Жеке тұлға әлеуметтенуі және девиация


Әлеуметтену үрдісінде бір әлеуметтік топтың басқаларды, жеке адамды өмір сүруге үйретуі әлеуметтік «мен» түсінігінің құрылымдалуына әкеледі



бет2/3
Дата14.10.2023
өлшемі84 Kb.
#114579
1   2   3

2. Әлеуметтену үрдісінде бір әлеуметтік топтың басқаларды, жеке адамды өмір сүруге үйретуі әлеуметтік «мен» түсінігінің құрылымдалуына әкеледі.

3. Адам өмір бойына өз әлеуметтік орнын алып, оны ұстап тұруға тырысады. Сол себепті әлеуметтену бүкіл өмір бойына созылатын үрдіске айналады.

“әлеуметтік үй” түсінігі

  • «әлеуметтік үйі», яғни қоғамдық жүйедегі адамның өз тұрақты орны. Оны мәртебе, кәсіп, қызмет, әлеуметтік рол айқындайды. «әлеуметтік үй» адамға тәуелсіздік, еркіндік, алдағы күнге деген сенім береді. Ал бала немесе жасөспірімнің қоғамда өз орны, яғни өз «әлеуметтік үйі» жоқ, сол себепті олар ата-аналарына, айналасындағы әлеуметтік ортаға тәуелді.

Алдымен саяси (төлқұжат алу, дауыс беру, сайлау құқығын алу), соңынан экономикалық (мыс., жұмысқа тұру) және әлеуметтік (некеге тұру, отбасын құру) тәуелсіздік алу әлеуметтенудің бастапқы және ересек кезеңдері араларындағы сапалық шекараның өтуін белгілейді.

  • Алдымен саяси (төлқұжат алу, дауыс беру, сайлау құқығын алу), соңынан экономикалық (мыс., жұмысқа тұру) және әлеуметтік (некеге тұру, отбасын құру) тәуелсіздік алу әлеуметтенудің бастапқы және ересек кезеңдері араларындағы сапалық шекараның өтуін белгілейді.
  • Әлеуметтену – жеке адамның даралық (индивид) ретінде қалыптасуы. Әлеуметтік «мен» түсінігінің қалыптасуы – бұл адамның өз ортасымен қарым-қатынасқа түсуі, бұл адамның өз әлеуметтік орнын іздеуі. Бұл үрдіс нәтижесінде – жеке, даралық қалыптасады. Осымен әлеуметтенудің бастапқы кезеңі аяқталып, ересек әлеуметтену кезеңі басталады.

Әлеуметтену ерекшеліктері

  • Әлеуметтену өмір бойына жүретін үрдіс
  • Әлеуметтенудегі негізгі түсініктер: оқу, тәрбие, тәжірибе
  • Әлеуметтену табиғи үрдіс, ол жасанды басқарылмайды
  • Адамның индивид ретінде қалыптасуының 70 пайызы жасөсіпірім шаққа дейін орын алады

Әлеуметтенуге көмек береді:

  • Әлеуметтену агенттері – бұлар мәдени нормалар мен әлеуметтік ролдердің дұрыс игеруіне жауапты нақты адамдар.
  • Әлеуметтену институттары – бұл әлеуметтену үрдісіне бағыт беретін, оған әсер ететін ұйымдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет