Жеке жазылушылар үшін 65367 1 жылға 3083,04 3274,80 3427,68 Мекемелер мен ұйымдар үшін



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата03.03.2017
өлшемі2,51 Mb.
#5623
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Е. ӘлИҚҰлОВ,

Алматы қалалық Жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар 

басқармасының басшысы

Бұл – Қазақстан Президентінің Бостандық 

аралына жасаған алғашқы сапары. Мұнда 

Елбасы Куба Мемлекеттік кеңесінің және 

Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль 

Кастромен кездесті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев өзінің Гаванаға жасаған алғашқы 

ресми сапарын Куба халқының даңқты ұлы, 

ақын, осы елдің ұлт-азаттық қозғалысының 

қайраткері Хосе Мартидің мемориалына 

гүл шоғын қоюдан бастады. Мемлекет 

басшысы бұл рәсім аяқталған соң мемориал 

музейін аралап көріп, құрметті қонақтар 

кітабына қолтаңба қалдырды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан 

Назарбаев пен Куба басшысы Рауль 

Кастро кездесу барысында екіжақты 

ынтымақтастықты, сауда-экономикалық 

ықпалдастықты, білім беру, мәдениет, 

спорт, ауыл шаруашылығы салаларындағы 

байланыстарды кеңейту және алдағы 

уақытта саяси үнқатысуды жалғастыру 

жолдарын талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Рауль Кастро 

денсаулық сақтау, фармацевтика және био-

технология салаларындағы өзара іс-қимыл 

мәселелеріне арнайы тоқталды. Осы салада 

қазақстандық және кубалық мамандардың 

тәжірибе алмасу қажеттілігі атап өтілді.

Елбасы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 2017-

2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесін 

сайлау барысында Қазақстанның кандида-

турасын Кубаның қолдауы тұрғысынан қол 

жеткен уағдаластыққа қанағаттанушылық 

білдірді.

Сонымен бірге, Елбасының Кубаға 

жасаған ресми сапары аясында бірқатар 

меморандум бекітілді. Атап айтар болсақ, 

Қазақстанның Энергетика министрі Қанат 

Бозымбаев пен Кубаның Энергетика 

және тау-кен өндірісі министрі Альфредо 

Лопес Вальдес энергетика саласындағы 

ықпалдастық жөніндегі меморандумға қол 

қойды.

Сондай-ақ Қазақстан Республи-



к а с ы н ы ң   Д е н с а у л ы қ   с а қ т а у   ж ә н е 

әлеуметтік даму министрлігі мен Кубаның 

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі 

арасында жұмыспен қамту, әлеуметтік 

қорғау саласында меморандум түзілді. 

Оған Қазақстан Сыртқы істер министрі 

Ерлан Ыдырысов пен Кубаның Еңбек және 

әлеуметтік қорғау министрі Маргарита 

Гонсалес қол қойды.

«Астана ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ бас-

қарма төрағасы Ахметжан Есімов пен 

Кубаның Сауда-өнеркәсіп палатасының 

төрағасы Орландо Эр-нандес Гильен 

аталған елдің Қазақстанда өтетін ЭКС-

ПО-2017 көрмесіне қатысуы жөніндегі 

2015 жылдың қарашасында қабылданған 

келісімшарт тұрғысында пікір алмасты.

Ақбота ИСлӘМБЕК

үкіМет 


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев 

Үкімет үйінде отандық әуежайларды дамыту мәселесі  бойынша кеңес 

өткізді. 

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев отандық 

мемлекеттік органдар мен әуежай басшылығына авиациялық 

қауіпсіздік мәселелеріне назар аударуды, атап айтқанда, жолаушы-

лар терминал-дарында заманауи тексеру жабдықтарын орнатуды 

тапсырды. Сол сияқты арнайы техникамен (өрт сөндіру машина-

лары, қар жинағыш және мұздаққа қарсы техника, баспалдақтар) 

жарақтандыруға айрықша көңіл бөлу қажеттігі тілге тиек етілді. 

 Оның сыртында әуежайлар қызметінің  экономикалық 

тиімділігін ұлғайту, менеджмент деңгейін арттыру, даму үшін 

жаңа қаржы көздерін тарту жолдарын іздестіру бойынша шаралар 

қабылдау тапсырылды.



Әуежайлар қызметіне назар аударылды  

4

№14 (1324) 

7 – 13 сәуір

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

5

№14 (1324) 



7 – 13 сәуір

2016 жыл


жеріңнің аты – бабаңның хаты

тіл мен тұлға

Қуат сапароВ,

география ғылымының 

докторы, профессор

белгілі тілші, ғалым, ардақты ұстаз, профессор Хасан кәрімұлы мұханбет есімін мен алғаш  сонау 1977 

жылдары 4-5 сыныптарда оқып жүргенде естігем. соғыс жылдары бала Хасанға  дәріс берген әдебиет 

пәнінің мұғалімі, Қазақ ксср оқу ағарту және білім беру ісінің үздік оқытушысы Ғазымжан Ғұмарова апай 

бізге де сол пәннен сабақ берді. ол  кісінің егде тартып қалған уақыты, бірақ апайдың жүзінен әлі де нұры  

тая қоймаған кез. Жаны да, өзі де сұлу Ғазымжан апайымыз әдебиет пәнінен әдемі даусымен келістіре, 

үзілдіре өлең шумақтарын оқыған кезде бөлмеде  «өлі тыныштық» орнаушы еді. кейде маған ондай 

білімді, мәдениетті әрбір шәкіртінің жүрегінен жол табатын «Ұлы ұстаздарды» жоғарыдағы тәңірдің өзі де 

қолындағы бар мейірім шуағымен жылудан құрастырып, ерекшелеу қылып жаратып, жер бетіне жібере 

салатын секілді көрінеді. нағыз ұстаз деген ұлы атқа лайық ондай жандарды бүгінде шаммен іздетсең де  

әй, табылуы қиындау-ау. 

Қазақстан  республикасының Ұлттық кітапханасында филология ғылымының 

докторы, Қр Ұлттық Ғылым академиясының академигі, халықаралақ  «Қазақ 

тілі» қоғамының  президенті,  белгілі қоғам қайраткері Өмірзақ айтбайұлының 

80 жылдығына арналған шығармашылық кездесу өтті. оны аталған мекеме бас-

шысы әлібек асқаров  ашты.  Жиналғандар алдында Қр сенатының  төрағасы 

Қ.тоқаевтың,  Қр Жоғарғы сотының төрағасы Қ. мәмидің, Қр Қорғаныс министрі 

И.тасмағамбетовтің, Қр мәдениет  және спорт  министрі а. мұхамедиұлының және 

басқа да лауазым   иелерінің мерейтой иесіне арнаған құттықтаулары оқылды. 

м. қашқаридың дөңгелек картасы



Жер-су атауларының мән-мағынасы география ғылымының да зерттеу нысаны болып 

табылатыны белгілі. олай дейтін себебіміз, ономастика, топонимикалық зерттеулер 

география ғылымымен тікелей байланысты. 

бұл орайда жер-су атаулары туралы географиялық карталарда көптеген мәліметтер 

кездеседі. солардың басым бөлігі көне атаулармен байланысты зерттеулер. осы ретте 

көне топонимдердің жазылу ерекшелігі, елді мекендердің орналасқан жерін анықтау 

және т.б. өзекті мәселе. Өйткені ондай зерттеулерді жүргізген кезде географиялық 

атауларды жүйелеуден бөлек, байырғы атауларды қалпына келтіру мәселесі де туын-

дайды. 

кӨне атаулар – 

тарИХтың бір параҒы

Ұлтқа қызмет 

етудің үлгісі

Шәкіртім – мақтанышым

Жыр мүшәйрасы

қазақ еМес, қазақтан Былай еМес

құлаққағыс

жүздесу


Ал жер бетіндегі көне атауларға келетін 

болсақ, олардың тарихы тым тереңде жат-

қаны анық. Еліміздің аумағында кездесетін 

көне атаулардың өзі том-том зерттеу ең-

бектеріне арқау боларлықтай дүние. Ал 

кезінде олардың бәрі бір-бір елдімекенді 

немесе шаһарларды, өзен-көлдердің атау-

ларын білдірген.

Мәселен, ежелгі қытайлар, римдіктер, 

гректер құрылыс жолдарын, егістік, 

арықтар қазу, т.б. жұмыстарды жүргізген 

кезде топонимиялық, оның ішінде карто-

графиялық әдісті пайдаланғаны белгілі. 

Қазақстанға катысты жер-су атаула-

ры туралы алғашқы жазба деректерді 

Геродоттың «Әлем картасы» еңбегінен 

кездестіруімізге болады. Аталған еңбекте 

бүгінгі уақытпен салыстырғанда жер-су 

атауларына байланысты біршама қарама-

қайшы тұстары болса да, ол зерттеушілер 

үшін сол замандағы топонимиялық 

жағдайдан хабар беретін дереккөз ретінде 

бағалы. Неге екені белгісіз, бұл туындыда 

Арал теңізі көрсетілмеген. Амудария Окc 

деген атаумен, ал Сырдария өзені Аракc 

немесе Яксарт деген атаумен белгіленген. 

Автор Каспий теңізіне Кавказ тауы нан 

келіп құятын тағы бip өзенді Аракс деп 

атайды. Осындай мәселелер аз емес. Бірақ 

ғылыми ауқымнан алып қарағанда, көне 

атау лардың бірте-бірте өзгеріп, әртүрлі 

мәнде қолданылып, талқылануы кездеспей 

тұрмайды. 

Каспий теңізі Геродот сызған кар-

тада теңіздің оңтүстік-батыс бөлігінде 

орналасқан «каспий» деген халық атымен 

аталғаны көрініп тұр. Жалпы алғанда, 

аумағы үлкен көлдің, ұзын өзендердің 

бірнеше атауға ие бола тын ceбeбi, оның әр 

тұсын мекендеген халық, сонымен қатар 

сапарлаған саяхатшылар да түрлі нұсқада 

атай берген. Мәселен, Геродот өзі зертте-

ген жағына орналасқан халыктың атымен 

Каспий теңізі деп атаса, ортағасырдағы араб 

саяхатшылары Хорасан теңізі және Табари-



стан, тағы да бip араб саяхатшысы Масуди 

(X г.) Каспий теңізін Аджамдар (аджам 

халқының) теңізі деп белгілейді. Автор ад-

жам деп Каспийдің оңтүстік-батысындағы 

әзірбайжандарды атайтын сияқты, әйтпесе 

ол жерден өте ертеде көшіп кеткен алан-

дарды айтады деуге негіз жоқ.

Көне орыс жылнамаларында Хазар 



теңізі,  XV ғасырда саяхат жасаған Афана-

сий Никитин (Дербент теңізі немесе Хва-



лын деп атаған). Бұлардан басқа Ақ теңіз, 

Жасыл теңіз, Гиркан теңіз, Солтүстік 

теңіз, Гилян теңіз, Хвалын теңіз, Парсы 

теңіз, Мазандеран теңіз, Гурген теңіз, т.б. 

атау лар осындай жолмен сырттан танылып 

отырған. Голландықтардың XV ғасырда 

құрас тырған  картасында  Тұзды теңіз деп 

беріл ген. Қытайлар Каспий теңізін – 

Цины-хай деп атаған. 

Орта ғасырда өмір сүрген ғұлама 

оларда Қазақстанның географиялық ата-

улары белгіленген. Мұнан бөлек, Жібек 

жолының географиялық маңызының 

бір қыры географиялық атаулармен бай-

ланысты ашылады. Сол арқылы белгілі 

бір кезеңдерде болған тарихи оқиғалар 

географиялық атауларда сақталып, осы 

күнге дейін жеткенін байқауымызға бо-

лады. Жалпы алғанда, саудагерлер мен 

саяхатшылардың беймәлім жерлер 

жөніндегі ақпаратында географиялық 

атаулар жиі ұшырасады. Олар әр тілде 

сөйлейтіндіктен, алыс елдердегі жер-су 

аттары жиі бұрмаланғаны даусыз. Сол се-

бептен де – бір географиялық объектінің 

атауы әр түрлі жазылуы кездесуі заңдылық. 

Қимақ еліне баратын бip жолды сая-

хатшы Гардизидің мәлімдеуінен табамыз: 

Басқосуды ғалым-баспагер, «Қа-

зақ тілі» қоғамының вице-прези денті 

Ғарифолла Әнес жүргізіп отырды. 

Кездесуде сөйлеушілер көп бол-

ды. Олар мерейтой иесінің ғалымдығы, 

қайраткерлігі, азаматтығы жөніндегі ой-

ларын ортаға салды. 

– Сіз ұлт намысын оятып жүрген 

жансыз. Ана тілінің өзекті мәселелерін  

көтеріп  жүрген дүниелеріңізбен оқырман  

қауым жақсы таныс. Сіздің өміріңіз 

ұлтқа, тілге қызмет етудің үлгісі, – деді 

М.Әуезов  атындағы әдебиет  және өнер 

институтының директоры  Уәлихан 

Қалижанов. 

 Белгілі қоғам қайраткері  Шамша 

Беркімбаева  Өмірзақ  ағамыздың сан 

қырлылығын тілге  тиек етті. 

– Бұл кісі бүкіл  ғұмырын ана тіліне 

қызмет етуге арнап келеді. Сөз құдіретін 

түсіндірудегі  еңбегі зор. Ағамыз тек 

ғалым ғана емес, сонымен қатар әнші,  

күйші, сазгер. Мұндай  сан  қырлы қабілет 

әркімге бұйыра бермейді. 

Ә л - Ф а р а б и   а т ы н д а ғ ы     Қ а з Ұ У 

ректорының кеңесшісі, ақын Бауыржан 

Жақып университет баспасынан жарық 

Менің ең бірінші мақсатым – өзге 

ұлттың баласын мемлекеттік тілде 

сөйлету. Бұл орайда 9-сыныпта 

оқитын Дарья лебедева туралы айтуды 

жөн көрдім. 

Біз сабақ барысында тәжірибелік 

тұрғыдан үйрету әдісін қолданамыз. 

Бұл әдіске тілді әдебиет материал-

дарымен байланыстырып үйрету, 

түсініксіз сөздерге мән беру, диалогтық 

және монологтық сөйлеуді үйрету, 

ауызша түсіндіру, мазмұндау және 

оқу тәсілдерін қолдану кіреді. Осы 

арқылы оқушы сөздің мағыналық 

қасиетін, табиға тын, сөздік қорын, 

грамматикалық кұ рылысын сезеді, 

ауызекі тілдің байлығы мен әдеби 

тілдің өзіндік белгілерін тани бас-

тайды. Мәдениетті сөйлеу үлгісін 

қалыптастырып, дұрыс оқып, оқығанын 

қайталап беруге жаттығады. Сауатты 

әрі дұрыс жазу шеберлігі төселіп, өзін 

стилистикалық тұрғыдан жетіл діреді, 

ғылыми, саяси және көркем шығар-

маларды талғап оқу қабілеті артады. 

 Дарынды оқушымен қазақ тілін оқыту 

барысында мен тілді дамытуға және есту 

мен қабылдау қабілетінің ерекшелігіне 

бас ты назар аударамын. Қазір мен Да-

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 

университеті журналистика факультеті 

Баспасөз және электронды БАҚ кафе-

драсы және М.Сералин атындағы әдеби 

бірлестігінің ұйымдастыруымен, «Там-

шы» ғылым және мәдениет қорының 

ұйытқы болуымен Қазақстан Республи-

касы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 

«Көктем бүрлері» атты республикалық 

жыр мүшәйрасын жариялайды. Марапат-

тау шарасы  2016 жылы 19 сәуірде өтеді. 

Байқауға 29 жасқа дейінгі жас ақындар 

қатыса алады. Мүшәйраның мақсаты 

– өскелең жас ұрпақтың бойындағы 

отансүйгіштік сезімін жалындатып, 

ұлтжанды азамат егемен елдің ертеңі 

екенін се зін діру, талантты жас ақындарға 

қол дау көрсету және поэзия арқылы 

мем лекеттік тілдің мәртебесін арттыру, 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық тарихын 

өлеңмен өрнектеу. Мүшәйраға әр автор-

дан 4 өлең қабылданады:  бірінші өлең 

«Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбындағы 

жыр, екінші өлең көктем, махаббат 

тақырыбындағы жырлар болуы тиіс, 

(Шабақты) арал», «Шепелеу жар», одан әрі 

«Яр (жар) Аллабердыев», «Старой Иртыш», 

бұл Алға айылы тұсында; одан әрі Қызыл 

жар т.б. топонимдер туралы деректер бар. 

Керегежардан батысқа қарай «Белые воды» 

(Ақсу), «Острог Калмыцкой», одан әрі «Уро-



чище Кабалгансун (мечать пустой), одан әрі 

«Урочище Долон (жеті) Карагай», одан әрі 

«Озеро Енкуль», т.б.кездеседі. 

Жалпы, топонимиялық атластар 

жөнінде алғашқы мәліметтер Швецияда 

(Швецияның топонимиялық атласы, 1942 

ж.), кейіннен Венецияның топонимиялық 

атласы жарыққа шықты. Мысалы, 1966 

жылы Лондон қаласында өткен IX 

Халықаралық ономастикалық конгресте 

дүние жүзінің гидрономиялық атласын 

құрастыру жөнінде мәселе көтерілді. Со-

көрген, Ө. Айтбайұлының өмір жолынан 

сыр шертетін  кітаптың сүйінші данасын 

мерейтой иесіне  тапсырды. 

– Алдағы уақытта көпшіліктің қа-

тысуымен бұл  кітаптың тұсауке серін 

өткізетін боламыз, – деді ол. 

Кездесу барысында  сондай-ақ 

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы  

т ө р а ғ а с ы н ы ң   о р ы н б а р ы   Т а л ғ а т 

Мамашев, ҚР Халық  артисі Сәбит  

О р а з б а е в ,   ж а з у ш ы л а р   Е р к і н б а й 

Әкімқұлов, Бейбіт Қойшыбаев, «Қазақ 

тілі»  қоғамы  өкілдігінің Германиядағы 

жетекшісі Сүлеймен Шадхан, белгілі 

кәсіпкер Ибадулла Қалыбек, «Қазақ  

газеттері» ЖШС Бас директоры Жұмабек 

Кенжалин, «Алматы ақшамы» газетінің 

бас редакторы Қали Сәрсенбай және 

басқалар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін 

білдірді. 

Кездесуге қатысушыларға өнер  иелері 

әннен шашу шашты. 

Басқосу соңында кеш кейіпкерінің өзі 

сөз алып, жиналғандарға риза шы лығын 

білдірді. 

Нұркен ЖАНДӘулЕТҰлЫ

рьямен бағдарлама бойынша бірінші 

деңгейде жұмыс істеп жүрмін. Шәкіртімді 

әдеби тілге жаттық тырып, сауатты жаза 

білуге, пікірін айтып жеткізуге үйрету – 

менің ең басты міндетім. Талапты жас өз 

бетімен ізденуге, еңбектенуге көп көңіл 

бөледі. Суреттері өте көп. Себебі суретті 

қолдану арқылы берілген тақырыптағы 

жаңа сөздерді түсіндіру өте жеңіл деп 

ойлаймын.

 Суреттер арқылы сөздерді қайталап 

отырамыз. Дарья үйренген тақырыпқа 

сурет салады да, сол суреттер арқылы 

менімен сөйлеседі. Оның ең жақсы 

көретін жұмыс түрі аралас әріптерден сөз 

құру, сөз жұмбақтарды шешу. Бұл тәсілдің 

мақсаты – оқушының үйренген сөздерін 

дұрыс жазуға дағдыландырады. Ол сөздік 

диктанттарды үндестік заңына сәйкес 

беске жазады. Қазақ тілі мен әдебиет 

пәні бойынша өтетін «Жарқын болашақ» 

олимпиадасының аудандық кезеңінде 

«Сөз шебері» бойынша бас жүлдеге ие 

болды.

Гүлнар ҚҰТЫМБЕТОВА, 

қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Алматы облысы

Сарқан ауданы

келесі 1 өлең кез келген тақырыптағы 

ақынның мүмкіндігін көрсететін 

туын ды болуы шарт. Ұсынылатын 

шығармалардың жалпы көлемі 5 беттен 

аспауы керек. Мүшәйраға қатысушы әр 

авторға ұйымдастырушылар тарапынан 

реттік сан қойылып, қазылар алқасына 

тек автор есімі белгісіз шығармалар 

ғана ұсынылады. Жеңімпаздар ақшалай 

сыйлықпен марапатталады.

• Сайысқа түсетін шығармаларға 

қойылатын талаптар:

• Шығармалар 2016 жылдың 10 

сәуіріне дейін қабылданады;

• Шығармалар тек электронды түрде 

ғана қабылданады;

• Шығарма мәтінінің электронды 

нұсқасы /міндетті/ мына мекен жайға 

жіберілуі тиіс: jurkaznu.kz@mail.ru

• Сайысқа барлық шарттарға сай 

(техникалық, мазмұндық, т.б.) әзір-

лен ген шығармалар ғана қабыл-

данады;


• Сайысқа қатысатын шығарма бұрын 

еш жерде жарияланбаған болуы тиіс;

сыны, Қаз Сувы, Урун каш өгуз, Қара каш 

өгуз, Қара сыны, Талас (Тараз), Секірме, 

Қаргалұқ және т.б. 

IX-X ғасырлар тоғысында өмip сүрген 

Әл-Истахри қазіргі Қазақстан аумағында 

тоғұздар, хирхиздар, имектер, қыпшақтар, 

яғни оғыздар, харлұқтар тұратынын және 

ол бес халықтың бірін-бірі түсіне алатын 

бip тілде сөйлейтінін атап өтеді.

К е й б і р   з е р т т е у л е р д е   С ы р д а р и я 

өзенінің «Інжу» деп аталу ceбeбi оның 

мойнына моншақша  тізіліп орналасқан 

қалалардың әcepiнен деген пікір бар. 

Ортағасырда ол қалалардың саны өсе 

түскені байқалады. Мәселен, Сырдың 

бойында Бұзыққала, Күйікқала, Янги-

кент, Алтынасар, Жанқала (Жент), 

Қызтөбе (Баршынлыкент), Сунақ-Ата 

(Сығнақ), Түрікстан (Иасы), Артық-Ата, 

Кавган-Ата, Отырар, Сүткент қалалары 

болғаны мәлім. Бұл атаулардың барлығы 

далалық өркениеттен сыр шертіп тұрғаны 

сөзсіз. IX-X ғасырларда Орта Азия мен 

Қазақстан жерін картаға түсіруде араб 

географтары көп еңбек сіңірген. Олардың 

ішінде Орталық Қазақстан топонимдеріне 

қатысы бар еңбектің бірі – X ғасырдағы 

әл-Идрисидің «Китаб-Роджері» мен  

«Сурат ал-Ард» атты картасы. Академик 

Ә.Марғұлан бұл еңбектегі мәліметтерді 

Сарысу, Торғай өзендері мен Ұлытау 

өңірлеріне байланысы бар деп жазған. Бұл 

орайда Қазақстан жерін географиялық 

тұрғыдан зерттеу мен оның аумағынан 

өткен жолдарды анықтауда араб саяхат-

шылары мен зерттеушілері еңбектерінің 

де маңызы зор деп бағалауымызға болады. 

Тарихи мәліметтер қазіргі Қазақ стан 

территориясындағы Балқаш көлінің сол-

түстік бөлігінде III-IV ғғ. ғұн мемле кетінің 

өмір сүргенін айтады. Оларды Қытайлар  

«Юэбань», «Се-Яньто» деп атаған. Кейбір 

еңбектерде бұл өлке Сарматтар жері, Сар 

ир, Пловецтер, Дешті Қыпшақ және т.б. 

атауларымен де атала береді. Осындағы 

сар Ир атауы Қытай жылнамасында Се-

Яньто формасында берілген. Түбір сар, 

сары сөзінің «се» формасына көшуін 

қытай тіліндегі р дыбысының сөз ор-

тасында ұшыраспауынан деп білеміз 

(түрік – «түкю», аргун – «алун»). Сар-ир 

(сары жер, сары алқап) атауы Шыңғысхан 

өмірін зерттеуші Мишель Хоанг еңбегінде 

«Ciraka er» формасында ұшырасады. Көне 

римдіктер оларды Сарматтар деп атаса, 

славяндар половцы деп атаған.

 VII ғасырда Ибн Хардадбек, Макдиси, 

Ибн Хаукаль, Ибн Русте, әл-Истахри, әл-

Масуди, әл-Идриси сияқты ғұламалардың 

еңбектерінде еліміздің оңтүстік облы-

старына қарасты Фараб (Отрар), Тараз 

(Талас), Испиджаб (Сайрам) аймақтары 

мен Арал, Каспий теңіздері жайында мол 

деректер кездеседі. Олардың бай-мұралары 

арасында сан ғажайып карталар сақталып, 

Янгикент – Ұйықман (Арал маңындағы 

құм ды өлке) – Сокук өзені (Торғай не Са-

рысу) – Кендіртағ (Ұлытау) – Асус (Есіл 

өзені) – Epтіс. 

Авторы белгісіз «Худуд – әл Әлам» 

(«Әлем шекарасы») атты кітапта Аспижаб 

(Сайрам), Түркістан, Торар (Тараз болуы 

мүмкін), Чуф, Мазакия, Игсун-Ясу, Кир-

кирхан сияқты елді мекен атаулары, Арташ 

(Epтic), Атал (Еділ), Гоз (Гуз) даласы, Мау-

ранахр, Хазар көлі (Каспий) секілді жер-су 

аттары кездеседі. Бұлардың ішінен Кир-

кирхан, Игсун-Ясу, Мазакия үшеyi қимақ 

жерлері деп көрсетіледі. Мұндағы Киркир-

хан – Қарқаралы тауы ма деген ой келеді, 

ал Игсун-Ясу атауының екінші сыңары асу 

географиялық терминіне ұқсайды. 

Тарихтан жақсы білетініміздей, 

моңғолдар жаулап алған елінің жер-

су атауларын өз тілдеріне ауыстырып 

отырды. Бұл үрдіс Алтын Орда дәуірінен 

басталды. Мәселен, Ал тай, Арқауыл, 

Тарба ғатай, Зайсан, Бүркітауыл, Бая-

науыл, Нарын, Қорғалжын, Қапшағай, 

Қобда, Сайхин, Кеген және т.б. моңғол 

тілін дегі атаулар Қазақстан топоними-

ясында көп кездеседі. Бipaқ түбi бip ал-

тай тілдерінен тарағандықтан ол атаулар 

тілімізге бейімделіп, қазақ  атауларымен 

бірдей болып кетті. 

Ішкі Азияны зерттеушілердің ішінде 

топонимика мәселелеріне айрықша көңіл 

бөлген тұңғыш ғалым Шоқан Уәлиханов 

болды. Ғалымның географиялық саяхаттар 

нәтижесінде жинаған жер-су атаулары, 

мәліметтері кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес 

мұра. Оның зерттеулерінде 3000-ға жуық 

«түркі-қазақ» атаулары кездеседі. 

Павлодар облысының көне топо-

нимдері ғалым С.Ремезовтың (1697 ж.) 

картасында көрініс тапты. Зерттеушінің 

картасында батысқа қарай «Шабақта 

ғалым Махмұт Қашқаридің құрастырған 

картасында көптеген көне топонимдер 

жөнінде мол мәліметтер берілген. Сөздікте 

кездесетін 20-дай жер-су атауларының дені 

қазіргі қазақ даласына катысы бар екенін 

байқаймыз. Мәселен, Аруқ-Турық, Абул, 

Eтіл, Ала, Ала йыгаш, Epтіш, Аргу, От-

укен, Тарым, Бұқаш арт, Тоқұрка, Қатын 

ғалымның


С

ол апайымыз кейде бізге қарап: «Сендер 

оқып жүрген осы Абай орта мектебін 

кезінде үздік тәмамдаған, Алматыда, 

С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де ұстаздардың ұстазы 

Хасан Кәрімов, «ЦК-да» үлкен қызметте дәрігер 

Ғаділбек Мусин деген шәкірттерім бар. Егер жақсы 

оқысаңдар солар секілді сендер де үлкен азамат 

боласыңдар. Сонау астанадан елге қызмет етесіңдер» 

дейтін. Әрине, бала көңіл әр нәрсеге еліктегіш келеді 

ғой. Ол кезде астанамыз Алматыға жету біз үшін елес 

болғанмен, алдымыздағы асқар тау ағалар бейнесі 

бағыт-бағдар, өнеге болып, мектепті тәмамдаған 

соң оқу іздеп, ол кездегі жалғыз ғана университет, 

білімнің қарашаңырағы КазГУ-ден бірақ шықтық. 

Атына әбден қанық ұстазбен жоғары курстарда 

таныстым. Төменгі курстарда ол кездерде стилис-

тикадан дәріс беретін академик М.Серғалиевтің 

орнына емтихан қабылдап, ол кісіге курс жұмысын 

тапсырғаным болмаса, Хасан ағай біздің топқа лекция 

оқыған жоқ. Бірде бұрын бізбен оқып, кейін сырт-

тай бөлімге ауысып кеткен курстас досым, бүгінде 

белгілі ақын Темірғали Көпбаевпен бірге Ғазымжан 

апайдың сөзін сынамақ үшін Хасан ағайдың лекци-

ясына ұрланып кіргенім бар. Ағып тұрады екен. Тіпті 

«өлі тыныштыққа» толтыра аудиторияны баулап 

алуы, ұстазға тән кішіпейілділігімен түгел шолып 

қарайтын көзқарасы, байыппен кітап ашу мәнеріне 

дейін апайымыздан аумайды-ау, аумайды. Бәлкім, 

маған солай көрінген де шығар. Дәрісі біткен соң мен 

ол кісіге жақындап, соғыс жылдары өзі білім алған 

Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Ганюшкино селосының 

орталығы (бүгінде Атырау облысы, Құрманғазы ау-

даны) Абай атындағы орта мектепте оқығанымды, 

апайымыздың ол кісінің атына айтқан жақсы сөздерін 

жеткіздім. Ол кісінің көзінен жарқ еткен қуаныш 

сезімін көргенмен, дәл сол сәтте жерлес екен деп 

қатты бауырына тартқанын байқағаным жоқ, сәл 

езу тартып жымиды да қойды. Хасан Кәрімұлының 

бір қараған адамға бет әлпеті жылы көрінгенмен 

табиғатынан берілген тәкәппарлығы менмұндалап 

тұратын. Ұнамаған адамына биіктен көзінің қиығын 

сала, біртүрлі риясыз күле қарайтын. Бірақ сол 

мысқыл күлкісінің астында үлкен ызғар жататын-

ды. Сабаққа келмеген, оқуға немқұрайлы қарайтын 

студент- ол кісінің «бітіспес жауы». Пендешілікпен 

академик ағаларымыздың өзі шәкірттеріне ара түсіп, 

бір жолға «рақымшылдық жариялауын» сұрай бастаса, 

сабаққа қатыспаған бала туралы әңгіме болуға тиіс 

емес деп әңгіме соңын тыңдамастан қолын бір сілтеп, 

бұрылып кете барғанын «шыққыр көзіміз» талай көре 

қалды. 


Ол шәкірттерін оңай жол іздемеңіздер, қазақ ба-

лалары білімді болуға тиіс деп «қинайтын». Ал оқуға 

ынтызар шәкірттерді досындай сыйлайтын. Қырағы 

ұстаз адамдарды өзіне бірте-бірте жақындататын. Ал 

көңілі түсіп, пейілімен берілген адамына үстіндегі 

киімін шешіп беруге даяр тұратын. Өтірікшіл, 

білімсіздерден өзін алыс ұстайтын. Мен де өзгелер 

секілді ол кісіге бірте-бірте жақындадым. Баласындай 

болсам да, мені әбден танып білген соң, құрдасындай 

сыйлады. Менде ағалық «көңілден су ішіп», әбден 

тәнті болдым. Бүгінде, іштей үзіліп тұрса да бауырына 

тартып, тайраңдатпай, білім мен ғылымның «адал» 

жолына үндейтін, алыстан қырандай самғай ұшып, 

қамқор болар аға көңілін ауық-ауық сағынасың. 

Ірілердің сойынан еді ғой, Хасан ағай. 

Хасан ағайдың ірі болуының себебі де жоқ емес. 

Ол бұрынғы Бөкей Ордасында әділдігімен, жан-

жақты білімділігімен де аты сол өңірге жайылған, 

Астрахань губерниясының правительі, атақты Мақаш 

Бекмұханбетовтың туысы, Шеркеш руының Қойыс 

бөлімінен тарайды. Атасы Мұханбеттің де арғы ата-

лары би-шешен болған деседі жергілікті халық. Әкесі 

Кәрім өз еңбегімен күн көрген балықшы, кейіннен 

«Қызыл Ту» колхозының басқарма төрағасының 

орынбасары болып қызмет істеді. «Қызыл Ту» 

майданға балық дайындау үшін Ұлы Отан соғысы 

жылдары құрылған. Соғыстан кейін бұл колхоз 

жойылып, асыл тұқымды Еділбай қойы бар «Ком-

мунизм жолы» совхозына біріктірілді. Атырау облы-

сы, Құрманғазы ауданының орталығы Ганюшкино 

селосының күншығыс жақ бетіндегі Каспий теңізіне 

сұғына кірген бұл арал бүгінде Мақаш ауылы деп 

аталады. 

Хасан ағайдың өмір жолы, қайдан, кімнен 

тарағаны, алғаш сауат ашқан ұстазы, жақсы үлгерімі 

үшін алған алғашқы сыйақысы, оған сатып алған 

соғыс жылдарындағы ақ нан дәмі, әке арманы, 

ағайдың оқуға аттану сапары, өсу жолы, бәрі-

бәрі тәптіштеліп, профессор Хасан Кәрімұлының 

өзінің бақилыққа аттанардан бір-екі ай бұрын 

ғана өткен 70 жасқа толу мерейтойына арналған, 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, 

журналистика факультетінің доценті, филология 

ғылымының кандидаты, белгілі ғалым, журналист 

Аманқос Мектептегінің «Құс жолындай жосылған 

ғибратты ғұмыр» атты мақаласында («Атамекен» 

газеті. 10 ақпан, 2001 жыл) жан-жақты қамтылып 

жазылған болатын. Белгілі тюрколог, тілші, ғалым 

бір кезде қызметтес болған әріптес інісі, профес-

сор Б.Сағындықұлының, басқа да шәкірттерінің 

жазғандарын айтпағанда, Хасан ағайдың 2001 жылы 

жұпыны мұқабамен «Қазақ университеті» баспа-

сынан жарық көрген «Диалектология мен қазақ 

әдеби тілі тарихы мәселелері» атты көлемді оқу 

құралының беташары ретінде берген, атақты тілші 

ғалым, филология ғылымының докторы, профессор 

Ә.Құрышжанұлының «Ұлағатты ұстаз, қарымды 

қаламгер» атты мақаласында да ғалымның өмір жолы 

мен қызметі, ғылымдағы еңбегі, ерекше мінезі жай-

лы жақсы айтылған. Өмірбаяны қажет адамдар осы 

басылымдарды оқи жатар, менің айтпағым – ғалым 

зерттеулерінің тереңдігінде. 

Хасан ағай көп оқыған, өте білімді ұстаз болуымен 

қатар, ғылымға атүсті, ермек ретінде қарамайтын, 

әрбір жазылған, айтылған пікірлерді ой елегінен, 

өмір тәжірибесінен өткізіп барып, жан-жақты 

ғалымдар пікірімен тиянақтай отыра қорытынды 

жасайтын парасатты ғалым. Сіз оған «Диалектоло-

гия мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері» атты оқу 

құралын парақтай отырып әбден көз жеткізесіз. Ұстаз 

білімдарлығы алғаш аяқ алысынан-ақ байқалады.

Қазақ халқының марқасқалары, ҚазМУ-дың сол 

кездегі ғұламалары М.Әуезов, Е.Бекмаханов, 

Т.Тәжібаев, тілші, әдебиетші ғалымдар Қ.Жұмалиев, 

Б.Кенжебаев, Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, 

М.Балақаев, Б.Шалабай, И.Маманов, О.Төлегенов, 

Ж.Аралбаев секілді ұстаздардан сапалы білім алумен 

қатар, жоғары талаптағы сынақтарынан мүдірмей 

өтіп, университетті 1953 жылы Сталиндік стипендия-

мен үздік тәмамдауы көп нәрседен хабар берсе керек. 

Ғасыр өлшемімен алғанда көп уақыт бола қойған 

жоқ, қазақ тіл білімі өткен ғасыр басында қалыптасып, 

ғасырдың орта шенінде тамырын жайған теректей 

сала-салаға бөлініп тармақтала бастады. Қазақ диа-

лектологиясы мен әдеби тіл тарихына қалам тартқан 

ғалымдарымыз да баршылық. Тіл білімінің негізін 

салушылар А.Байтұрсынов, А.Жұбанов, акаде-

миктер Н.Сауранбаев, С.Кеңесбаев, М.Балақаев, 

С.Аманжолов, Р.Сыздықова, Ш.Сарыбаевтардан бас-

тап, соңғы буынды айтпағанның өзінде Ғ.Мұсабаев, 

Ә.Құрышжанов, Қ.Өмірәлиев, О.Нақысбеков, 

Ғ.Қалиев, Ж.Досқараев, Ж.Болатов секілді басқа да 

тұстас ғалымдар осы тақырыптарда біраз еңбектер 

жазды. Дей тұрғанменен, диалектологияға Хасан 

ағайдай тереңдей кіріп, еңбек сіңіргендері көп 

емес. Әрқайсысы әртүрлі анықтамалар берген, 

лингвистиканың бір саласы ретінде қарастырған. 

Оны ұлт тілі деген ұғымға енгізіп, белгілі бір тармағын 

құрайтындығын айтқан. Алайда Х.Кәрімұлы олар 

әдеби емес, жергілікті тіл ерекшеліктерінің әдеби 

нормадан тыс жатқан тілдік амалдары ғана екендігін 

ғасырлар бойғы тіл тарихына, тіл заңдылықтарына 

сүйене отырып, ежіктей түседі. Ғалым жергілікті 

тіл ерекшеліктерін ажыратқанда әдеби тілдің 

орфоэпиялық, орфографиялық, грамматикалық, 

лексика-фразеологиялық нормаларына сүйену ке-

рек деген тілші ғалым, профессор М.Балақаевтың 

тұжыры мын алға тартады. Сөйте отырып, ол әдеби 

осыны айтқан жөн» (Х.Мұханбет-Кәрім. «Диалекто-

логия мен қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері». Алма-

ты, «Қазақ университеті. 2001ж.).

Сондай-ақ ғалым қазақ тіліндегі диалектілік 

ерекшеліктердің сипаты қандай дәрежеде деген 

мәселені қозғай отырып, қазақ тіл білімінде та-

лас тудыратын екі пікір бар екендігін, оның бірі 

С.Аманжолов, Н.Сауранбаев бастаған ғалымдардың 

қазақ тіліндегі жергілікті ерекшеліктер диалект 

дәрежесінде терминдік тар мағынасында дейтін 

пікірі болса, екіншісі Ж.Досқараев, Ғ.Мұсабаев, 

І.Кеңесбаев, М.Балақаев бастаған ғалымдардың қазақ 

тіліндегі жергілікті ерекшеліктер говор сипатында 

дейтін пікірлері. Міне, осы пікірлерді салыстыра 

келіп, ғылыми зерттеудің елегінен өткізе отырып, 

ғалым бұл топтаулардың қай-қайсы да қазірше 

тілдік факті тұрғысынан жан-жақты дәлелденген 

жоқ деген тұжырымға келеді. Бұрынғы ғылыми 

еңбектерде қалыптасқан принциптердің де говор-

ларды топтастыруда толық сақтала бермегендігін, 

сондықтан да бұл мәселе қазақ тіл білімінде жалпыға 

бірдей шешімін таппаған мәселе болып қалып 

отырғандығын айтады. Оны ғылыми тұрғыдан дұрыс 

шешудің бірден-бір қажетті алғышарты диалектілік 

құбылыстардың таралу шегін нақты айқындау 

оны  картаға түсіру (изоглосса) деген тоқтамға 

келеді. «Қазақ тілі говорларының жұрттан алған 

ғылыми классификациясын жасау жеке говорларды 

сипаттауға арналған монографиялық зерттеулер 

арқылы ғана жүзеге асатын нәрсе» деген зерттеуші 

С.Омарбековтың пікірін қостайды. Говорлар тобының 

саны, әрқайсысының шекарасы, айрықша белгілері 

туралы мәселелер үзіл-кесілді шешілмегендіктен де 

«оңтүстік говорлар тобы», «батыс говорлар тобы» 

деген пікірлерге сақтықпен қарауды ұсынады. Өзіне 

тән ерекшеліктер, ұқсастықтар сондай-ақ бір жердегі 

айтылған диалектілік ерекшеліктердің екінші жерде 

де көрініс беруін әрқашан назарда ұстау қажеттігін, 

оның астарын іздеу үшін тіл тарихының тереңінен, 

қайраңынан іздеуге нұсқау береді. 

Ғ

алым өз зерттеулерін сатылап зерделей 



келе ұлт тілі дегеніміз тұтас алғанда аса 

бір күрделі жүйені құрайтындығын, бұл 

жүйеге бір жағынан сол тілдің өңделген, сұрыпталған, 

екшеліп барып бірізділік дәрежесіне жеткен әдеби 

түрі енсе, екінші жағынан өзіндік ерекшелігі бар 

жергілікті тармақтары диалектілері кіреді деген 

пікірді «жаңаша тірілтеді». Ұлттық тіл сынды 

күрделі құбылыстың өзіндік сырын терең түсіну 

үшін оның жеке тармақтарын жан-жақты зерттеу 

қажет. Қалыптасқан жеке тармақтардың өзі ұлттық 

тілді әр қырынан алып қарастырады. Әрқайсының 

өзіндік проблемалары бар. Ал кенже дамыған, тіл 

туралы ғылымның сондай дербес салаларының бірі 

диалектологияның көкейкесті мәселелері олардан да 

көбірек. Қазақ диалектологиясының міндеті – қазақ 

тіліндегі жергілікті ерекшеліктерді зерттеп, оларды 

топтап, жан-жақты сипаттау, талдау. Бұның тілімізді 

дамыту мен оның тазалығына тигізер әсерінің 

көптігінде деген тұжырымға келеді ғалым. 

деп түсіндіре салу диалектілік ерекшеліктердің 

пайда болуының тарихи лингвистикалық себебін 

түсіндірудің ең оңай жолы, ұтымды тәсілі. Рас, түрік, 

өзбек, қырғыз, тағы да басқа түркі халықтар тілінің 

әсерінен диалектілік ерекшеліктер пайда болу фактісі 

жоқ емес, бұл жеке жағдайда нақты дәлелдеуді қажет 

етеді дегенді айта келіп, Х.Кәрімұлы ғасыр басында, 

Орхон-Енисей жазба ескерткіштерінің деректеріне 

сүйене отырып жазған, академик Н.Сауранбаевтың 

«Некоторые черты древнетюркского языка»  де-

ген (Вестник АН КазССР 1948 год м12, стр 15) 

мақаласында с – ш сәйкестігін өте ертедегі құбылыс 

деп тануын, професcор С.А.Аманжоловтың оңтүстік 

өңірдегі жергілікті халықтың тілінде ш дыбысының 

жиі ұшырауының басты себебін ерте кездерде 

осы өлкені мекендеген үйсін, қыпшақ, жалайыр, 

дулат тайпаларының ш дауыссыз дыбысын көп 

қолдануымен (C.Аманжолов «Вопросы диалек-

тологии и истории казахского языка». Алма-ата, 

1959 стр 237-238) түсіндіруін тегіннен-тегін емес 

дейді. Түркология саласындағы ғылыми зерттеу-

лер қорытындысы с – ш сәйкестігінің тарихи көне 

құбылыс екендігін растай түседі. Ескі жазбаларда 



баш, құш, таш, беш, күміш, ешек, мышық, қыш, т.б. 

сөздер жиі ұшырасады . Ш дауыссыз дыбысы көптеген 

түркі тілдерінде сақталған. Осы іспеттес тілдік де-

ректерге сүйенген ғалым аш, жалаңаш, қыш, піш 

тағы да басқа көптеген сөздердің көненің қалдығы, 

олардың оңтүстік, түркімен, маңғыстау говорларын-

да сақталып келуі жоғарыдағыдай сөздердің ертедегі 

дыбыстық кейіпін сақтап айтылуынан деп тануға 

толық негіз бола алатынын алға тартып, түйін жа-

сайды. Бұл тарихи қалдықтардың басқа өңірлерде 

сақталмай, айтылған говорларда ғана кездесуін 

ғалымдар Ә.Құрышжанов, Ә.Нұрмағамбетов ғылыми 

тұжырымдарымен бекіте түседі. «Басқаша айтқанда 

халық тілінде бұрыннан бар, ертеден келе жатқан, 

бірақ азая бастаған, өшіп, сөніп бара жатқан тілдік 

құбылыс «ш-шыл тілдердің» ортасына түскен қазақтар 

тілінде қайта жанданған-ды, сөйтіп, сөздің дыбыстық 

көне кейпі сақталып қалады демекпіз. Бұл тұжырым 

с-ш-ға ғана емес, өзге сәйкестіктер құрамындағы 

тарихи қалдықтарға да тікелей қатысты» дейді про-

фессор Хасан Кәрімұлы.

Міне, тілші ғалым ағамыздың диалектология 

сы рын тереңнен сонау ғасырлар қойнауынан іздеп, 

содан бері желі тартуы біріншіден көп ойға жетелесе, 

екін шіден бұған біліммен «мұздай қаруланбаған» кез 

келген ғалымның бара беруі екіталай. Тіл тазалығын 

сақтауда үлкен халықтық қайнар бұлақтан сусында-

май бұл салада белгілі бір жетістіктерге жету мүмкін 

емес тігін ғылыми дәлелдемелер арқылы дәлелдеп 

көр сетеді. Ғалым Хасан Кәрімұлын бұл саланы зерт-

теген өзге ғалымдардан «өзгешелеу» көрсететін де 

осы тұсы.

Профессор Хасан Мұханбет-Кәрім әдеби тіл 

тарихы туралы да тың пікірлер айтып, өзгеше пай-

ымдар жасаған ғалым. Қазақ әдеби тіл тарихына 

қатысты қолданып жүрген терминдермен олардың 

ұғымдарын айқындау саласында бірлесе оты-

рып, мәмлеге келер біраз дүниелердің барлығына 

тоқталады.Н.Сауранбаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова, 

Б.Әбілқасымов, басқа да ғалымдар еңбектерін саралай 

отырып көркемдігі мен бейнелілігі жағынан ешбір 

жазба әдеби тілден кем түспейтін, кезінде қоғамдық 

қызметін де атқарған ауызша әдеби тілдің болғаны, 

оның XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап 

жазба әдеби тілге ұласа бастағанын мойындамайтын 

ғалымның кемде-кем екендігін, бірақ осыларды 

жіктеп тартып айтуда әлі де терең зерттеуді қажет 

ететін дүниелердің өте көптігіне тоқталады. «Қазақ 

әдеби тілі тарихы» оқулығының (1968) екі тарауында 

Р.Сыздықованың ұсынған «жазба алдындағы әдеби 

тіл» деп аталатын, профессор Б.Әбілқасымовтың 

өткен ғасырдың екінші жартысына дейінгі кезеңді 

қамтитын «көне жазба әдеби тіл » деп аталатын 

тұжырымдарын қаперге ала отыра, әдеби тілді 

кезеңдерге бөлуде тиянақтайтын пікірлер баршылық 

екендігіне тағы бір соғып етеді. Ғалымның бұл жазған 

зерттеу қорытындылары Кеңес дәуірінің құлауға таяу 

соңғы жылдары екендігін ескерсек, бұл ойлардың 

астарынан әлі талай нәрселерді іздеуге болады. 

Сондай-ақ әдеби тілдің алғашқы арналары 

қандай, тарихын қай кезеңнен бастау керек, қалай 

дәуірлеуге болады деген сұрақтарға келгенде әдеби тіл 

ең алдымен қандай негізде қалыптасты деген орынды 

сауалдан аттап өте алмайтынымызды, осы мәселелер 

жөнінде қарама-қайшы көзқарастардың молдығын 

алға тартады. 

Әдеби тіл мәселелері алғашқы көтерілген кезде біз 

орыс тіл білімінен үйрендік, қазір де үйреніп келеміз. 

Кейбір ұғымдар аражігі ажыратылмай, ұқсас ұғымдар 

арасына тепе-теңдік белгісін қою үстем болып келеді. 

Мысалы жазу тілі, жазба тілі және әдеби тіл, ұлт тілі 

және әдеби тіл, көркем әдебиет тілі және әдеби тіл 

ұғымдары арасы тепе-тең. Жазбаша жеткеннің бәрі 

оның әдебилігі дәлелденіп жатпай-ақ жазбаша болса 

болды әдеби тіл деп ұсынылды. Міне, осы жаңсақ 

көзқарастардың жаңғырығы ғалымдар пікірінде әлі 

де шаң беріп отырғанын айта келе, мәселен күні 

бүгінге дейін XVIII-XX ғ. қазақтың эпистолярлық 

документтерінің тілін қазақ әдеби тілінің материалы 

деп қарау, тіпті әдеби тілге жатқызғанның өзінде де 

оны қазақтікі деп меншіктеуге келіңкіремейтіндігін 

жан-жақты дәлелдемелермен ғылыми айналымға 

салады. Тілге қатысты орыстар салған «сара жол-

дан» шыға алмай келе жатқанымыздың тағы бір 

дәлелі ретінде академик Н.Т.Сауранбаевтың қайтыс 

болған соң екі жылдан кейін жарыққа шыққан 

«Қазақ әдеби тілін зерттеу туралы» (1960 ж.) деп ата-

латын мақаласындағы «Кейбіреулер орыстың ескі 

лингвистикалық әдебиетіндегі дәстүр бойынша тек 

жазба әдебиет тілі ғана әдеби тіл болып саналады деп 

есептейді» деген сөзін келтіре отырып, өз ойын бы-

лайша қорытындылайды: – Н.Сауранбаев арамызда 

отырса өзі бұрын айтқан пікірлерінің көпшілігін қайта 

қараған болар еді. Себебі аталған мақаланың өзінде 

бұрын айтқан пікірлерін қайта қараған. Сондықтан 

академик Сауранбаевтың, Аманжоловтың жаңсақ 

айтылған, үстірт айтылған, ертеректе айтылған 

пікірлеріне көбірек жармаса бермесек екен дегенге 

шақырғым келеді. Керісінше, бұл ғалымдардың 

көзқарасындағы сәтті жайларды әрі қарай дамытып, 

тілдік факті арқылы дәлелдесек дұрыс болар еді деп 

ой лаймын. (Х.Мұханбет-Кәрім. «Диалектология мен 

қазақ әдеби тіл тарихы мәселелері». Алматы, 2001ж. 

205 б.) 

О

сы орайда ғылымдағы әріптестерін 



еліктеуден аулақ болуға, ол заманның 

әлдеқашан өтіп кеткенін, ғылым өссе 

ғалымдардың да өсетінін, ғылымды дамыту үшін алға 

ұмтылу қажеттігіне үндейді. Махамбеттің «меншігіне» 

айналдырып жүрген «Хан емессің қасқырсың, қара 

албасты басқырсың» деген тіркестің ХVII ғасырда 

өмір сүрген Марқасқадан жеткен жалғыз өлеңде 

кездесетіндігін, сондықтан да Бұхарға дейінгі ақын-

жыраулардың тіліндегі сөз тудырушы жұрнақтарды 

зерттеуді әлі де тиянақтай түсу керектігін айтқан 

жолдарды оқыған кезде, ғалым ағамыздың көп 

оқитын ізденімпаздығына тағы бір рет тәнті боласыз. 

Әдеби тіл тарихы мен диалектологияны ғасырлар 

қойнауынан іздеуге тура келеді. 

Түрлі саланы зерттеп жүрген ғалымдарымыз 

баршылық. Кейбір ғылым түрлері жалпы адамзат 

құндылықтарына қызмет етсе, тіл, тарих, әдебиет 

саласы көбіне-көп ұлтына, халқына қызмет жасайды. 

Бұл орайда тілінің шұрайын өзгеден іздеп, сыртқы 

әсерге ұрынып, ауа жайылып кететін ғалымдарымыз 

да жоқ емес. Ал тілдің тамырын ұлттың көмескілене 

бастаған ескі жұртынан іздеп, ғылыми қазынаға 

айналдырған аға буын А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов 

секілді, ұлт мұратына адал Хасан Мұханбет-Кәрім 

секілді ғалымдарымыз некен-саяқ. Бүгінгі жұмыр 

жер бетіндегі ұлттардың тілі мен мәдениетін ал-

пауыттай жалмап келе жатқан жаһандану за-

манында әлі де болса дауылдай соққан ғылыми 

техниканың жетістіктеріне қара емендей төтеп беріп, 

тіліміздің сақталып келе жатқандығы осындай ғалым 

ағаларымыздың ғылымдағы зерделі еңбектерінің 

арқасы. Ғалым ұстаздың ізденіспен өткізген көп 

ұйқысыз түндерінің жемісі – ғылыми қазынасы, өзі 

тәрбиелеген мыңдаған шәкірттерімен қатар әлі де 

талай буынның қажетіне жарары сөзсіз. «Жақсының 

аты, ғалымның хаты өлмейді» деген осы да.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет