1. Мыналар салық төлеушiнiң салық салуға жататын басқа да табыстарына жатады:
1) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегi көздерден түсетiн табыстар;
2) Қазақстан Республикасында аккредиттелген, салық агенттерi болып табылмайтын дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге Қазақстан Республикасында қызметтер көрсетуден, жұмыстарды орындаудан түсетiн табыстар;
3) үй қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;
4) тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы шарт бойынша тұрғынжайдағы үлестi талап ету құқығын беруден түскен табыстар.
1. ЖТС бойынша декларацияны табыс ететін резидент салық төлеушілер:
1. ЖТС бойынша декларацияны табыс ететін резидент салық төлеушілер:
1) дара кәсіпкерлер;
2) жекеше нотариустар, адвокаттар;
3) мүліктік табыс алған жеке тұлғалар;
4) басқа табыстар, оның ішінде ҚР-нан тысқары жерлерде табыстар алған жеке тұлғалар;
5) ҚР-нан тысқары жерлердегі шетелдік банктердегі банктік шоттарда ақшасы бар жеке тұлғалар.
185-бап.
2. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Корституциялық заңына, ҚР Қылмыстық-атқару кодексіне және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР занына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген ҚР Парламентінің депутаттары, судьялар, сондай-ақ жеке тұлғалар табыстары мен ҚР аумағында да, одан тысқары жерлерде де орналасқан және салық салу объектісі болып табылатын мүлеі турады декларацияны табыс етеді.
3. Патент немесе оңайлатылған декларация негізінде шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер осы Кодекстің 427-бабына сәйкес салық салу объектісіне қосылатын табыстар бойынша ЖТС бойынша декларацияны табыс етпейді.
186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Корституциялық заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» ҚР заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, ЖТС бойынша декларация орналасқан жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.