Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурс жеңімпаздарының оқуын және тағылымдамадан өтуін ұйымдастырумен байланысты шығыстарды Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мөлшерде төлеуге арналған төлемдер;
мемлекеттік білім беру тапсырысының негізінде оқитын адамдарға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерлерде төленетін жол жүру шығыстарының өтемақысы;
жеке тұлға басқа жеке тұлғадан сыйға немесе мұраға алған мүліктің құны. Осы тармақшаның ережелері дара кәсіпкер алған және кәсіпкерлік мақсаттарда пайдалануға арналған мүлікке, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мұраға қалған, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары төлейтін зейнетақы жинақтарына қолданылмайды;
қайырымдылық және демеушілік көмек түрінде алынған мүліктің құны;
он алты жасқа толмаған балалар үшін балалар лагерьлеріне жолдамалардың құны;
сақтандыру оқиғасымен байланысты, сақтандырудың кез келген түрі кезінде төленетін сақтандыру төлемдері;
жұмыс беруші өз қызметкерлеріне міндетті және (немесе) жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша төлейтін сақтандыру сыйлықақылары;
сақтандырылушы қайтыс болған жағдайда жинақтаушы сақтандыру шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері
156-бап. Салық салуға жатпайтын табыстар
Жылдық жиынтық табыстың салық салынбайтын мөлшері
Дара кәсіпкерлерді ҚР заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеу мақсатында салық салуға жататын табыстың ЖТС салынбайтын мөлшерін жеке тұлға үшін күнтізбелік жылда республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиiстi қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшері құрайды.
Салық ставкалары 1. Cәйкес көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табыстарына 10 проценттік ставка бойынша салық салынады.
2. ҚР және одан тысқары жерлердегі көздерден алынған дивидендтер түріндегі табыстарға 5 проценттік ставка бойынша салық салынады.
157-бап.
Салық кезеңі 1. Салық агенттерінің төлем көзінен салық салынатын табыстардан ЖТС-ті есептеуі үшін күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
2. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ЖТС есептеу үшін салық кезеңі Кодекске сәйкес айқындалады.
158-бап
159-бап.