Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Спорттық жүріс техникасын үйрету әдістемесі



бет51/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Спорттық жүріс техникасын үйрету әдістемесі.

Спорттық жүріс жеңіл атлетиканың бір түрі болып саналады және кәдімгі жүрістен техникасымен ерекшеленеді. Бірақ, алдымен бұл әдістемеге көшпей тұрып, кәдімгі жүрістің кемшіліктерін (жүрісі, келбеті) түзеткеніміз дұрыс. Жеңіл атлетикадағы бұл түрінің бағалау критерийі - табиғилық және үнемділік болады.


Спорттық жүріс техникасын үйрету жайындағы сұраққа шешім табу үшін, міндеттері мен мақсаттары бар әдістер ұсынылады.
1 - міндет.Спорттық жүріс техникасымен таныстыру.
Спорттық жүріс техникасын оқытушы көрсетеді.Оқытушы қимылды асықпай, баяу жылдамдықпен көрсетіп түсіндіреді. Үйренушілердіспорттық жүріс техникасын түсіндіретін оқытушыны алдынан, жанынан және артынан көре алатындай орналасулары керек. Үйренушілерге спорттық жүріс техникасын
үйрету барысында оқытушы кинопленкада түсірілген қимыл- қозғалыстарды көрсеткені жөн.
Жүріс техникасының көрінісінен кейін, жаттығушылар өздері 2-3 рет 50-80м. өтулері керек. Оқытушы үйренішілердің жіберген қателіктерін көрсетіп, кемшіліктерді қалай жоюдың нұсқаларын айтуы керек.

  1. міндет. Спорттық жүріс кезіндегі аяқ және жамбас қозғалыстарын үйрету.

Бұл жердегі негізгі әдіс- баяу жүріс. Түзу қойылған аяқ дене бұрылысымен және қол қозғалыстармен бір уақытта жерге қойылады. Одан ары қозғалыс жылдамдығы, ең алдымен, қадам жиілігі арқылы біртіндеп артады.
Аяқты жылдам сілтеп басуды үйреткр алдында ―ұсақ-ұсақ аттау‖ жүрісі орындалады (60-80 см қадам), шеңбер бойымен жүру(диаметр 5-6 м) және ―иреңделген жүріс‖(2-4 метр оңға, содан солға). Бұл жаттығулар жүгіретін жолдың ақ сызықтары бойынша немесе сызылғын сызық бойынша кезектеседі (50- 60м).
Жамбаспен бұрылуды үйрету үшін иық және жамбастың қарама-қарсы бұрылу қимылдары қолданылады (иық оңға, жамбас солға және керісінше), «бұралаңдаған» жүрісте оң аяқтың қозғалысы алға емес, солға және керісінше жасалады
Барлық аталған жаттығулар техникның жеке элементтерін меңгеруіне байланысты оқыту барысында бірнеше рет қайталанады.

  1. міндет.Спорттық жүріс кезіндегі қол және иық қозғалыстарын үйрету.

Спорттық жүріс уақытында қол тік немесе доғал бұрыштабүгіліп тұрып, тура қозғалу керек. Иықтың түсіп тұруын, ал қолдың емін-еркін қозғалысын қадағалаған жөн.
Бұл мәселені шешу үшін келесі жаттығулар ұсынылады:
«қол иықтың немесе бастың артына» қойып жүру; қоларын алдына қойып жүру; таяқпен жүріс, таяқ шынтақ буынында,иықта немесе арқаның артында орналасады.
Егер қолдың жұмыс амплитудасын көбейту мақсаты тұрса, онда қолды түсіріп жүру ұсынылады. Көрсетілген жаттығуларда жүрістің қашықтығы 100-150 м. Жаттығулардың қайталау саны, оның дұрыс орындалуынан және қозғалыс жылдамдығын меңгеруіне байланысты.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет