мүгедектердi жұмысқа орналастыруға арналған арнаулы жұмыс орындары – мүгедектiң жеке мүмкiндiктерi ескерiле отырып жабдықталған жұмыс орындары;
мүгедектердi кәсiптiк оңалту – мүгедектердiң бұзылған не жоғалтқан кәсiптiк дағдыларын, бiлiмi мен машықтарын алуына немесе қалпына келтiруiне және оларды бейiмдеу мен жұмысқа орналастыруға бағытталған шаралар кешенi;
мүгедектердiңәлеуметтiк-тұрмыстықжәнеортағабейiмделуi– мүгедектердiң
special-edu.kz өзiн-өзi қарап-күту, өз бетiмен өмiр сүру мүмкiндiгiне қол жеткiзу немесе олардың отбасылық және қоғамдық өмiрдiң үйреншiктi жағдайларына қайта оралу процесi;
мүгедектiк – организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулықтың бұзылуы салдарынан адамның тiршiлiк-тынысының шектелу дәрежесi;
мүгедектi оңалтудың жеке бағдарламасы – мүгедектi оңалтудан өткiзудiң нақты көлемiн, түрлерi мен мерзiмдерiн белгiлейтiн құжат;
19-1) сурдоаударма – қандай да бір тілден дактильді әліпби және (немесе) ымдау тілі көмегімен аудару;
special-edu.kz сурдотехникалық құралдар – есiту кемiстiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға арналған техникалық құралдар, оның iшiнде дауысты күшейтетiн байланыс және ақпарат беру құралдары;
техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдар – протездiк-ортопедиялық, сурдотехникалық, тифлотехникалық құралдар мен мiндеттi гигиеналық құралдар;
тифлотехникалық құралдар – мүгедектердiң көру кемiстiгi салдарынан жоғалтқан мүмкiндiктерiн түзеуге және олардың орнын толтыруға бағытталған құралдар;
тiршiлiк-тынысының шектелуi – адамның өзiн-өзi қарап-күту, өздiгiнен жүрiп- тұру, бағдарлай алу, қарым-қатынас жасау, өзiнiң мiнез-құлқын бақылау, оқу және еңбекпен айналысу қабiлетiнен немесе мүмкiндiгінен толық немесе ішінapa айрылуы;