Жемістердің классификациясы жіктелуі. Эпокарты және ценокартты жемістер морфологиясы



бет3/3
Дата08.12.2023
өлшемі2,6 Mb.
#134919
1   2   3
Байланысты:
Жемістердің классификациясы жіктелуі

Құрғақ жемістердің бөлінуі

Құрғақ жемістердің

  • Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүректенген, құрғақ (кебу) болады.
  • 1. Бұршаққап бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. Тұқымдары жеміс жақтауының жиегіне бекиді. Піскенде екі жағындағы жіктері (тігістері) өздігінен қақырап ашылып, тұқымдары сыртқа шашылады (асбұршақ, беде).
  • 2. Бұршаққын қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. Тұқымдары пердеге бекінеді. Піскенде жемістің қос жақтауы төменгі жағынан бастап қақырайды. Жемістің бұл түрі қырыққабат, шомыр, шалқан да болады. Ұсақтау түрі бұршаққынша деп аталады.
  • 3. Қауашақ – бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды. Түріне қарай қақырау жолы да түрліше. Мысалы, меңдуанада қауашағының қақпақшасы ашылады. Сасық мендуана, сүттіген, шегіргүлде, қызғалдақта жіктері шытынап, ұзынынан жарылып қақырайды.
  • 4. Қанатты жеміс – жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. Жел арқылы таралады (үйеңкі, шегіршін, қайың, шаману және т. б.).
  • 5. Дәнек – бір тұқымды жеміс. Тұқымы жеміс серігімен тұтасып бірігіп кеткен. Бидай, жүгері, арпа, тары, күріш жемістері дәнек деп аталады.
  • 6. Тұқымша – дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқымымен бірікпеген. Көбінде үлпек айдаршасы болады (бақбақ, күнбағыс, қалуен, өгейшөп, таусағыз, кекіре).
  • 7. Жаңғақ жемістің жеміс серігі ағаштанып қатайып кетеді. Тұқымдары жеміс серігімен бірікпей бос жатады (емен жаңғағы, жаңғақша және т. б.).
  • 8. Жинақталған жемістер. Жинақталған жемістер (сборные плоды) бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген. Құлпынай (клубника), итмұрын жемістері шырынды болып көрінгенімен құрғақ, көп жаңғақшалы жинақталған жеміске жатады. Жаңғақшалары шырынды гүлтабанының (гүлтұғыры) ішінде жеке-жеке орналасады.

Құрғақ жемістер


Қауашақ (мақта) Бұршаққап (асбұршақ) Бұршаққын (қырыққабат) Бидай дәнегі
Жинақталған жемістер

Қорапша немесе қауашақ — кемінде екі не онан да көп жеміс жапырақтан пайда болған, көп тұқымды, бір немесе көп ұялы болатын құрғақ жемістің бір түрі. Қорапшаның немесе қауашақтың қақырау жолы өсімдік түріне қарай әрқилы болады: кейбір өсімдіктің қауашағының қақпақшасы (меңдуана, қараот, мыңтамыр), қайсыбірінің төбесіндегі тесіктері (қызғалдақ, есінек, қоңыраубас), ирекшелері (кейбір қалампырлар, наурызгүл) және бір тобының жоғарғы жағынан бастап, төменге қарай тартылған жіктері (сасық меңдуана, сүттіген, қоғажай) арқылы шытынап барып қақырайды.


Назарларыңызға рахмет !!!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет