Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет53/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65
- міндет. Бұрылыс арқылы жүгіру техникасы.

Бұл техниканы меңгеру кезінде стадионның жүгіру жолында радиусы 20-10 м шеңбер бойынша әртүрлі жылдамдықтағы жүгірістер қолданылады. Оқыту барысында вираж арқылы дененің бұрылысқа қарай еңкеюін және бұрылыс
жақтағы емес қолдың кеңірек және көбірек, яғни денеге көлденең жұмыс істегенін қадағалау қажет. Кеуденің шеңбердің ішіне еңкеюі жүгірістің жылдамдығына және бұрылыстың тіктігіне байланысты. Аяқ табанын бұрылысқа қарай ұшымен бұрған жөн. Әрі ішке қарай бұрылыс жақтағы аяқ емес, екінші аяқ көбірек бұрылады. Бұрылыстан кейін тура жүгіру кезінде жылдамдықты сақтап, еркін кең құлашты, адымды жүгіріске назар аударған дұрыс.
Бұл әдістің жетістігі көбінесе жаттығушылардың тура жүгіруді қалай меңгергендеріне байланысты. Егер вираж арқылы жүгірген қиын түсіп жатса, онда тура жүгіру жаттығуларына оралған дұрыс.

  1. міндет. Жоғарыстарт және старттық шапшаңдық техникасын үйрету.

Жоғары старт техникасын үйрету берілген жүгіруді көрсетуінен басталады. Кейін жүгірушіге «Сөреге!», «Марш!» командасы кезіндегі негізгі тұрысы және старттық ұмтылысының ерекшеліктерін үйретеді.. Жаттығушылар тобына бірден старттық тұрысты оқып алған дұрыс. «Сөреге!» командасы бойынша жаттығушылар бір немесе бірнеше қатарға тұрып, старттың басты дене тұрысын сақтайды. Оқытушы барлық жаттығушыларды қарап шығып, қажет болған жағдайда оларды дұрыстайды. «Сөреге!» командасы бойынша жаттығушылар белгілі бір бөлікті жүгіріп, қайта келеді. Үйренудің алғашқы кезеңінде жаңа бастап жүрген спортшылар тұрақты дене қалпын сақтап үлгеру және уақытылы ыңғайлы қалыпта белгі арқылы жүгіруді бастау үшін алдыңғы және орындалған командалардың арасындағы кідірісті созуға болады. Кейін бұл кідіріс қысқартылады .
Сөреден шығу және сөрелік шапшаңдыққа үйрету барысында алдымен жаттығушылар жеке-жеке жарысады. Оқытушы қашықтыққа жүгіруге көшкенде қолдардың жұмысына, белсенді итерілуіне, еңкеюдің сақталуына және кеуденің дер кезінде тіктелуіне назар аударады.

  1. міндет. Мәреге жету техникасын үйрету.

Мәреге жету – бұл жылдамдықты азайтпай соңғы 10-15 м қашықтықты өтетін жүгіріс. Мәреге жету техникасының таныстырылуы мәре жолағын кесіп өту тәсілін баяндау арқылы және жүгірушінің өзіндік қалпын көрсету арқылы өтеді. Мәрелік ырғудың техникасын үйрету кеуденің алға еңкеюі мен қолды артқа бұрып жіберуден және аяқты алға қоюдан басталады. Бұл қозғалыстарды кеуденің бұрылысымен, мәре жолағын оң немесе сол иықпен қиып өту арқылы орындауға болады, бірақ секірмеу және құламау керек. Жүрістегі мәрелік ырғудың дағдысын меңгеріп алған соң, оны үйренуге көшуге болады.

  1. міндет. Жалпы жүгірістехникасы мен жаттығушылардың жеке ерекшеліктерін жетілдіру.

Орта және ұзын қашықтыққа жүгіру техникасыноқыту барысында жаттығушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап, олардың жалпы жүгіру техникасын жетілдіру жолдарын айқындау қажет.
Жетілдіру барысында физикалық дайындығының деңгейін арттыруына және жүгіру техникасындағы қателіктерді жоюға көмектесетін арнайы дайындық жаттығуларына көп көңіл бөлген дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет