етіп ке леді. Ал 

өмір жолы, сіңірген еңбектері бүгінгі 

ұрпаққа қашанда үлгі» деді Ғ.Мұтанов.

Қ а з а қ с т а н   Р е с п у б л и к а с ы н ы ң 

Ұлттық Ғылым академиясының прези-

денті Мұрат Жұрынов, заң ғылымының 

докторы Сұлтан Сартаев сөз сөйлеп, 

естеліктерімен бөлісті. 

Механика-математика факульте-

тінен Өмірбек Жолдасбеков атындағы 

дәрісхана ашылып, оның лентасын 

университет ректоры Ғ.Мұтанов пен ҚР 

ҰҒА президенті, академик М.Жұрынов 

кесті. Негізгі баяндаманы Ғ.Мұтанов 

ж а с а д ы .   З а м а н д а с   ә р і п т е с т е р і , 

шәкірттері өз естеліктерімен бөлісті.

Жиын барысында Ө.Жолдасбековтің 

өмірі мен қызметіне арналған деректі 

фильм көрсетілді. Сондай-ақ оқу ба-

рысында үлгілі, қоғамдық жұмыстарға 

б е л с е н е   а р а л а с а т ы н   ж а с т а р ғ а 

Ө.Жолдасбеков атындағы шәкіртақы 

тағайындалып, әрқайсысына 100 

мың теңгеден тапсырылды. Олардың 

қатарында механика факультетінің док-

торанттары Назгүл Қалиева, Бақытжан 

Ахметов, 2-курс магистрлері Әлішер 

Ибраев, Нұрлан Амангелдіұлы, 4-курс 

студенттері Айдын Болатханұлы, Абай 

Русланұлы және Алматыдағы М.Ганди 

атындағы №92 мектеп-лицейдің 11-сы-

нып оқушысы Төрехан Әмірханұлы бар. 

Бағдагүл БАЛАуБАЕВА

тұлға


қазақ еМес, қазақтан Былай еМес

терМИнологИя және уақыт

ШӘкірТ ЖүрегіНеН 

орын алған ұстаз

оның «Халел Досмұхамедұлы қазақ ба-

лалар фольклортану ғылымына елеулі 

еңбек сіңірген ғалым» деген мақаласы да 

тілге, ұлт әдебиетіне шындап жаны аши-

тын адамның пайымдауы. Сол жерден 

Зәурештің «Қазақстан Республикасының 

білім беру ісінің үздігі» атағының иегері 

екендігін, республикалық, облыстық 

б і р н е ш е   Қ ұ р м е т   г р а м о т а л а р м е н 

марапатталғандығын біліп, құжаттарын 

көріп кәдімгідей марқайдық. Одан кейін 

ол көп ұзамай Ыбырай Алтынсарин 

атындағы төсбелгісін кеудесіне тақты.  

Университет ректораты мен факуль-

теттер аттарынан айтылған тілектер, 

оқылған құттықтау хаттар тыңдағандарға 

тағылым берерліктей мәнді. Зәуреш 

Сәбетқызы өз ісіне шынайы берілген, 

мамандығына адал педагог. Ұзақ 

жылдар бойғы тірнектеп жинаған 

бай тәжірибесінің, өзіне жоғары та-

лап қоя білуінің, тынымсыз ізденістің 

арқасында студенттер алдында үлкен 

бедел иесі атанған қадірменді ұстаз. Ол 

Гурьев мемлекеттік педагогика инсти-

тутына (әлі университет мәртебесіне 

ие болмаған уақытта) оқытушылық 

қызметке шақырылғанға дейін талай бел-

белестерден өтті. Алпысыншы жылдары 

өзі туған өңір – Ақтөбе облысының Темір 

тыңдап отырған біздің – онымен жоғары 

оқу орнында бір топта бірге оқыған 

Амантай Есқалиев екеуміздің кеудемізді 

курстас жолдасымыз, досымыз Зәуреш 

Қазмағамбетке деген мақтаныш сезімі 

кернеді. Ол шын мәнінде студент кезінің 

өзінде-ақ танымал, білімді болып кур-

стастары арасында жарқырай көзге 

түсті. Ақтөбе облысының Қандағаш 

– Біздің үйдегілердің аты-жөндері 

қызық – кілең әннің атаулары: Қанапия, 

Зәуреш, Айтжан... – деп Зәурештің 

өзінің мәз болатыны бар.

Ө т к е н   ғ а с ы р д ы ң   а л п ы с ы н ш ы 

жылдарының ортасынан ауа жоғары оқу 

орнын бітірген Зәуреш өзі туған өңір – 

Ақтөбе облысының Қандағаш аймағы 

маңында үш-төрт жылдай халық ағарту 

салаларында еңбек етті де дәм айдап 

қайтадан Атырау қаласына жолы түсті, 

өзімен әуелден таныс-біліс құрдасы 

Қуаныш Ықсанғалиев деген жігітпен 

тұрмыс құрды...

Қазақстан тарихы мен мәдениеті 

кафедрасының меңгерушісі, тарих 

ғылымының кандидаты, профессор 

Гүлжамал Қаленова:

– Зәуреш Сәбетқызы менің анам 

Айман Қадырғалиқызымен мектепте 

бірге қызмет істеді. Ол туралы ылғи 

жақсы-жақсы әңгімелер айтумен, аузы-

нан тастамай мақтаумен келеді. Біз бір 

үйде көрші тұрамыз. Отбасында жақсы 

ана болса, әулет арасында жақсы абы-

сын, жақсы жеңге, жақсы келін. Оның 

бір қызы Гүлнәр әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінде дәріс 

береді, кафедра меңгерушісі, филология 

ғылымының докторы, профессор, ал 

екінші қызы Шынар «Қазақстан» теле-

радио корпорациясында бөлім бастығы

белгілі журналист, жеке авторлық хабар-

лар жүргізеді. Екі қызының ортасындағы 

ұлы Нұрлан мұнай саласының маманы. 

Айта берсек, Зәуреш Сәбетқызының 

өнегелі істері жетерлік, – деді. 

Ф и л о л о г и я   ғ ы л ы м ы н ы ң   к а н -

дидаты, профессор, тарих-филоло-

гия факультетінің сол кездегі деканы 

Сәния Кәмелова «Зәуреш Сәбетқызына 

тән бөліп айтар бір ерекшелік – бұл 

кісінің ашықтығы. Қандай да пікірінде 

қ ы м с ы н б а й   т у р а   а й т а т ы н ы »   д е п 

тұжырым жасаса, Атырау қаласындағы 

Дүйсенғали Байбосынов атындағы 

№13 орта мектептің мұғалімдері Айман 

Оразғалиева мен әрі шәкірті Айман 

Қозыбаева оның шебер мұғалім, үлгілі 

ұйымдастырушы, тағылымды тәлімгер, 

қазақ тілінің нағыз жанашыры екендігін 

айтты.


Университет ректорының сол тұстағы 

көмекшісі, өзі әнші, өзі сазгер  Мұстахим 

Мұқтаров өзінің Зәуреш Қазмағамбетпен 

бастауышты оқыту әдістемесі кафедра-

сында бірге қызмет жасаған жылдарын 

еске ала келіп, тілегінің соңғы жағында:

– Зәуреш Сәбетқызы он жыл бойы-

на «Сәукеле» ұлттық қыздар клубының 

жетекшісі болған тұста мен саз мама-

ны ретінде ол апамызбен жиі қарым-

қатынаста болдым. Сондықтан осы бір 

қуанышты сәтке шашу болсын деген 

ниетпен шәкірттерін қасыма ала отырып 

«Айдай көркем апамыз» деген әнімізді 

бірге орындап берсек дейміз, – деді де 

бәрі қосылып шырқата жөнелді. 

Қазақстан Республикасы білім 

беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынса-

рин атындағы төсбелгінің иегері 

Зәуреш Сәбетқызы өзінің білімі мен 

білігі арқылы өзгелерге өнеге көрсетіп 

келеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет