Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет13/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65
Мәре сызығыннан өту. Орта және алыс қашықтыққа жүгіруде, әдетте, желаяқтар соңына қарай мәрелік тастау қолданады, немесеспурт(жылдам жүгіріп өтеді), 150 – 200 м құрайтын ұзындық желаяқтың қашықтығына және мүмкіндігіне байланысты. Мәре сызығынан өту уақыты жақындағанда жүгіру техникасы біраз өзгереді: дене алға қарай көбірек бүгіледі, қолдың қимылының белсенділігі арта түседі. Мәренің соңғы
метрлерінде қимылдау техникасы сәл нашарлауы мүмкін, себебі, шаршай бастайды. Шаршау жүгіру жылдамдығында байқалады: қимылдау жиілігі төмендейді, тірек уақыты ұлғаяды, итерілудің жылдамдығы мен мықтылығы төмендейді.
Жүгіру техникасы мен жүгіру адымының құрылымы барлық қашықтықта сақталады, спортшының кинематикалық және динамикалық мүмкіндігіне байланысты тек қана ұзындық пен адымның жиілігі ауысады.
Кросстық жүгірудің ерекшелігі және техникасы

Кросстық жарысқа қатысу үшін, әсіресе, жаңадан бастаған спортшылар мен мектеп оқушыларына арнайы дайындық қажет. Жұмсақ грунт, жергілікті жердің ойлы-қырлы жолдары, әр түрлі бөгеттерден өту, осындай жағдайлар кросстық жүгірудің техникасын айқындайды.Кросстық жүгіру адымының құрылымы жағынан орта қашықтыққа жүгіру әдісіне ұқсайды. Аяқты қою грунтқа байланысты, яғни жердің сапасына байланысты (ол жер шөп, құм немесе асфальт болуы мүмкін). Негізгі мақсат – жүгіру жылдамдығы мен мықтылығын сақтай отырып, жарақат алмау. Жоғарылау мен төмендеу марафондағыдай болады, тек қана биіктен төмен түскенде ағаштарды, шөптерді қолмен ұстап жүгіріп түсуге болады. Горизонталды бөгеттерде (шұңқырлар, канавалар, жарларда)аяқтан-аяққа секіруді қолданады. Тік кедергілерді, аяқ пен қолды тірек етіп кедергі адымымен өтеді (бөгеттің биіктігіне байланысты). Есте сақтарлығы, бөгеттерден өту уақытында дем алу ритмі қиындайды, оны қысқа уақыт ішінде қайтадан қалпына келтіру қажет. Сонымен қатар, жұмсақ немесе сырғанақ жолда аяқ артқа сырғанамау үшін, адымды қысқартып жүгіруді есте ұстау керек. Осындай әдіспен кросстық жүгірудегі жарыста әдеттегі жүгіріске қарағанда жоғарғы деңгейдегі мықтылық пен жан-жақты бөгеттен өту жолдарын, жарыс уақытында болған жағдайды дұрыс әрі жылдамдықпен шешуді талап етеді.


Кросстық жүгіруден халықаралық жарыс 12 км өтеді.
Кросстық жүгіру дегеніміз – дөңес, кедергілер кездесетін жүгіруді айтамыз. Тауға жүгірген кезде табан ұш жағымен қойылып, аяқ жедел қойылады, адым қысқартылады. Бөренеден өткен кезде табан үстінен нық қойылады. Құм жермен өткенде аяқ тез қозғалып көп күшті қажет етеді.Жұмсақ немесе тайғақ жерлерде адымды қысқарта алған нәтижелі болады, аяқ артқа таймауын есте сақтау керек.. Сөре және сөрелік қозғалыс
«Сөреге!» деген бұйрық берілгенде жүгіруші сөре сызығының іш жағында тұрады, итеретін аяқ сөре сызығының қасында, ал сермелетін аяқ жарты адым артта, денені алға еңкейтіп сәл алға жылжиды, аяқ бүгулі, осы қалып тепе-теңдікті және ыңғайлықты талап етеді. Тұру қалпы екі түрге бөлінеді: қолды жерге тіреп және тіремей.
Дыбыс берілгеннен кейін спортшы жүгіруді бастап, жолдың іш жағынан орын алуға тырысады. Сөреден еңкейіп жедел қимыл жасайды. Дене бірте – бірте көтеріліп бір қалыпты жүгіруге көшеді.
Дистанция бойымен жүгіру, сермеу адымымен басталып, тұрақты адым ұзындығы және жылдамдығы жүгірушінің жекелеген қасиеттеріне - бойына аяқ ұзындығына, жылдамдығына, тыныс алуына жалпы шеберлігінебайланысты,. Аяқ жұмысы. Жүгірудің негізгі элементтері – артқы аяқтың итерілу сәті,жүгіру жылдамдығына, итерілу күш-қуатына және итерілу бұрышына байланысты. Итерілу тек алға бағытталып, дененің бүгілуімен үйлестіріледі. Әдісті жіктеу үшін бейне материалдар қолданылады. Жіктеуде мына шарттарды орындау керек: итерілетін, сермелетін аяқтың қозғалысы, итерілу, ұшу фазасында жүгірушінің дем алуы, санның бір-біріне таяп алшақтауы, табанның жерге қойылып
итерілуі.
Қол қозғалысы. Қол қозғалысы аяқ қозғалысымен үйлесімді, ырғақты қозғалуда болады, қол тепе-теңдікті сақтап отырып, жылдамдықтың азаюына, көбеюіне өз үлесін қосады. Жүгіру кезінде қол шынтақтан бүгіліп, тік бұрышты тәріздес,
саусақтар бос, сәл қосылған. Қол қозғалысы босаңқы алға қозғалғанда иек тұсына дейін, артқа қозғалғанда сәл сырт жаққа бағытталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет