Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



жүктеу 2.51 Mb.
Pdf просмотр
бет1/10
Дата03.03.2017
өлшемі2.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Баспасөз – 2016

«Ана тіліне» жазылыңыз, ағайын!



Қазпошта

Индекс


Мерзімі

алматы


аймақ/қала

аудан/ауыл



Жеке жазылушылар үшін

65367

1 жылға


3083,04

3274,80


3427,68

Мекемелер мен ұйымдар үшін

15367

1 жылға


5991,84

6183,60


6336,48

www.anatili.kz

e-mail: anatili_gazetі@mail.ru

www.twitter.com/anatilikz

www.facebook.com/anatilikaz

Қауіпсіздік 

мәселесі – басты 

назарда

Карнеги қорының штаб-пәтерінде 

ұйымдастырылған кездесуге Карнеги 

қорының президенті Уильям Бернспен 

бірге, АҚШ-тың бұрынғы Қорғаныс 

министрі Уильям Перри, АҚШ-тың экс-

сенаторы Сэмюель Нанн, Калифорния 

штатының губернаторы Эдмунд Браун, 

CNN арнасының негізін қалаушы Тед 

Тернер және «Gap» компаниясының 

бұрынғы басшысы Э.Гаст қатысты.

Кездесу барысында халықаралық күн 

тәртібіндегі өзекті мәселелер, сондай-

ақ Қазақстан мен АҚШ-тың жаһан-

дық анти ядролық қозғалыс аясындағы 

ынты мақ тастығы кеңінен сөз бол-

ды. Нұрсұлтан Назарбаев бұрынғы 

серіктестерімен жүздесіп, олармен 

Қазақстан-АҚШ  ықпал дастығын 

одан әрі нығайту жолдарын талқылау 

мүмкіндігі туғанына риза шылығын 

білдірді. Бұдан кейін Қазақстан 

Президенті Карнеги қоры штаб-

пәтерінің конференция залында АҚШ-

тың қоғам және саяси қайрат-керлерінің 

алдында әлемді толғандырып отырған 

көптеген мәселелерге байланыс ты сөз 

сөйледі.


Тарқата айтар болсақ, Мемлекет бас-

шысы бірінші кезекте осы үнқатысуды 

ұйымдастырғаны үшін Карнеги қо-

рына алғысын білдіре келіп, аталған құ-

рылымның ғасырдан астам уақыт бойы 

халықаралық қатынастардың дамуына 

елеулі үлес қосып келе жатқанын атап 

өтті. Одан әрі Қазақстан Президенті 

қазіргі заманғы әлем құрылымының 

мәселелері мен Қазақстанның ха-

лықаралық аренадағы рөліне қатысты 

ой-пікірін ортаға салды.



(Жалғасы 2-бетте)

3-бет

12-бет

4-бет

диқанбай 

батыр

Жәдігерлер 

шерткен сыр 

атадан жеткен асыл сөз

тіл Мен тұлға

5

Бет қатталып жатқанда:

дүБірлі дода

 Қазақстан республикасы ха-

лал-туризм үшін тартымды ел-

дер рейтингінде 16-шы орынды 

иеленді. 

 алматыда 10 сәуірде веложа-

рыс маусымы ашылады. 

 Қазақстан футзалдан 2020 

жылы өтетін әлем чемпионатын 

өткізуге қызығушылық танытты.  

  алматыда ш.уәлиханов 

атында ғы тарих және этноло-

гия институтында тарих ғылым-

ының кандидаты нұрлан аты-

ғаевтың «Қазақ хандығы тарих 

толқынында» кітабының тұсау-

кесері өтті.

 ақтөбе қаласы Ғ.Жұбанова 

атын   да ғы  облыстық  филармо ния-

сын да «Ұлттық музейге сый тарту» 

рес пуб ликалық  акциясы  өтті.

 Ұлттық валютаның долларға 

қатысты бағамы нығая түсті.

 «Қайрат» клубының бас бап-

кері қызметінен кетті.

 Қазақстанда жаздық 

а у ы л   ш а р у а ш ы л ы қ 

дақылдары 209 мың-

нан астам гектарға 

себілді.

Біртүйер 



11

топжарған

Олимпиадаға 

кімдер қатысады?

апта-шолу

төрт айдан кейін бразилияның ең ірі қаласы 

рио-де-Жанейро шаһарында кезекті ХХХі 

Жазғы олимпиада ойындары басталады. 

олимпиада ойындары өз тарихында тұңғыш 

рет оңтүстік америка құрлығында өткелі 

отыр. төрткүл дүниенің кіл мықтылары бақ 

сынайтын дүбірлі додаға әлем назары ауа-

тыны анық. бүгінде бразилиядағы аламанға 

берілер жолдама жолындағы жарыстар қыза 

түсуде. 

Қысқы спорт болмаса, Жазғы олимпиада-

дан қазақ спортшылары жүлдесіз қайтқан 

емес. себебі бокс, күрес, ауыр атлетика сын-

ды оң жамбасымызға келетін спорт түрінен 

жерлестеріміз үнемі жүлде алып келеді. 

биылғы мешін жылғы олимпиада еліміз 

үшін тәуелсіз ел ретінде қатысқалы отырған 

жетінші олимпиада ойыны болмақ.

мемлекет басшысы нұрсұлтан 

назарбаев Вашингтон қаласында 

өтіп жатқан Ядролық қауіпсіздік 

жөніндегі IV саммит қарсаңында 

карнеги қорының президенті уильям 

бернспен кездесті. бұл кездесуден 

кейін елбасы аҚш-тың қоғам және 

саяси қайраткерлерінің алдында сөз 

сөйледі.

азақ тілінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан тілші ғалымдарымыз аз 

емес. олардың бұл жолда атқарған сүбелі еңбектері ұлт руханиятының 

қазынасына айналды. сол арқылы тіл білімі қалыптасып, дамы-

ды. назарларыңызға ұсынылып отырған тарихи суретте әл-Фараби 

атындағы ҚазҰу-дың «Қазақ тілі» кафедрасының профессорлары 

бейнеленген. ортада - кафедра меңгерушісі мархабат томанов. сол 

жақта: жоғарыдан төмен қарай отырғандар - мырзатай серғалиев, 

бүркіт отарәлі, сапархан мырзабеков, асылбек тасымов, берікбай 

сағындықұлы. оң жақта: жоғарыдан төмен қарай отырғандар – Хасан 

мұханбет, Қосжан Жолымбетов, ержан бектұрғанов, Қуатбек молдабе-

ков. Газетіміздің 5-ші бетінен а.байтұрсынұлы атындағы тіл білімі ин-

ституты директорының орынбасары, филология ғылымының кандидаты 

сансызбай мәдиевтің тілші ғалым, профессор Хасан кәрімұлы мұханбет 

туралы жазған мақаласын оқи аласыздар. 

№14 (1324) 

7 – 13 сәуір

2016 жыл


1990 жылғы 

наурыздың 22-сiнен 

бастап шығады

Сөзi жоғалған 

жұрттың 

өзi де жоғалады

Ғалымның Хаты

көне атаулар – 

тарихтың бір 

парағы

ойын да ойға жетелейді

майлықожа сұлтанқожаұлы 

(«Жыр маржаны», «Өлке», 

Алматы, 2014 ж.) 

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық уни-

верситетiнде Алаш қайраткерi, ұлт көсемi Әлихан 

Бөкейхановтың 150 жылдығына орай ұйымдастырылған 

мектеп оқушылары арасында саясаттанудан бiрiншi 

республикалық «Әлихан Бөкейхан» олимпиадасының 

қорытындысы шығарылып, жеңiмпаздар марапаттал-

ды.


Олимпиадаға 133 оқушы қатысты. Жансая Омарбе-

кова, Еркебұлан Қадырбай сынды оқушылар бірінші 

орын иегері атанды. Қатысушыларға естелікке кітаптар 

мен кәдесыйлар берілді. Олимпиаданың жабылу сал-

танатында Алаш арысына арналған күй орындалып, 

әншi Клара Төленбаева мен Бағдат Сәмединова ән 

шырқады.

Білімгерлер сайысы

тымпи, ақтерек пен көктерек, ханта-

лапай... 

Сақина салу. Жеребе арқылы 

бір қыз, бір жігіт ортаға шығады. 

Басқалары қолдарын жұмған күйі 

тізелерінің үстіне қойып отырады. Қыз 

қолындағы сақинаны  әр ойыншының 

уысына салғандай ыңғаймен ойынға 

қатынасушыларды түгел аралап өтеді. 

Содан кейін жігітке: «Сақинаны 

тап!» деп бұйырады. Барлық ойыншы 

сақинаны іздей бастаған жігітке қарап, 

қуыстанып сезіктенгендей  кейіп 

байқатады. Жігіт өзі ұйғарған ойын-

шыдан: «Сақинаны бер!» деп сұрайды. 

Тапса, сақинаны ұстап отырған ойын-

шы айыбын өтейді. Таппаса, іздеушінің 

өзі айыпты болады. Ал айыптың өтеуі  

көпшіліктің қалауы  бойынша орын-

далады. Оның түрі де ән салу, жұмбақ 

шешу, жаңылтпаш айту, салмақ көтеру 

секілді қызықты болғаны жөн. 

Ақ терек пен көк терек ойыны 

жасөспірімдерді жылдамдық пен 

өжеттікке дағдыландырады. Бұл ойын-

ды ойнау үшін ойыншылар екі топқа 

бөлініп, қатар тізіліп, бір-бірінің қолын 

ұстап, қарама-қарсы қарап тұрады. Әр 

екі жақ өздеріне бірден жетекші сай-

лайды. Әр екі жақтың жетекшісі нені 

айтса басқалары соны қайталайды. 

Бірінші жақтың жетекшісі екінші 

жақтың басшысына қарап:

Ақ терек, көк терек,

Кесіп алдым бәйтерек.

Таңдап алу еркіңде,

Бізден сізге кім керек — дейді, 

екінші жақтың жетекшісі бірінші 

жақтың басшысына жауап береді:

Оқуда да жақсы екен,

Бізге … сол керек — дейді. Аты 

аталған бала өз тобынан шығып, қарсы 

жақта қол ұстасып, қарсы алып тұрған 

балақайларға қарсы жүгіреді. Бар 

қарқынымен жүгіріп келіп, мықтап 

жалғасқан балалардың тобын бұзып 

өтуі керек. Бұзып өте алмаса, осы топқа 

қосылады. 

Қазір мұндай ойындардың барын 

балалардың бірі білсе, бірі білмейді. 

Жастардың жаңалыққа құмар болуы-

на, соңғы үлгідегі технологияларды 

жетік меңгеруіне ешкім қарсы емес. 

Алайда күні бойы ұялы телефон, ком-

пьютер, автоматты ойын құралдары, 

планшеттен көз алмай отырғаннан, 

таза ауада денені шынықтырып, ой-

санасын дамытып, өнерге, пікірін 

ашық айтуға, көппен араласуға, 

бауырмалдыққа баулитын осындай 

ойындарды ойнаған пайдалырақ 

тәрізді. 

Б а л а б а қ ш а   қ а б ы р ғ а с ы н д а , 

мек тепте ұлттық ойындар жайлы 

мағлұмат берілмейді деп үзілді-

кесілді ой айтудан аулақпыз. Дей 

тұрғанмен, ата-ана мен білім ошағы 

бірлесе берген тәрбие, тағылым 

нәтиже шығаратыны мәлім. Сон-

дықтан өсіп келе жатқан ұлт ұлан-

дарын қазақы тәрбиеге баулып, 

ұлттық ойындарымызды ұмыт 

қалдырмауды насихаттайық. 

Гүлжанат ДҮЗЕНОВА

Қызылорда облысы

Қармақшы ауданы

«ана тілі» газетінің биылғы («ана тілі», №11 (1321) 17-24 наурыз, 2016) санында 

ғалымдар тұрсын Ғабитов пен Ғизатулла Халидуллиннің «Қазақтың дәстүрлі 

ойын-сауық мәдениеті» деген мақаласы жарық көрді. мұнда өте маңызды 

мәселе көтерілген. Қазақ мәдениетіндегі ойын дәстүрі көбімізді қызықтыратыны 

анық. осыған орай мен де көкейдегі ойымды ортаға салғым келеді. 

Біздің бала кезімізді бүгінгімен 

салыстыруға келмейді. Бір көшенің 

балалары белгіленген уақытта бір 

аулаға жиналып, кеш қарайғанша 

асыр салып ойнайтын көріністерді 

елестетсең қайта оралмайтын сол бір 

балдәурен шағыңды еріксіз сағынасың. 

Келмей қалған достарды іздейтін, 

ойынға қатыса алмайтын себебін 

білуге құмартатын бауырластықты 

айтсаңшы? Сабағымызды оқып, үй 

шаруасына көмегімізді тигізгеннен 

соң қандай қызықтырған ісіңмен 

айналыссаң да өз еркің. Кітап оқисың 

ба, кесте тоқығың келе ме, жазғытұры 

есік алдындағы бау-бақшаның арам 

шөптерін жұласың ба, әйтеуір, үйге 

қамалап отырудан аулақпыз. Содан 

болар көңіліміз сергек, қимылымыз 

ширақ болатын. 

Сондағы ойнайтын ойындарымыз 

сақина салу, бестас, ортаға түспек, 

Қайратты ерге 

бақ тұрар...

Тау басында жел жүрер, 

Жол үстінде ел жүрер. 

Мына жатқан қара жер 

Кезегімен жеп жүрер.

Әкесі кетсе, орнына

Баласы нәубет кеп жүрер.

Орнында бар оңалар, 

Шүкіршілік деп жүрер. 

Аңның қуы сауысқан, 

Қулықтың бәрін тауысқан. 

Көк сұңқарды көргенде, 

Ілейін деп келгенде, 

Бұтаға кіріп қорғалар. 

Ағайыны  алдаған, 

Ақыры бір күн  қор болар.

Аңды көрсе жолбарыс, 

Шаппаққа қарсы оңдалар. 

Жаратыпты бір Құдай,

Аспан мен Жер, Күн мен Ай.

Орман тоғай, тау мен тас,

Бірі биік, бірі сай. 

Сан қара мал жисаң да, 

Пайдасы жоқ бақырдай.

Қатты жерге қақ тұрар, 

Қайратты ерге бақ тұрар.

Мың күн көрген қызықты, 

Бір күнгі өлім сап қылар.

Жақыннан күдер үзгендер, 

Жақынын ұрып, жат қылар.

Жылқыдан күдер үзгендер, 

Биесін сатып, ат қылар.

Жақсы болса, ағайын,

Көңіліңді шат қылар. 

Жаман болса, ағайын, 

Айғай-шу қылып маңайын, 

Өзін-өзі мат қылар.

Көпті көрген қария,

Ақылы бейне дария,

Көкірегін хат қылар.

Мұны да айта кетейін,

Жаман жардың белгісі –

Ұйқысына тоймай көп,

«Шаншулап қаппын, ойбай!» деп,

Көрпені қайта жаптырар. 

Әсіл сынып, кетілер, 

Дүкенге салса, жетілер. 

Талапты туған ер жігіт 

Әр жұмысқа бекінер.

Ауада нөсер көп болса, 

Айдын көлдер көлкілдер.

Көлге біткен көк жекен 

Жел соққанда желкілдер.

Қ

Қ


АНА ТІЛІ

3

№14 (1324) 



7 – 13 сәуір

2016 жыл


2

№14 (1324) 

7 – 13 сәуір

2016 жыл


АНА ТІЛІ

Ақтөбе қаласында Қазақстан халқы 

Ассамблеясы ғимаратында Тәуелсіздіктің 

25 жылдығына және облыстық халық 

шығармашылығы үйінің 55 жылдығына 

арналған Нұрсұлу Тапалова атындағы III 

республикалық «Бидің нұры – Нұрсұлу» атты 

жеке орындаушылар би байқауы өткізілді.

Байқауға кәсіби және әуесқой би 

ұжымдарының 15-25 жас аралығындағы 

жеке орындаушылары қатысты.

Шара «Mega Star» сән және би сту-

диясы бишілерінің биімен ашылды. Қазақтың тұңғыш ба-

леринасы Нұрсұлу Тапалова туралы бейнефильм көрсетілді. 

Сайыс қорытындысы бойынша биші елордалық Асхат Мәден 

байқаудың Гран-при жүлдесін жеңіп алды. Бірінші орынды 

да астаналық Сағыныш Нұрхайдарова иеленді. Екінші орын 

Оңтүстік Қазақстан облысының бишісі Маржан Сәрсенбекке 

бұйырды. Үшінші орынды Маңғыстау облысынан келген биші 

Анар Қыдырбаева мен ақтөбелік Кәмшат Бимағанбетова бөлісті. 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен және 

ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Байқауға қатысқан 

бишілердің барлығына би өнері сайысын ұйымдастырушылар 

атынан сый-сияпат жасалды.

ҚР Мемлекеттік орталық музейінде «Қазіргі жоғарғы білім 

жүйесіндегі археология, этнология және музейтану» тақырыбы 

бойынша «VІІІ Оразбаев оқулары» халықаралық ғылыми-

әдістемелік конференциясы өтті. 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бұл шараға әл-

Фараби атындағы Қазақ ұлттық универсиететі археология, эт-

нология және музейтану кафедрасы қолдау көрсетті. 

Конференция барысында Қазақстан және оған шектес 

елдердегі археология ғылымының дамуы, этнология тарихна-

масы: негізгі бағыттары мен даму үдерістері, ескерткіштанудың 

археологиялық, этнологиялық және музейологиялық қырлары, 

археология, этнология және музейтанудың жоғарғы білім беру 

жүйесіндегі орны мен рөлі және басқа да мәселелер талқыланды. 



Алматы қаласы Жетісу ауданының «Көкжиек» ықшамауданы 

енді аз уақытта жасыл желекке оранатын болады. Қазірдің 

өзінде пайдалануға берілгеніне аз ғана уақыт болған ықшамаудан 

аумағына отырғызылған көшеттер жайқалып өсіп келеді.

 «1000 жылдыққа – 1000 игі іс» шарасы аясында Жетісу ауда-

ны ның әкімі Талғат Разақовтың басшылығымен «Көкжиек» 

ықшам ауда нындағы Геологтар көшесі бойындағы ашық 

алаңқайға тағы да 1300 қарағаш көшеті отырғызылды. Алматыны 

көгалдандыру, тұр  ғын дарға жайлы қала етіп, ауасын жақсарту 

– «Алматы-2020» Даму бағдарламасының басты бағыттарының 

бірі. Сондықтан туған қала ларын жасыл желекті қалаға айнал-

дыру мақсатында өтіп жатқан шараға Жетісу ауданы әкімшілігі 

қызметкерлері, Жетісу аудандық про куратурасы, №177 жалпы 

білім беретін мектеп, №169, №171, №175 бала бақшалар, №21 

емхана қызметкерлері белсене атсалысты.



Бүгін сағат 16:00-де Қазақстан Жазушы-

лар одағының Әдебиетшілер үйінде белгілі 

ақын Артығали Ыбыраевты еске алуға ар-

налған «Намыстың жебесі» атты әдеби кеш 

өтеді.

Мынау фәни дүниеде бар болғаны 21 

жыл ғана өмір сүріп, поэзия аспанында 

құйрықты жұлдыздай жарқ етіп өте шыққан 

талантты ақын Артығали Ыбыраев есімі 

жыр құмар жұртшылыққа жақсы таныс. 

Қазақ поэзиясында барда ақын есімі де, 

оның жырлары да жасай беретіні анық. 



апта-шолу

дөңгелек үстел



1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске – 100 жыл 

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Алматы қаласындағы №4 кітапханада ұлт көсемі Әлихан 

Бөкейханов тың 150 жылдық мерейтойына арналған «Ұлты 

ұлықта ған дара тұлға – Әлихан Бөкейханов» атты дөңгелек үстел 

өтті. 

Аталған жиынға әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің профессоры, филология ғылымының докторы 

Қанипаш Мәдібаева, ақын, «Ақиқат» журналының бас редакто-

ры Аманхан Әлімұлы, «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші 

орынбасары Нұрперзент Домбай, жазушы, қонаевтанушы, ҚР 

мәдениет қайраткері Ораз Қауғабай және тағы басқа зиялы 

қауым өкілдері қатысып, естеліктерімен бөлісті. Жиын соңы 

оқырмандар арасында ұлт көсемі Әлихан Бөкейханов туралы 

қызықты сыр-сұхбатқа ұласты.

Оқу залында «Алаш көшбасшысы – Әлихан Бөкейханов» 

атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Экраннан арнайы 

дайындалған «Алаштың Әлиханы» атты слайд және «Ұлт көсемі» 

атты деректі фильм көрсетілді. 



Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің 

қолдауымен, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйы-

мы ның ұйымдастыруымен және Қараған-

ды облысы әкімдігінің атсалысуымен Ан-

кара қаласында күй құдіреті Тәттімбет 

Қазанғапұлы атындағы саябақ ашылды. 

Шараның ашылу салтанатына Қазақ-

стан ның Түркиядағы елшісі Жан сейіт 

Түймебаев, Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйы-

мының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Ан-

кара қаласы Етимесгут муниципалитетінің 

мэрі Әнуар Демирель, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары 

Жандос Әбішев, облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Рымбала 

Омарбекова, ақын Серік Ақсұңқарұлы, Тәттімбеттің тікелей 

ұрпағы Мүслім Жақпаров, Қали Байжанов атындағы концерттік 

бірлестігі, Тәттімбет атындағы академиялық ұлт аспаптар 

оркестрі, сондай-ақ дипломатиялық мекемелердің өкілдері мен 

түрік зиялылары қатысты.

«Бидің нұры – Нұрсұлу»

Оразбаев оқулары

Жайнаған жасыл желек

«Намыстың жебесі»

Ұлты ұлықтаған дара тұлға

Түркиядағы Тәттімбет саябағы

Байқау


конференцИя

қоршаған орта

құлаққағыс

жИын


құптарлық іс!

А

пта айшықтары



А

пта айшықтары



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

8 (727) 394-41-30

елБасы


жИын

қоғаМ


парлаМент 

1916 жылы Жетісу өңірінде де 

ұлт-азаттық көтеріліс болды. Бұл 

мұрағат құжаттарында Албан 

көтерілісі, халық жадында Ал-

бан бұғы  көтерілісі деп аталады. 

Сол кезде алым-салық көбейіп, 

халық тұрмысы күрт нашар-

лады. Соғыстағы армияның 

тылдағы қара жұмыстарына 

Қазақстан, Орта Азия және 

ішінара Сібірдің 19-43 жас 

аралығындағы (кейіннен 43-тен 

31-ге түсірді)  ер азаматтарды 

шақыру жөніндегі Жарлығы 

көтерілістің шығуына түрткі 

болды. Жалпы Қазақстан 

мен Орта Азиядан 400 мың, 

соның ішінде Жетісудан 87 

мың адам шақырылды. Пат-

ша Жарлығы жарияланысы-

мен Қазақстанның барлық 

аймақтарында қарсылық 

білдіру басталды. Ұзақ пен 

Жәмеңке батырлар бастаған 

Қарқара жеріндегі қозғалыс 

жергілікті халыққа серпіліс 

берді.

Патша әскері көтерілісшілер мен 

халықты қырғынға ұшыратып, Қарқара 

көтерілісінің кезінде қазақ-қырғыздардың 

жүзге жуық елді мекені жазалаушылардың 

шабуылына ұшырап 373 үй өртенді, 1905 

адам оққа ұшты, 684 адам жараланып, 

1105 кісі тұтқындалып, кейінен із-түссіз 

жоғалған. Ал патша жазалаушыларынан 

небәрі 171 адам ғана шығын болған.

Сол қиын-қыстау кезеңдерде бо-

лыс Диқанбай Жанпейісов Шәлкөде 

жайлауындағы казақ-орыс отрядтарының 

шабуылынан өз ауылдарын құтқару жолын-

да күресті. Диқанбай Жанпейісұлы қазіргі 

Алматы облысы Райымбек ауданының 

Шәлкөде өңірінде 1857 жылы туған.

Атақты Райымбек батырдың Әжі 

әулетінен тарайды. Руы-Албан ішінде 

Алжаның Сырымбет атасынан. Алжан еліне 

25 жылдай әкелі-балалы болыс болған. 

Бірде Іле жақта қазақ-орыс бас қосқан 

үлкен жиын өтеді. Нарынқол, Кеген, Ша-

рын аймағы түгел жиналады. Диқанбай 

бұл шақыруға жер шалғайынан кешігіп 

жетіпті. Ұлық «ендігі келгендер жиынға 

жіберілмесін» деп тапсырма береді. Алайда 

төбе басында отырған орыс ұлығы, келе 

жатқан топқа таңдана қарап: «Ана келе 

жатқандар бөгелмесін. Қарсы алыңдар. 

Мұнда келуіне рұқсат!» деп шабарманын 

жұмсайды. Шағын топ Диқанбайлар екен. 



(Басы 1-бетте)

Нұрсұлтан Назарбаев еліміз жүзеге 

асырып жатқан «100 нақты қадам» Ұлт 

Жоспары туралы да кеңінен сөз қозғады. 

«Жоспарды жүзеге асыру ХХІ ғасырда ба-

рынша теңгерімді саяси жүйесі, дамыған 

азаматтық қоғам институттары мен білімге 

негізделген экономикасы бар Қазақстанды 

құруға бағытталады» деді Мемлекет бас-

шысы.


Сонымен қатар Қазақстан Президенті 

е л і м і з д і ң   ж а һ а н д ы қ   а н т и я д р о л ы қ 

қозғалысқа қатысуы мәселесіне де егжей-

тегжейлі тоқталды. «Орталық Азияны 

ядросыз аймақ жасау арқылы біз орнықты 

әлем географиясын қалыптастыруға 

шақырамыз. Бұл – Еуразияда, Латын Аме-

рикасында және Африкада алты ядросыз 

аймақ кеңістігін кеңейту деген сөз. Төмен 

байытылған уран банкін Қазақстанда ор-

наластыру туралы МАГАТЭ-мен келісімге 

2015 жылы қол қойылуы маңызды қадам 

болды. Бұл – жаһандық ауқымдағы оқиға. 

Әлем оны атомды қауіпсіз әрі бейбіт 

мақсатқа пайдалану ісіндегі маңызды шара 

ретінде бағалауы тиіс» деді Нұрсұлтан На-

зарбаев.

Мемлекет басшысы Иранның ядролық 

бағдарламасы жөніндегі халықаралық 

келіссөздер үдерісіне Қазақстан әрдайым 

қолдау көрсетіп, оған іс жүзінде қомақты 

үлес қосқанын атап өтті. Қазақстан 

Президенті біздің ел Жаһандық ядролық 

қауіпсіздік жөніндегі саммиттерге бел-

сене қатысуды маңызды санайтынына 

екпін берді. «Ажал себетін қаруларды 

ғарыш кеңістігінде, әлемдік мұхит табаны 

мен бейтарап суларда, сондай-ақ, Ар-

ктикада орналастыруға тыйым салатын 

іргелі шешімдер қабылдайтын уақыт келді. 

Ғылыми жаңалықтарды жаппай қырып-

жою қаруларының жаңа түрлерін жасауға 

қолдануды тыю жөніндегі халықаралық 

келісім мен БҰҰ реестрін әзірлеген жөн» 

деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Жаһандық ан-

тиядролық қозғалыс құруды маңызды 

міндет ретінде атады. «Қазақстан бастама-

шы лық еткен, халықаралық қолдауға 

кеңінен ие болып келе жатқан «АТОМ» 

халықаралық жобасы осы мақсатқа 

арналған. Ядролық сынақтарға қатысты 

баршаға бірдей тыйым салу туралы 

шарттың күшіне енуіне атсалысу жөніндегі 

9-конференцияның тең төрағасы ретінде 

Қазақстан оның толық әмбебаптануын 

қамтамасыз етуге күш салуын жалғастыра 

береді» деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманғы 

халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәсе-

лелеріне де тоқталды. «Адамзат ХХI ға-

сырға бейбітшілік пен жаһандық ынты-

мақтастықтың жаңа дәуірі ретінде үміт арт-

Олар ұлықпен сәлемдесіп, жайғасқанда, 

ұлық: «Сендер қазақтар арыз-шағымнан 

қолдарың босамайды. Өсексіз өмір сүре 

алмайсыңдар. Сол әдеттеріңді тағы істеп 

жүрмеңдер. Алдарыңда көргенімді ай-

тайын. Мен патшаның ұлығымын. Мына 

кісі (Диқанбайды нұсқап) қазақтар ұлығы 

екен. Жаңа келе жатқанда аң әулиесі 

жолбарыс артына мінгесіп келіп бірге 

түсті. Мен оны қалай өзіммен тең сана-

маймын?! Оған басқаларына жасалмаған 

қошемет көрсетілуі сондықтан» деп жиын-

ды жалғастырыпты. Диқанбай батыр ту-

ралы ел аузында жүрген бір оқиғаны елге 

айта кетейін. Бір күні жақын досы келіп: 

«Дықа, сен ұйықтағанда төбеңде жата-

тын жолбарысты көрсетші» деп мазалай 

берген. Дықаң «мына сорға біз жататын 

бөлмеге төсек сап бер» дейді бәйбішесіне. 

«Өзі сұрап алған ауруға дауа жоқ» деген. 

Түн ортасы ауа жолбарыс бас жағына келіп 

жайғасыпты, әлгі досы қорқыныштан таңға 

дейін көз ілмепті. Диқанбай батыр бес 

уақыт намазын қаза қылмай, ораза ұстаған 

жан болған. 

Диқанбай ақсақал үркіншілік кезеңде 

Қытайға қарай ауған жоқ, ары-бері көшу 

ел-жұртқа үлкен салмақ екенін түсінді. 

Сондықтан елді аман алып қалу мақсатында 

ерен еңбек етті. Ауыл тұрғындарын 

Шәлкөденің сырты мен Кетпен тауына 

ты. Өкінішке қарай, барынша қауіпсіз және 

тұрақты әлем қалыптастыру мүмкіндігін 

жіберіп алды. Әлемге тағы қауіп төніп 

тұр, оны елемеуге болмайды. Бұл қатер – 

жаһандық ауқымдағы жойқын соғыс» деді 

Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті 1968 жылы қол 

қойылған Ядролық қаруды таратпау туралы 

шарт өз мақсатын орындап отырмағанын, 

ал жаһандық ойыншылар арасындағы 

сенім дағдарысы ядролық қару қолдануды 

болдырмау кепілдігінің әлсіреуіне әкеле 

жатқанын айтты. «ХХІ ғасырдың ең өзекті 

мәселелерінің бірі ядролық терроризм 

қатері мен ядролық және радиоактивті 

материалдардың заңсыз айналымы болып 

отыр. Әлем әлдеқайда қауіпті әрі болжау-

сыз жаңа ядролық ғасырға қарай жылжып 

келеді. 60 жылдан астам уақыт бұрын әйгілі 

ғалымдар Альберт Эйнштейн мен Бертран 

Рассел манифест жариялап, «Адам ұрпағы 

жойыла ма, әлде адамзат соғыстан бас тарта 

ма?» деген маңызды сауал қойды. Соғысты 

жою адамзат өркениетінің ең күрделі 

міндеті болып отыр. Бірақ одан басқа жол 

жоқ», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті биылғы жыл 

еліміз бен АҚШ арасында дипломатиялық 

қатынастар орнатылғанына 25 жыл толуы-

мен ерекшеленетініне назар аударды. 

«Қауіпсіздік және ядролық қару таратпау 

– ынтымақтастығымыздың уақыт сыны-

нан өткен тұғырнамасы. Біз халықаралық 

қауіпсіздік саласындағы маңызды қадамға 

айналған Ядролық қауіпсіздік саммитін өт-

паналатып жан сақтады. Көшпей қалған аз 

санды рулардан, Қожбанбет руынан Мер-

генбай баласы Қатамен, Құрман руынан 

Сатылғанұлы Сағатпен, Алжан руларынан 

Есімханұлы Самат, Ысқақ, Жіке, Шолпан-

бай, Ықсанұлы Тұрмыхамбет және Ермек 

тілмәш, Жарты руларының бас көтерер ел 

азаматтарымен араласқан.

1917 жылы патша өкіметі құлап, билікке 

Қызыл империя келгенде өзгерісті естіген 

Қытайға көшкен бауырлар қайта елге ора-

лады.

Елге оралғандар Кетпен тауындағы Ал-



бан елінің өз қоныстарында аман-сау, күллі 

мал-мүлкімен жүргендерін көздерімен 

көріп таңғалысады.

Бөлтірік ақынның: 

– Албанда Диқанбайдай жақсы тумас

Әр істе жамандықты әсте қумас, – деген 

сөздері жайдан-жай айтыла салмаған. Жазу-

шы С.Тәнекеевтің «Ереуіл төбе әскерлері» 

атты кітабында патша үкіметі Қарқара 

қазақтарынан 67 адамның аты-жөнін 

көрсетіп, қылмыскер деп жариялағаны 

айтылады. Оның ішіндегі алжан болысы-

нан 27 адам жазылған. «Өте қауіпті» деп 

көрсетілген 15 адамның айрықша тізімінде 

Диқанбай Жанпейісов көрсетіліп, «ату 

жазасына кесіліп, жері, мүлкі тәркіленсін» 

делінген.

О р ы с т ы ң   ж а з а л а у ш ы   ә с к е р л е р і 

кізу туралы Вашингтонның бастамасын то-

лық қолдадық» деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Одан әрі Мемлекет басшысы еліміз 

ядролық қарусыздану және ядролық қару 

таратпау саласында күш-жігер жұмсауын 

табанды түрде жалғастыра беретінін 

айтты. «Болашақ туралы ойлаған кезде 

мен бұрынғы КСРО-дан бізге мұра бо-

лып қалған ең соңғы ядролық оқтұмсық 

Қазақстан аумағынан әкетілген тарихи 

датаны – 1995 жылғы 24 сәуірді жиі еске 

аламын. 200 жыл бұрын АҚШ президенті 

Авраам Линкольн: «Жауапкершіліктен 

бүгін жалтару арқылы одан ертең де құтыла 

алмайсың» деген екен. Ондаған жылдар 

бойы жер тітіреткен жарылыстардан жапа 

шеккен халқымның мұң-зарын сезініп, 

қолдауына сүйенген мен ядролық қарудан 

ада әлем туралы арманға риясыз сенемін» 

деп түйіндеді сөзін Қазақстан Президенті.

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы   Н ұ р с ұ л т а н 

Назарбаев АҚШ астанасында кәсіби 

боксшы, Қазақстан Республикасының 

еңбек сіңірген спорт шебері Геннадий 

Головкинмен кездесті. Кездесу барысында 

Елбасы «ЭКСПО – 2017» елшісі мәртебесін 

алған Г.Головкинді құт тықтады және 

спортшыға жаңа табыстар мен рекордтар 

тіледі. Өз кезегінде Г.Головкин Нұрсұлтан 

Назарбаевқа бокс пен спорттың дамуына 

қосқан аса зор үлесі және жеке көңіл 

бөлгені үшін алғыс айтты. 

М е м л е к е т   б а с ш ы с ы   Н ұ р с ұ л т а н 

Н а з а р б а е в   ө т к е н   а п т а д а   К у б а н ы ң 

астанасы – Гавана қаласында боолды.  

Диқанбай болысты ұзақ уақыт қолға түсіре 

алмаған, өйткені болыс күзетшілерімен 

сақ жүріп, дер кезінде ел-жұртын көшіріп 

орын ауыстырып отырған. «Аңдыған жау 

алмай қоймас» дегендей, 1918 жылдың 

күзінде Диқанбай ауылы шапқыншылыққа 

ұшырады. Диқанбайдай ел жанашырын 

дұшпан аяусыз өлім құштырды, құбылаға 

қарап аят оқып тұрған сәтінде қылышпен 

екі рет шабады, сондағы құламаған батыр 

тұлғасын көрген орыс офицері Мельников 

қорыққаннан жүрек тұсынан атып өлтіреді. 

Көп адамы казак-орыстардың қолынан 

қаза тапты. Бұл туралы осы қырғынды 

көзімен көрген Қамбар Матайұлы (елі 

Қожбанбет) деген кісі соңына мынандай 

мәліметтер қалдырған. «Алжан руының 

батыр ұлы Диқанбайдың ауылын Афана-

сьев, Меньшов деген басшылары бар 85 

орыс әскері қоршап алып, пулеметпен 

атқылап қырғынға ұшыратты. Жендет-

тер кетісімен көргеніміз Шәлкөдедегі 

Кеңбұлақ сайының аузында кең қонысқа 

жаңа қонған ауылдың барша үйі өртелген, 

осы жерде ішінде ер-әйел, бала-шағасы бар 

27 адам оққа ұшқан. Мұны көріп жанымыз 

түршікті». 

Диқанбай батыр бабамыздың зиратын-

да 36 адамның мәйіті бар. Айтушыларға 

қарағанда, бұл қорымға мына кісілер 

жерленген, 1916 жылға дейін Жәмпейіс 

Малғараұлы, Әбдүшкір Малғараұлы, Бай-

сал Әбдүшкірұлы бұл кісілер өз қайтыс 

болғандар. 1918 жылы жау қолынан 

қаза тапқандар Диқанбай Жанпейісұлы, 

Т у ғ а н б а й ,   Т о й ш ы б а й ,   С а у д а н б е к , 

Әбілғазы, Рахымбай,Бұтабай, Шытабай, 

Шылғаубай, Биғара ұлдарынан Манас, 

Жақып, Жанқара ұлдарынан Әлібай, Әбіш, 

Тілеуқабыл ұлдарынан Бегмат, Оспан, 

Құлжаман атадан Алшынбай, Сарт атадан 

Қырқабай,Тауыпалған, Масақбайдан Тана-

бай, Диқанбайдан Құдайберген, Құсайын, 

Мұшан, Әбілқасым Құдайбергеннен 

Мұқаман, Қайнар ауылынан Есімханнан 

Ысқақ, Жіке, Шолпанбай, Тұрымқанбет, 

Ермек (тілмаш), сондай-ақ Мергенбайұлы 

Қата, Мергенбайқызы Қанымай бесіктегі 

сәбиімен, Сатылғанов Сағат. 1982 жылы 

Тұрсынжан Әлдибекұлы осы жерді қоршап, 

2003 жылы ескерткіш тас орнатқан. Беріде 

2015 жылдың қыркүйек айының ішінде 

Азат Усманов, Советпек Әшімов, Төлеу 

Қаракүшіков деген ел азаматтары үлкен 

етіп кесенені өз қаражаттарынан тұрғызды. 

Биыл ұлт-азаттық көтерілісіне 100 

жыл толуына байланысты Малқараұлы 

Диқанбайға, Диқанбайұлы Құдайбергенге 

және Қожбанбет руынан Мергенбайұлы 

Қатаға, Құрман Сатылғанұлы Сағатқа және 

қорымда жерленген рухтарға арнап үлкен 

ас шілденің 22-сінде берілмек. Осы асқа 

байланысты арнайы қор құ рыл ған (иин 

620828400255) (kz26926001PN01441181). 

Ел азаматтары бұл сауап ты іске атсалысар 

деген ниеттеміз. 


Каталог: wp-content -> pdf
pdf -> №47 (18256) 29 сєуір 2015 ж сєрсенбі Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр Бір халыќ, бір ел, бір таѓдыр
pdf -> Жаныс ақынға Асылдан асыл тараған жамбыл өмірзақ ҚАрғабайұЛЫ
pdf -> Қазақстан Республикасының Тәуел- сіздігін жариялаған күн – біздің
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> №4 (18366) 15 ќањтар 2016 ж ж±ма Облысымыздыњ ќ±рылѓанына 80 жыл толуын мереке- леу аясында «Ењбек Дањќы кітабы»
pdf -> «Болса болар, бәлкім, менің паңдығым »
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін
pdf -> Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін


Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет