Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


«Фосбери – флоп» әдісімен секіруді оқып –үйрену



бет34/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

«Фосбери – флоп» әдісімен секіруді оқып –үйрену

«Фосбери-флоп» әдісімен секіруді оқып үйрету үшін жұмсақ паралон маталары қажет. Жүгіріп келіп «фосбери флоп» әдісімен биіктікке секіру техникасын тиімді меңгеру үшін, жаттығушылар бастапқы дайындықтардан өтуі керек. (жүгіру, жылдамдықпен жүгіру, секіру). Сонымен бірге олар акробатикалық дайындықтың бастапқы курсынан өтсе, тіптен жақсы болар еді. Содан кейін ғана, оқып үйретуді бастауға болады. Төменде «фосбери флоп» әдісімен биіктікке секіру техникасын үйретудің реттік тәртібі келтірілген.


12а-сурет <<Фосбери-флоп >> әдісімен биіктікке секіру


әдісі


Нәтижелі серпілу үшін ЖОМ-ның екпін алудың соңғыекі адымында төмендеудің нәтижесі зор,секіруші доға бойымен жүгіргенде тізе буыннан сәл бүгіледі, яғни жүгіруші жоғарғы қалыпты сақтайды.Орта күш әрекетінен пайда болатын қосымша күшке қарама-карсы тұруына байланысты. Доғамен жүгірген жылдамдықтың өсуіне байланысты, серпілетін аяқты алға қою үшін ДОМ төмендету керек, себебі басқа жағдайда аяқ үстінен ұрып қойылады,М.Румянцованың тұжырымы бойынша,ДОМ-ды төмендету керек ,соңғы адымдарды «үш бұрыш» принципін қоюды ұсынады.(13сурет)

  1. сурет. а)биіктікке секіру фосбери-флоп; б) жылдамдық алу үш бұрышы, a жәнә b- соңғы бірнеше адым, h-үш бұрыштың биіктігі




  1. - тапсырма: жаттығушылардың жүгіріп келіп «фосбери флоп» әдісімен биіктікке секірудің техникасымен танысу.

Құрал жабдықтар: 1. Секіру техникасын көрсету. 2. Көрнекті құралдарды көрсету: кинограмма, кинокольцовка және басқалары. 3. Секіру техникасының негізгі шарттарын түсіндіру.

  1. - тапсырма:Жүгірубарысында доға үлгісімен секіру техникасын үйрету.

Құрал жабдықтар: 1. Радиусы 12-15м шеңбер бойымен жүгіру. 2. Доға қисығын 12-15м ден 10-8м ге дейін бірте-бірте қысқарта отырып шеңбер бойымен жүгірту. 3. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып, соңғы 3-5 адымда доға бойынша жүгіруде жылдамдықты арттыру. 4. Түзу жолмен жүгіріп келе жатып бірте-бірте соңғы 3-5 адымда жылдамдықты доға үлгісі бойынша арттыру.
Әдістемелік нұсқау: жаттығушы шеңбер бойымен жүгіргенде оның орталық нүктесі денені иіңкіреп жүгірудің дұрыс техникасын меңгереді, оқытушы бұл жағдайда еңкеюдің иықпен емес бүкіл денемен жүзеге асырылатынына назар салуы қажет. Бұл жерде аяқты баппен бүгу және бос аяқты бөкседен алға қарай қозғалтып аяқпен табанды жұмысқа қосып жүгіру техникасын игереді. 1 және 2 жаттығуларды орындағанда қолмен дұрыс істеуі қажет.Қолдар ассиметриялық қозғалысты орындайды – «сыртқы» қол алға қарай жіберіліп қана қоймай, денеге көлденең жіберіледі де, ал «ішкі» қол бұл бұл жағдайда көбірек артқа жіберіледі. 3 және 4 жаттығуларды орындағанда жоғарыда көрсетілген қозғалыстарды жүгіріп келе жатып және доға бойынша жүгіргенде игеру қажет. Сонымен бірге жаттығушы доға бойынша жүгіргенде жылдамдықты арттыруын назарға алуы қажет.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет