Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


едіңіз. Осы және басқа да аяулы апалары-



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата18.01.2017
өлшемі7,15 Mb.
#2182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

едіңіз. Осы және басқа да аяулы апалары-

мыз жөнінде әңгіме қозғасақ...

Қазақ халқы ақылды, данагөй, 

қайратты әйелдерден кенде болмаған. Бұл 

туралы кеңірек әңгіме етуге болар еді... 

Мен өзгелерге тоқталмай-ақ кезінде қатар 

қызмет атқарған, есімдері елге белгілі, 

ұлтымыздың мақтанышына айналған 

замандастарымның бірқатарының 

есімдерін атап өтейін. 

Балжан Бөлтірікқызы біздің елдің 

тарихында мемлекеттің Сыртқы істер 

министрлігін басқарған тұңғыш қазақ 

қызы. 1966,1972 жылдары Біріккен 

Ұ л т т а р   Ұ й ы м ы н ы ң   с е с с и я л а р ы н а 

қатысып, күн тәртібіндегі мәселелерді 

шешуге атсалысқан. Бұл қызметтің 

алдында республиканың Әлеуметтік 

қамсыздандыру министрлігіне де 

басшылық етті. 

Біздің кездесуіміз 1957 жылы бас талды. 

Қайырымды жан еді...

Сонау 1928 жылдардағы аштық ке-

зінде «кейіннен бір қайтарымы болар» 

деген оймен барлық  мал ын ағайын-

дарына, таныстарына, көршілеріне та-

ратып берген. Шынында да, кейіннен 

халықтың тұрмысы түзелген соң, осы 

игілікті ісінің қайтарымы болған. 

Анамыз әкеміз Әбдімәжитке тұр-

мыс қа шығып, кең пейілді отбасы-

на келін болып түседі. Дүниеге он 

бала әкеліп, соның алтауын аман-

есен өсіріп, тәр биелеген апамыздың 

түс жорығыш тық қасиеттері де бар 

еді. Балаларының хал-жағдайын 

айтқызбай-ақ сезіп жүретін.

Өмірден қиыншылықты, аш тықты, 

соғыс зардабын, жоқшы лықты көп 

көргендігінен болар, шешем қолынан 

келсе барлық адамға көмектескісі 

келіп тұратын. Ауылда көрші әйелдер 

жиі-жиі біздің үйге жиналып, ортадағы 

үлкен сары самаурынмен шай ішіп, 

әңгіме-дүкен құрып отырушы еді. Жас-

тау кезімде байқамаппын, есейе келе 

білгенім, ол аналар біздің үйге тектен-

тек келмейді екен. Олар осы отырыс-

тарында кімнің тұрмысы өте нашар

кімнің баласының киімі жұпыны, 

оларға қалай көмек көрсетуге бола-

ды деген мәселелерді араға салып, 

ақылдасатын. Сол кездегі біздің үйіміз 

«Аналар үйіне» ұқсаушы еді.

Шешемнің бастауымен ауылдың 

аналары бірігіп киіз басып, өрмек, 

алаша тоқитын. Осы сияқты қазақтың 

ұлттық өнерін жас келіндеріне де 

үйретіп отыратын.

Тағы бір байқағаным, олар өте тату 

болатын, бір-бірлерін күндемейтін, 

араларында өсек жүрмейтін, егер 

ренжісіп қалса «Жақсы адамның ашуы 

– шәйі орамал кепкенше» дегенді еске 

алып тез татуласатын. 



Айбол БИТуҒАНОВ,

жоғары санаттағы ұстаз

Хат жолдарынан

өнеге

аналар мерекесі қарсаңында мен де өз анамды еске алып, өзім білетін 

қайырымды істерін оқырмандарға жеткізуді жөн көріп отырмын. 

айбарша анамыз 1917 жылы 20 наурызда Қызылорда облысы, Қазалы 

ауданының арықбалық ауылында дүниеге келген. Өзінің айтуынша, 

шешесі Базар әжеміз, оқып білім алмаса да, өмірден көрген-түйгені мол, өте 

қайырымды жан болған екен. Әкесі ертерек өмірден қайтып, дүние-мүлікке 

анасы иелік етті.

ТуҒАН ЖЕР

Ауылымды сағындым,

Түтін исі аңқыған.

Шуақ төгіп жататын,

Атқан кезде таң қылаң.

Бала кезді сағындым,

Қозы-лақпен ойнаған.

Тұлабойды тербейді,

Сағыныштан арман-ән.

Достарымды сағындым,

Көше бойлап жарысқан.

Құрбыларды аяулым,

Су тасыған алыстан.

Қоңыр салқын кештерді

Ән салатын қыдырып.

Саған қарай жетелер,

Кеудемдегі бір үміт.

Лүпілдейді мендегі,

Сағыныштан жүрегім.

Көкіректен жыр туды,

Аңсап сені жүр едім.

Қадіріңді білмеппін,

Туған жерім – Қазалым.

Шығармасам атыңды,

Лайығын бер жазаның.

АРМАНЫМ, АҢСАРЫМ...

Күнімсің сәулесін төккен менің,

Түнімсің тамылжып күткен менің.

Жайнаған өмірім өзіңменен,

Жұмақтай әр күнім өткен менің.

Әр күнім өзіңмен өтіп жатқан,

Мен үшін бақыт та, болар мақтан.

Жүрекке жол тапқан өшпестей,

Аяулы жарымсың өзім тапқан.

Арманым, аңсарым өзіңсің,

Жүректі оятқан сезімсің,

Жеткенше мен саған асықтым,

Шыдамас көргенше төзім шын.

СЫЛҚЫМ ҚЫЗ

(Әні бар)

Қара шашың төгіліп иығыңнан,

Жанарыңда бейкүнә сырың тұнған.

Қандай адам тапты екен сені қалқам

Көзің күннің, қасың айдың қиығынан.

Әй, сылқым қыз, сылқым қыз,

Болсын сіздің ырқыңыз.

Сыңғырындай бұлақтың,

Күміс екен күлкіңіз.

Бағымның гүлісің,

Жанымның үнісің.

Сезімнің сырысың,

Көзімнің нұрысың.

Жарасатын айналдым қылығыңнан,

Иіскетші жаным-ау бұрымыңнан.

Бір көргеннен өзіңе ғашық қылдың,

Құтылмайсың енді сен құрығымнан.

Бақ құсым боп бағыма қонасың ба,

Патшайымы өзімнің боласың ба.

Ақтарар ем сырымды оңашада,

Айтқаныма мойыныңды бұрасың ба.

Марал НАРЫМБЕТОВА

АЛМАТЫ


ЖАРҚЫРАЙДЫ СЕН 

ЖҮРГЕН ЖЕРДІҢ БӘРІ...

Неге екенін, сен күлсең күле берем,

Сезім еді, жаным-ау, бұ не деген?!

Күнді сүйіп өзіңе қарағанда-ақ,

Түннің қара пердесін түре берем.

Неге екенін, жымисаң шалқып кетем,

Осы ма еді қара жер – барқыт деген?!

Мейірімді жанарың,

Мейірлі үнің –

Сенсің алты құрлықтан артық мекен.

Сенсің менің шуағым, қуат-күшім,

Сарқылмайтын мөп-мөлдір 

бұлақпысың.

Сен менің мұңымды алып деміңменен,

Көкке ұшырып жіберетін сияқтысың.

Жарқырайды сен жүрген жердің бәрі,

 Ажарымды, аспанды көрдің бе, әні... 

Жапырақ сарғаймас та ед, қурамас та ед 

Сен сияқты болса егер елдің бәрі.

* * * 


Бүгін тағы үміттерім түс көрді,

Көз жасымнан жасаңызшы,

Сіз көлді.

Жаңбыр асты жасырынып жылаған

Жүзімді де,

Түсімді де күз көрді.

Көрдіңіз бе,

Маңдайдағы сызықты,

Жалғаңызшы,

Жалғаңызшы,

Үзікті...

Шық толтырсам етегіме ертемен

Сағынғаным екендігін

Күз ұқты.

Қайтем енді?

Мұң аңқыған күндерді,

Кімге ұсынам?

Қайғы тартқан түндерді

Қара түнде айдай болып жарқ еткен,

Бір көре аламыз ба Сізді енді?!



Жұлдыз БЕЙСЕКОВА

ТАРАЗ


Нәзік жүректің 

наз үні

Солдан оңға қарай: М.Тұрсын-заде, С.Сейітов, А.Тоқмағамбетов, Б.рамазанова, Б.кербабаев, Ғ.Мүсірепов. 1973 ж.

Бірінші қатарда Б.рамазанова, Б.Төлегенова, Б.Сақауова, Л.Ғалымжанова, 

екінші қатарда Б.Бөлтірікова, С.Яренская.

– Бұл ұзақ әңгіме. Бұл туралы арнайы 

кітап та жазуға болар еді. 

Бірде Моңғолияға жол түсті. Ресейде 

шығатын «Крестьянка» журналының 

редакторы екеуіміз бардық. Ол елде елші 

кезінде КСРО Халық Комиссарлары 

Кеңесінің төрағасы болған В.М.Молотов 

еді ғой. Үйіне шақырып, қонақ етті. 

Моңғолия басшысы Ю.Цеденбал да 

ресми кездесуден соң үйіне шақырып, 

дастарқанынан дәм татқызды. Әңгіме 

арасында маған қарап «Біздің елдің 

қыздарына ұқсайды екенсің» деп жылы 

лебізін білдірді. Қазақстанды, Қонаевты 

жақсы білетінін аңғартты. 

Үндістанда болғанда Делидегі меди-

цина институтына соққанымыз бар. Оқу 

орнын аралап жүріп, білім беру, медици-

на саласындағы әйелдердің орны жөнінде 

сұрағанбыз. Біздің сауалымызға тікелей 

әйел адамға керегі – шыдамдылық, 

сабырлылық, төзімділік. Теледидардан 

есітіп, баспасөзден оқып жатамыз – ажы-

расып жатқан отбасылары көп. Бұл жақсы 

емес, әрине. Шаңырақтың шайқалмауы, 

түтінінің түзу шығуы көп ретте әйелге 

байланысты. Осыны сіңлілерім, болашақ 

ана атанатын қыздарым ескерсе деймін. 

Ұлттың күші қыздарда деп білемін. Себебі 

ерді дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, жолға 

салатын да осы ару жандар. Бір сөзбен 

айтқанда, қазақ қызы – ұлттың ұяты.

Еліміз аман, жақсылығымыз көп 

болсын.


***

Алла жазса келесі жылы тоқсанның 

т ө р і н е   ш ы қ қ а л ы   о т ы р ғ а н   Б и ж а -

мал апа туған еліне адал қызмет етіп, 

халықтың сый-құрметіне бөленген 

ардақтыларымыздың бірі. 1957 жылы 



8

№9 (1319) 

3 – 9 наурыз

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

9

№9 (1319) 



3 – 9 наурыз

2016 жыл


Тұрсынкүл апа

Ел рухын аспандатты

сырлы әлемi

Қ

«Қазақ газеттері» ЖШС және Серіктестікке қарасты басылым-



дар дың еңбек ұжымдары белгілі қаламгерлер Қыдырәлі Қойтай 

және Ділдәр Мамырбаеваға аналары



Күлпану ДӘуРЕНБЕКҚЫЗЫНЫҢ

қайтыс болуына байланысты қайғыларына ортақтасып, көңіл 

айтады.

РАЗЫЛЫҒЫМЫЗДЫ БІЛДІРЕМІЗ

Ұлы Отан соғысының ардагері, отставкадағы полковник 

Сейітқасым Жаманұлы Боранқұловтың қазасы кезінде маңдайымызды 

тіреп, қолтығымыздан демеген республикалық «Генералдар кеңесі» 

қоғамдық бірлестінің төрағасы, генерал-майор Рүстем Есімханұлы 

Қайдаровқа және басқа да тілектес жандарға шынайы қамқорлықтары 

үшін Алла разы болсын демекпіз.

Сейітқасым БОРАНҚҰЛОВТЫҢ әулеті

көңіл күнделігінен

замандас

Міне, сол талапкер Серік Тұрғынбекұлы 

бүгінде талантты ақын, айтулы азамат. Ондаған 

кітаптары шықты, екі-үш пьесасы сахнала-

нып, өлеңдеріне жүздеген ән жазылып, атақты 

әншілер шырқап жүр. Шынайы да шырайлы 

шығармашылығымен есімі елге танылған сол 

ақын Серіктің де жасы жетпіске толып отыр. 

Ендеше, кемел жастағы ақынның мерейтойын 

қандай жетістіктерімен қарсы алғандығына орай 

оқырмандарымен азды-кем ой бөліскен жөн 

болар... 

Әдетте, көркем әдебиеттегі, оның ішінде 

поэзияда тақырып аясы белгілі: туған жер, 

табиғат, ғашықтық, көңіл-күй өлеңдері, қоғам 

мен адам туралы толғаныстар. Ал тақырып 

ортақ болғанымен өлең-жырдың сипатын 

саралап, ерекшелейтін, таразылайтын өлшем 

бар. Ол ой жаңалығы, түйін ерекшелігінің 

шешімінің тосындығы, сөз суреті әр ақында – 

нағыз ақында өзгеше болуға тиіс. Сондай-ақ  

сезімталдық, парасаттылық, аңғарымпаздық, 

біліктілік, білімділік сынды ақынға жараты-

лысынан бойына бітетін табиғи таланттың 

қажеттігі белгілі. Негізгі, басты талаптар осы. 

Азаматтық парызына адал ақын өзі ғұмыр 

кешіп жатқан қоғамның, әлеуметтік ортаның, 

ең бастысы замандастарының өмір-тіршілігін, 

тағдыр кешулерін жан-жүрегімен түсініп, соны 

сөз өнерінде келістіре көркемдеп, шындығына 

шырақ жағып, ақиқатын айтып оқырмандарына 

жырларымен жеткізу. Ал Серікте осындай 

ақындық қасиеттердің бәрі бар.

...Жастайынан жансерігі болған өлең-жыр-

дың қызығына тоймай, шабыттана шалқып-

тасып, дүрия дүниенің дүрмежегі мен думанын 

кеше жүріп, шалдыққа жетсе де шалдықпай, 

ақсақалдыққа жетсе де алқынбай мінекей, 

жетпіске толып отыр. Серік ақынның мына 

мерейтойы тұсында шығармашылығы туралы 

ой бөліспекке тоқталып, таңдамалы өлеңдері, 

балладалары, дастандары топтастырылған 

қостомдықты қайталап оқып шықтым. Ендігі 

әңгіме содан алған әсерім, көкірегіме түйген 

пікірім. 

Айтқандай, таңдамалының алғашқы беттері 

Астана туралы топтама өлеңдермен ашылған. 

Кезінде жыр жарысында бас жүлдені жеңіп 

алған ақынның өзекжарды өлеңдері толағай 

шабыттың толымды туындысы. Азат елдің 

Ақордасы жайғасқан жаңа қаланың күн санап 

көркейе, жыл сайын жайнай түскен келбетін 

келістіре жыр кестелеген ақынның дауысы да-

былды, сөзі жағымды. 

...Ұшсаң да 

Айға барып, 

Күнді айналып,

Таңғалып, 

Талып түсіп, 

Тіл байланып...

Ғаламды 

Қаншама рет шарласаң да,

Табылмас дүниеде мұндай қала!...

Осылайша, елдігіміздің астанасы Елорданың 

тәуелсіздік бесігіне айналғанын айызыңды 

қандыра, айшықты теңеулер тауып, жарқырата 

жыр түзген. Бұл тегі, бір ақын ғана емес, күллі 

қазақтың мақтанышын айғақтайтын мадақ жыр!

Серік ақынның туған жер, өскен ел туралы 

өлеңдері шығармашылығының басты арқауы. 

Оның тұңғыш кітабына енген Торғай өлкесіне 

арналған алғашқы өлеңдері таңдамалысының 

беташарына айналуы осы сөзіміздің дәлелі. 

Торғайынан қырандай түлеп ұшқан ақын 

тұғыры болған туған жерін жырлаудан еш 

жаңылған емес. Осы тақырыпқа көптеген өлең 

жазғанына байланысты бір ақын ағасы: «Бір 

ауылды айналып жүре берсең, Тұздығы жоқ 

жыр туар татымаған» деп ескертпе жасаса, бір 

досы: «Ауыздан әлі дәмі кетпей жүр ме, Ауылдың 

қаймағы мен қатығының» деп сауал қойса, 

«Торғай болып кеткеннен аманбысың, Торғай... 

Торғай... дейсің де шырылдайсың» деп бір інісі 

әзілдесе де, бәрібір ақын киелі атамекенiнiң 

көне тарихын, асыл азаматтарын жырына қосып 

жазудан танған жоқ. Төтесінен қойылған тосын 

сұрақтарға ақын жауабы мынау: 

...Бөліп, жіктеу бар осы әлі бізде, 

Онсыз тіпті келместей сәніміз де. 

– Торғай! – 

Дедім орнымнан атып тұрып, –

Ортақ есім, 

Ортақ жер бәрімізге!

 Айтса айтқандай, Серік ақын үшін бар қазақ 

бір қазақ, туған елі мен жері де ортақ. Бұл сөздің 

ақиқаттығына көз жеткiзу үшін қостомдықтағы 

өлеңдерді оқып шығу керек. Тағы да сөзімізді 

тірілтудің реті келіп тұр. 

...Алқынып, алты ай бойы аласұрып, 

Буады бура боран баласынып. 

Көшеге желең шыққан қыздардайын, 

Қайыңды қалшылдатқан қара суық. 

...Сол сәтте күллі қала шуылменен, 

Ойнайды таңғажайып туып өлең. 

Қайнайды көмір жанған қазанда қыс, 

Жылынып шахталардың буыменен. 

О с ы   е к і   ш у м а қ т а   ш а х т е р л е р   қ а л а с ы 

Қарағандының қақаған қысқы келбеті кесте-

ленсе, Мәдидің әні арқылы жұрты мыздың 

жүрегінде мәңгі сақталған Қарқараның қара 



Британиялық ғалымдар арнайы сараптама арқылы 

әлемдегі ең көне көйлек қашан тігілгенін анықтады.

Көйлек 100 жыл бұрын Мысырдағы қазбалар кезінде 

табылды. Археологтар оны мұражайға тапсырған. 1977 

жылы Лондон Университеттік колледж мамандары оған 

қызығушылық танытты. Арнайы сараптама арқылы бұл 

ғылымға белгілі ең көне көйлек екені анықталды. Оның 

жасы 5,1-5,5 мың жыл және ол Бірінші Династия заманына 

тиесілі. Ғалымдардың болжауынша, тапсырыс бойынша 

белгілі бір нәзік жандыға арнап тігілген. Атап өтейік, 

«Тархан» деп аталған көйлек қазір Лондонда Виктория 

және Альберт Музейінде тұр.

Оңтүстік Корея үкіметі арнаулы 

мәлімдеме жариялап, Жапонияға 

«Такешима» аралы төңірегіндегі 

жанжалға араласпауын талап етті. 

Корея Республикасының 

үкіметі Жапония үкіметінен бар-

лық арандатушылық әре кетін 

тоқтатып, Жапония империя-

лизмының  шап қыншы лық  та-

рихына дұрыс мәміледе болуды 

қатаң талап етті.  Такешима жапон 

теңізінің батыс бөлігіне орналасқан бірнеше шағын ғана 

аралдар тізбегі. Аралды 1905 жылы Жапония заңды түрде 

өз аумағына қосып алған. Алайда Екінші дүниежүзілік 

соғыстан кейін ол Оңтүстік Кореяның қарамағына 

берілген. Бірақ жапондар оған өз меншігі ретінде қарайды. 

2008 жылы Оңтүстік Корея президенті Ли Мён Пак 

аталған ел басшыларының ішінде тұңғыш болып, аралға 

табан тигізді. Бұған Жапония сыртқы істер министрлігі 

қатаң позиция білдіріп, Сеулдегі елшісін кері шақырып 

алған болатын. 

заМандас

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі



АҚШ президенттігіне үміткер 

Дональд Трамп Мек си каның бұ-

рынғы Президенті Висенте Фокс-

тың кешірім сұрауын талап етті.

Миллардер АҚШ басшысы 

болып сайланған жағдайда, Мек-

сикамен шекараға қабырға орната-

ды деген сөзі үшін экс-президент 

дөрекі жауап қайырған бола-

тын. Бұдан басқа, ол Д.Трампты 

«есалаң» және «менмен» саясаткер 

деп сипаттады. Д.Трамп егер президент болып сайланса, 

заңсыз мигранттарға тосқауыл қою үшін Мексикамен 

шекараға қабырға орнататынын бірнеше рет мәлімдеген. 

тұМанды альБИон 

азИя

солтүстік аМерИка



Ең көне көйлек 

Такешима аралына талас 

Фокс мінез көрсетті 

Германияның астанасы Берлин қаласында 66-шы 

халықаралық «Берлиннале» атты кинофестивалі өз мәресіне 

жетті. 

Кинофестиваль қорытындысы бойынша, бас 

жүлдені итальяндық режиссер Джанфранко Розидің 

Африка босқындарының Еуропаға сапарын баяндай-

тын «Теңіздегі от» деректі фильмі жеңіп алды. Қазылар 

алқасын басқарған Мэрл Cтрип фильмде өзекті мәселе 

дер кезінде қозғалып, жарқын деректі түсірілімдер мен 

ойластырылған баяндау тамаша үйлесім тапқандығын атап 

өтті. Ал Гран-при босниялық режиссер Данис Тановичтің 

«Сараеводағы өлім» фильмі үшін берілді. «Күміс аю» 

жүлдесіне үздік режиссурасы үшін француздық Мие 

Хансен-Леве  «Келешек» фильмі үшін ие болды. Үздік 

актер жүлдесін «Хеди» фильмінде басты рөл Мохаммед 

бен Аттианы сомдағаны үшін Тунистен Мажд Мастура 

алды. Үздік актриса деп «Коммуна» фильмінде «комму-

на» фильміндегі рөлі үшін даниялық Трине Дюрхольмға 

бұйырды.

Берлин кинофестивалін АҚШ, Франция және 

Ұлыбритания құрған болатын. Ол 1951 жылдан бері 

өткізіліп келеді.



Сауд Арабиясы өзі өндіретін 

мұнай көлемін қысқартпайтын 

болды. Тек жағдай біршама 

оңалғанша жеткізетін өнімін 

уақытша тоқтатуы мүмкін.     

Алайда Сауд Арабиясы мұнай 

министрі Али әл-Наимидің әлем 

нарығына, сәйкесінше жаһандық 

экономикаға әсер етіп жатқан 

мұнай бағасы 20 долларға дейін 

түспей тұрғанда өндіруші елдер 

шикізат нарығын азайту керек деп мәлімдеген бола-

тын. Шикізат нарығындағы бағамдар әлі де құлдырауы 

ықтимал. Дегенмен, мұнай бағасының қымбаттауы 

немесе арзандай түсуі Ресей мен өзге де тәуелсіз мұнай 

өндірушілерге тікелей байланысты.  Қазір мұнайдың 

баррелі 32 доллар 92 цент шамасында саудаланса, Амери-

каның жеңіл мұнайы 31 доллар 34 центке бағалануда. 

еуропа

араБ әлеМі



«Берлиннале» фестивалі

Мұнай көлемін қысқартпайды 

Көк қаракөл елтірісін өндіретін осы 

кеңшарда қаншама малшы қауымы 

тер төгіп, еңбек етті десеңізші. Менің 

айтпағым, осы бір атакәсіп иесі – мал-

шы қауымның ортасында жүріп «Темір» 

қаракөл қой зауытының «Қыркескен» атты 

даласында төрт түлік мал баққан Жайлау-

бек атаға асыл жар бола біліп, ұл-қыздарын 

білім мен ілімге баули отырып, күнделікті 

өмірде, кең далада қой бағып жүріп, өлең 

жолдарын құрастырған, төрт сыныптық 

қана білімі бар қарапайым қазақ әйелі 

Тұрсынкүл апа туралы еді. 

Қолыма қалам алып, Тұрсынкүл апа 

туралы жазу ойымда жоқ болатын, бірақ 

апаның 1978 жылы бір өтініші ойымнан 

шықпай қойды. Қай заманда да данышпан 

қазақ ақынын да ғалымын да құрметтей 

білген ғой. Тұрсынкүл апа менің Мәскеуде 

аспирантурада оқып, үлкен ғылым жолына 

түскенімді естіп, мен ауылға барғанымда 

ата-анамның үйіне келіп, менімен ұзақ 

әңгімелесті. Тұрсынкүл апаның білімге, 

ғылымға деген құштарлығы таңырқатты. 

Сол кездегі «Оқыған адам ғана өлең жол-

дарын құрастыра алады» деген  ойымды 

Тұрсынкүл апа түбегейлі өзгертті. Апамен 

сөйлесе келе оның төрт-ақ сыныптық 

білімі бар екендігін, тіпті дәптерге жазған 

өлең жолдарын өзінен басқа адамның 

түсініп оқуы мүмкін еместігін біле отырып, 

ойы ояу ананың жүрекжарды жан дүниесін 

тербеткен ой-сезімдерін түсіндім.  Оның 

өлең жолдарындағы балаларына деген 

тәлім-тәрбиесіне, жан-жарына деген 

сезіміне, тіпті күйеуінің бұрынғы қайтыс 

болған әйелінен қалған балаларына деген 



ерекше махаббатына, Отанына, атажұрты 

Қазақ халқында сөз өнері киелі. астарлы 

сөзді айтқызбай түсініп, бейнелей беріп, 

әр сөздің парқын, қадір-қасиетін жоғары 

бағалаған. Бабалардан келе жатқан жыр-

дастан, терме-толғаулардың да ұлттық 

тәрбиеде алатын орны зор. Дәстүрлі му-

зыка өнерінің кейінгі кездері көлеңкеде 

қалып, жыршы-жыраулардың үніне құлақ 

түретіндердің қатары сирей бастаған 

уақытта асыл мұраларымызды келешек 

ұрпаққа жеткізу әр азаматтың парызы 

екендігі даусыз. Кезінде Сәкен Сейфул-

лин «Жамбыл жырлары теңіз түбінде 

шашылып жатқан маржан секілді. оны 

жинап алып халқының қолына беру 

– біздің әрқайсымыздың азаматтық бо-

рышымыз» деген еді. осы орайда Жам-

был облыстық мәдениет, мұрағаттар 

және құжаттама басқармасына қарасты 

Халық шығармашылығы орталығының 

ұйытқы болуымен Жамбыл Жабаевтың 

170 жылдығына орай тараз қаласындағы 

«Баласағұн» орталық концерт залында 

«тыңда, дала, Жамбылды!» атты рес пуб-

ликалық жыршы-термешілер сайысы өтті.  

ауыл. Қазақтың қарашаңырағы 

болып саналатын ауыл сонау ерте 

заманнан бергі Ұлы Даланың 

тіршілік көзі, қазақ баласының 

тылсым дәуіргі салт-дәстүрін, 

сырластығымен сыйластығын, 

өмір сүру жолын, ұлт қасиетімен 

қабілетін қалыптастырған мекен-

жай. ауылда қаншама дарын 

иелері, ғалымдар мен ақын-

жыраулар, сазгерлер мен әншілер 

өмірге келген. 

Мен туылған кешегі Қарақоңыр, 

бүгінгі шәмші Қалдаяқов 

атындағы ауылдың кешегі 

өмірі көз алдыма еріксіз келеді. 

Өйткені ол ауыл  менің ғылым 

жолына түсіп, мал шаруашылығы 

ғылымымен айналысуыма сара 

жол салған, кезінде «темір» 

қаракөл қой шаруашылығы 

орналасқан елді мекен.

шалғайдағы шағын ауылда туып-өскен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет