отырғанын мақтанышпен жеткізді. Бұлар
ғажап құбылыс деп бағалады. Бұған дейін
беретінін айтты. «Түркістан – біздің ортақ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті 2012 жылдың басында
жастарға, қоғамға ой салатын «ҚазҰУ
студенті оқуға тиіс 100 кітап» деп аталатын
жобаны өмірге әкелді. Осы жобаның авто-
ры ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр
Мұтанов «Адам өмір бойы оқуы керек. Бұл
алғашқы бастама. Бұл кітаптардың тізімі
толыға бермек.
алынып отыр. Бұл – рухани, үлкен жоба. Әр
ман болары сөзсіз» деген еді. Жоба аясында
мытуда ұлттық тілді дамытудың ерекше маңызы бар. Тілдерді
қызметшілерге оқыту мәселесі. Мемлекеттік қызметшінің тілдік
тәртібіне қойылды.
алып басшыдан бастап қызметкерлердің деңгейін анықтадық.
Гүлшахар ӘБДІҒАППАРОВА,
«Тілдерді оқыту» мемлекеттік
мекемесінің оқытушысы
6
№19 (1329)
13 – 18 мамыр
2016 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
7
№19 (1329)
13 – 18 мамыр
2016 жыл
шАрА
АТАДәсТүр
құрмеТ
ТұсАукесер
Жиын барысында саяси ғы-
лым докторы, профессор Конс-
тантин Сыроежкин, философия
ж ә н е ф и л о л о г и я ғ ы л ы м ы н ы ң
докторы Альмира Наурызбаева,
«Қазақ газеттері» жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің Бас ди-
ректоры – Редакторлар кеңесінің
төрағасы Жұмабек Кенжалин, тарих
ғылымының докторы, қытайтанушы
профессор Клара Хафизова, «Атаме-
кен холдинг» қаржы және өнеркәсіп
т о б ы д и р е к т о р л а р к е ң е с і н і ң
төрағасы Ұзақбай Айтжанов, ұйғыр
жазушысы Исмаилжан Иминов,
шығыстанушы ғалым, аудармашы
Сафар Абдулло, Ұлттық кітапхана
директорының бірінші орынбасары
Бақытжамал Қайырбекқызы, ҚР
Президенті Баспасөз қызметінің
Алматы бюросының меңгерушісі Ва-
лерий Жандәулетов және тағы басқа
қоғам қайраткерлері сөз сөйлеп,
автордың шығармашылығына, білімі
мен біліктілігіне қатысты тұшымды
ойларын ортаға салды.
Ж и ы н с о ң ы н д а С е й д а х м е т
Құттықадам қатысушыларға ақжар-
ма тілектері үшін алғысын айтып, елі
үшін әлі де қызмет жасай беретіндігін
атап өтті.
Бағдагүл БАЛАУБАЕВА
алған зор әсерлерімен бөлісіп,
болашақта да оқырманына руха-
ни байлық сыйлайтын тағылымы
мол тамаша тың туындылар мен
с ү б е л і к ө р к е м ш ы ғ а р м а л а р
күтетіндерін айтып, жазушыға
шалқар шабыт, шығармашылық та-
быс тіледі. Сондай-ақ оқырмандар
көкейлерінде жүрген сауалдарын
жазушыға қойып, тұщымды жа-
уаптар алды. Г.Бекқожаева мен
Ж.Қалкөз жазушының «Қарабура»
шығармасынан үзінді оқып, тарихи
тұлға Қарабураның әулиелігін кере-
мет суреттеп берді.
Жазушының шығармашылығына
арналып «Рухы мықты қаламгер»
атты кітап көрмесі ұйымдастырылып,
оған қаламгердің шығармалары мен
мерзімді басылымдарда жарияланған
мақалалар қойылып, оқырмандарға
таныстырылды. Кеш кітапхана
оқырмандарының орындауындағы
әсем әнмен, жыр-термемен ажар-
ланды.
Кеш соңында жазушы Б.Ұзақбаев
оқырмандармен тамаша кездесу
кешін ұйымдастырған кітапхана
ұжымына ризашылығын білдіріп,
кітапхана қорына жаңа кітабын
тарту етті.
К.АМАНОВА,
Орталықтандырылған
кітапханалар жүйесіне қарасты
№20 кітапхана қызметкері
ҚЫЗЫЛОРДА
Бедерлі белес
Шығар күннің шуағы
Көне ғасыр күмбірі
Ақын өлеңдері оқылды
Іс-шараға жинақтың авторлары
және танымал қоғам қайраткерлері
қатысты.
Жиынды Ұлттық кітапхананың
директоры, жазушы Әлібек Асқаров
ашып, одан әрі сөз кезегі берілген
көрнекті мәдениеттанушы-ғалым,
мемлекет және қоғам қайрат кері
Мұрат Әуезов қайраткер азамат-
тың шығармашылығына тоқтал ды.
Жиналғандар алдында Қазақ стан Рес-
публикасы Парла менті Сена тының
Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен
ҚР Қорғаныс министрі Иманғали
Тасмағамбетов тің мерейтой иесіне
арналған құттықтау хаттары оқылды.
Кітаптың тұсаукесер рәсімін
белгілі жазушы, «Алаш» әдеби сый-
лығы ның лауреаты Ғаббас Қабыш-
ұлы мен Қазақстан Журналис тика
акаде мия сының президенті, та-
рих ғылымының докторы, про-
фессор Сағымбай Қозыбаев жа-
сады. «Олжас кітапханасы» бас-
па үйінен жарық көріп отырған
кітаптың жауапты редакторы және
құрастырушысы – Парсы тілі мен
әдебиеті академиясының академигі,
профессор Сафар Абдулло. Жинақта
елімізге белгілі азаматтардың
С.Құттықадамның шығармашылығы
жөніндегі пікірлері, ой-пайымдары
топтастырылған.
Қр Ұлттық кітапханасының, «олжас кітапханасы» баспа үйінің және
Қазақстанның Журналистика академиясының ұйымдастыруымен Ұлттық
кітапхананың Көрмелер залында танымал көсемсөзші, жазушы, қоғам
қайраткері сейдахмет Құттықадамның 70 жасқа толуына орай жарық көрген
«мудрец из туркестана» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Қазір Ресейдің төрт ауданында қоныс-
танған ноғай халқы саны 110 мыңдай ғана.
1 миллионға жуығы Түркияда тұрады дейді,
біршамасы Еуропа елдерінде – Германия,
Голландия, Францияда тұрып жатыр.
Көптеген ноғай тайпалары қазаққа
қосылып пана тапты. Қазақ пен ноғай егіз
халық. Дана қазақта өткен заманнан жеткен
мынадай естелік бар:
«Тегінде ноғай, қазақ тегіміз бір
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Орманбет хан Ордадан шыққан күнде
Асан ата қайғырып, айтыпты жыр...».
***
Сүйінбике тағдырына қайта оралайық.
Ноғайлы қызы Сүйінбике Қазан ханы
Жанәліге ұзатылып, ол өлген соң келесі
хан Сафагерейге тұрмысқа шығады. Са-
фагерейден көрген ұлы Өтемісгерей Қазан
хандығының мұрагері болып жарияланады.
Сүйінбике баласы тақ мұрагері Өтемістің
атынан регентша ретінде билік жүргізеді.
Сұлу да, ақылды әйел патша XVI ғасырдың
ортасында (1549-1551жылдары) Ресей,
Ноғай Ордасы, Қырым хандықтарының
саясатына араласып, Қазан хандығының
ең атақты, даңқты, қуатты әміршісі болып,
хандықтың басынан бағы тайған кездегі
киелі келбеті болып қалды. Ол Қазан
хандығының күні батқан шақта бытыраған
халқының басын біріктіріп, әскерін құрап
Қазан қаласын қорғаған соңғы билеушісі.
Ресей билеушісі Иван Грозный Қазан
хандығын жаулап алған соң Сүйінбикені
тұтқындап Мәскеуге жөнелтеді. Баласы
Өтемісті шешесінен айы рып, христиан
дінін қабылдатып «Александр» деген ат
бергізеді. Ол 20 жасында қайтыс болып,
Мәскеу Кремлінде жерленеді. Дәулетінен,
билігінен, баласынан айырылған Сүйінбике
зорлықпен Мәскеудің іргесіндегі Қасым
қаласына жіберіліп, өмірінің соңғы күндерін
сонда өткізеді.
Сүйінбикенің есімі қазіргі күнге
дейін Татарстан Республикасында қатты
құрметтеледі. XVII ғасырда Қазан Кремлінің
Кештің негізгі мақсаты – оқыр-
мандарға жазушының өмірі мен
шы ғармашылығын таныстыру, шы-
ғармалары арқылы жастарды отан-
сүйгіштікке, елжандылыққа, тарихи
тұл ғаларымызды құрметтеуге тәр-
биелеу, қоғамның кітап оқуға деген
сүйіс пеншілік сезімдерін арттыру,
кітап оқуды насихаттау болып та-
былады.
Жазушы Бегімбай Ұзақбаев
көптеген прозалық шығармалардың
авторы. Жазушының қаламынан
туған қазақ қара сөзінің қаймағын
қалқыған, Халық жазушысы Ә.
Кекілбаевтың алғы сөзімен шыққан
«Жалаңтөс баһадүр», «Қарабура»,
«Марал баба», «Сопы Әзиз пір»,
«Сартай батыр» атты тарихи ро-
мандары мен «Тағдыр», «Қилы-
қилы заман-ай», «Шығар күннің
шуағы», «Айымторы», «Сырлы
сезім», «Бұтақтан өрген бәйтерек»,
«Ерлікті сүйген ел нұрлы» атты және
тағы басқа бірнеше кітаптары бұл
күндері өз оқырмандарын тапқан.
Жазушының әрбір шығармасын
о қ ы ғ а н с а й ы н о қ ы р м а н ж а н
дүниесіне шуақ құйылып, тарихтың
тереңіне бойлайды. Мұның басты
себебі, жазушы шығармаларының
шыншылдығында жатса керек. Кеш
барысында жазушы Ә.Бәкірұлы,
ақын Ш.Бекмағамбетов, ардагер-
ұстаз С.Раханов және кітапхана
оқырмандары Е.Қаппар, А.Шә-
кірұлы, М.Ембергенов, К.Базар-
баева жазушы ның шығармаларынан
айтұмар
Бір БәйТерек БұТАғымыз
көрме
шек жоқ» деген тәмсілге сүйенсек,
болашағы кемел өркениетті жұрт
бірінші кезекте елінің келешегі үшін
күрескен тұлғаларын ұлықтайды.
Тарихтағы орнын анықтап, әр
дарынға лайықты құрметін жасайды.
Бұған шежірелі тарихта қатталған
мұрағаттық деректер куә!
Ә н ұ р а н ы т ү р і к ж ұ р т ы н ы ң
темірқа зығына айналған Мехмет
Акиф Ерсой қандай бақытты жан
еді. Бақытты болу – адамның өзі
тірлік еткен күнінен бөлек, артында
өлмейтұғын сөз қалдырған, ұлтына
арымен қызмет еткен, ісі тарихта
хатталып, ол ұрпақтан-ұрпаққа ауыс-
са, міне нағыз бақыт. Мәңгілік өмір!
Мехмет Акиф Ерсой пайғамбарлық
жасында өмірден озып, артында
өлмейтұғын іс қалдырған данышпан
тұлға. Оның айғағы – бүгінгі қара ор-
мандай жайылып, тамырын тереңге
тартқан түрік жұрты. Түркияға сая-
хаттап келетін әрбір адам түріктің
шежірелі тарихына үңілері хақ!
Өркениетті елдердің сапында жүрген
Түркияның даму, өркендеу үрдісінің
кемелденуі, оның іргетасының
негізгі қайнары – бабалар салған
даңғыл жолда демократиялық жолды
ұстануында.
95 жылдық тарихы бар Түрік
Әнұранының мәтінімен толық
танысып, әуенін тыңдау үшін
іздегенімде, ғаламтордан (интер-
нет) лезде табыла қалды. Енді сол
кезеңдегі күллі түрік жұртының ру-
хын оятқан «Тәуелсіздік маршының»
мәтініне тоқталсақ.Мехмет Акиф
Ерсойдың Түрік елі тәуелсіздікке
қол жеткізгеннен кейін туған
осы жырын дағы мына шумақтан:
«...Отаны үшін, Жұмағы үшін, кім
бас тартар өлімнен! Аруақтар да
күңіренеді, ерте кеткен өмірден.
Жанымды алсын, жарымды алсын,
Тәңірімнен жерінбен,Тек, дүние,
айырмасын, Отанымнан, жерімнен!»
деген ғибратынан туған жерге шексіз
махаббаты мен өршіл сезімі өрілген.
Бұған қалай тебіренбессіз!
М е х м е т А к и ф Е р с о й д ы ң
«Тәуелсіздік маршы» қазақ тіліне
де аударылды. Оның екі нұсқасы
б а р . Қ а з а қ ш а л а н ғ а н б і р і н ш і
нұсқа – Әбдіуақап Қара, Мұқаш
Қ о ж а қ м е т ұ л ы н ы ң а у д а р м а с ы .
Екіншісі Фәдли Әлидің жолма-жол
тәжірибесі.
Шын мәнінде, Түрік дүниесі
з и я л ы л а р ы н ы ң ө н е г е л і ө м і р і ,
олардың артында қалған рух көтерер
мұрасының мәңгілік тақырыпқа
айналуы – бүгінгі дербес өмір сүріп
жатқан ұрпақтарының мойнындағы
қасиетті борышы.
Перзенттік міндетті адал орын-
дау, бабалар аманатына берік болу
– бұл ұрпақтан-ұрпаққа ауысатын
тағылымды һәм өнегелі іс. Осындай
игі істе инабатты әрі иманды болуды
баршамызға Алла нәсіп еткей!
Райхан ИМАХАНБЕТ,
Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің
директоры
көрермендер назарына ұсыну. Музей
қорындағы суретшілердің туынды-
лары арқылы Абай Құнанбайұлының
өміріне байланысты тарихи жер-
лермен таныстыру. Абай қорық-
мұражайының насихат саласындағы
сан-салалы қызметін жұртшылық
назарына ұсыну.
Көрме мына тақырыптарды
қамтып отыр: «Абай мұражайы –
руханият ордасы», «Атадан алтау,
анадан төртеу», «Жалғыздық көрер
жерім жоқ...», «Абай деген – терең
теңіз, алып мұхит», «Қалың елім,
қазағым, қайран жұртым...», «Өлең
– сөздің патшасы, сөз сарасы»,
«Білімдіден шыққан сөз, Талаптыға
болсын кез», «Жер кіндігі – Жиде-
бай».
Смайыл БАЗАРБАЙ
Өткенсіз – бүгін,
бүгінсіз келешек жоқ
Музей қорындағы сирек кітаптар
Біздің Мехмет Акиф Ерсой сын-
ды мақтан тұтар тұлғаларымыз, ол
– Алаш Арыстары. Яғни Әлихан
Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы,
М і р ж а қ ы п Д у л а т ұ л ы б а с т а ғ а н
үркердей зиялылар. Бір ғажабы:
Мехмет Акиф Ерсой мен Ахмет
Байтұрсынұлының өмірге келуі,
бұл жалғаннан бақилық болуы бір-
біріне ұқсас әрі халқына жасаған
еңбектері риясыз таза. Мәселен,
М е х м е т А к и ф Е р с о й ж а р ы қ
дүниеге 1873 жылы келсе, Ахмет
Байтұрсынұлы бір жыл бұрын 1872
жылы келген, бір заманның төлдері,
тек өмір сүру жерлері басқа. Арала-
рын мыңдаған шақырымдар бөліп
тұр. Егер дәл сол кезеңде оларға
бір-бірін көру бақыты бұйырған
болса, олардың азаттық сахнасында
тізелесуі, бас біріктіруі тіпті басқаша
болар еді-ау! Бір-бірімен дидарласу
бұйырмаса да, осы қос тұлғаның
өмірлік ұстанымдары Отанына,
ұлтына, тіліне, тініне, дініне, діліне
деген сүйіспеншіліктеріндегі рухани
үндестікке тәнті боласыз!
Ертеректе үлкен кісілерден
естігенім бар еді:«...сонау 1970
жылдардың ба сында Түркия жерінде
Ахмет Бай тұрсынұлының есімі
Мұстафа Кемал Ататүрік, Исмайыл
Гаспаралымен қатар ұлықталып,
оның атына көше бе рілген» деген-ді.
Бірақ, ең өкініштісі, бұл жаңалықты
дабырата айтып, қазақ жұртына
сол тұста сүйіншілеудің бақыты
бұйырмапты... Өйткені бұл жылдары
Ахмет Байтұрсынұлындай ерен ерді
айту былай тұрсын, оны еске алудың
өзі – қылмыспен пара-пар болатын!
Алаш ақиықтарын қаралаған жалған
жала 1980 жылдардың соңына дейін
сейілмеді.
Мехмет Акиф Ерсойдың өмір
жолы қан шалықты ауыр болғаны мен,
ол алпысты алқымдаған шағында
сыр қаттанып, өз дертінен Алланың
жіберген ақ өлімімен бақилық бол-
ды. Бұндай өлім бұйырған Мехмет
Акиф Ерсойдың қазасын, артындағы
ұрпағы мен оны ұлықтаушы халқы
өз қолымен талбесіктен жербесікке
тапсырып, дұға бағыштар қабірі Ан-
карадай шаһардан орын тепті. Бұл
қабірстан қазіргі уақытта кесенеге
айналып отыр. Оның түрік елінің
Әнұранына айналған Тәуелсіздік
маршының – 95 жылдығы ерек-
ше құрметпен арнайы аталуы,
шын мәнінде тарихи уақиға! 1921
жылы шығарылған бұл маршты
өзгеріссіз сақтау, оны бүгінгі уақытта
да сол қалпында орындау – түрік
бауырлардың өткен тарихтағы баба-
лар ісіне деген шексіз сүйіспеншілігі
м е н з о р қ ұ р м е т і н і ң а й ғ а ғ ы .
Түркияның президенті Режеп Тайып
Ердоғанның Бурдур қаласынан ар-
найы келіп, Мехмет Акиф Ерсойға
арналған ресми жиында тұлғатанушы
һәм оның шығармашылық мұрасын
насихаттаушыларды мемлекеттік ме-
дальмен марапаттауы тағылымы мол,
өнегелі іс! Бабаларымыздан қалған
«Өткенсіз – бүгін, бүгінсіз – келе-
Түркістан қаласындағы «Әзірет
Сұлтан» қорық-мұражайында
Абайдың «Жидебай-Бөрілі»
мемлекеттік тарихи-мәдени және
әдеби-мемориалдық қорық-
мұражайының «Ұлы дала елінің
ұлы ақыны» атты көрмесі ашылды.
Көрменің мақсаты – ақын, ой-
шыл, Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы-
ның – мұрасын, оның өмірі мен шы-
ғар ма шылығын, қоғамдық қызме-
тін насихаттау. Музей қорындағы
сирек кітаптар мен басылымдар
арқылы ұлы ақынның ой таны-
м ы м е н , ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы н ы ң
қайнаркөздерімен жұртшылықты
таныстыру. Қазақ халқының ұлттық
құндылықтарын насихаттау және
тақырыпқа байланысты құнды
жәдігерлерді, жаңа түсірілімдерді
осман ақыны, қасиетті Құран кітабын түрік тіліне аударушы, діни ағартушы, ең бас-
тысы, түрік елінің дербестік Әнұранының авторы мехмет акиф ерсойдың өмірі, оның
артында қалған мол мұрасы – өз жұртының ғана емес, барша қауымның мақтан
етуіне лайықты ізгі жұмыс, жалғасын тапқан игі іс.
«
с
үйінбиКе атым, тегім ноғай...»
сүйінбике (1515-1557)-ноғай ор-
дасын құрған едіге бидің бесінші
ұрпағы, «мырзалардың мырзасы,
«сұлтандардың сұлтаны» атанған-
Жүсіп мырзаның қызы. арғы атасының
да, қызының да есімдері орта
ғасырлардағы ноғайлар мен қазан
татарларының ғана емес, ресей тари-
хында да танылған.
орта ғасырлық ноғай ордасы Қазақ
хандығынан 60-70 жылдай бұрын
қалыптасады. турасын айтсақ,
ноғай ордасы-алтын орданың
қарашаңырағын ұстап қалған ел
болатын. XV-XVI ғасырда ноғай елі
сыр бойы, орталық, Батыс Қазақстан
жерінде болған. Біршама жыл
сарайшық қаласы ноғай ордасының
астанасы болған. Кейін Қасым мен
Хақназар хандардың қолынан ығысып,
олар Қырым, солтүстік Кавказға
кеткен еді.одан кейінгі билік үшін
қырқысулар осы көшпелі қоғамның
құлауына әкеледі. 1620-1640 жыл-
дары Хо Үрлік бастаған қалмақ әскері
шабуылдары ноғай еліне өте ауыр
тиді. ноғай ордасының соңы 1780
жылдары генерал а.суворовтың
және басқа әскерлердің ноғайларды
қыруымен яқталған. осылайша ноғай
мемлекетінің тағдыры қайғылы болды.
аумағында тұрғызылған, құрылысы жеті
сатыдан тұратын биіктігі 58 метр болатын
Сүйінбике мұнарасы ноғайлы қызының
есімін мәңгілікке әйгілеп тұр. Татар халқы
бұл мұнараны Қазан қаласының символы
ретінде қабылдайды. Оны Париждегі Эйфель
мұнарасы мен Нью-Йорктегі Бостандық ста-
туясына теңейді.Қазақстан халық суретшісі
Камиль Молдашев Сүйінбикенің портретін
салған.Татарстан мектептерінде халық
ауыз әдебиетін өткенде «Сүйінбике зары»
дастанын оқытады.
1990 жылдардан бастап Қазанда
Сүйімбике тарихы жаңғыртылып, көптеген
термелер, әдеби мұралар, музыкалық
шығармалар дүниеге келді. Татар сазгері
Зүльфия Раупованың «Сүйінбикенің оралуы»
(«Явление Сююмбике») симфониялық поэ-
масы П.И.Чайковский атындағы Мәскеу
мемлекеттік консерваториясында орындалды.
XX ғасырдың басында татар қыз-
келіншектері үшін жарық көрген «Сүйімбике»
журналы (кеңес заманында «Азат қатын»)
қайта шығарылуда. Сол журналдың бірінші
нөмірінде «Сүйімбикенің зары» дастаны
басылды. «Сүйімбикенің зары» дастаны
бүкіл түркі халқының арасында кең тараған
байырғы шығарма саналады. Ол дастанды
татар зиялысы Гумер Баширов 1914 жылы
белгісіз қолжазбадан көшіріп алыпты. Содан
К.Кумратова ноғай тіліне аударылып, 1992
жылы «Қыпшақ айы» журналының 2-ші
нөмірінде жариялады. Ноғай ғалымы Әминат
Құрмансейітова «Бәйтеректің байлығы»
(1996ж) мұрағат деректерімен салыстырып
тарихи жырды растады.
Ал ноғай халқы Сүйінбике туралы көп
жазған, оның атын ұмытпаған екен. Кейінгі
жылдары Қазақстан мен Ресейдегі ноғайлар
арасындағы қарым-қатынас жақындай түсті.
Соның нәтижесінде біздің қолымызға но-
ғай ғалымы, филология ғылымының док торы,
профессор Нәсіпхан Хусинқызы Сүйінова
берген «Сүйінбике» атты мақаласы мен
«Сүйінбике зары» түсті. Ноғай мен қазақтың
ауызша және жазба тілі мен жазуы ұқсас.
1914 жылы татар ғалымы осы зар-
ды қағазға түсірген. Ноғай тілінде 1992
жылы «Қыпшақ айы» (№2) журналында
К.Кумратова басқан болатын. Осы бейітті
(зарды) Әминат Құрмансейітова «Байтерек
байлығы» (1996) кітабында толық сараптаған
болатын. Ал соңғы жобасы «Асыл сөз» (2013)
кітабында басылған.
Ноғай жазуында қазақ графикасынан
айырылатын бірнеше әріп бар.
Мысалы, біздегі «ж» әріпін олар «и», не-
месе «я» (жаңбыр – иаңбыр, жарығы – ярығы,
жасым – ясым, жыл – иыл, жолы – иолы, т.б.)
Сосын, қайдан кіргенін білмеймін ноғай
тіліне жіңішкелік белгісі «ь» көп кіріп кеткен.
«Ь» әрпі «о»-мен қосылып біздің «ө» әріпін
білдіреді.
Біздегі «у» ды олар көбінесе «в» әріпімен
көрсетеді, мысалы «ауылды» олар «авыл» деп
жазады, «дәулетті» – «давлетті» деп көрсетеді.
«Меску» дегені «Москва» қаласы.
Сосын қазақта «аңдадым» – оларда
«аңладым», «күшті – күшлі» және тағы
осындай аздаған айырмашылығы болмаса,
қалған тіл түсінікті.
Сондықтан мен осы шығарманы
оқырманға ноғай тілінде өзгертпей беріп
отырмын (қазақ тіліндегі аудармасын
дайындаған тарих ғылымының кандида-
ты Сейітқали Дүйсен) Қазақ тарихы мен
мәдениеті үшін бұл жыр өте маңызды болар
деген ойдамыз.
Достарыңызбен бөлісу: