Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі



бет54/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Қысқа қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету әдістемесі.



  1. міндет. Жүгіру ерекшеліктерімен таныстыру және жаттығушыларға қысқа қашықтыққа жүгіру техникасына байланысты дұрыс құралған көрсетілім ұйымдастыру.

Бұл мәселені шешу үшін жаттығушылар шамалы және орта жылдамдықпен 60-100 м жүгіріп өтулері қажет және анықталған қателіктерді белгілеу керек. Жүгірудің қайталау саны әрбір жаттығушыға әр түрлі болуы мүмкін. Ол жаттығушының өзіне тән қашықтықты қалай жылдам жүгіріп өтуіне байланысты. Сол уақытта жүгірген кезде қайталанған қателіктер анықталады.
Жаттығушыларды жүгірудің рационалды техникасымен таныстыру мақсатында көпшілік мақұлдаған тәсілдер
қолданылады: түсіндіру, жанды көрсетілім, фотосуреттерді, бейнебаяндарды, суреттерді көрсету.

  1. міндет. Тура қашықтыққа жүгіру техникасын үйрету.

Бұл мәселені шешуінің басты құралы болып әр түрлі қашықтықтағы (60-100м) шамалы және орта жылдамдықпен өтілген дүркінді жүгірістер:30-40 метрге арнайы жүгіру жаттығулары – санды жоғары көтеріп жүгіру, сирақты лақтыру жүгірісі, секіру қадамымен жүгіру. Осы жаттығулардың барлығы еркін, бірте-бірте үдемелі жиілікпен, соңынан кәдімгі жүгіріске өту арқылы орындалады. Арнайы жүгіру жаттығулары алдымен жеке, содан кейін бүкіл топпен орындалады. Бұл жаттығуларды қайта-қайта орындаған кезде, әрбір сабақта жүгіру техникасындағы қателіктер жойылады: санның жеткіліксіз көтерілуі, итеру кезіндегі аяқтың толық түзелмеуі, кеуденің артық иілуі немесе ауытқып кетуі, шынтақтың кеудеден алыс орналасуы және т.б.
Әрбір жаттығудан кейін басты қателіктерге назар аударып, келесі қайталауда сол қателіктерді жойған жөн. Жөнсіз 3-4 қателіктерді бір уақытта көрсету қажет, себебі жаттығушы өзінің айтарлықтай қателіктеріне ден қойып, жою керек, әйтпесе жүгірудегі кемшіліктері жойылмай қалады.

  1. міндет. Бұрылыс бойынша жүгіру техникасын үйрету.

Бұрылыс бойынша жүгіру техникасынының негізгі жаттығулары жүгіру алаңының бұрылыстарында 50-80 метрге жылдамдықпен жүгіру. Алдымен, жаттығулар шеткі (6-8) жолдарда, кейін 1-2; әртүрлі жылдамдықпен шеңбер радиусы 20- 10 м жүгіру; қол қимылдары.
Үйрену барысында кеуденің бұрылыс ортасына дер кезінде иілуін және қимылдардың еркіндігін, аяқ-қол жұмысының өзгеруін бақылау қажет.

  1. міндет. Төменгі старттың және старттық екпіннің техникасын үйрету.

Үйретудің басты тәсілдері: старттық қалыптардықалыптастыру дағдысы; «Сөреге!», «Дайындал!»
командаларын қалыптардың әртүрлі орналасуымен (ұзындық және ені бойы) орындау.

  1. міндет. Мәреге жету техникасын үйрету.

Оқыту мәреге жету мағынасын түсіндіруден және мәреге кеудемен және иықпен жетудің амалдарынан басталады:. Басты тәсілдер: мәреге жету кезіндегі 30-40 метрге жылдам жүгіру; мәре қақпасына қарай қолды артқа жіберіп әртүрлі жылдамдықпен алға қарай еңкею; әртүрлі жылдамдықтағы жүріс пен жүгіру кезіндегі мәре қақпасына иықпен бұрылып алға ырғу.Мәренісәтті меңгеру үшін жаттығуларды алдымен өз бетінше, кейін топтасып орындаған дұрыс.

  1. міндет. Жүгіру техникасын жалпы және жатттығушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып үйрету.

Жалпы жүгіру техникасын меңгеру кезеңінде үйрену техникасын егжей-тегжейіне дейін нақтылып және дұрыс дағдыларды бекітуқажет. Өз қимылдарын бақылай отырып, еркін жүгіруге қол жеткізген маңызды. Техниканы жетілдіру кезінде арнайы жаттығуларды көп мөлшерде, олардың қиындығын біртіндеп арттыра отырып қолданған дұрыс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет