special-edu.kz халықты әлеуметтiк қорғау, денсаулық сақтау, бiлiм беру ұйымдарының кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мәселелерi жөнiндегi қызметiн сабақтастыру болып табылады.
Әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау мынадай принциптерге:
кемтар балалар мен олардың отбасыларына әлеуметтiк қолдау және оңалту көмегiн көрсету кепiлдiгiне;
кемтар баласы бар отбасы мен әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын ұйымдар мамандарының ынтымақтастығына;
балалардың қабiлеттерiнiң шектелу дәрежесiне, жасына, әлеуметтiк мәртебесiне қарамастан, ерте қолдау мен бiлiм алуға қол жеткiзуiне және тең құқықтылығына;
special-edu.kz әрбiр балаға жеке тұрғыдан келiп, әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсетудi саралауға негiзделедi.
бап. Кемтар балаларға медициналық, арнаулы бiлiм беру және арнаулы әлеуметтiк қызметтердi көрсететiн ұйымдар
Медициналық қызметтерді профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту және паллиативтік бағыты бар денсаулық сақтау субъектілері көрсетеді.
Медициналық қызметтерге:
special-edu.kz «қатер» (скрининг) тобындағы балаларды анықтау мақсатымен жас сәби балаларды жаппай стандартты тексеру;
туа бiткен, тұқым қуалаған және жүре пайда болған патологияның тереңдетiлген диагностикасы;
психика-дене дамуында ауытқулары бар балаларды медициналық түзеу және оңалту;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес көрсетiлетiн өзге де қызметтер жатады.
special-edu.kz Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы бiлiм беру қызметтерiн Қазақстан Республикасының бiлiм беру туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен арнаулы ұйымдар: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар, психологиялық- педагогикалық түзеу кабинеттерi, оңалту орталықтары, логопедтiк пункттер, балалар бақшалары және басқа да білім беру ұйымдары көрсетедi.
Көрсетілетін арнаулы білім беру қызметтеріне:
ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау мақсатында балаларды тереңдетіп және кешенді зерттеп-қарау;
мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдау;
арнаулы оқу бағдарламалары бойынша оқыту және тәрбие беру;