Жеке тұлғаны адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі тану» пәнінің көкейкестілігі



Pdf көрінісі
Дата26.01.2017
өлшемі283,38 Kb.
#2749

 

  

Жеке  тұлғаны  адамгершілік-рухани бағытта тәрбиелеудегі «Өзін-өзі 



тану» пәнінің көкейкестілігі 

 

 



    Қазіргі  әлемдік  білім  беру  кеңістігінде  жастардың  бойында  әлемнің 

біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге 

тәрбиелеуге,  руханилыққа,  адамгершілікке  қызығушылығын  оятуға, 

өскелең  ұрпақтың  әлеуметтік  белсенділігін  дамытуға    баса  назар 

аударылып  отыр.  Қазақстан  Республикасындағы  білім  беру  жүйесі 

адамгершілік  пен  руханилықты  дамытуға  бағытталған.  Соңғы 

онжылдықта  оқытушылар,  тәрбиешілер  және  ата-аналар  алдында  жас  

ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы 

рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу 

міндетін  мемлекеттік  деңгейде  еліміздің  Бірінші  ханымы  –  «Өзін-өзі 

тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды.  

 



 

«Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты  - 

жас  жеткіншек  ұрпақтарды  құндылық  және  адамгершілік  идеалдарға 

баулу,  оқушылардың,  студенттердің  өзін  оңды  қабылдауын 

қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады.   

 



 

2002  жылдан  бастап  Қазақстан  Республикасында  «Бөбек»  Ұлттық 

ғылыми-практикалық,  білімділік  және  сауықтыру  орталығының 

(ҰҒПБСО) 

жетекшілігімен 

«Өзін-өзі 

тану» 

жаңа 


білімділік 

бағдарламасын бейімдеу іске асырылады.   

 

 «Өзін-өзі  тану»  пәні  тұлғаның  адамгершілік-рухани  қалыптасуының 



білім  беру  маңызды  пәні  болып  табылады.  Пән  мазмұны  Қазақстан 

қоғамындағы  өскелең  ұрпақтың  рухани-адамгершілік    білімі  мен 

тәрбиесі  жалпыадамзаттық,  жалпыұлттық,  этномәдени  және  тұлғалық 

құндылықтардың  үйлесімді  жинақталуына  бағдарланған.  Осы 

құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен 

өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік 

береді. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру мынадай жалпы 

мақсаттарға негізделеді: 

 

- Әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін 



түсінуіне ықпал ету; 

 



-  Жеке  тұлғаның  жан-жақты  қалыптасуына  өмірлік-маңызы  бар 

мынадай  түйінді  құзыреттерді  мақсатты  түрде  дамыту  арқылы  ықпал 

ету; 



 



- Өзінің өмірлік позициясын анықтау; 

 



-  Әр  түрлі  мәселелерді  адамгершілік  нормаларға  сәйкес  конструктивті 

шешу; 


 

-  Өзіне,  адамдарға  және  қоршаған  әлемге  ізгілікті  қарым-қатынас 



жасау; 

 

-  Адамдарға  қолдан  келгенше  көмек  беру,  туыстарына  және 



жақындарына қамқорлық көрсету; 

 



-  Өзімен-өзі  үндестікте  өмір  сүру,  ойы,  сөзі,  іс-әрекеттеріне  шынайы 

болу; 


 

-  Жасампаздық  тұрғысынан  таңдауға  даярлығын  таныту  және  өз  ойы, 



сөзі мен ісіне жауапты болу; 

 



- Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту. 

 



Аталған  мақсаттар  күнделікті  практикада  оқу-тәрбие  үрдісінде  жеке 

тұлғаның  өзін-өзі  анықтау,  студенттердің  ерекшеліктерін  ескере 

отырып,  жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  әлеуетінің  дамуына 

ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, жоғары мектеп пен 

отбасының  әлеуметтік  серіктестігі  ынтымақтастығын  дамыту  арқылы 

жеке  тұлғаның  рухани-адамгершілік  қалыптасуы  үшін  жағымды  

алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда.  

 



Өзін-өзі тану пәнінің базалық  білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді 

қамтиды: 

 

- Адамның өзін-өзі тануы; 



 

- Адам және қоғам; 



 

- Адам және қоршаған орта; 



 

- Адамзаттың рухани тәжірибесі. 



 

Өзін-өзі  тануды  оқыту  интерактивтік  әдістеме  негізінде  білім  беру 



процесіне  әрбір  қатысушының  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  ескере 

отырып  жүргізіледі.  Адамгершілік  құндылықтар  әрбір  жасқа  лайықты 

әлемді  қабылдау  арқылы  меңгертіледі.  Өзін,  өзге  адамдарды  тану, 

қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты 

түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан студент ойлана алатын, 

өзінің  пікірін  жеткізе  білетін,  таланты  мен  қабілеттерінің  ашыла 

түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді.  

 



Өзін-өзі  тану  сабақтарында  оқытушымен  ашық  диалог  жүргізіледі, 

әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым-

қатынас  әлемі  зерттеледі,  өмірдік    бақылаулары  бойынша  пікір 

алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. 

Өзін-өзі  тану  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  денсаулық  сақтау 

әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар, 

ойлану-сабақтары, 

пікір-сайыс, 

театрландырылған 

сабақтар, 

шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері 

пайдаланылады. 

 

     Міндеттер1.  Өзін-өзі басқара  алатын, мінез-құлқын  түзете алатын, 



қоғамда  қабылданған  нормаларға  –  құндылықтарға  сәйкес  өзінің 

саналы талап-ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру. 

 

 



                2.  Іс-әрекет  пен  мінез-құлқында  өзін  жүзеге  асыру  үшін 

студенттердің  жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау. 



 

Өзін-өзі тануға  оқыту білім алушылардың  мынадай  деңгей бойынша 



қүтілетін нәтижелерге  болжанып отыр: 

 



Күтілетін  нәтижелер:  -  өзін  тануға,  өзгелерді  тануға,  әлемді  тануға, 

адамзаттың  рухани    тәжірибесін    тануға  мүмкіндік  береді.  Күтілетін 

нәтижелердің  көп  деңгейлік жүйесі  бір  жағынан,  қысқа  мерзімді  және 

ұзақ  мерзімді  оқу  және  тәрбие  мақсаттары  түрінде  көрінсе,  екінші 

жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және 

олардың  өзін-өзі  танудың  жалпы  мақсаттарына  қол  жеткізуінің 

көрсеткіші  болып  табылады  және  студенттердің  оқу  жетістіктерін 

бақылауға  мүмкіндік  береді.  Осы  күтілетін  нәтижелер  міндетті  түрде 

оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін 

бағдар  және  пәнаралық  байланысты  жүзеге  асыратын  құрал  қызметін 

атқарады,  әрбір  пәннің  құндылықтық  мәнін  ашуға  бағдарланған,  оқу 

процесін жобалауға жағдай тудырады.  

 

                                        Дәрістер 

№1 Өмір–шексіз 

керуен 

Әр нәрсенің, мезгілдің, уақыттың адам өміріндегі 

мәні.  Адамдар  арасындағы  қарым-қатынастағы 

кісілік  пен  кішілік,  тіл  табыса  білу,  кешірім  мен 

келісім.  Өз  ойы,  сөзі  мен  ісіне  жауапкершілікпен 

қарау.  Өмірден  өз  орнын  табуға  талпыныс, 

қызығушылық, құштарлық. 

Семинар-уақыт-керуен, уақыт-көш, уақыт-

адамзат ғұмыры тақырыбында дискуссия жүргізу. 

Проблемалық сұрақтар тізімін дайындау: 

-өзін-өзі тану пәнін жүргізу не үшін қажет? 

-Ә.Табылдиев:Ақыл-сана, білім мен өнеріме 

сенемін.Арым-таза, ақ көңіл адалдыққа 

сенемін.Абыройлы, ақ ниет адамдыққа 

сенемін...өлеңдегі автор идеясы туралы пікір 

алысу. 

-Уақыт саған не береді, уақыт саған бағына ма, 



сен уақытқа бағынасың ба?Күн режимі дегенге 

қалай қарайсың? 

-уақыт және мен. 

-Уақыт сыры:ол мәңгілік пе?Уақытта адам 

сыйластығы , өз арманың мен күндерің бар ма? 

Эссе жаздыру -Уақыт еншісіндегі менің жастық 

шағым. 

Жағдаятты талдау-Ағымдық бақылаудың әлегі-



босқа кеткен уақыт. 

Оразақын Асқар «Өмір өнегелері»-талдау.Нағыз 



өмір, тіршілік ету, күн көріс ұғымдарын 

талдауН.Тілендиев «Құстар қайтып барады»әнін 

тыңдатып, мәніне зер салдыру. 

Абай «Өз ісіңе есеп бер» дәйексөзін талдау. 

Мәтінмен жұмыс-Ағайында үш жігіттің дауы, 

аңызды оқу-мәтінді талдау, өз пікірін айту, 

дәлелдеу. 

Нарманбет Орманбетұлы : 

Адамның  да ішінде адамы бар,Ақылдысы , арлысы, 

наданы бар. 

Жақсының да, жастың да , кәрінің де, Уақыттан 

алатын бір сабағы бар. Уақыттан алатын сабақ не ? 

Ә.Рудаки, М.Мақатаев пікірлері бойынша пікір 

алысу. 


«Ойлан, балам»әнін (сөзі Ш.Сариев, әні 

К.Дүйсекеев) тыңдау. 

Тұжырымдау-Нұралы Әжіғалиев «Есіңде мәңгі 

қалғалы келгем». 

Ә.Тәжібаевтың «Өмірді аяла»-тұжырымдау. 

 

 



№2 Жақсылық 

шарапаты 

Имандылық, пейіл, ниет тазалығы, жақсылыққа 

ұмтылу, адам ойының құдіреттілігі, риясыз 

жақсылық  жасау, жақсы-жаман ұғымдарының ара 

қатынасын ажырата білу.Жақсы келді дегенше , 

жарық келді десейші мақалаының мәнін ұғуға 

тырысу. Адамдар арасындағы қарым-қатынастағы 

кісілік пен кішілік, тіл табыса білу, кешірім мен 

келісім. Өз ойы, сөзі мен ісіне жауапкершілікпен 

қарау.т.б. 

Семинар-Жақсылық жасайық адамға... 

Н.Назарбаев «Жер бетіндегі жақсылық, ізгілік, 

қайырымдылық атаулының бәрі де ананың ақ 

сүтінен таралады.» 

Жаңа ақпарат беру:Ғ.Мүсіреповтің «Адам 

бойындағы жақсы-жаман қасиеттердің бәрі анадан» 

эссесін оқытып, талдату.д 

-Қ.Мырза Әлидің «Не үшін» өлеңі бойынша пікір 

алысу. 

Екі көзің не үшін керек, жақсыларды көру үшін. 



Құлақ деген не үшін керек?Ақыл-кеңес тыңдау 

үшін. 


Екі қолың не үшін керек-Елге көмек беру үшін. 

Жақсылық жасау-жағдаяты-Ағымдық бақылаудан 

тиісті балын ала алмаған студент туралы.Көмек пен 

жақсылықтың айырмасы қандай?Өмірде біреуге 

көмектесіп көрдің бе?Еске түсір, өзің үшін, досың 

үшін бұл жағдайдың қандай пайдасы 

болды?Жақсылық жасаудың түрлерін еске түсіріп 

көріңіздер.Қиналғанда қол үшін беру, жылы сөз 

айту, жақсылық жасау, қаражатпен көмектесу, 

т.б.Арыстан мен тышқан  ертегісін еске түсіру-... 

Менің көмегім-эссе жазу. 

Ы.Алтынсариннің «Мейірімді бала» әңгімесі 

бойынша тұжырым жасау.Қамқорлық ұғымы 

бойынша пікір сайысын өткізу. 

Ж.Баласағұн «Ізгілік» («Құтты білік» дастанынан)-

өлең  мәніне зер салу. 

«Бірлесе көтерген жүк жеңіл»-өмірдегі 

жағдаяттарды еске түсіру.Орыс халқының 

«Шалқан» ертегісін еске түсіру.-сахналық көрініс 

жасау. 

Америка президенті Авраам Линкольн өмірі-



жағдаятты оқып, талдау. 

Қ.Бекхожин «Жүзі жылы жандарды» өлең мәнін 

ұғыну. 

«Шамаң келсе, ізгілік істе, ізқгілік пен әділдік 



өлмейді»-Сайф Сараи-пікір алысу. 

 

№3Шынайы бақыт  



сыры 

Өмірдің сәтті, қуанышты кездерін қадірлеу, кез 

келген жағдаятты дұрыс қабылдай білу, бақытқа 

қол жеткізу жолдарын таба білу және отбасының, 

ата-ананың, бауырлардың, айналадағы жақын 

адамдардың амандығы, жарды , үлкен адамдарды 

қадірлеу, олардың жақындығын сезіну бақыты, 

жеке бас қадірінің артуы,т.б. 

Семинар-Бақыт деген не екен? 

-бақыт сөзінің синонимдік қатарын еске түсіру; 

-жазушы Б.Бұлқышевтің «Бақыт» эссесінің 

мазмұнын еске түсіру. 

- бақытты болу, бақытты сезіну, бақыттан басы 

айналу, бақытқа қол жеткізу тіркестерімен жұмыс 

жасау, оларды әр жағдаятта қолдану.Шынайы 

бақыт, тағы қандай бақыттың түрі бар? 

«Сенің ең бақытты шағың»-еске түсіріп және сол 

сәттегі психологиялық көңіл күйіңді баяндап 



көру. «Өзін-өзі таныған, өмірдің мәнін түсінген 

адам ешқашанда сол қалпында қала 

алмайды»неміс жазушысы Томас Ман сөзін 

негізге алып көр. 

«Бақыт деген менің бала күндерім»деген ақын 

сөзіне талдама жасап көр. 



Түйіндеме: 

*Өзіңді өзің танымасаң,өз өміріңнің қандай 

екенін түсінбейсің. 

                                        ,айналадағы адамдардың 

өзіңе деген қарым-қатынасын да біле алмайсың. 

                                         ,өз қабілетттерің мен 

мүмкіндіктеріңді білмейсің. 

                                         ,өзіңді –өзің мақсатты 

түрде тәрбиелей алмайсың. 

                                        ,өзіңе зиянды нәрселерден 

аулақ бола алмайсың. 

 

№4 Махаббат қызық 

,  

мол жылдар 

Махаббаттың адам өміріне әсері, шынайы сезім  

құдіреті, құштарлық, сүйіспеншілік, құмарлық 

ұғымдарын ажырата алу және Жастар арасындағы 

қарым-қатынас, алғашқы сезім, бала махаббат, 

бала ғашық сырын сезіну,т.б.  

Семинар-Махаббатсыз дүние бос. 

-М.Ахатовтың «Арманға бірге барайық» өлеңін 

тыңдау. 

-Махаббатсыз дүние бос-пікіралысу; 

-Ш.Айтматовтың «Жәмила»повесінен үзінді оқу. 

- «Назар аударайық» айдарымен берілген ақпаратты 

оқу; 

-Әріп таңдау ойнын жүргізу.жауап жалпы 



адамзаттық құндылықтарға байланысты 

айтылады.мыс.Анаңды қалай жақсы көресің?жауап-

аяулым, ардақтым, асым,т.б. 

Жақын, достарыңды не үшін жақсы 

көресің?адалдығы, ақ көңілдігі үшін. 

Өмірде жақсы көру болмаса не болар еді?армансыз, 

аңқау, арсыз... 

Сауалдарға жауап:Жақсы көрудің мәні неде?» 

Бәрінің бастауы махаббат »дегенді қалай түсінесің? 

Жақсы көрудің қандай түрі бар? 

-Қ.Мырза Әли « Елге деген махаббат»-өлеңі 

бойынша пікір айту. 



-Ф.Оңғарсынованың «Жақсы көру»сөзін әнтаспада 

тыңдап, пікір алысу. 

М.Мақатаевтың «Бал ғашық» өлеңін әнтаспада 

тыңдау.Бала ғашық сөзіне талдама жасау. 

І.Есенберлин: «Мен адамдарды құрмет тұтам.Бірақ 

олардың Американы не бүкіләлемдік тартылыс 

заңын ашқандықтан немесе ғарышқа ұшуымен емес, 

тек таза көңілмен сүйе білу және жақсылық жасап, 

әділ бола білу, біреудің қайғысын бөлісе білуіне 

қарап .Өйткені адамды адам ететін  және мәңгілік 

ететін –махаббат, әйтпесе бәрі де опат болар 

еді.Тіпті, егер де ең ұлы ашылымдар болмаса да, -

бәрібір адамзат өмір сүрген болар еді.Ал егер 

сүйіспеншілік жоқ болса, ол тез арада жойлар еді.»-

пікірлесу. 

«Сен ғашық болып көрдің бе?»эссе жазу. 

«Біреуді жақсы көріп қалсакң, бүкіл дүние 

жарқырып, көңілді болып кетеді» пікірге қалай 

қарайсың:Махаббаттың құдірет күші неде?пікір 

алысу. 


М.Шаханов: «Өз туған жеріңе деген 

сүйіспеншілігіңдң ең алдымен отбасыңа, 

ауылдастарыңа арнамай тұрып, барша әлемді сүю 

мүмкін емес»-тұжырым айтқызу. 

Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» шығармасы 

бойынша мәтінмен жұмыс жасату-туған жерге 

сүйіспеншілік. 

М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Р.Сыздықова сөздеріне назар 

аудару, тұжырым жасау. 

Қ.Мырза Әли «Елге деген махаббат»өлеңін талдау. 

 

ІІ тарау. №5 Адам 

болам десеңіз... 

 Адамның өзін-өзі сыйлауы, қадірлеуі, дәріптеуі, 

өзіне-өзі есеп беру, өзінен-өзі ұялу, өзін-өзі 

тәрбиелеуі . Адамның өзін-өзі дамытуы, 

жетілдіруі. Адамның ақыл-ой қызметі негізінде алға 

қойған мақсатына жетудің оңтайлы жолдарын таба 

алуы. Ой-өріс кеңдігінің нәтижеге жетудегі мәні. 

Өмірде кездесетін қиындықты жеңу үшін қажетті 



тілектері мен мүмкіндіктерін шынайы түрде 

салыстырып пайдалана алу. Жігер, төзімділік, 

табандылық.т.б. 

Семинар –Адам болудың шарттары 

Абайдың «Адам болам десеңіз» өлеңіндегі 


шарттарды теріп оқып, талдама жасау. 

М.Шаханов «Міне, саған ойланатын келді күн» 

өлеңді оқып,бар жақсылық өзіңді өзің жеңуден 

басталады деген пікір бойынша ой алмастыру. 

Сөзі Ж.Молдағалиев, әні Ә.Бейсеуов «Адам бол, 

Адам»әнді тыңдап , пікір таластыру. 

-М.Мақатаев «Күндестік құрысын»өлеңін талдау, 

пікір айту. 

*Біреуді өкпелетіп ренжіткенде қандай сезімде 

боласың?Ал сені ренжіткен сәт есіңде ме, 

басқаларға деген реніш-назыңның себебіне үңіліп 

көрдің бе?Себебі өзіңде емес пе екен? «Ойланып 

көрейікші  бір сәтке біз, қалай ғана өкпелетіп, 

жүрекке із салдық біз...» өзіңнің «Менің не 

дейді?» пікір алысу. 

М.Мақатаев «Қандай рахат, Жүрейік достар, 

күнде өстіп» өлеңіне талдау жасау. 

Адам бойындағы асыл қасиеттерді Абайша 

таразылап көрейік-Бес асыл іс, көнсеңіз... 

«Кімде-кім өзін жеңсе, өз қорқынышын , өз 

жалқаулығын , өз сенімсіздігін  жеңсе, бұл өмірде 

сол жеңіске жетеді.»В.Суворов-дәйексөзді талдау. 

Кешірім туралы диспут-А.Бейсебай «Кешірімнің 

күші»әңгімені талдау. 



№6 Ар-ұждан– 

адамдық өлшемі   

Адамның азаматтық кескіні, өзін қоршаған орта 

(ата-ана, бауыр, атамекен, Отан) алдындағы 

жауапкершілігі және ана-ана, ел , дос, бауыр 

алдындағы парызы,халқына адал қызмет ету, 

Өмірде кездесетін қиыншылықтарды жеңе білу. 

Жігерлілік. Елжанды азамат тұлғасын 

қалыптастыру Өзара түсіністік, төзімділік, 

сыйластық, бір-біріне шыдамдылық таныту, 

адамдарды өз қалпында түсініп, қабылдай білу. 

Достық, бірлік, татулық, адамдардың ұлтын, дінін, 

ділін, нәсілін сыйлай, құрметтей білу, тату-тәтті өмір 

сүру. Адамның азаматтық айқындамасы, өз туған 

жері, Отанын сүйе білуі, мемлекеттік мәселелерге 

белсене араласуы, қоғам алдындағы жауапкершілігi, 

қызметі.. т.б. 

Семинар-Адами ар-ұждан  

-Академик, тюрколог ғалым А.Хайдардың ой-

толғауын оқыту, ойға жетелеу; 

-Т.Молдағалиев, Ә.Бейсеуов «Өмір жыры 



»әнтаспадан тыңдау.Сырға шому кезеңі. 

-Ізгі кісі портретін сомдау-«Ұстаз айтты» 

девизімен: 

Ізгі кісі мына ойды есінде ұстайды

-қараған кезде анық байқау

-естіген кезде дұрыс тыңдап алу; 

-өзінің бет-әлпеті тартымды ма? 

-сөзі шын ба? 

-іске дұрыс көңілмен қарай ма? 

-күмән туса, ақылдасуға дайын ба? 

-ашуланса, соңы теріске айналып кетпей ме? 

-К.Салықов «Әркімнің жастай құмар бар нақылы» 

өлңін талдау. 



Сабақты тұжырымдау-ойды жалғастырып , өз 

тұжырымын айту:(Өмірге келдім, анамды көрдім, 

деді ол маған..., Өмірге келдім, атамды көрдім, 

деді ол маған..., Өмірге келдім, ұстаздды көрдім, 

деді ол маған..., Өмірге келдім, даламды көрдім, 

деді ол маған... ) 



Өзіңе өзің есеп бер: 

-адамдар үшін адал қызмет етіп жүрмін бе? 

-мінез-құлқым жұртқа жайлы ма? 

-достарыммен қарым-қатынаста адалмын ба? 

-маған үйреткенді қайталап айтып, өнеге алып 

отырмын ба? 

Мен кіммін өзім, «менім» не дейді?эссе. 

Нарманбет Орманбетұлы : 

Адамға ұят, иман,сабыр-қазақ,  

Қанағат, рақым, шапағат, өмірге азық. 

Ақыл, ой-ар, намыстың күзетшісі, 

Бұған сенсең, кетпейсің жолдан азап.-өлең 

сырына үңілу. 

Шәкәрім «Талап пен ақыл»адами қасиеттер 

туралы ойға шақыру. 

Ұстаз тұжырымы-Жас адамдар ата-анасын 

ардақтауға, жасы үлкендерді сыйлауға, өз ісіне 

ыждғатттықпен қарауға,еліне сүйіспешілікпен 

қарап, адамдарды бір-бірімен жақындастыруға 

міндетті.Осы міндеттерді орындаған соң кітап 

оқысын. 


 

 

№7 Парыз – ұлт 

Өмірді шынайы қалпында қабылдай алу, 


іргетасы  

 

арманның адамды болашаққа жетелеуі.  Өз 

болашағын жоспарлай білуі, өзіне, өзгеге, өз 

болашағына үміт артуы ақиқат, шындыққа көз 

жеткізуге тырысу. 

Семинар-Адами парыз. 

О.Әубәкіровтің «Аман бол, адамдар»өлеңін 

үнтаспадан тыңдап, пікір айту. 

-парыз сөзіне түсінік айту-адам кімнің алдында 

парыз? 


-Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым 

деп»сөзіне назар аударту, пікір айтқызу. 

-Адамның өзін-өзі тануы, білуі, зерттеуі, 

тәрбиелеуі -парыз. 

-«Мен кіммін», «Менің тұлғалық сипатым 

қандай?», «Менің бойымдағы жағымды, 

жағымсыз қасиеттер қандай, жақсыны дамытып, 

кемшілігімді жоя аламын ба?»пікірлесу. 

- Адам бойындағы асыл қасиеттерді Абайша 

таразылап көрейік-Бес асыл іс, көнсеңіз... 

«Менің азаматтық парызым» -эссе. 

Біз даналықты үш жолмен үйренеміз:ойлану-ең 

ізгі жол;еліктеу-ең жеңіл жол;тәжірибе жолы-ең 

ауыр жол.Бенедикт Спиноза. 

 

№8 Арман – жарқын 

болашақ бейнесі 

Адам бойындағы қабілеттілік, табиғи дарын. 

Бейімділік пен икемділік. Адамның қоғамдағы, 

күнделікті өмірдегі іс әрекеттерін белгілі-бір 

қалыпқа түсіретін ішкі рухани реттеуіш қадір-

қасиеті. Көңіл, ниет тазалығының қарым-

қатынастағы мәні. 

Семинар-Мен армандаймын, арман мақсатыма 

жеткізеді. 

-Талаптың мініп тұлпарын ,Тас қияға сермедім-

Абайша сырласайық.. 

-Арман , шіркін, көк дөнен, шабасың да кетесің-

ақын нені тұспалдайды? 

-Арманды шындыққа жеткіер не нәрсе?-пікір 

алысу. 

«Арман, арман »әнін тыңдап , тұжырым жасау. 



Арманнан басталған ақиқат-Халық ауыз 

әдебиетіндегі арман көрінісі-пікір алысу. 

-Арманы жоқ адамның ертеңі жоқ-халық 

нақылының өзегі неде? 



-«Менің арманым»-эссе. 

Күшіңе, өзіңе , жүрегіңе сенбесең, құр арманның 

пайдасы не?пікірлесу. 

 

 

 

ІІІ тарау. №9  



Отбасы-өмір өзегі 

Отбасын құрудың басты мүддесі, шаңырақ 

құрудың жауапкершілігі, ата-ананың ұрпақ 

алдындағы, ұрпақтың ата алдындағы міндеттері 

мен парыздары. Өз жауапкершілігің , өзіңді 

өзіңнің бағалауың, өзіңе сенімділігің, өзіңнің 

түрлі жпғдаяттарда жол табуың, өмірдің түрлі 

қиындықтарына төзіп, өз жауапкершілігіңді 

жігерлі ұстауың, өз «Меніңнің» мықтылығын 

танытуың туралы. 

Семинар-Жарасымды өмір салтанатының бірі-

үйлену, бала сүю. 

 -Отбасы-шағын мемлекет-пікір алысу. 

«Үйлену оңай, үй болу қиын» мақалының сыры 

неде? 

-М.Шахановтың «Жас жұбайлар» әнін тыңдап, 



пікір айту. 

-Жанұя алдындағы жауапкершілікті білесің бе-

пікірлесу. 

Отбасы алдындағы міндеттер мен парыздар 

туралы пікірлесу. 

-ҚР «Мемлекет және Отбасы » заңы туралы 

пікірлесу. 

-Өзіңді өзің тануың мықты болса, өмір 

өткелдерінде сенімің күшті болып,азамат ретінде 

өзіңді көрсете аласың.танысу, жолығу, үйренісу, 

жарасымды жұбай болып қалыптасу-өзіңді өзің 

танудан басталды.Сондықтан әуелі Өзіңді өзің 

таны!  

 

№10 Дәстүр 



жалғастығы-ұлт 

болашағы                                                 

Ата кәсіп туралы.Ата-бабадан жалғасқан дәстүр, 

жөн-жоралғы, салт-дәст.р туралы. Ата кәсіби 

шеберліктің сыры, қыры.Шын кәсіп иесінің 

қасиеті.Еңбектенген, тәжірибелі жанның іс-

әрекеті. Қазақ халқының салт дәстүрлерінің халық 

ауыз әдебиеті үлгілеріндегі көрінісі.Тұрмыс-салт 

–қазақтың ұлттық ерекшелігінің басты көрінісі. 

Семинар-Ата салтты жалғастыру  өз қолыңда. 


-Талант  бір пайыз, еңбектену тоқсан тоғыз 

болғанда ғана шынайы кәсіп иесі боласың деген 

пікірмен келісесің бе? 

-ұлт  мәртебесі дегенді қалай түсінесің? 

-ата кәсіп- өзің сүйген кәсіп.Патшаның тарихы-

аңызын талдау.Өз кәсібін жанындай сүйген патша 

туралы ақиқат туралы. 

Өзіңе сен, өзіңді алып шығар ,ақылың мен 

қайратың екі жақтап-Абай сөзінің құдіреттілігі 

туралы. 


«Менің салт –дәстүрім-жанымның бір бөлшегі» 

эссе.  


 

 

 



 


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет