special-edu.kz Мүгедектігі бар ата-аналары және балалары бар отбасыларды әлеуметтік қолдау: Қазақстанда мүгедектігі бар тұлға – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оның әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, аурулар, мертігулер, олардың зардаптары және түрлі бұзылыстарға байланысты ағза қызметтері тұрақты түрде қалыпты болмай, денсаулығы нашарлаған адам.
special-edu.kz Мүгедектігі бар тұлғаларды әлеуметтік қорғау мүгедектігі бар адамдарға тіршілік әрекетінің шектеулерін еңсеру, ауыстыру (не орын толтыру) үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және олардың қоғам өміріне басқа азаматтармен бірдей мүмкіндіктер жасауға бағытталған мемлекет кепілдік берген экономикалық, құқықтық шаралар мен әлеуметтік қолдау шараларын қарастырады. Шаралар жүйесі Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы»Қазақстан Республикасының Заңымен [14, 18] және республикада қабыл- данған өзге де нормативтік-құқықтық актілермен реттеледі. Заңнамалық актілердің ережелері мүгедектігі бар әрбір адамның жеке құқықтары мен мүдделерін қозғайды, тек жекелеген нормалар мүгедектігі бар адамдардың отбасы мүшелерінің құқықтық қатынастарын реттейді.
special-edu.kz Қазақстан 2015 жылы БҰҰ-ның мүгедектігі бар тұлғалардың құқықтары туралы Конвенциясын ратификациялады [21]. Конвенцияның мақсаты барша мүгедектігі бар тұлғалардың барлық адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын толық және тең дәрежеде іске асырылуын көтермелеу, қорғау және қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға тән қадір- қасиетті құрметтеуді көтермелеу болып табылады. Адамға тән қадір-қасиетті, өз таңдауын жасау еркіндігін қоса алғандағы жеке дербестігін және тәуелсіздігін құрметтеу, кемсітпеушілік, қоғамға толық және тиімді тарту және қосу, мүгедектігі бар адамдардың ерекшеліктерін құрметтеу, оларды адами алуан түрліліктің компоненті және адамзаттың бір бөлшегі ретінде қабылдау, қолжетімділік, ерлер мен әйнелдердің теңдігі, мүгедектігі бар