Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,51 Mb.
#5623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бағдат АҒЫБЕТОВ

Алматы облысы    



Е л б а с ы   Е у р о п а л ы қ   к е ң е с   т ө р а ғ а с ы 

Дональд Тускпен кездесті. Кездесу барысында 

тараптар саяси, сауда-экономикалық, мәдени-

гуманитарлық салалардағы Қазақстан мен 

Еуропалық одақтың ынтымақтастығы мәселелерін 

талқылады. 

Мемлекет басшысы Еуроодақ Қазақстанның 

сыртқы саясатындағы маңызды вектордың бірі 

екенін және сауда-экономикалық өзара іс-

қимылдың басымдығы бар бағыты болып санала-

тынын атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің 

сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы Еуроодақтың үлесіне 

тиетініне назар аударды.

Д.Туск Қазақстан мен Еуроодақтың тығыз серіктестігі әлемдік 

экономикадағы дағдарыс үрдістеріне қарамастан нығая береді деп 

үміттенетінін жеткізді. 

Сонымен қатар тараптар кездесу барысында күн тәртібіндегі 

халықаралық мәселелерге тоқталды. Атап айтқанда, Украинадағы 

және Ауғанстандағы ахуал, терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері 

талқыланды. 

Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз залында «Ежелгі 

заман заттары мен ескерткіштерін қайта қалпына келтіру және консер-

вациялау» тақырыбында баспасөз мәслихаты болып өтті. 

Жиынға Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет 

және өнер істері департаменті директоры А.Райымқұлова, 

«Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 

директоры А.Қарымсақов, «Қазқайтажаңғырту» директорының 

кеңесшісі Қ.Тұяқбаев, «Остров Крым» ЖШС директоры 

Қ.Алтынбеков, Ұлттық мұражай директорының ғылыми жұмыстар 

жөніндегі орынбасары Ж. Таймағанбетов қатысып, орамды ойла-

рын ортаға салды.

 Шара аясында ежелгі артефактілерді сақтап қалу бойын-

ша атқарылған көпжылдық еңбектің нәтижесі таныстырылды. 

Солардың ішінде, Шығыс Қазақстан облысы аумағында орналасқан 

обалардан табылған 968 археологиялық жәдігер музейге өткізілуге 

дайындалды. Музейге өткізілетін барлық заттың сақтау шарты 

бойынша ұсыныстар берілген реставрациялық паспорты бар екенін  

«Қазқайтажаңғырту» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының 

мамандары атап өтті. 

Оңтүстiк Қазақстан облысында ҚР Президентi жанындағы 

Әйелдер iстерi және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi 

Ұлттық комиссияның Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 25 

жылдығына арналған «25 пайдалы iс» республикалық акциясы өттi.

Оңтүстік Қазақстан облысы әкiмi жанындағы әйелдер iстерi 

және отбасылық-демографиялық саясат жөнiндегi комиссия 

мүшелерi облыстық психоневрологиялық интернатына ба-

рып, балаларға базарлық жасады, оларға арналған демалыс 

бөлмелерiн жабдықтауға атсалысты. Атап айтқанда, акцияға 

қатысушылар ондағы екi демалыс бөлмесiне жиһаз жасатып, 

толықтай жабдықтауға 450 мың теңгенiң сертификатын табыс-

таса, балаларға ойыншықтар мен киiмдер, кiлем, жөргек затта-

ры мен кiтаптар таратып, барлығы 1 млн. теңгеге жуық көмек 

көрсетiлдi. Жалпы, «25 пайдалы iс» қайырымдылық акциясы 

бастауын алғалы облыстың барлық аудан, қалаларында аталған 

шара жалғасын тауып, оған 3,5 мың адам қатысты. 

Мәжіліс Спикері Бақтықожа Ізмұхамбетов -

тің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтіп, 

алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақты-

ланды.

Күн тәртібінде бірқатар ратификациялық 

құжаттарды жұмысқа қабылдау мәселесі 

қаралды. Олар – Халықаралық Қайта Құру 

және Даму Банкімен Қазақстанда офис-

тер құру, сонымен қатар Македониямен 

инвестицияларды көтермелеу және өзара 

қорғау туралы үкіметаралық келісімдерді 

ратификациялауға қатысты болмақ.

Сондай-ақ жалпы отырыста азаматтық заңнаманы жетілдіру 

мәселелері бойынша жұмысты одан әрі жалғастыруды талқылау 

ұсынылып отыр.

Заң жобасында үлестік меншікті иелену, пайдалану және 

оған билік ету мәселелерінде азаматтардың заңды мүдделері мен 

құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында мүлікті белгіленген 

тәртіппен бөліп шығару мүмкін болмаған жағдайда, соттың оны 

жария саудаға салып сату туралы шешім қабылдауы бойынша 

императивті норма белгілеу қарастырылады.



 Елбасы Германия Федералдық канцлері Ангела Меркельге бұрынғы 

вице-канцлер, Сыртқы істер министрі Ганс-Дитрих Геншердің қайтыс 

болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Жеделхатта мемлекет қайраткері Г.Геншердің бүкіл өмірін Герма-

ния халқының бірлігі жолына арнағаны айтылған. 

«Қазақстан халқы Г.Геншерді екіжақты достық қарым-қатынас-

тарды орнатуға және нығайтуға зор үлес қосқан ірі тарихи тұлға ретінде 

әрдайым есте сақтайтын болады»  деп атап өтілген. Соңында Нұрсұлтан 

Назарбаев Г.Геншердің отбасы мүшелеріне, бүкіл Германия халқына 

Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан көңіл айтты. 



Ынтымақтастық көкжиегі кеңейе түсті

Әңгіме арқауы – ескерткіштер

Пайдалы істерге мән берілді

Азаматтық заңнама – өзекті мәселе 

Көңіл айту жеделхатын жолдады

Этнопедагогика – ұлттық 

тәрбиенің негізі

Елбасының Жарлығымен 2002 жыл Денсаулық жылы болып жариялан-

ды. Семей ядролық полигоны, Арал теңізі экологиялық апат аймағы, 

уран шахталарының қалдықтары, әскери полигондардың зиянды 

салдарлары мәселені ушықтыра түсті. Халықтың орта жасы 64 жас бо-

лып, ТМД елдеріндегі ең соңғы орында тұрды. Елбасы бюджеттік емдеу 

мекемелерінің жұмысын жақсартуды, ақылы медициналық көмек 

көрсетуді күшейтуді Үкіметке міндеттеді.

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университетінің т.тәжібаев атындағы 

этнопедагогика және этнопсихоло-

гия ғылыми-зерттеу орталығының 

ұйымдастыруымен педагогика 

ғылымының докторы, профессор клара 

Қожахметованың педагогтік қызметіне 

арналған «Қазіргі қазақ ұлттық педа-

гогикасы мен психологиясының даму 

болашағы» атты дөңгелек үстел өтті. 

тараз тойы – ел есінде

Денсаулық жылында келтірілген де-

ректерде соңғы 5 жылда елдегі нәрестелер 

өлімі 7 пайызға, аналар өлімі 36 пайызға 

азайғаны айтылды. 88 денсаулық сақтау 

мекемесі, соның ішінде Атырау мен 

Қызылордада облыстық ауруханалар 

салынған. Осы жылы денсаулық сақтау 

саласына 80 млрд.теңге қаржы жұмсау 

көзделді. Қазақстандағы бақсы, балгер, 

сынықшы, тәуіптердің кезінде қолданған 

тиімді емдеу тәсілдерін жаңғырту мәселесі 

де күн тәртібіне қойылды. 

Қазақ ұлтының әлеуметтік өміріндегі 

маңызды оқиға 23 қазанда Түркістан 

қаласында Дүниежүзі қазақтарының екінші 

құрылтайының өтуі болды. Құрылтайға 

32 мемлекеттен келген 400-ден астам өкіл 

қатысты. Тағдырдың тәлкегімен ондаған 

мемлекеттерге шашырап кеткен қазақ 

халқының өкілдері қасиетті Түркістан 

қаласында бас қосты. Бірінші құрылтай 

өткеннен кейінгі 10 жылда Қазақстан 

әлемдік қауымдастыққа толық танылған 

мемлекетке айналды. Тәуелсіздіктің негізгі 

нышандары Елтаңба, Ту, Әнұран, төл 

теңге өмірге келді. 14 мың шақырымнан 

астам шекара халықаралық актілермен 

заңдастырылды. 1995 жылы қабылданған 

екінші Конституция өзінің өміршеңдігін 

дәлелдеді. Тәуелсіздік үрдісі қоғамдық 

қатынастардың барлық салаларында 

нығая түсті. Экономикаға 20 млрд. АҚШ 

доллары көлемінде инвестиция тарты-

лып, жыл сайынға экономикалық өсім 

8-12 пайызға жетті. Қазақстанда АҚШ, 

Қытай, Ресей сияқты алып державалар 

өздерінің стратегиялық әріптесі деп жария-

лады. Политэтникалық елде этносаралық 

татулық пен әлеуметтік келісім сақталды. 

Астана 3-4 жылдың ішінде өмірге қолайлы, 

әлемдегі ең жылдам дамушы қалалар 

қатарына қосылды. Ғарышқа қазақтың 

екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев ұшты. 

Халық пен Үкімет қазақ тілінің дамуына 

бағытталған қамқорлықты күшейте түсті. 

Әлем қазақтары өз Отанының осындай 

табыстарының куәсі болды.

25-26 қыркүйекте Тараз қаласының 2000 

жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде 

Алғашқы сөзді бүкіл ғұмырын пси-

хология саласына арнап келе жатқан пе-

дагогика ғылымының докторы, профес-

сор Құбығұл Жарықбаев алды. Ол ұлттық 

тәрбиенің түп тамыры осы этнопедагогика-

дан бастау алатындығын, өкінішке қарай, 

дәл осы салаға қамқорлықтың жоқтығын, 

күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелердің 

көптігін тілге тиек етті.  Профессор Кла-

ра Жантөреқызының ғылыми мектебінің 

бүгіні мен болашағы жөнінде әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-дың педагогика және білім 

беру менеджменті кафедрасының профессо-

ры, педагогика ғылымының докторы Шәркүл 

Таубаева кеңінен тоқталды. 

Жиын барысында Т.Тәжібаев атындағы эт-

нопедагогика және этнопсихология ғылыми-

зерттеу орталығының директоры, педагогика 

ғылымының кандидаты Бақыт Әрінова, әл-

Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті Күлпаш 

Жолтаева, педагогика ғылымының докторы 

Советхан Ғаббасов, белгілі ақын Әдібай Табыл-

ды, педагог-ғалым Рахметолла Машаров, Қазақ 

психологиялық қоғамының президенті Мұқан 

Перленбетов, Қазақ мемлекеттік Қыздар 

педагогикалық университетінің оқытушы-

ғалымдары Гүлнәр Мұратбаева, Сараш 

Қоңырбаева, Кенжехан Медеубаева және тағы 

басқалар сөз сөйлеп, Клара Жантөреқызының 

этнопедагогиканың тәжірибеде іске асуына 

көп еңбек сіңіргендігін, этнопедагогика-

ны ғылым ретінде қалыптастыруға қосқан 

өлшеусіз үлесін жеткізді. 

Дөңгелек үстел барысында қазақ ұлттық 

педагогикасы мен психоло гия сының даму 

болашағы жайы сөз болды. Жиынға қатысқан 

ғалымдар өзара ой бөлісіп, алдағы уақытта 

зерттелуі тиіс мәселелерге назар аударды. 

Олардың қатарында жаңа ғылыми еңбектердің 

өмірге келуі, диссертациялардың жазылуы, 

тың идеялардың тұжырымдалуы әңгіме 

арқауына айналды.



Бағдагүл БАлАуБАЕВА

аталып өтті. Бұл шара қазақ халқына оның 

тарихы тереңде және аса бай екендігін 

түсінуге көмектесті. Б.ғ.д. 40-шы жылда 

көшпелі ғұндардың шаньюлері салдырған 

қала талай шапқыншылықты, талай 

күйреуді басынан өткерді. Ол үнемі қайтадан 

қалпына келіп, түлеп отырып бүгінгі күнге 

жетті. Қараханидтер дәуірінде Тараз ис-

лам әлемінің маңызды орталықтарының 

біріне айналды. Тараздың Орталық Азия 

халықтарының тағды рында аса маңызды 

рөл атқарғандығын археологиялық қазбалар 

кезінде табылған тарихи артефактілер 

үнемі дәлелдеп келеді. Тараз қаласының 

тарихының қалпына келтірілуі Қазақстан 

мемлекетінің нақты тарихы, оның әлемдік 

дамуға қосқан үлесінің шындығын қалпына 

келтіруге көмектесті.

2002 жылғы есте қалатын маңызды 

оқиғалардың бірі 21 қыркүйекте Көкшетау 

қаласында өткен Кенесары ханның 

200 жылдық мерекесін атап өту болды. 

Қазақтың соңғы ханы Кенесарының өмірі 

мен қызметі тәуелсіздік үшін күрескерліктің 

үлгісі болды. Астана қаласында Кенесары 

ханның әсем ескерткішінің бой көтеруі 

оған деген туған халқының зор құрметінің 

белгісіне айналды. Кенесарының мақсаты 

тәуелсіз Қазақ хандығын оның тари-

хи аумағы көлемінде қалпына келтіру, 

қазақ халқын отарлық езгіден құтқару, 

мемлекеттік дамудың тәуелсіз жолына 

түсу болатын. Алайда Кенесары хан өз 

мақсатына жете алмай құрбан болды. 

Отарлық саяси жүйе оның есімін тарих 

бетінен өшіруге, халықтың тарихи жады-

нан шығаруға күшін салып бақты. Оның 

ерлік істерін құрметтеген халқы өзінің 

соңғы, ержүрек ханына барлық құрметін 

200 жылдығына орай жасап жатты. Та-

рихи шындықтың қалпына келтірілуі, 

әділеттің салтанат құруы Кенесары хан 

есімін ұлықтау шараларына байланы-

сты ұтымды жүргізілді. Кенесары хан 

патшалықтың өзіне берген барлық байлық 

пен мансаптарынан бас тартты. Ол ерлік 

күрес жолын, тәуелсіздікті қорғау жо-

лын, қазақ ұлтын сақтау жолын таңдады. 

Кенесарының өмірінің ұраны мен мәні 



ТӘуелсіздіК 

КүНделігі 

ТӘуелсіздіК 

КүНделігі 

25

жыл

тәуелсіздік пен бостандық болды. Осы жол-

да өзін құрбандыққа шалды.

Б ұ л   ж ы л ы   д а   Қ а з а қ с т а н   ө з і н і ң 

бейбітшілік пен ынтымақтастыққа 

негізделген сыртқы саясатын белсенді 

жүргізді. Елбасы 7 маусымда Ресейдің 

Санкт-Петербург қаласында өткен 

Шаңқай ынтымақтастығы ұйымының 

саммитіне қатысты. Қазақстан басшысы 

Ресей Президенті В.Путинмен, Қытай 

Төрағасы Цзян Цземинмен кездесті. 

Аймақтық терроризмге қарсы құрылым 

жөніндегі Келісімге қол қойылды. 17 

қазанда Қазақстанға ресми сапармен 

БҰҰ Бас Хатшысы Кофи Аннан келді. 

Н.Назарбаевпен кездесу барысын-

да БҰҰ-ның басшысы Қазақстандағы 

халықтардың достығы мен татулығы ахуа-

лына ерекше назар аударды. Әсіресе елдегі 

аз санды халықтар өкілдерінің мәдени-

рухани даму тәжірибесіне зер салды. 

Диаспоралардың ешқандай шеттету мен 

шектеу қойылмай өмір сүруі мемлекеттің 

саясатының ізгілігінің көрінісі деп баға 

берді. Қазақстан халқы Ассамблеясы 

қызметінің моделі басқа мемлекеттер үшін 

пайдалы болатындығын БҰҰ Бас Хатшы-

сы нақты айтты. Сонымен қатар Кофи 

Аннан елдегі полигондар аумақтарын 

экологиялық сауықтыру, Арал теңізін 

құқару шараларын белсенді жүргізуге 

шақырды. БҰҰ өз тарапынан Қазақстанды 

экологиялық сауықтыру үрдісіне ғылыми, 

ұйымдастырушылық көмектер көрсетуге, 

сараптау жұмыстарына белсене қатысуға 

даяр екендігін жария етті. БҰҰ аясында 

Қазақстанның беделінің өскендігін бұл 

сапар тағы да дәлелдей түсті.

Сайын БОРБАСОВ, 

саяси ғылым докторы, профессор 

Жуырда аҚш-та Ядролық қауіпсіздік мәселелеріне арналған халықаралық саммиттің өткені 

белгілі. алқалы жиында еліміз ядролық қаруды таратпау режимін қолдауға және ғаламдық 

ядролық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды. 

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі 

көрсеткіші бойынша Қазақстан әлемде 

42-ші орынға ие болды, бизнес үшін 

барынша қолайлы жағдайлар жасай-

тын елдердің әлемдік рейтингінде 41-

ші позицияны иеленді. сонымен қатар 

Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымының 

толыққанды мүшесі болды.

болашаққа 

бағдарланған бастама

дамудың жаңа белесінде

Диқанбай батыр



Қауіпсіздік мәселесі – басты назарда

Айта кетейік, Саммит барысында елі-

міздің «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы 

АҚШ энергетика министрлігімен бір-

лескен бағдарламалар аясында уран 

өндіруші және өңдеуші кәсіпорындарда 

қолдану үшін табиғи уранды есепке алу 

және бақылау моделін, сондай-ақ оның 

физикалық қорғаныс жүйесін әзірлеуге, 

уран нарығындағы жаңа мемлекеттер үшін 

табиғи уранды есепке алу, бақылау және оны 

физикалық қорғау жөніндегі МАГАТЭ-нің 

халықаралық ұсынымын әзірлеуге қатысты. 

Ұлттық атом компаниясының басқарма 

төрағасы Асқар Жұмағалиев пен ConverDyn 

компаниясының президенті Малкольм 

Критчли Ынтымақтастық туралы келісімге 

қол қойды.

Қол қойылған құжат әлемдегі ірі уран 

өндіруші мен конверсиялық қызметтегі 

жетекші провайдердің ядролық отын циклын-

да байыту үшін шикізат болып табылатын 

UF6 гексафторид түріндегі уранды ғаламдық 

нарық үшін бірлесе ұсынуды қалыптастыру 

мақсатындағы серіктестігін көздейді. Бұл 

саладағы екі көшбасшының шоғырлануы 

атом өнеркәсібі үшін бәсекеге қабілетті 

және сенімді интеграцияланған UF6 көзін 

қамтамасыз етеді.

 «Қазатомөнеркәсіп пен ConverDyn 

арасындағы қол қойылған келісім екі компа-

нияны жаңа деңгейге көтереді. Мүмкіндіктерді 

біріктіру қос компанияға да дивиденд әкеледі. 

Нақтырағы, Қазатомөнеркәсіп үшін қосымша 

интеграцияланған ұсыныстар арқылы жаңа 

нарықтарға қол жеткізуге мүмкіндік береді» 

деп атап өтті А.Жұмағалиев. 

Өз кезегінде ConverDyn компаниясының 

президенті Малкольм Критчли Қазатомөнер-

кәсіп пен ConverDyn мүмкіндіктері мен 

мақсаттары ұқсас және олар бірін-бірі 

толықтыра түсетінін, «Қазатомөнеркәсіп» 

әлемдік ірі табиғи уран өндіруші және 

Метрополистегі конверсиялық зауытқа уран 

концентратын ірі жеткізіп беруші ретінде  

ConverDyn  үшін табиғи әрі стратегиялық 

таңдау екенін жеткізді. Тараптар конверсия 

нарығындағы KazAtomProm-ConverDyn 

бірлескен ұсынысы таяу уақытта пайда бола-

тынын хабарлады.

Сонымен қатар «Қазатомөнеркәсіп» 

компаниясы АҚШ, Еуропа, Қытай нары-

Ағымдағы жағдайды терең талдау, мүмкін 

болатын қиындықтарды белгілеу бүгінгі 

таңда дағдарысқа қарсы сақтандырма ша-

раларын қолдануға ерік береді, атап айтсақ: 

индустриялық-инновациялық даму, яғни 

шикізат ресурстарына ғана қарап қалмайтын 

экономика құру; 5 жылға арналған «Нұрлы 

Жол» Мемле кеттік инфрақұрылымдық даму 

бағдарламасы; «5 институттық реформаны 

жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам. 

Ұлт жоспары» бағдарламасын жүзеге асыру; 

қажетті мемлекеттік қор мен алтын-валюта 

резервін жинақтау; Ел Президентінің тап-

сырмасы бойынша мұнай бағасы баррельіне 

30-ға дейін және 20 долларға дейін төмендеген 

жағдайларға ойластырылған іс-қимылдар 

нұсқасын әзірлеу; инновациялық индустрия-

ландыру шеңберінде құрылған экономиканың 

жаңа секторларын дамыту; еңбек өнімділігінің 

60 пайыздан астамға артуы.

Президент көптеген жайттар өзімізге бай-

ланысты екенін және біздің дағдарысқа қарсы 

басты бағытымыз – өсім, реформалар, даму 

ұғымдарымен үндесекенін атап өтті:

– экономикалық өсім қарқыны Қазақстан-

ның әлемнің неғұрлым дамыған отыздығына 

енуін қамтамасыз етуі қажет;

– барлық жүргізіліп жатқан реформалар 

мем лекеттің тұрақтылығын сақтауға бағыт-

талуы қажет;

– қоғамның барлық салаларын үздіксіз 

жаң ғырту. Бұл ең алдымен Жалпыға Ортақ 

Еңбек Қоғамы, жоғары әлеуметтік жауап-

кер шілік, халықтың неғұрлым әлсіз буын-

дарына атаулы көмек қағидаттарында бүкіл 

мемлекеттік, қоғамдық және жеке институт-

тарды жаңғырту.

Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауында 

«жаңа әлеуметтік саясатқа» ерекше көңіл бөле 

отырып дағдарысқа қарсы және құрылымдық 

жаңарулардың бес бағытын атап өтті.

Мемлекет басшысы Жолдауда әлеуметтік 

әділеттілік мәселесіне мән берді. Әрбір 

әлеуметтік төлем – бұл жай бюджетке ғана 

емес, әрбір жұмыс істейтін қазақстандыққа 

қосымша салмақ. Сондықтан әлеуметтік 

төлемдер мен жәрдемақылар қандай да бір 

жағдайларға байланысты еңбек ете алмай-

тын және өзін материалдық игіліктермен 

серпін


алқалы жИын

ғына қатысуды күшейтпек. Бұл туралы 

компанияның басқарма төрағасы Асқар 

Жұмағалиев мәлімдеді. Ол қазіргі уақытта 

Қазатомөнеркәсіп өз қызметін жетілдіру және 

АҚШ, Еуропа, Қытайдағы біздің әріптестер 

үшін жоғары дәрежеде клиенттік қызмет 

көрсету мақсатында жаһандық маркетинг 

жүйесі мен сатылымды қайта құрылымдап 

жатқанын жеткізіп, бұл үдерістің басты 

элементі Швейцарияда трейдингтік компания 

құру болып табылатынын атап көрсетті.  Ол 

сату икемділігін құрып, әлеуетті мәмілелерге 

ден қою уақытын жеделдетеді. АҚШ-та бұл 

үдеріс қазір жұмыс істеп тұрған өкілдікті тара-

тып, оның функциясын жаңа құрылым аясын-

да толыққанды «еншілес» заңды тұлғаларға 

беруден көрінетін болады» деді басқарма 

төрағасы. 

Ұлттық атом компаниясының даму жо-

спарлары туралы әңгімелей отырып, Бас-

қарма төрағасы қысқа мерзімді кезеңде 

негізгі міндеттер – өзгеріс бағдарламасын 

ен гізу, ұсынылатын өнім спектрін кеңейту, 

өндірісті әртараптандыру екенін хабарлады. 

Сонымен қатар Асқар Жұмағалиев таяуда 

қытайлық әріптестермен бірлескен компания 

құрылатынын, ол ҚХР реакторлары үшін 

ядролық отын құрамаларын өндірумен айна-

лысатынын тілге тиек етті. 

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – Қазақ-

станның уран және оның қосындыларын, 

сирек металдар, атом электр стансаларына 

арналған ядролық отын, арнайы құрал-

жабдықтар, технологиялар және екіұдай 

мақсаттағы материалдар экспортымен ай-

налысатын ұлттық оператор. Компания 

қызметінің басты бағыттары геологиялық 

барлау, уран өндірісі, ядролық отын ци-

клы өнімдерін өндіру, реактор жасау, АЭС 

құрылысы, конструкциялық материал-

дар өндірісі, энергетика, ғылыми зерттеу, 

әлеуметтік қамту және мамандар дайындау бо-

лып табылады. Қазатомөнеркәсіп, сондай-ақ 

Қазақстанда жаңартылатын энергетиканы да-

мыту бағдарламасының белсенді қатысушысы. 

Бүгінгі таңда компанияда 27 000-нан астам 

адам еңбек етеді. Қазатомөнеркәсіп әлемнің 

жетекші уран өндіруші компанияларының 

көшін бастап келеді.



Г.ПАРАСАТ

қамтамасыз ете алмайтын тұлғаларға төленуі 

қажет. Еңбекке қабілетті, еңбек ете алатын-

дарға атаулы әлеуметтік қолдау олардың нақты 

табыстарын есепке ала отырып, жұмыспен 

қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 

қатысқан жағдайда көрсетілуі керек.

Осыған байланысты бүгінгі күні респуб-

ликада бастау алған күнкөріс деңгейінің 

60 пайызынан төмен тұратын және отбасы 

құрамында еңбекке қабілетті азаматтары бар 

аз қамтылған отбасыларға шартты негізде 

әлеуметтік көмек көрсетуді қарастыратын 

«Өрлеу» жобасы өзекті болып табылады. 

Қаламызда бұл бағыттағы жоба былтырғы 

жылы басталды.

Өткен жылы отбасының белсенділігін 

арттырудың әлеуметтік шартына 14 отбасы (68 

адам) қол қойды,оларға жалпы 1,4 млн. теңге 

төленді. Бір адамға кеткен төлемнің бір айлық 

орташа мөлшері 7,5 мың теңгеге жуық.

Жобаға қатысқанға дейін бір адамға 

арналған кірістің орташа мөлшері 4 мың тең-

гені құрады, 2016 жылдың басына бұл көр сет-

кіш әлеуметтік көмек пен еңбек ақыны қоса 

алғанда бір адамға 23 мың теңгеге дейін өсті.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің 

белсенді шараларына қатысу «Жұмыспен 

қамту – 2020», «Жол картасы» және «Даму» 

бағдар ламаларының шеңберінде жүзеге асы-

рылады. 2015 жылы Жұмыспен қамту орталы-

ғына жұмыс іздеп 18669 адам келді. Олардың 

ішінен 16398 адам жұмысқа орналастырылды, 

қоғамдық жұмысқа 2940 адам қатысты, кәсіби 

оқу курстарына 1311 адам жолданды.

Алматы қаласының әкімі Алматы 

қаласының тұрғындарын жұмыспен қамтуға 

жәрдемдесудің Кешенді жоспарын бекітті. 

Алматы қаласы әкімдігі, бизнес субъек-

тілері және кәсіпшілер одағының арасын-

да өндірістік процестерді тұрақтандыру, 

қызметкерлердің еңбек құқықтарын және 

жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мәселесі 

бойынша ынтымақтастық туралы меморан-

думдары бекітілуде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет