Желтоқсан



бет16/22
Дата10.03.2023
өлшемі442 Kb.
#73035
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
серуен 2ыс - копия

Қимылды ойын
«Екі аяз»
Мақсаты: тәрбиеші белгісі бойынша әрекет ете білу және назар аудара білу дағдыларын дамыту.
Жаттығу ойындары «Байқап өт».
Мақсаты: заттар арасынан, оларды құлатпай ирелеңдеп жүруге үйрету.




Ақпан
Серуен № 1
Қар тазалайтын машина жұмысын бақылау
Мақсаты:

  • Ауыр жұмыстарды орындауға арналған машиналар ролі, олардың құрлысының ерекшеліктері туралы түсініктерін молайту,

  • Техникаға деген қызығушылықтарын арттыру, үлкендер еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.

Бақылау барысы
Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады
Бұл неткен күшті тазалаушы еді,
Үйілген қарды
Әп- сәтте жинап алды? (қар жинайтын машина)
Қар жинайтын машинаның алдына үлкен қырғыш бекітілген. Алдыңғы және артқы дөңгелектерінің ортасында түкті дөңгелек щетка айналып тұрады.

  • Олар неден жасалған? (темір сымдардан)

  • Олардың қылшықтары қандай? (қатты, тікенекті)

  • Ал, мына екінші машинаға назар аударыңдар, оның несі бар? (үлкен екі бұрандасы бар)

  • Бұл бұрандалар не істейді? (еттартқыш сияқты қарды іліп алады да, қарды алысқа лақтыратын желдеткіш астына апарады, ол қарды алысқа лақтырады)

  • Бұл машиналар несімен ұқсас? (екеуі де көшені қардан тазалайды)

♦ қар тазалағыш машиналар көліктің қай түріне жатады? (арнайы көлік түрлеріне)
Зерттеу жұмысы
Қар тазалайтын машина мен «Жедел жәрдем» машинасын салыстыру
Еңбек Алаңды қардан тазалау, қардан көше қиылысын құрастыру
Мақсаты:

  • Бірлесе жұмыс істеуге, бастаған істі аяқтауға үйрету;

  • Еңбек дағдыларына тәрбиелеу.

Қимылды ойын
«Аңшылар мен аңдар»
Мақсаты:

  • Қозғалыс дағдыларын бекіту;

  • Батылдықтары мен ептіліктерін дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет