Жемістердің классификациясы жіктелуі. Эпокарты және ценокартты жемістер морфологиясы



бет2/3
Дата08.12.2023
өлшемі2,6 Mb.
#134919
1   2   3
Байланысты:
Жемістердің классификациясы жіктелуі

Жеміс серігі

  • Нағыз жеміс гүлдің тек түйінінен өсіп шығады. Мұнда гүл түйінінің қабырғасы (керегесі) қалындап барып етженді жеміс қабырғасына айналады, оны ботаникада жеміс серігі, жеміс еті немесе перикарпий деп атайды. Өсімдік түріне қарай жеміс серігінің құрылысы түрліше болады. Жеміс серігі — экзокарпий, эндокарпий және мезокарпий деп аталатын үш түрлі қабаттан тұрады. Бұлар әсіресе етті жемістерде (мысалы: шие, өрік, шабдал, алхоры және басқаларында) айқын көрінеді.
  • Экзокарпий — жеміс серігінің ең сыртын қаптап жатқан бөлімі. Бұл кейбір өсімдік жемісінде түрліше түсті, жылтыр, балауыз жүғыны бар (шомырт, алхоры, жүзім, т.б.), ал кейбіреулерінде түкті де (шабдалы) болады.
  • Эндокарпий — жеміс серігінің ішкі қабаты. Бұл да өсімдіктің түріне қарай әр қилы болады. Ол кейбір өсімдікте қатайып, сүйекке айналып кетеді (өрік, шие, алхоры, т.б.), қайсыбірінде жүп-жұқа ғана үлпек болып қалады (бұршақ тұқымдастардың жемісінде).
  • Мезокарпий — экзокарпий мен эндокарпийдің екі арасында орналасқан жеміс серігінің негізгі бөлімі. Бұл кейбір өсімдік жемісінде онша жақсы жетілмейді, жүқа ғана қабатқа айналып қалады (бұршақ тұқымдылар жемісінің ортаңғы қабаты), кейбір өсімдікте жақсы жетіледі, етженді және шырынды болады (өрік, шабдалы, алхоры, алша, шие, т.б.) Мұндай жемістерді көбінесе сүйекті жеміс немесе етті жеміс деп атайды.

Шырынды жемістер

  • Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды. Мысалы: қызанақ, қарлыған, алқа, жүзім, қарақат, картоп, баклажан жемістері. Жидек тәрізді жемістер – көп ұялы, көп тұқымды. Жемістің сыртқы қабатында эфир майны көп, сары, қызғылт – сары түсті. Ортаңғы қабаты мақта тәрізді борпылдақ, кебу, ақ түсті. Сыртқы қабаты мен ортаңғы қабаты бірігіп жеміс қабығын түзеді. Ішкі қабаты етті, қалың, шырынға толы. Мұндай жемістілерге – апельсин, мандарин, лимон жатады, өзінше гесперидий (померанец) тобына жатқызады. Асқабақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің жемістері жидек тәрізді делінгенмен, өз алдына асқабақты жемістер деп аталады. Оларға: қияр, қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Алма жемісінің түзілуіне жатыннан басқа гүлтабаны, тостағанша мен күлтенің түбі, аталықтың төменгі бөлігі қатысады. Алма 5 ұялы жатыннан дамитындықтан жемісінің ішкі бөлігі қатты болады, әр ұясында 2-ден тұқым орналасады. Сыртқы қабаты шырынды. Сондықтан алма өзінше «алма жеміс» деп аталады. Алма жеміске: алма, алмұрт, беже және т.б. жатады. Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті – шырынды, ішкі қабаты – қатты сүйектенген. Бір тұқымды жемістерге шие, алхоры, өрік, шабдалы және т.б. жатады. Сүйекті жемістердің құрғақ түрі де кездеседі, мысалы, бадам, грек жаңғағы, кокос пальмасы және т.б.

Қарлыған (жидек) Жүзім (жидек)
Шырынды жемістер.
Алма Шие (сүйекті шырынды) Алхоры (сүйекті шырынд)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет