Дискті лақтыру кезіндегі ақтық күш бұрылыстан кейін орындалатын бекітуші қозғалыс болып табылады. Ақтық күшті оқыту үшін негізгі жаттығулар:
аяқтар екі жақта тұрып, лақтыру бағытына сол жақ бүйірімен тұру, лақтырудың соңғы фазасында аяқтардың бұру- иілу жұмыстарына имитациялау;
жаттығу сондай, бірақ снарядпен бірге (гимнастикалық таяқ, теннисті ракетка, жібі бар доп, жеңіл диск);
лақтыру бағыты бойынша артпен және қырымен тұрып орнынан дискті лақтыру .
міндет. Дискті лақтыру кезінде бұрылуға үйрету.
Дискті лақтыруда бұрылуды оқытуды бір уақытта орыннан снарядты лақтырудан бастау керек. Алдымен бұрылу дисксіз, содан кейін ұстауға ыңғайлы дискпен немесе заттармен үйретіледі (теннисті ракетка, гимнастикалық таяқ, жібі бар доп, гантель). Үйрету үшін қосымша ыңғайлы
құрал— бауы бар диск .Осындай снарядты пайдалану үшін қолдың білегі жіппен және диск арасынан өтеді. Осы тапсырманы орындау үшін негізгі жаттығулар:
бұрылу имитациясы;
дисксіз және дискпен бұрылу имитациясы;
түрлі қосымша заттармен бұрылу.
Оқушыларға осы жаттығуларды орындау кезінде келесі ережелерге назар аудару керек: оң қолдың алға сермеуін қолдану және дискпен алға адымдап басып жылжуы үшін сол аяқпен итерілу; бұрылудан кейін оң аяққа тұру; ақтық күште лақтыру қолының күшін максималды түрде пайдалану; тіктелген сол аяқты табанның ішкі бөлігіне тиісті ырғақта қою.
міндет. Бұрылудан дискті лақтыру техникасын үйрету.
Бұрылудан дискті лақтыру техникасын оқыту кезінде бастапқыда қозғалыстар дисксіз орындалады, содан кейін дискпен лақтырып, лақтырмай, шеңбер сыртынан және шеңбер ішінен орындалады. Қозғалыс жылдамдығын лақтырудың осы техникасының элементтерін меңгеру шамасы бойынша ақырындап арттырып отыруға болады. Айналмалы-түсу қозғалыстарын шеңбер диаметрінің сызығы бойынша лақтырудың бағытына айналуды біртіндеп жеделдете отырып орындау, осы кезде қол мен дене оңға бағытталады. Сол аяқ қысқартылған жолмен тізе буынынан келесі тіктеліп алға ауысады.
Осы тапсырманы орындау үшін келесі жаттығуларды орындау қажет:
- лақтыру бағытына қырымен тұрып бастапқы күйден бұрылып, дискті лақтыру;
- лақтыру бағытына артпен тұрып бастапқы күйден бұрылып дискті лақтыру;
- жарыс ережелерін сақтай отырып, шеңберден бұрылып дискті лақтыру.