Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет50/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Реттілік принципі бойынша «меңгерілгеннен - меңгерілмегенге», «қарапайымнан күрделіге» ережесіне сүйенеді.
Қозғалысқимылының техникасы, әрқашан үйреншікті, жаттанды қимылға жүгінеді. Сондықтан қарапайым қимыл- қозғалыстардың қатарын көбейту қажет. Техниканың жаңа түрлерін үйренгенде сол қимылдарға жүгіну керек.
Қарапайымдылық пен күрделілік координациялық күрделілікке ғана байланысты емес, сонымен қатар қозғалыс қимылдарын орындау үшін физикалық күш жұмсауға да байланысты. Сондай-ақ, қозғалыс қимылының психологиялық факторын, әсіресе, қорқыныш, үрей сияқты сезімдерді жеңу кезінде ескеру керек.
Біртіндеп принципіүйрену барысында физикалық салмақ қа және орындалатын қозғалыс қимылы техникасының күрделенуіне тікелей байланысты.
Үнемі есте сақтау керек: шамадан тыс салмақ түсіру жаңадан үйреніп жүргендердің ағзаларына теріс әсер етеді. Сондықтан олар үшін оңтайлы жүктеме іріктеу керек.
Біркелкі, үнемі қолданатын жаттығуларға ағза бейімделіп алады да оларды жасаудың тиімділігі төмендейді. Қозғалыс диапазонын кеңейту үшін әртүрлі, бірақ құрылысы жағынан ұқсас жаттығуларды жасау керек.
Біртіндеп принципін үйрену процесінде секірмелі қимылдар болмау керек. Бұл принциптің негізгі постулаты – меңгерілген
қимылдан келесі қимылға біртіндеп көшу, кейде өткендерді қайталап, үйретілмеген немесе нашар үйретілген қимылдарды жіберіп алмау керек. Өйткені мұндай қимылдар келесі қимылдарды өткенде теріс әсер етпей қоймайды.
Даралану принципі бойыншаүйренушінің жеке ерекшеліктері ескеріледі, яғни дайын болу дәрежесі, жынысы мен жас ерекшеліктері, жеке тұлғаның анатомиялық- физиологиялық, психологиялық ерекшеліктері және педагогтың жеке үйрету стилі. Үйретудің алғашқы кезеңінде, үйренушілер әлі де өз қабілеттерін көрсетпеген кезде топтық жұмыстар тиімдірек болады. Қозғалыс қимылдары қарапайым және топ меңгеріп алып жүргенде ешкім ерекшеленбейді.Әріқарай қимылдарды тез және жақсырақ орындай бастағанда біртіндеп жеке жаттығуларға көше бастайды. Қозғалыс қимылдарын үйренгенде жыныс ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет