Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік



бет46/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65
Дискті лақтыру техникасына үйрету әдістемесі.

Дискті лақтыруды үйрету реті толығымен ядроны итеруге үйрету ретіне ұқсас. Дискті лақтыру техникасының ерекшелігі алдын ала және мәрелік қозғалыстар бұнда айналмалы алға бағытталған қозғалыстар. Дискті лақтыруды үйретуге кіріспес бұрын, үйренушілердің айналмалы қозғалыстарға дайындығы жеткіліксіз екендігін ескеру керек, арнайы дайындық пен қажетті сақтық шараларын талап етеді. Сонымен, сабақтарда кездейсоқ зақымдардың алдын алу үшін дисктерді тек бір бағытта ғана лақтырады. Сабақтарға арналған орындар, сонымен қатар лақтыруға арналған шеңберлер, мүмкіндігінше, бір бірінен алшақ орналастырылады немесе тормен қоршалады. Топтық оқыту кезінде лақтыру және снарядтар алу үшін алаңға шығу кезектілігін нақты бекіту керек.


1-міндет. Дискті лақтыру техникасымен таныстыру.
Оқытушы дискті лақтыру техникасын қысқаша түсіндіреді және толық айналыммен дискті қалай лақтыру керектігін көрсетеді. Қозғалыстарды қайталап көрсету кезінде оқытушы баяу ырғақпен орындайды және өте маңызды тұстарда тоқтайды. Көрсетілім қысқа түсіндірулермен және көрнекі құралдарды көрсетумен толықтырылады: кинограммалар, пла- каттар, суреттер, фотосуреттер және бейнефильмдер. Дискті лақтыру әдістеріне үйрету бірінші практикалық сабақтан басталады.

  1. міндет. Дискті ұстау мен жіберуге үйрету.

Дискті ұстау мен қағып алуды алдымен оқытушы түсіндіріп көрсетеді. Дискті өзіндік ұстау әдісін саусақтың шеткі фалангаларымен және үлкен саусақпен қыса отырып ұстауды көрсетеді. Содан кейін келесі жаттығуларды пайдаланып дискті жіберуді меңгереді:
- алға қарап тұрып, сол аяқ алда, диск ұстап тұрған қол төменде. Диск сағат бағыты бойынша айналатындай етіп сұқ саусақпен 1-2 м жоғарыға лақтырылады. Лақтыру кезінде
аяқтар кішкене амортизацияланады. Диск дірілсіз айналу керек және жерге қырымен түсу керек;

    • бастапқы күй сондай, бірақ дискті сермегеннен кейін диск өз осінде және өз қырында айналатындай етіп лақтыру керек;

    • бастапқы күй сондай, бірақ диск жоғарыға-алға лақтырылады;

    • лақтыру бағытына бетпен қарап тұрып, аяқтарды иық деңгейіне қойып, сол жақ бүйір – лақтыру бағытына, дене салмағы екі аяққа түсірілген. Дисксіз қолмен және дискпен дене салмағын бір аяқтан келесі аяққа ауыстыра отырып және денені оңға айналдыра отырып, түрлі тегіс жерлерде сермеуді орындау. Сонымен бірге дене салмағы толығымен оң аяққа ауысады, аяқ тізе буынынан бүгіледі;

    • сондай бастапқы күйден, денені оңға айналдыра отырып дискі (таяқ, жібі бар доп) бар оң қолмен сермеп алға лақтыру. Жаттығуды қолмен бірнеше рет алдын ала сермеуден кейін орындауға болады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет