Жеке тұлға әлеуметтенуі және девиация



бет3/3
Дата14.10.2023
өлшемі84 Kb.
#114579
1   2   3

Әлеуметтену агенттері

  • Әлеуметтенудің бастапқы агенттері – ата-анасы, аға-апалары, басқа да қандас туыстары, достары, мұғалім, дәрігер және т.б. адамның жақын айналасын құрайтын орта.
  • Әлеуметтену қосымша агенттеріне мектеп, университет, кәсіпорын әкімшіліктері, әскер, полиция, діни ұйым, партия, БАҚ және т.б. өкілдері, яғни адамға сырттай әсер етушілер жатады.

Де-әлеуметтену және ре-әлеуметтену

  • адам белгілі бір себептер әсерінен, мыс., бас бостандығынан айырылу, қалыпты өмір айналымынан түсіп қалуы мүмкін. Мұндай жағдайда де-әлеуметтену (десоциализация) және ре-әлеуметтену (ресоциализация)құбылыстары басталады.
  • Де-әлеуметтену – ескі құндылықтар, рөлдер, нормалар мен мінез-құлық ережелерінен бас тарту, оқшаулану.
  • Ре-әлеуметтену – осыдан соң өзіне бұрын тән емес жаңа құндылықтар, рөлдер, нормалар мен мінез-құлық ережелерін игере бастау

Американдық социолог Ирвин Гоффман бойынша де-әлеуметтену мен ре-әлеуметтенуге алып келеді

  • - сыртқы ортадан оқшаулану (темір тор, биік қабырға);
  • - бір адамдарды сәт сайын көріп, тек солармен ғана қатынаста болу;
  • - киіміндегі бұрынғы сәйкестікті жоғалту (арнайы, бәріне бірдей киім (униформа));
  • - өз жеке атының номерге айналуы;
  • - жеке белгісі жоқ, сұр топтың ортасында қалу;
  • - бұрынғы түсініктерінің, әдеттерінің, мінез-құлқының өз құнын жоғалтуы;
  • - іс-әрекет еркіндігін жоғалту.

Бұлар адамның адамгершілік, құлықтық (мораль) жабайылануына (деградация) әкеледі. Сондықтан өркениетті елдерде адам жазаға тартылғанның өзінде де оның үйреншікті ортасының кейбір элементтері қалыпқа келтіріледі. Мыс., өз жерінде қамау, туыстарымен үздіксіз байланыста болу, үйіне жіберіп тұру және т.б.

  • Бұлар адамның адамгершілік, құлықтық (мораль) жабайылануына (деградация) әкеледі. Сондықтан өркениетті елдерде адам жазаға тартылғанның өзінде де оның үйреншікті ортасының кейбір элементтері қалыпқа келтіріледі. Мыс., өз жерінде қамау, туыстарымен үздіксіз байланыста болу, үйіне жіберіп тұру және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет