Және Ғылым министрлігі Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік


Үйретудің әдістемелік принциптері



бет49/65
Дата28.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#130758
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65
Байланысты:
Жеңіл атлетика

Үйретудің әдістемелік принциптері

Қозғалысқа үйрету барысында келесі әдістемелік принциптерді қолданады: зерделілік пен белсенділік; көрнекілік; жүйелілік; реттілігі; біртіндеп; даралану.


Зерделілік пен белсенділік принципі. Қимыл-қозғалысты жетік меңгеру үшін, үйренуші өзінің жақсы қасиеттерін алға тартып, мақсатқа жету жолында еңбек ету қажет. Үйрену
барысында үйренуші белсенділік танытпаса оң нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Оқуға құлқы жоқ немесе жалқау адамды үйрету мүмкін емес. Белсенділік - үйретілетін материалды саналы түрде түсіну яғни әрбір қозғалыс элементін тиянақты үйрену, қозғалысты бақылау, қателіктерге жол бермеу жағын қарастыру.
Үйрену кезіндегі зерделілік пен белсенділік үйренушінің жинақылығына және тәртібіне тікелей байланысты.Педагог үйренушіге белсенділік ерігін бере отырып, үйрету үдерісін бақылауға, үйлестіруге және реттеуге міндетті.
Көрнекі құралдарды пайдалану принципі – белгілі бір қимыл-қозғалыс жасау, қозғалысты сырттай қарау және қозғалыстың қарапайым механизмін анықтау. Үйретіліп жатқан қозғалыс қимылын тек көріп қана қабылдамайды, сондай-ақ есту және вестибулярлық талдау арқылы да меңгеруге болады.
Есте сақтау қажет, бір адам көз алдындағы нәрсені жақсы қабылдаса, екіншісі, есту арқылы жақсы қабылдайды. Біреуге заттай түрде оңай түсінсе, біреуге есту немесе логика арқылы түсіну жеңіл тиеді.
Көрнекі құралдарды пайдаланупринципі үшін ең маңыздысы кері байланыс: айна алдында үйреніп жатқан қимылдарды жасау, видеотүсірілімдерді қолдану. Сонымен қатар жастық шақта сезім арқылы қабылдау басты рөл атқарады. Өсе келе адам білімді ғана емес, абстракты ойлауды дамытады. Онда көркем сөйлеу мәнері артады. Кез-келген жас мөлшерінде көрініс принципі ерекше рөл атқаратынын есте ұстау керек..
Жүйелілік принципі немесе қимыл-қозғалыстың қайталануы. Қозғалыс қимылы, әсіресе, техника жағынан күрделіс бірнеше рет қайталаудың арқасында ғана үйреніп, бекітіледі.Үйрену барысында жіберген қателікті түзеткеннен кейін ғана қимылды қайта жасау керек екенін есте сақтау қажет.
Қозғалыс қимылдарын үйренудің ең оңай жолдарын төмендегідей:

  • үйреніпжатқан қимыл тек оны қайталаған жағдайда ғана іске асырылып, бекітіледі;


  • қимыл-қозғалысты іске асырғанда бұлшық еттердің шаршауына әкеліп соғады, ол үшін уақыт пен күш қажет;

  • қимыл-қозғалысты орындау кезінде және одан кейінгі уақытта ағза түскен салмаққа бірте-бірте үйрене бастайды, ағзада өзгеріс пайда болады.

Осы жағдайда мыналарды еске сақтау керек: салмақ түсетін қозғалыс қимылдарын үйрену, көбіне, бұлшық еттің жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді. Ал күрделі техникалық қимылдар және қимыл қозғалыстар психикалық жұмыс істеу қабілетіне әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет