әскери, арнаулы атақтарға, сыныптық шендерге ие болу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдар басқа әскерлер мен әскери құралымдарда, құқық қорғау органдарында (кеден органдарын қоспағанда), мемлекеттік фельдъегерлік қызметте қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты алатын төлемдердің барлық түрлері;
республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және мұндай ұтыстарды есептеу күнi қолданыста болатын ең төменгі жалақының 50 проценті шегіндегі лотерея бойынша ұтыстар;
тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және мұндай төлем күні қолданыста болатын ең төменгі жалақы мөлшерінде, қоғамдық жұмыстарды орындауға және кәсіптік оқуға байланысты бюджет және (немесе) гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын төлемдер;
гранттар қаражаты есебінен төлемдер (еңбекке ақы төлеу түріндегі төлемдерден басқа);
экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төленетін төлемдер;
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар мыналардың:
- Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және оларға теңестiрiлген адамдардың;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталған адамдардың;
- 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемiнде 6 ай жұмыс iстеген (қызмет өткерген) және ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы ерен еңбегi мен мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдарымен марапатталмаған адамдардың;
- I, II, III топтардағы мүгедектердiң;
- мүгедек баланың;
- «мүгедек бала» деген санаттағы адам он сегіз жасқа толғанға дейін - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;
- «бала кезінен мүгедек» деген себеппен мүгедек деп танылған адамның өмір бойына - мұндай адамның ата-анасының бірінің, қорғаншысының, қамқоршысының;
асырап алынған бала он сегіз жасқа толғанға дейін бала асырап алушының біреуінің республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының басында қолданыста болатын ең төменгi жалақының 55 еселенген мөлшерi шегiнде бiр жылдағы табыстары;
156-бап.