Жұлдыз – ауыл. Жұлдыз ауылы
алғаш 1930 жылы Молотов ұжымшары
болып құрылды. Мал жайылымына
қолайлы болғандықтан, қырдың басына
қоныстанды. Кейіннен Тілеу ауылы,
Жандар ауылы болып екіге бөлініп,
бөлек қоныстанды. Ол жерден Ұлы Отан
соғысы жылдары көптеген азаматтар
соғысқа аттанды. Тылда ауылдың барлық
адамдары мақта шаруашылығында
еңбек етті. Соғыстан кейін ұжымшар
адамдарының орден, медальді көптеп
әспеттелуіне байланысты болғандықтан,
Тілеу ауылы Жұлдыздылардың ауылы де-
ген мағынада Жұлдыз ауылы деп аталды.
Ынтымақ – ауыл. Ынтымақ ауылы
бұрын «Казарма» деп аталған. Ауыл
Т ү р к с і б т е м і р ж о л ы н ы ң б о й ы н д а
орналасқан. 1930 жылдары теміржол
салу барысында жұмысшыларға арнап
жатақхана тұрғызылған. Ол «Казарма»
деп орысша аталған. Осы атаумен ауыл
кешегі күнге дейін аталып кедеді.1999
ж ы л д ы ң қ а р а ш а а й ы н а н б а с т а п ,
ынтымақты болайық деген мағынада
ауыл тұрғындарының ұсынысымен
Ынтымақ ауылы болып ауыстырылды.
«Оңтүстік Қазақстан
облысындағы жер-су, елді мекен
атауларының қысқаша
тарихы» кітабы бойынша
дайындаған өлкетанушы
Молдияр СЕРІКБАЙҰЛЫ
руханият
Әрине, Құлбек ергөбек есімі елге кеңінен танымал. Күні бүгінге дейін 60-қа тарта
кітап, екі мыңдай мақала жазған қаламгер. шығармашылығын ш.айтматов, м.Кәрім,
а.Яқубов, Ә.Кекілбайұлы секілді жалпы түріктік, түркі ұлт-ұлыстарынан шығып, әлемдік
өреде кеңінен мәшһүр жазушылар, ой алыптары мейлінше жоғары бағалаған. Қазақ
әдебиетін Құлбек ергөбек есімінсіз елестету мүмкін емес. міне, осындай ардақты аза-
мат, көрнекті қаламгер, түркі дүниесіне танымал түрколог ғалымның жасының 63,
шығармашылығының 40 жылдығына арнап түркістанда «Құлбек ергөбек және бүгінгі
түріктану» деп аталатын халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті. Конфе-
ренцияны ұйымдастырушылар тҮрКсой, Халықаралық түрк академиясы, Қазақстан
Жазушылар одағы, «егемен Қазақстан» газеті, түркістан қаласының әкімдігі, Қ.а.Ясауи
атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті.
Әрине, қазақтай дарынға бай елде ғұлама ғалымдарына, аса көрнекті жазушысына
арнап республикалық, халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өтіп жа-
тады. оған шүкіршілік дейміз. алайда көрнекті түрколог ғалым Қ.ергөбекке арналған
халықаралық ғылыми-теориялық конференцияның жөні сәл бөлектеу болып шықты.
Жер-жерден, алыс-жақын шетелдер-
ден келген қонақтар айтулы өнерпаз
Р.Сейтметов ұйымдастырып ашқан
Түркістан сазды-драма театрда автор жазған
пьеса бойынша қойылған «Шырақ сөнген
түн!» атты спектакльді тамашалады. 23
жасында өмірден құйрықты жұлдыздай
ағып өткен, соңына «Мәңгілік өмір туралы
жыр», «Менің құрдастарым» секілді аса
маңызды туын дылар қалдырып, өмірден
қыршын кеткен Саттар Ерубаевтың
тағдырына құрылған спектакль. Театрдың
жас ұжымы Саттардай жалындаған жас жай-
лы шығарманы жалындап ойнап шықты.
Спектакль жайында татардың көрнекті
ғалымы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері,
пен С.Мұқанов арасын, М.Кәрім мен қазақ
театры арасын талдай жазған қазақ сын-
шысын башқұрттардың да өз перзентіндей
қарайтынын мақтанышпен айтты. Екі
мәрте Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты,
ҚР Президентінің Татулық пен келісім
сыйлығының иегері, қазақ әдебиетінің
тұрақты тәржіманы Насыр Фазылов
тебірене, толғана сөйледі.
Ол 7 томдық «Түрікстан жинағын»
бір томына қуана отырып алғы сөз жа-
зып бергенін айтты. Бүгін тұсауын кесуге
ұсынып отырған «Түрік халықтары музейі»,
«Түрік тілдес халықтар кітапханасы», «Түрік
халықтары өнер галереясын» бірде-бір
түркі халықтары ғалымы, не жазушысы,
«ҚазаҚ тілін үйренеміз!
Изучаем казахский язык!»
«ҚазаҚ тілін үйренеміз!
Изучаем казахский язык!»
Продолжение рубрики «Қазақ тілін үйренеміз! Изучаем казахский язык!» будет
в следующем номере газеты. Ждем отзывов и предложений по электронной почте:
anatili_gazeti@mail.ru, а также по телефонам: 394-42-46, 394-41-30, 394-37-75.
Рубрику ведут: Дәуіржан ТөЛЕБАЕВ, Динара МАСАКОВА
Многие из нас в свободное время любят читать книги. Кто-то покупает книги
для чтения, кто-то выбирает для подарка, а кто-то издает их. Сейчас книги можно
купить через интернет магазины. Сегодняшняя тема нашей рубрики «Қазақ тілін
үйренеміз! Изучаем казахский язык!» называется «В книжном магазине», что в
переводе на казахский означает «Кітап дүкенінде».
Қысқаша сөздік – Краткий словарь:
Ниже предлагаем примеры из разговорной речи:
Кітап – книга.
Кітап дүкені – книжный магазин.
Топтама – коллекция.
Жаңа кітаптар топтамасы – коллек-
ция новых книг.
Жинақ – сборник.
өлеңдер жинағы – сборник стихотво-
рений.
Ережелер жинағы – сборник правил.
Автор – автор.
Кітап авторы – автор книги.
Басылым – издание.
Мұқаба – обложка.
Әдеби шығармалар бөлімі – отдел ли-
тературных произведений.
Әдебиет – литература.
Көркем әдебиет – художественная ли-
тература.
Балалар әдебиеті – детская литера-
тура.
Қазақ әдебиеті – казахская литература.
Орыс әдебиеті – русская литература.
Шетел әдебиеті – иностранная лите-
ратура.
Сөздік – словарь.
Тарихи кітап – историческая книга.
Сирек кітаптар – редкие книги.
Ғылыми-сараптамалық кітап – науч-
но-аналитическая книга.
Шығарма – произведение.
Оқу құралы – учебник.
Ертегілер кітабы – книга сказок.
Жаңылтпаштар жинағы – сборник
скороговорок.
Мақал-мәтелдер жинағы – сборник
пословиц и поговорок.
Мектепке дейінгі – дошкольный.
Кітапқұмар – книгалюб.
Кітапқа тапсырыс беру – заказать
книгу.
Сатушы – продавец.
Ақша – деньги.
Где находится книжный магазин?
Кітап дүкені қай жерде орналасқан?
Как называется книжный магазин?
Кітап дүкенінің атауы қандай?
Как пройти в книжный магазин?
Кітап дүкеніне қалай баруға болады?
Мне нужен сборник пословиц и поговорок
на казахском языке.
маған қазақ тілінде мақал-мәтелдер
жинағы керек.
Где отдел художественной литературы?
Көркем әдебиет бөлімі қайда?
Меня интересуют книги по химии, физике,
геологии и биологии.
мені химия, физика, геология және биоло-
гия саласының кітаптары қызықтырады.
Покажите, пожалуйста, книги детской ли-
тературы.
Балалар әдебиеті кітаптарын көрсетіңізші.
Мне нравится читать исторические книги.
тарихи кітаптарды оқығанды ұнатамын.
Есть ли у вас терминологические словари? сіздерде терминологиялық сөздіктер бар
ма?
Сколько стоит книга «Мир животных»?
«Жануарлар әлемі» кітабы қанша тұрады?
Какие книги для детей есть у вас на казах-
ском (русском, английском) языке?
сіздерде қазақ (орыс, ағылшын) тілінде
балаларға арналған қандай кітаптар бар?
Покажите мне эту книгу.
мына кітапты көрсетіңізші.
Где отдел иностранной литературы?
шетел әдебиеті бөлімі қайда?
Я хочу купить казахско-русский (русско-ка-
захский) словарь.
мен қазақша-орысша (орысша-қазақша)
сөздік сатып алайын деп едім.
Могу ли я найти путеводитель на иностран-
ном языке?
мен шет тіліндегі жол көрсеткіш
кітапшасын таба аламын ба?
Можете мне помочь найти диски с записью
казахских народных песен?
маған қазақтың халық әндері жазылған
дискілерді табуға көмектесіп жіберіңізші?
Я хочу купить несколько казахских литера-
турных новинок.
мен қазақ әдебиетінің жаңа кітаптарының
бірнешеуін сатып алғым келеді.
Что вы можете мне порекомендовать?
сіз маған қандай кеңес бересіз?
Есть ли какие-нибудь переводы произведе-
ний казахской литературы на русский, ан-
глийский, немецкий, французский языки?
сіздерде қазақ әдебиетінің орыс, ағылшын,
неміс, француз тілдерінде шыққан аудар-
малары бар ма?
Какие произведения казахских писателей
есть у вас в магазине?
Дүкендеріңізде қазақ жазушыларының
қандай шығармалары бар?
Мне нужен сборник стихотворений Мука-
гали Макатаева.
маған мұқағали мақатаевтың өлеңдер
жинағы керек.
Дайте все три тома.
Барлық үш томын беріңізші.
Вы хорошо знаете казахскую (русскую)
литературу?
сіз қазақ (орыс) әдебиетін жақсы білесіз
бе?
Я хорошо знаю казахскую литературу.
мен қазақ әдебиетін жақсы білемін.
Творчество каких казахских писателей вам
хорошо знакомо?
Қазақ жазушыларынан сізге кімнің
шығармашылығы жақсы таныс?
Больше всего я знаком с творчеством Саби-
та Муканова.
Қазақ жазушыларынан мен сәбит
мұқановтың шығармашылығымен таныс-
пын.
Какой роман казахских писателей вы посо-
ветуете мне прочесть?
маған қазақ жазушыларының қай рома-
нын оқуға кеңес бересіз?
Я вам советую прочесть произведение Аб-
дижамила Нурпеисова «Кровь и пот».
сізге Әбдіжәміл нұрпейісовтің «Қан мен
тер» шығармасын оқуға кеңес беремін.
Я хотела бы посмотреть каталог техничес-
кой литературы.
техникалық әдебиет каталогін қарап
шығайын деп едім.
Меня интересует произведения казахских
классиков.
мені қазақ классиктерінің шығармалары
қызықтырады.
У вас есть видеозаписи для изучения ка-
захского,
– русского,
– английского,
– французского,
– немецкого языка?
сіздерде қазақ,
– орыс,
– ағылшын,
– француз,
– неміс тілін оқытуға арналған бейнетаспа-
лар бар ма?
Есть самоучитель казахского языка.
Қазақ тілін өз бетінше үйренуге арналған
оқу құралы бар.
Мне нужен «Казахско-русский словарь».
маған «Қазақша-орысша сөздік» керек.
У вас есть книги на казахском языке?
сізде қазақша кітаптар бар ма?
У вас есть сборник правил по казахскому
языку?
Қазақ тілі пәні бойынша ережелер жинағы
бар ма?
Есть различные кулинарные книги: книга
для вегетарианской кухни и книга приго-
товления восточных блюд.
Әртүрлі аспаздық кітаптары бар:
вегетариандық тағамдарды және шығыс
тағамдарын даярлауды үйрететін кітаптар.
Я ищу книгу в подарок.
мен сыйлыққа кітап іздеп жүрмін.
Но затрудняюсь выбрать.
Бірақ не таңдайтынымды білмеймін.
Мне нужна красочная книга о Казахстане
для подарка зарубежным гостям.
маған шетелдік меймандарға тарту етуге
Қазақстан туралы түрлі-түсті суреті бар
кітап керек еді.
Такая книга стоит дорого.
мұндай кітап қымбат тұрады.
Цена не имеет значения, выберите мне са-
мую интересную.
Бағасына қарамаңыз, маған ең жақсысын
таңдап беріңізші.
Не заходите без разрешения в отдел редких
книг.
сирек кітаптар бөліміне рұқсатсыз кірмеңіз.
Здесь вы найдете коллекцию новых книг.
Жаңа кітаптар топтамасын осы жерден
табасыз.
Сейчас любую книгу можно прочесть в он-
лайн режиме.
Қазір кез келген кітапты онлайн режімде
оқуға болады.
халықтары өнер галереясы» шаңырақ
көтерді. Түркістанға бәрі де жараса кетеді.
Өйткені Түркістан орта ғасырлардың
өзінде үлкен өркениет иесі болған шаһар.
Оның үстіне Елбасы «Түркістан түркі
халықтарының рухани астанасына» айна-
лады деп шегелеп айтқаны тағы бар. Түркі
халықтары музейі, Түркі тілдес халықтар
кітапханасы. Енді, міне, «Түркі халықтары
өнер галереясы».
«Шыңғыс Айтматов қырғыздарға аз
мұра қалдырған жоқ. Десе де, бүгін Құлкем
Түркістанда жасап отырған жаңалықтарды,
кезінде Чікем (Айтматов) Бішкектен жасап
кеткенде ғой, біз оны бүгін әрі қарай жалғап
алып кеткен болар едік. Біртүрлі қызығып,
қызғанып тұрғаным...» деп А.Акматалиев
Түркістан жерінде жасаған ұлан-асыр
руханият кенішіне таңғала сөйледі.
Г.А.Юнусова бұл галереяда башқұрт
суретшілерінің көрмесін жасайық деген
тілегін жеткізді. Р.Зәйдулла кезінде Баки
Урманче секілді татар суретшілерінің қазақ
бейнелеу өнеріне еңбек сіңіргенін айта
келіп, татар суретшілерінің де көрмесін
ашуды қолға алайықшы деді.
«Түрік халықтары өнер галереясының»
лентасын «Егемен Қазақстан» газетінің
Бас редакторы Ж.Аупбай, башқұрт ақыны
Г.А.Юнусова қиды.
Галерея бүгінгі таңда қазақтың тамаша
фотосуреткері, «Егемен Қазақстан»
газетінің қызметкері, марқұм Берсінбек
Сәрсеновтің фотокөрмесімен ашылып
отыр. Жанболат Аупбай Б.Сәрсенов жайын-
да естелік айтты. С.Мәмет, Қ.Жиенбай
– Берсінбек марқұмның фотосуреттерін
«шын мәнінде көзмерген еді ғой» деді.
«Мына ауыл жайында түсірген суретін
тамашалағанда мұрныма түтін исі келді»
деді Кемелбек Шаматай.
«Лебіздер кітабына» тілегін түсіріп
үлгерген Мырзатай Жолдасбеков ағамыз:
«Құдай-ау, біз болсақ мейрамхана салар
ма едік, дүкен ашар ма едік?! Ал мына
Құлбек үндемей жүріп, бар қаражатын
жұмсап қарызданып-қауғалана жүріп,
халыққа ең керекті руханият дүниелерін
ашып отыр. Ұстазымызға музей, Түрік
халықтары кітапханасы, Түрік халықтары
өнер галереясы.... бұдан артық не керек?!
Осының баршасы Құлбектің меценаттық
қызметінің арқасында дүниеге келіп отыр.
Мұның баршасы халықаралық өр еді.
Мен Құлбекті білем деп ойлайтынмын.
Сөйтсем, білмейді екенмін. Мемлекет
болып жасайтын құндылықтар ғой құдай-
ау осының бәрі. Қала әкімі мұны ескеруі
керек. Құлбекке жәрдемге келуі керек. Мен
«Қазақстан», «Хабар» телеарналарының
басшыларына айтармын. Нағыз насихат-
тайтын сирек кездесетін, зияткерлік іргелі
іс қой» дейді тебіреніп. Әңгіме әуені тіпті
Третяков, Морозовтарға дейін өрбіп бара
жатты.
Сөз басында көрнекті әдебиетші,
түрколог ғалымға арналған «Құлбек
Ергөбек және бүгінгі түріктану» атала-
тын халықаралық ғылыми-теориялық
к о н ф е р е н ц и я н ы ң ө з г е л е р д е н
айрықшалау өтті дегенде айтпағымыз,
оның аудиториялық теориялық әңгіме
ғана емес, өмірге енгізген нақты, затты
«Б.Кенжебайұлының түріктану музейі»,
«Түрік тілдес халықтар кітапханасы»,
«Түрік халықтары өнер галереясының»
ашылуына барып сабақтасқанын жеткізу
еді. Бір өнер, не ғылым адамына осының
бірін ғана жүзеге асырса аздық етпес еді.
Құлбек Ергөбек өзіне арналған тойды,
құшақ-құшақ ашылымдарға (презентация)
ұластырып, халыққа кенен қуаныш сый-
лады. Конференция бүгін өтті, жасалған іс
ертеңге, ертеңге кетеріне дау жоқ.
Түрікстанда ХХ ғасырдың басында
түркішілдіктің негізін салушы Зия Гөкалып
келіп аса бір қызықты түркішіл жиын өткен
деседі. Бәлкім, содан кейінгі Түркістанда
ХХІ ғасырдың басында өтіп отырған түркі
халықтарының руханиятына арнап бас
қосу, бірсыпыра түркі ұлт-ұлыстары даңқты
перзенттері бас қосып, сырласу жиыны осы
болған шығар.
Иә, сөйтіп, Түрікстанда көне қаланы
рухани жаңартып, «Түркі халықтарының
рухани астанасына» (Н.Ә.Назарбаев) ай-
налдыратындай жалпытүркілік той өтті.
Мәлике ШАЙХЫСТАМОВА
ТҮРКІСТАН
академик Х.Ю.Миңнегулов, Ресей Федера-
циясы мемлекеттік Думасының депутаты,
Башқұртстанның аса көрнекті ақыны, Халық
жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауре-
аты Г.А.Юнусова пікір айтты. Халықаралық
«Қазақ тілі» қоғамының президенті, ака-
демик Ө.Айтбайұлы, Халықаралық Алаш
сыйлығының лауреаты, Саттар тағдырына
әр деңгейде жанашырлықпен араласқан
Қ.Бегманов өз пікірлерін ортаға салды.
Жаңа драматургты да, театрдың жас ұжымын
да сахналық табысымен құттықтады.
Халықаралық ғылыми-теориялық кон-
ференция жұмысын бастады. Құттықтаулар
оқылып, Құлбек Ергөбек шығармашылығы
және оның бүгінгі түрко логияда алып
отырған орны жайын да орнықты ойлар
айтылды. Қырғыз Респуб ликасы Ұлттық
Ғылым академиясының вице-президенті,
академик А.Акматалиев Ш.Айтматов әдеби
байтақ мұрасын дүниежүзі ғалымдары
зерттейтінін айта келіп, ғалым Қ.Ергөбектің
қазақ атынан осы мәселеге қосқан
үлесі зор екенін, ұлы жазушы мұрасын
шығармашылық зертханасы арқылы
қарастыратын Ергөбек жазбалары солардың
арасында айрықша орын алатынын, тіпті
уақытында Шыңғыстай әлемдік тұлғаның өзі
оның еңбектерін ілтипатпен қабылдағанын
айтты. Академик Миңнегулов ұлы Ғабдолла
Тоқайдан Рәдиф Гаташқа дейін пікір айтқан
Қ.Ергөбекті Татарстанда да құрметтейтінін
жеткізді. Академик Идельбаев С.Құдаш
үйіміз. Түркістанда Құлбек ашып, жүзеге
асырып отырған құндылықтарға әрбіріміз
қолдау көрсетуге тиіспіз деді ол. – Өйткені
Құлбек түркі ұлт-ұлыстарының бәріне ортақ
игіліктерді жүзеге асырып отыр. Құлбек те
бір қазақ мәдениетінің өкілі емес, күллі түркі
халықтарына ортақ, ортақ мақтануға тиісті
түркілік тұлғамыз!».
Көрнекті түркітанушы жазушы, Мемле-
кеттік сыйлықтың лауреаты Қойшығара
Салғарин түркітанудағы бұрмалаушылықтар
жайында айта келіп, методологиялық түйін
жасады.
«Бейсембай Кенжебайұлының түркітану
музейінің» ашылуы басталып кетті. Музейдің
лентасын қоғам және мемлекет қайраткері,
көрнекті түрколог Мырзатай Жолдасбеков:
«Әкеміздей болған әзіз ұстазымызға музей
ашылған күн – өлгеніміз тіріліп, өшкеніміз
қайта жанған күн! Қазақ ұлтының тари-
хын түріктік ортақ арнаға бастаймын деп,
қазақ әдебиетінің тарихын түріктік асыл
арналарға бағыттаймын деп Бейсекең не
көрмеді өмірде?! Естімеген сөзі, көрмеген
қорлығы жоқ. Егер, Бейсекеңдей ұстазымыз
бізді түріктік тереңдікке табандап тұрып
жетелемесе біз бүгін осындай абыройға
ие бола алмас едік қой. Бойын жасырған
тұлпардай Бейсекең ұлт тарихына, ұлт ру-
ханиятына қаншалық адал болса, біздер
– шәкірттері Бейсекеңдей ұстазымызға
соншалық адал бола білдік. Ұстазымызды
әкеміздей көрдік. Адалдықтың бір көрінісі
міне, бүгін ашылғалы тұрған мына музей.
Осыны ұйымдастырып, ғылыми экспози-
және әлемдік авторлардың классикалық
шығармалары таңдалды және тізімі жасалды.
Жоба басталған бірнеше жылдың ішінде әл-
Фараби кітапханасының ұйымдастыруымен
оқырмандар конференциялары, шығарма
авторларымен кездесу кештері, жаңа кітаптың
тұсаукесері және студенттер арасында са-
уалнамалар жүргізу сынды игі іс-шаралар
ұйымдастырылды.
Таяуда университеттің әл-Фараби кітапха-
насында «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап»
жобасы аясында студенттердің қатысуымен
дәстүрлі «Кітап оқу көшбасшысы – 2016» атты
оқырмандар сайысының қоры тынды кеші өтті.
Сайыстың негізгі мақсаты – жастарды кітап
оқуға тарту арқылы студент тердің тұлғалық
танымын және білім деңгейін көтеру, үздік жыл
оқырмандарын тауып, оларды марапаттау.
Кешті әл-Фараби кітапханасының директо-
ры Қалима Түйенбаева ашты.
Бұдан кейін белгіленген аталым бойынша
ортаға сайысқа қатысушылары шақырылып,
бағалы сыйлықтар мен арнайы сертификат-
тар табысталды. Аталым иегерлері: «Қазақ
циялап ашқан Құлбекке ризашылығымды
айтамын!» деп те біреніп тұрып қиды. Татар
ғалымы Х.Ю.Миңнегулов Б.Кенжебайұлы
еңбегін оның досы М.Ғайнуллинмен са-
лыстырып, қырғыз ғалымы А.Акмата-
лиев Б.Кенжебайұлы мен Төреқұл
Айтматовтың (Ш.Айтматовтың әкесі) Мо-
сквада коммунистік университетте бірге
оқыған, өзара дос болғанын сабақтастырып
сөйледі. Өзбек жазушысы Н.Ю.Фазылов
Бейсекеңнің Ташкентте жетім балалар
үйінде тәрбиеленгенін, Алматыда үйінде
әлденеше рет болып, әлі ақталмаған
шағында (атын атауға болмайтын кезде)
Чулпон, Аблани, Фитрат жайында небір
сағынышты әңгімелерін тыңдағанын айт-
ты. Ол кісі «Сендердің бұл асыл адамдарың
жазықсыз атылған. Ертелі-кеш ақталады»
деген еді. Айтқаны келді. Ақталды. Бүгінде
рухтарынан кешірім сұрап алып, төбемізге
көтеріп жүрміз! Көріпкел, әулие дерлік
Бейсембай Кенжебайұлындай ғалымға
Түркістанда музей ашу – үлкен іс екен. Іс
нәтижелі, жемісті болсын! – деген тілек
үстінде болды. Профессор З.Ғ.Бисенғали:
«Ұстазымыздың бір сөйлемі бір тақырыпқа
бастап кете баратын еді. Қайран, ұстаз!» деп
күрсініп салды.
« Б . К е н ж е б а й ұ л ы н ы ң т ү р і к т а н у
музейінде» және бір игілікті іс болды.
«Өнегелі өмір» сериясымен жарық көрген
«Бейсембай Кенжебайұлы» аталатын
деректі-ғұмырнамалық кітаптың тұсауы
кесілді. Жастарға Мырзатай Жолдасбеков
бастап қолтаңба сыйлап мәре-сәре. Зия-
әдебиетінің білгірі» – Сман Жансая (филоло-
гия); «Орыс әдебиетінің білгірі» – Аюпова Ди-
лярам (шығыстану); Әлиясқарова Үміт «Орыс
әдебиетінің білгірі» Өрісбаева Камила «Өлең
сөздің білгірі», (география); Нұрлан Исанбек
«Ислам және сопылық әдебиет білгірі» (меха-
ника-математика); Лесбаева Бағдат «Талғампаз
оқырман» (халықаралық қатынастар); Муталип
Ұлтай «Талғампаз оқырман» (философия);
Нұрбекова Диана «Шетел әдебиетінің білгірі»
(шығыстану); Дәулетияр Дина «Полиглот
оқырман» (тарих); (биология); Кенжеқожаева
Алма «Эрудит оқырман» (филология); Дүйсенов
Еділбек «Ең үздік пікір» иесі (филология).
Одан кейін оқырмандардың асыға күткен
сәт «100 кітапты кім көп оқып, бас жүлдені кім
алады» деген сұрақтар еді. Сонымен, І орынды
журналистика факультетінің студенті Қастай
Дастан жеңіп алды. Жүлдегер 80 кітап оқыған
болып шықты, өзі өлең оқудың да хас шебері
екен. Келесі II орындар Әубәкір Алтынбекке,
(экономика), Кәрімов Әділетке (заң), Бекен-
таева Айкүміске (химия), III орын Бердібай
Жазираға (экономика), Оман Забираға (фи-
лы жұртшылық «бұл жастардың кітапқа,
жалпы руханиятқа қайта ден қоюының
көрінісі болар-ау» деп іштей шүкіршілік
етіп отырды.
Жұртшылық «Түрік тілдес халықтар
кітапханасына» жиналды. Сәулеті келіскен
салтанатты үй. Бүгінде бұл кітапханада
24 түрік ұлт-ұлыстары тілінде (бүгінде
кейбір тіл өлген) 32 мың кітап жинақталған
б ұ л к і т а п х а н а н ы ң ә л е м д е а н а л о г ы
жоқ, – деді лентасын қиған академик
Ө.Айтбайұлы мен Н.Фазылов бір дауыспен.
Жұртшылық кітапханадағы алуан тілді
кітаптарды тамашалады. Сонымен бірге
кітапхана ішінде Қ.Ергөбектің «Түрікстан
жинағы» жеті томдығының тұсаукесері
өтті. Ресей Федерациясы Мемлекеттік
Думасының депутаты, ақын Г.А.Юнусова,
екі мәрте Мемлекеттік сыйлықтың ла-
уреаты Н.Ю.Фазылов, М.Х.Идельбаев
өздерінің «Түрікстан жинағының» әр
томына қызығып алғы сөз жазғанын
баян етті. Жеті томдықты күллі түркі ұлт-
ұлыстары тілі, тарихы, әдебиеті тұтас руха-
ниятын қарастыратын өзінше бір қызықты
кітапхана десті олар. Татарстанның тамаша
ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты
Ркайл Зәйдулла «Түркі тілдес халықтар
кітапханасына» Қазаннан арнайы сый
ретінде алып келген кітаптарын тапсыр-
ды. Академик Ө.Айтбайұлы, профессор
Ә.Жүнісбек өзге де азаматтар кітапханаға
өздерінің жеке кітапханасынан көп-көп
кітап сыйлайтынын айтып, уәде берісті.
Жәдігер шаһар Түркістанда «Түрік
зика), Тұрарбек Ернарға (механика- матем.)
бұйырды.
Бұл сайысқа студенттер ғана емес, белсенді
қатысқан университет оқытушылары да ар-
найы Алғыс хатқа ие болды. Олар – шығыстану
факультетінің доценті Гүлжамал Қортабаева,
механика-математика факультетінің аға
оқыту шысы Болат Әбенов, физика- техника
ф а к у л ь т е т і н і ң о қ ы т у ш ы с ы А р а й л ы м
Манапбаева, ЖОО-ға дейінгі факультеттің аға
оқыту шысы Айша Бегалиева.
Кеш соңы концертке ұласты.
Кітап білген адамға – ғұмырлық байлық.
«Нобель» сыйлығының лауреаты ақын Иосиф
Гордский айтқан екен «Егер бір адам кітап
оқымаса, ол оның өз қасіреті, ал миллиондаған
адам кітап оқымаса, онда тұтас бір ұлттың
қасіреті».
Достарыңызбен бөлісу: |