Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін


Қазақстан Республикасының Президенті



Pdf көрінісі
бет2/9
Дата02.01.2017
өлшемі2,2 Mb.
#1041
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 

6 мамыр №253

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Шеврон» 

компаниясы директорлар кеңесінің 

төрағасы және бас атқарушы директо-

ры Джон Уотсонмен кездесті.

Кездесу барысында Қазақстан 

мен «Шеврон» компаниясының 

мұнай және газ саласындағы ынты-

мақтастығы,  бірлескен   жобалар ды 

жүзеге асыру, сондай-ақ корпо-

рацияның кенішті игеруге қатысу ая-

сын кеңейту мәселелері талқыланды. 

Мемлекет басшысы Қазақстан үшін «Шевронның» маңызды 

серіктес екенін атап өтті. Қазақстан Президенті «Шеврон» 

компаниясының елімізде қызмет жасағалы бері бірқатар 

ауқымды жобаларды жүзеге асырып жатқанына назар ау-

дарды. Дж.Уотсон өз сөзінде елдегі қолайлы инвестициялық 

ахуалға қолдау көрсеткені және саланы дамытуға көңіл бөліп 

отырғаны үшін Н.Ә.Назарбаевқа алғысын жеткізді. 

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ресей Федерациясы Федералдық 

Жиналысы Федерация Кеңесінің Төрайымы Валентина Мат-

виенкомен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің өзара ықпалдастығын, 

соның ішінде парламентаралық саладағы іс-қимылын 

нығайту мәселелері талқыланды. Мемлекет басшы-

сы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық 

көпжақты сипатта екенін, оған негіз қалаушы құжат ХХІ 

ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт 

болып саналатынын және ол Еуразиялық экономикалық 

одақ құру туралы шешім қабылдауға ықпал еткенін атап 

өтті. Кездесу барысында Елбасы В.Матвиенкоға Қазақстан 

мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты 

нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденін 

тапсырды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан 

Назарбаев «Нұр Отан» партиясы саяси 

кеңесінің Бюро отырысына қатысып,  

партия Төрағасының жаңа бірінші 

орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедті 

таныс тырды. 

М.Құл-Мұхаммед әр жылдары 

Парламент Сенатының депутаты, Президенттің баспасөз 

хатшысы, Мәдениет министрі болды. Бұған дейін  Қазақстан 

Президентінің кеңесшісі болып қызмет атқарған.

Қазақстан Республикасы Прези-

ден

 

тінің Жарлығымен Қуандық 

Уәлиханұлы Бишімбаев Қазақстан 

Рес пуб ликасының  Ұлттық экономика 

министрі болып  тағайындалды. 

Қ.Бишімбаев кезінде Қазақстан 

Р е с п у б л и к а с ы   П р е з и д е н т і н і ң 

көмекшісі, Экономикалық даму және сауда вице-министрі, 

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма 

төрағасының орынбасары болды.  

2013 жылдың мамыр айынан  «Бәйтерек» Ұлттық басқару 

холдингінің» басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.  



Қазақстан Республикасы Пре зи-

дентінің Жарлығымен  Асқар Исабекұлы 

Мырзахметов Қазақстан Респуб лика-

сының Ауыл шаруашылығы ми нистрі 

болып тағайындалды. 

А.Мырзахметов бұған дейін 

де бұл жауапты қызметті атқарған 

еді. Одан кейін Қазақстан Республикасының Өзбекстан 

Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі, Оңтүстік 

Қазақстан облысының әкімі болды. 2015 жылғы тамыздан  

«Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары 

қызметін атқарды.



Қазақстан Республикасы Прези ден-

тінің Жарлығымен  Дәурен Әскербек ұлы 

Абаев Қазақстан Республикасының  

Ақпарат және коммуникациялар 

министрі болып  тағайындалды.  

Д.Абаев әр жылдары  Қазақстан 

Респуб ликасы Президенті Прото-

колы ның бас сарапшысы, консультанты, Президент 

Баспасөз хатшысының орынбасары, Қазақстан Республи-

касы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы 

болды.  2013 жылдың шілдесінен Қазақстан Республика-

сы Президентінің кеңесшісі – Қазақстан Республикасы 

Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

Қазақстанның Иорданиядағы Елшісі Азамат Бердібай 

Палестина Мемлекетінің бірінші Президенті М.Аббасқа 

Қазақстанның Палестинадағы елшісі ретінде қызметті қоса 

атқаратын сенім грамотасын тапсырды.

Тапсыру рәсімі Амман қаласындағы Палестина Мемле-

ке тіндегі елшілікте өтті, оған Палестинаны азат ету ұйымы 

атқару комитетінің Бас хатшысы (ПАҰ) Саиб Урейкат та 

қатысты. Кездесу барысында тараптар Таяу Шы ғыстағы 

жағ дайды және палестина мәселесін талқылады. А.Бердібай 

Па лестина басшысына Қазақстанның сыртқы және ішкі 

саясатының негізгі аспектілерімен таныстырды. Елдегі 

қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды, сондай-ақ мем-

лекеттің ірі халықаралық бастамалары туралы айтып берді. 



«Шеврон» – маңызды серіктес

«Достық» орденін табыс етті

Мұхтар Құл-Мұхаммед – 

«Нұр Отан» партиясы 

Төрағасының бірінші орынбасары

Қуандық Бишімбаев – Қазақстан 

Республикасының Ұлттық 

экономика министрі

Асқар Мырзахметов – Қазақстан 

Республикасының Ауыл 

шаруашылығы  министрі 

Дәурен Абаев –  Қазақстан 

Республикасы Ақпарат және 

коммуникациялар министрі

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 



талғат ӘБДіЖаппароВ, 

қоғам қайраткері, экономист:

ақлима КөсемоВа, 

ардагер ұстаз, білім беру 

ісінің үздігі:

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы 



Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға 

мораторий енгізу туралы

Мәселені кеңесіп 

шешкеніміз жөн

Жердің иесі болса 

ғана пайда әкеледі

Қазақстан республикасының мемлекеттік басқару жүйесін 

одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы

Сенім грамотасын тапсырды 

отан қорғау – қасиетті парыз

шоңайДан шыҚҚан

Жаңа мектептер бой көтереді

БірТүйер


пікір

Нулы да сулы Шоңай көлін қазан 

төңкерісіне дейін хан тұқымдары Махамбет, 

Науша, Нәреш, Сұлтан, Ибраш, Сәлім (шын 

аты Сәлімгерей) Бөкейхановтар жайлаған. 

Осы маңдағы ең биік те сәнді ғимарат 

Махамбеттің қарағай үйі болған (Махамбет 

пен Науша Бөкейхановтардың атақты күйші 

екені де мәлім). Жалпы, Шоңай көлінде жи-

ырмадан астам рудың екі жүздей шаңырағы 

түтін түтеткен. Шоңай көлінің шығыс 

бетіндегі 6-7 шақырым қашықтықта Тастөбе 

аталған жерде Жексенбайдың жазғы оры-

ны болған. Табиғаты ерекше, айнала кок 

шалғын. Жазда киіз үйлер тігілген. Соның 

бірінде 1901 жылы Шәкір шыр етіп жерге 

түскен. Алдымен Шоңай көліндегі бастау-

ыш мектепке жаяу барып оқыған жасөспірім 

1912-1917 жылдары Ордада білім алады. 

Тіпті осындағы педагогикалық училищенің 

1-курсын тәмамдап үлгереді. Ағаларына 

ілесіп, Басқұншақ тұз өндірісінде жұмыс 

жасаған Шәкір 1919 жылы 20 маусымда дәл 

осы Шоңайдың көк шалғын жерінен атқа 

отырып, Ордаға біржола аттанады. Анасы 

Жәмила көз жасын көл қылып, қимай 

шығарып салады. Бұл Хан ордасында жаңа 

өкімет орнап, қазақтың тұңғыш атты әскер 

полкі ұйымдастырылып жатқан кез-тін. 

Шәкір Жексенбаевтың әскери өмірі осы-

лайша басталған еді.

Г е н е р а л д ы ң   ө з   қ о л ы м е н   ж а з ғ а н 

өмірбаянына қарағанда, аталмыш полктің 

курсанты болып қабылданған жас жігіт 

кейін атты әскер эскадроны құрамында 

Орынборға ауысады. Борисоглебск атты 

әскер курсында оқып, 1920 жылы 30 мау-

сымда командир атағын алып, I дербес 

қазақ атты әскер дивизионына оралады. 

Әуелі взвод командирі, кейін эскадрон 

командирінің көмекшісі болған Шәкір 

Жексенбаев арнайы жолдамамен Бас штаб 

академиясында төрт жыл оқып, 1924 жылы 

жоғары әскери білім алып шығады. Қызмет 

баспалдағымен өрлеген қазақ жігіті рота 

командирлігінен Қазақ АССР Орталық 

атқару комитеті атындағы біріккен 

әскери мектептің оқу бөлімінің бастығы, 

Қазақстан әскери комиссариаты саптық 

бөлімінің бастығы, Белорус әскери округі 

37-атқыштар дивизиясы 110-атқыштар 

полкінің штаб бастығына дейін көтерілді. 

Ал 1930-1931 жылдары Жоғары химиялық 

Осы орайда жуырда Алматы об-

лысы, Жамбыл ауданының әкімі Жан-

дарбек Далабаев бұқаралық ақпарат 

құралдарына арналған брифинг өткізіп, 

атқарылып жатқан іс-шараларды тілге 

тиек етті. Жиын аудандық кітапхана 

залында өткізілді. 

Айта кетейік, «100 нақты қадам ның» 

57 қадамы аудан әкімдерінің құзіретіне 

кіреді. Бүгінгі күні ауданда соның 48-ін 

іске асыру шаралары басталып, 9-қадам 

бойынша дайындық жұмыстары 

жүргізілуде. Ж.Далабаевтың айтуы 

бойынша, әлеуметтік-экономикалық 

дамуда Жамбыл ауданы өткен жылды 

жақсы нәтижелермен қорытындылап, 

биылғы жылдың бірінші тоқсанында 

э к о н о м и к а д а ғ ы   ө с і м   қ а р қ ы н ы 

сақталып келеді екен. Бұл бағытта 

салаға инвестиция тартылып, жер-

жерде нақты жобалар қолға алыныпты. 

Мәселен, Үңгіртас селолық округінің 

аумағында «Империя Фуд» ЖШС үш 

мың бас ірі қараға арналған бордақылау 

алаңы іске қосылған. 

–   « И м п е р и я   Ф у д »   н ы с а н ы 

«Ұлт жоспарының» 61-қадамында 

белгіленген ет өндірісін дамыту 

жөніндегі тапсырмаға сәйкес ірі қара 

малы етінің экспорттық әлеуетін артты-

ру жобасы аясында жұмыс істейді. Онда 

1730 бас еркек ірі қара бордақыланады. 

Ж ы л   б а с ы н а н   б е р і   б о р д а қ ы л а у 

алаңында семіртілген 331 ірі қараның 

еті өндіріліп, тұтынушыларға 79 тонна 

ет экспортталды. Елімізге қомақты 

Елордадағы Ұлттық музейде «Ұлы Отан 

соғысы тақырыбын музей экспозицияла-

рында және оқу орындарында  көрсетудің  

әдістері» атты шара өтті.

Дөңгелек үстелдің ашылуында сөз алған 

Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай 

Қазақ еліндегі бейбіт өмірге тоқталып, 

өткеннен сабақ алудың маңыздылығы ту-

ралы айтты. Ұлы Отан соғысының ардагері 

Николай Козак соғыстың қайғы-қасіреті 

адам санасында өшпес із қалдырғанын еске 

алып, ынтымақ пен келісім адамзаттың асыл құндылықтарының 

бірі екенін тілге тиек етті. Іс-шара барысында әскери техникалар 

мен әскери миниатюралардан құралған шағын көрме көпшілік 

назарына таныстырылып, олардың жасалу жолдары түсіндірілді. 

Жиын соңында Ұлы Отан және Ауған соғысы ардагерлеріне 

Ұлттық музей атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.



Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы 

Ержан қажы Малғажыұлы Сингапурдан келген делегацияны 

қабылдады. 

Атап айтқанда, Сингапурдың «Халал сапа орталығының» 

басқарушы директоры Самад Салим, бас менеджері Сулай-

ман Мастам Бас мүфтимен халал индустриясын дамыту, халал 

өндірісінің әлемдегі жай-күйі, екіжақты рухани байланысты 

жандандыру, т.б. мәселелері төңірегінде пікір алысты. Кездесуде 

Бас мүфти халал стандарттау саласы бойынша Діни басқарманың 

соңғы уақытта қолға алған жұмыстары жайлы айтып берді. Со-

нымен қатар екі жақты тәжірибе алмасу, халал саласындағы 

байланысты арттыра түсу мәселелері талқыланды. Айта кетерлігі, 

осы уақытқа дейін халал өнімдерін өндіретін 41 кәсіпорнына 

Діни басқарманың сертификаты берілген болатын. 



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық 

университетінде кезекті Халықаралық шай 

фестивалі өтті. 

Шараға Корей және Түрік мәдениет 

орталықтары, сондай-ақ университет 

жанындағы Конфуций институты қатысты. 

Фестиваль аясында қатысқандар ұлттық 

шайдың түрлерін таныстырып, мәдени 

ұжымдарының концерттік бағдарламасын 

көпшілік назарына ұсынды. Осымен екінші 

рет ұйымдастырылып отырған бұл шара 

барысында елордадағы мәдени орталықтардың өкілдері Астана 

тұрғындарына түрлі елдердегі шай ішу мәдениетін таныстыр-

ды. Биылғы  шай фестивалі «ЕҰУ дәстүрлермен біріктіреді» 

ұранымен ұйымдастырылды. 

А

қпараттар ағыны



А

қпараттар ағыны



 Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР

Сұрапыл соғыс жылдары майдан даласында елі үшін қасық 

қаны қалғанша шайқасқан кешегі жауынгер, бүгінгі ардагер 

қарияларымыздың ерлігі ерен екені белгілі. Оларға қанша құрмет 

көрсетсек те аздық ететіні ақиқат. Жыл сайынғы дәстүр бойын-

ша Амандық Баталов Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай Жетісу 

өлкесінің 100 ардагерін қабылдады. 

Кездесуде облыс әкімі Ұлы Отан соғысында ардагерлер 

ерліктің өшпес үлгісін көрсеткенін ерекше атап өтті. «Бүгін 

де жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде үлгі-өнеге 

көрсетіп келесіздер. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толды. Жеңісті 

жақындатуға Қазақстан халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. 

Соғыстан кейін ел экономикасын қалпына келтіруге ерен еңбек 

еттіңіздер. Сол үшін де сіздерге шын жүректен алғысымызды 

білдіреміз» деп жүрекжарды лебізін білдірді. Шарада ардагер-

лерге облыстық әкімдік тарапынан қаржылай сыйлықтар табыс 

етілді. А.Баталов басқосу соңында 105 жастағы ардагер Рабат 

Тегісбаев пен 104-ке келген майдангер Күршібек Көжекбаевтың 

иығына шапан жапты. Ал жүз жастағы тыл еңбеккері Зәуре 

Баеваға камзол кигізді. Ақсақалдарымыз ақ батасын беріп, 

жиын соңы концерттік бағдарламаға ұласты. 

 «ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы» атты жалпыұлттық 

байқауының ІІ кезеңі өз мәресіне жетті. 

Байқаудың басты мақсаты – жас ғалымдар мен зерттеушілердің 

ғылымға деген көзқарастары мен сүйіспеншілігін арттырып, 

Алаш мұрасын зерттеп, зерделеуге жол ашуға бағытталды. 

Сайысқа республиканың, сондай-ақ шет мемлекеттерден сек-

сеннен астам жұмыс қабылданды. Ғылыми жобалар 4 аталым 

бойынша қорғалып, тыңдалды. 12 жұмыс байқаудың ақтық 

кезеңіне жолдама алды. Қалған 12 жұмысқа партия төрағасы, 

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасы Азат Перуашевтің  «Алғыс 

хаты» және 25 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы берілді.  

Осымен бесінші жыл бойы дәстүрлі түрде ұйымдастырылып 

келе жатқан додада көптеген жас ғалымдардың еңбегі еленіп, 

есімдері көпке танылды. Мысалы, Ержан Шағимолдин, Алма 

Сайлауқызы, Еркін Рахматуллин, Алмас Жүнісбаев, Күнсұлу 

Құрманова, Мархаббат Қозыбаева, Елдос Тоқтарбай сияқты 

жас ғалымдардың шығармашылық әлеуеттеріне үлкен септігін 

тигізді.  

Алматыда қазақстандық жастарға арналған Білім көрмесі 

өтті. Көрмені «Tomer» түрік және шет тілдерін дамыту, зерттеу 

орталығы ұйымдастырды. 

Аталған орталықтың Қазақстандағы өкілі Айфер Ишыктың 

айтуынша, мұндай шаралар екі ел арасындағы ынтымақтастық 

пен достықты нығайтып, жастардың Түркияның танымал 

жоғары оқу орындарында сапалы білім алуына мол мүмкіндік 

туғызады. Көрмеге Түркия мемлекетінің 8 жоғары оқу орнының 

өкілдері қатысып, университеттерге қалай түсу жолдарын, маги-

стратура мен докторантурада оқу мүмкіндіктерін егжей-тегжейлі 

баяндап берді. «ISSA» халықаралық студенттер одағының 

ұйымдастыруымен өткен көрмеге қызығушылық танытып, тегін 

ақыл-кеңес алған қатысушылар көп болды. 

Ерлік – ұрпаққа ұран

Халал өнімі жайы сөз болды

Шай фестивалі

Ардагерлерімізге – мың алғыс

«ХХІ ғасырдағы Алаштың Ақ жолы»

Талапты жасқа мүмкіндік мол

Дөңгелек үсТел

кезДесу

ДәсТүр


құрмеТ 

БАйқАу 


 Білім көкжИегі

Биыл көрнекті әскери қайраткер, ге-

нерал-майор шәкір Жексенбаевтың 

(1901-1988) туғанына 115 жыл толды.

Бөкей ордасы ауданы Қаракөл-шоңай 

маңында өмір есігін ашқан генерал 

Ұлы отан соғысынан кейін мәскеуде 

тұрғанымен, туған жерімен байланы-

сын үзген жоқ. сол келген кездерінде 

өзі еске алғанындай,  Қолөткенов 

Жексенбайдан үш ұл, екі қыз өрбіген. 

Ұлдары айталы, орынбай, шанабас. 

шәкір мен сәтбай айталыдан туған. 

шәкірді қарт анасы айғаным бауы-

рына басқандықтан, ол  Жексенбаев, 

Жексенбайұлы болып жазылған.

Қазіргі таңда елімізде елбасының 

«100 нақты қадам» бағдарламасы 

аясында көптеген іс-шаралар 

жүргізілуде. Әлеуметтік-

экономикалық тұрғыдан 

дамуымызға серпін беретін жобалар 

қолға алынуда. ал бағдарламада 

қойылған міндеттер әсіресе ауыл 

аймақтарда қалай жүзеге асырылып 

жатыр? Бұл да өзекті мәселелердің 

бірі екені сөзсіз. 

серпін


«АнА Тілі» көТерген мәселе 

БАғДАр


академиялық курсында оқып шыққаннан 

кейін әскери өмірінің жаңа кезеңі басталды. 

Яғни химиялық қызметке ауысқан ол 1932 

жылдан бастап осы қиын саланың ауыр 

жүгін қайыспай көтерді. Былайғы жұрт 

қыр-сырына қанық болмаса да, әскерде 

химиялық қорғаныстың маңызы зор еді. 

Ұлы Отан соғысына дейін-ақ біраз лауа-

зымды қызметтің басын қайырып үлгерген 

Шәкір Жексенбаев бірнеше майданның 

химиялық қорғау саласын басқарысуға 

тікелей қатысып, ерекше көзге түседі. 

Химиялық қарудың аса қауіпті ірі зардабы 

зор екендігін түсінген әскери басшылар 

Бас қолбасшы И.В.Сталиннің 1941 жылғы 

13 тамыздағы №0285 бұйрығы негізінде 

арнайы әскерлерді қайта құра бастады. 

Ұйымдастырушылық жұмыстардың басы-

қасында жүрген полковник Ш.Жексенбаев 

1941 жылғы 28 қазанда Брянск майданы 

химиялық қорғаныс бөлімінің бастығы 

болып тағайындалып, осы қызметті 

1943 жылғы қазанға дейін абыроймен 

атқарды. Соның дәлеліндей қолбасшы 

тапсырмаларын үлгілі орындағаны үшін 

сол жылғы 11 наурызда Қызыл Ту, 23 

қыркүйекте бірінші дәрежелі Отан соғысы 

ордендерімен марапатталып, 16 қазанда 

техникалық әскерлердің генерал-майоры 

инвестиция салған серіктестік басшы-

сы, ирандық азамат Арман Джавида 

алдағы уақытта бордақыға қойылатын 

мал басын 5 мыңға дейін жеткізу, 

сапасы жоғары, әрі табиғи таза 

өнімдерін Иран, Араб, Ресей, Қытайға 

экспортқа шығаруды межелеп отыр. 

56-қадамдағы «Экономиканың басым 

секторларына «зәкірлі» инвесторлар 

тарту» аясында аталған серіктестік 

биыл қуаттылығы 8 мың тонналық ет 

комбинатын салмақшы, – деді аудан 

әкімі. 


Әкімнің хабарлауынша, «Ұлт 

жоспарының» 60-қадамы ауылда 

кооперацияны дамыту арқылы сүт 

өндіру және өңдеуге стратегиялық 

инвестор тартуды міндеттейді. Бұл 

бойынша Қарақыстақта «Табыс» 

шаруа қожалығы 600 басқа арналған 

тауарлы-сүт кешенінің құрылысы 

а я қ т а л ы п т ы .   З а м а н а у и   ү л г і д е 

салынған өндіріс орны шетелдік озық 

технологиямен жабдықталған. Ке-

шен жобасының жалпы құны 1 млрд  

780 млн теңге болса, оның 1 млрд 

508 млн теңгесі «ҚазАгроҚаржы» 

акционерлік қоғамы арқылы алы-

ныпты. Ал 272 млн теңгені кәсіпорын 

өз қаражаты есебінен игерген. 

Алғашқы 300 бас сауын сиыр Укра-

ина елінен жеткізілмекші. Кешен 

жанынан сүт өңдеу цехын салу жо-

спарлануда. Онда балалар тағамы 

өнімдері де әзірленбек.

толық берілген білімді әскери қолбасшы. 

Неміс фашистеріне қарсы шайқастарға 

жеке өзі де тікелей қатысқан. Мемлекеттің 

Қызыл Ту ордені марапатына лайық» де-

ген мінездеме бере отырып, марапаттау 

қағазына қол қойған.

Ұлы Отан соғысы кезінде химиялық 

әскерлер аз көзге түскен жоқ. Химиялық 

әскер бөлімшелері талай құрметті атаққа 

қол жеткізсе, 28 жауынгері Кеңес Одағының 

Батыры атанып, мыңнан астамы орден-ме-

дальдармен марапатталды. Бір ғана мысал, 

солардың бел ортасында жүрген Шәкір 

Жексенбаев дайындап, басшылық еткен 

фугасты отшашқыш роталар 1942 жылдың 

ақпанында 13-армия құрамында ерлік 

көрсетті. Сол жылдың жазында аталған 

роталар 13-інші және 38-армия құрамында 

жаудың 9 танкісі мен мыңға жуық солдат-

офицерлерін жойған. Сондай-ақ Воро-

неж-Касторное операциясы (1943 жылғы 

24 қаңтар – 2 ақпан) кезінде әскери хи-

мик Ш.Жексенбаев шабуыл барысында 

химиялық реакция нәтижесінде жаудан 

тасалану үшін қою түтінді 8 шақырым 

қашықтықта қолданып, кеңес әскерлері 

жаудың 12 дивизиядан тұратын 2-неміс 

армиясының қорғанысын шығынсыз 

бұзған. Бұл операцияға екі жақтан 125 мың 

Осы орайда тағы бір айта кетерлігі, 

аудан үшін 65-қадамның маңызы зор 

болып отыр. Ж.Далабаев көліктік 

инфрақұрылымды дамыту аясында 

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» авто-

жолы құрылысы жүзеге асырылаты-

нын атап өтті. 

– Бұл жолдың 100 шақырымнан 

астам бөлігі аудан аумағы арқылы 

өтеді. Жол құрылысымен бірге ло-

гистика дамытылып, екі ірі дема-

лыс орны салынады. Сондай-ақ 

әлеуметтік жаңартуға арналған 

қадамдарға сәйкес білім беруді 

жетілдіру, 2016-2017 жылдары 5 мек-

теп салу арқылы апатты жағдайдағы 

мектептер мәселесі шешімін та-

бады. Үш ауысымдық оқуды да 

азайтуға күш саламыз. Бүгінде 44 

балабақша жұмыс істейді, оның 

29-ы жекеменшік, 15-і мемлекеттік. 

Қазір балалардың мектепке дейінгі 

біліммен қамтылуы 89 пайыз бол-

са, келесі жылдың аяғында бұл 

көрсеткіш 100 пайызға жетпек, – деді 

аудан әкімі.  

Жүздесуде Ж.Далабаев «100 нақты 

қадам» аясындағы мәселелер бойын-

ша баспасөз өкілдерінің сауалдарына 

тұшымды жауап берді. 

Серік САТЫБАЛДИЕВ

Алмат облысы

Жамбыл ауданы

адам, 2100-ден астам зеңбірек-минометтер, 

65 танк қатынасқан. 17 мың дұшпан қаза 

болып, 82 мыңы тұтқынға түскен.

Курск, Орел, Брянск қалалары азат 

етілгеннен кейін 2-Прибалтика майданы 

құрылып, оның да химиялық қорғаныс 

бөлімін Ш.Жексенбаев басқарады. Кеңес 

Одағының қалалары мен селоларын, соның 

ішінде Рига қаласын жаудан босатқан 

әскерлер кейін Ленинград майданына 

қосылады. Ақыры 1945 жылғы 8 мамырда 

неміс фашистерінің «Курляндия» тобы 

да тізе бүгеді 1944 жылғы қарашада тағы 

да Қызыл Ту, 1945 жылғы 23 ақпанда 

Ленин орденімен марапатталған қазақ 

генералының мәртебесі биіктеп тұрған 

кез еді ол. Қанқұйлы соғыс біткен соң 

әскерлерді таратып, қайта бөлу, қару-жарақ 

пен техниканы қабылдаумен айналысқан 

Ш.Жексенбаевтың өңіріне 1945 жылғы 

6 маусымда Ленинград майданының 

қолбасшысы, маршал Л.А.Говоров тағы бір 

Қызыл Ту орденін тағады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет