Екпін алып ұзындыққа секіру техникасын оқыту әдістемесі.
Ұзындыққа секіру техникасын оқытуға көшпес бұрын, жақсы спринтерлік және секіру дайындығынан өту қажет, ол екпін алудың тұрақтылығын және мықты, әрі тез үйренуді қалыптастырады.
міндет. Ұзындыққа екпін алып секіру техникасымен таныстыру.
Бұл міндет секіру техникасы жайлы әңгімелеуден, фотосуреттерді қарау мен түсіндіру, кинограмма, видеофильмдер, плакаттар көрсетіп, ұзындыққа екпін алып секіру техникасын көрсету арқылы шешімін табады.
міндет. Итерілу техникасын үйрету.
Итерілуге үйрету кезінде әртүрлі жаттығулар рет – ретімен қолданылады:
бөксені алға шығарып, белсенді түрде орнында тұрып аяқ қимылын имитациялау, итерілу аяқталған кезде – серпілетін аяқтың тізесін көтері;
аяқтың өкшесін еденге тіреп жатып, бөксені жоғары көтеріп жерге өкшемен тұруды имитациялау;
итерілу кезінде қол мен аяқтың қозғалысының сәйкестік имитациясы. Бұл кезде бос аяқтың серпілуі кезінде қолымыз алға – жоғары көтерілуі керек, итеретін аяқта жоғары көтеріледі, ол серпілген аяқтың бөксесін көтеріп тепе – теңдік сақтауға көмектеседі;
дәл осы жаттығулар, бірақ бірінші қадамда итерілу;
серпілген аяқ бөксесімен затқа жету, содан кейін итерілу имитациясы;
қадам арқылы итерілетін аяқпен итеріліп, содан соң үш қадам сайын секіру;
40-60 см биіктіктегі планкадан үш екпін алып, қадам жасап секіру;
3,5 қадамдардан екпін алып «қадам» жағдайында секіру («ат», төсеніштер, және т.б. спорттық снарядтар);
Көрсетілген жаттығуларды орындау барысында, итерілетін аяқтың түзу ұсталуы және келесі аяқпен тез серпіліп жоғары көтерілуін қамтамасыз ету керек. Итерілу кезінде қол, серпілетін аяққа қарама-қарсы болып, ұшуды түзусызықты қалыпта ұстап тұру үшін қолды жоғары, ішке, алға белсенді түрде қозғап отыру керек.
міндет. Итерілумен сәйкес екпін алу техникасына үйрету.
Бұл міндетті шешудің құрылғылары болып;
-серпілетін аяқпен жерге түсуге және қозғалыстың әртүрлі жылдамдығында «қадам» арқылы секіріс жасау;
2-5 қадамда екпін алып жылдамдықта және итерілу орнына итерілген аяқты белсенді қою арқылы секіру жасау;
екпін алудың 6-10 қадамында итерілу мақсатымен екпін жасап жүгіру;
екпін алудың 5-6 қадамында гимнастикалық мосттан секіру;
екпін алудың 5-6 қадамында төмен орналасқан планка арқылы секіру;
қысқа және орташа ұзындыққа екпін алып секіру;
Үйретіліп отырған жаттығулар техникасын меңгеру кезінде екпін алудың соңғы қадамдарында ырғақты үдету, ал соңғы қадамның ұзындығы алдыңғы қадамдарға қарағанда сәл қысқа болуы керек.
міндет. Жерге түсу техникасын үйрету.
Жерге түсуге үйрену кезінде, ең алдымен, орнында тұрып секіруді қайталап отыру керек. Бірақ басты назарды тізені алға- жоғары созып, жерге түскенде аяқты белсенді алға жіберуге аударған жөн. Аяқты алға жақсылап шығару үшін сол жерге лентамен белгі жасап қойған жөн және сол белгіден аяқты асыра жерге түсуге тапсырма беріледі.
Екпін алып жерге түсуге үйрету кезінде келесідей жаттығуларды ұсынуға болады:
тізені алға – жоғары белсенді созып, ұзындыққа орнында секіру және қолды төмен түсіру керек;
екі аяқпен итеріле орнында тұрып ұзындыққа немесе жерге түсуге аяқты созып, құмға немесе паралон салынған шұңқырға секіру;
20-50 см биіктікке орналастырылған планка арқылы қысқа екпін алып ұзындыққа секіру;
ілінген гимнастикалық қабырғадан алға серпіліп бір рет секіріп, гимнасикалық төсенішке екі аяқпен түсу;
қысқа екпін алып жіп немесе резеңке лента арқылы ұзындыққа секіру;
Достарыңызбен бөлісу: |