Және инклюзивті білім беруді дамытудың Ұлттық Ғылыми-практикалық



бет44/65
Дата07.10.2024
өлшемі14,68 Mb.
#147026
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65
Байланысты:
6. АТА-АНАЛАРЫН АҚПАРАТТАНДЫРУ

special-edu.kz
Диагностикалық, емдеу және оңалту шаралары жүргізілгеннен кейін ағза қызметтерінің тұрақты түрде бұзылыстары болған кезде медициналық ұйымдар аңғарым қойылған соң төрт айдан кейін емделушілерді медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) жібереді. Дәрігер мамандар медициналық-әлеуметтік сараптамаға жолдаманы толтырып, құжаттарды дайындап, медициналық ұйым әзірлеген жағдайда пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігінің көшірмесін жасайды. Аурудың динамикасын талдау мақсатында амбулаторлық пациенттің медициналық картасы қосымша беріледі. Адамды мүгедектігі бар тұлға деп тану үшін төмендегі факторлар ескеріледі:

  • ағза қызметтерінің тұрақты түрде бұзылыстарының салдарынан денсаулықтың нашарлауы;


  • special-edu.kz
    тіршілік-тынысының шектелуі (адамның өзіне-өзі қызмет етуі, өздігінен жүріп-тұруы, қарым-қатынас жасауы, мінез-құлығын бақылауы, оқу немесе еңбек қызметімен айналысу қабілетінен толық немесе жартылай айырылуы не олардың мүлдем болмауы);

  • әлеуметтік қорғау шараларына мұқтаждық т.с.с.

Атаулы әлеуметтік көмек – айлық табысы кедейлік шегінен төмен жеке тұлғаларға мемлекеттен берілетін ақшалай төлем. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап тұрмысы төмен отбасыларға көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек жаңа тәртіп бойынша төленеді. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз және шартты ақшалай көмек болып бөлінеді. Шартсыз ақшалай көмек төмендегі екі тармақ бойынша тағайындалады. Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу іс- шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі жалғызбасты және (немесе) жалғыз тұратын аз қамтылған тұлғаларға төмендегі себептермен беріледі:

  • Зейнеткерлік жасқа жеткен кезде;

  • Бірінші немесе екінші топтағы мүгедектік;

  • Ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асса.

Отбасыда еңбекке жарамды барлық мүшесі І немесе ІІ топтағы мүгедектер болса және (немесе) олардың ауруына байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық мерзімі екі айдан асса және (немесе) аз қамтылған отбасында мынадай санаттағы адамдарға күтім жасалатын болса:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет