Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет69/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91
құрыңыз. 
                                                           
       Қазақстан территориясының 66 пайызы немесе 179,9 миллион гектер жері 
қуаң  далаға  ұшырау  қаупі  бар.  Осыншама  жердің  тіршілік-тынысынан 
айрылып,  қу  тақырға  айналуы  -  мұндағы  өсімдіктер  мен  жан-жануарлар 
әлеміне сұмдық зардап тигізуі ықтимал. 
      Қауіп  тек  қоршаған  ортаға  ғана  төніп  тұрған  жоқ.  Осыншама  жердің 
шөлейтті  «өлі»  далаға  айналуы  елдің  экономикалық  ахуалына,  тұрмысына,  
денсаулығына кері әсер ететіні анық. Мұндай қасіретті бастан кешкен елдер 
аз емес. Тіпті, жер қу тақырға айналып, топырақ құнарынан айрылғандықтан 
аштық  пен  шөл  құрсауында  қалған    Сахел  (Африканың  солтүстігі)  жерінде  
1968-1974  жылдар  аралығында  2000  адам  өліп,  бірнеше  миллиондаған    мал 
қырылып қалды. Осыдан кейін жердің шөлейттенуіне халықаралық деңгейде 


 
76 
көңіл бөліне бастаған. Ақыры 1997 жылы Парижде қуаңшылыққа қарсы күрес 
конвенциясы  қабылданып,  қол  қойылды.  Оған  бүгінде  әлемнің    142  елі  тең 
терезелі  мүше  болып  енді.  Англия,  Франция,  Германия,  Жапония  сияқты 
өркениетті  елдер  де  бұл  конвенцияға  мүше  болып,  қуаңшылықпен  күреске 
қажетті қаржының қомақты базасын жасауға қолғабыс етіп жатыр. Міне, осы 
құжатқа қол қойған ТМД-дағы 7 елдің ішінде Қазақстан да бар. 
     Республиканың  179,9  миллион  гектар  жерінің  мұндай  ахуалға  душар 
болуы  ұлттық  қауіпсіздікке  қауіп  төндіретін  фактор  болғандықтан, 
экологиялық  қасіретті  аймақты  шартты  зоналарға  бөліп  қарастыра  отырып, 
жердің тозуының басты себептерін анықтап алу қажет. Оны мынадай  шартты  
үш топқа бөліп қарастыруға болар еді. 
     А  зонасына  Каспий  жағалауындағы  мұнай  өндіру  және  өңдеу  саласына 
қатысты  өндіріс  орындары  кіреді.  Бұлар  біріншіден,  үлкен  көлемдегі  жерді 
мұнай өндіру, өңдеу, тасымалдау барысында былғап, топырақ құнарын бұзып, 
жарамсыз  етті.  Екіншіден,  мұнай  өндірісіне  пайдаланылған  химиялық 
элементтермен  ластанған, тазартылмаған су теңізге қайта құйылып, бұл аса 
бағалы бекіре балықтарының көп мөлшерде жойылуына әкеп соқты. 
Үшіншіден,  тұщы  суды  осы  өндіріске  көптеп  пайдаланудың  ақыры  ауыз  су 
тапшылығын туғызды. 
    В  зонасына  республиканың  шығысындағы  ең  ірі  қара  және  түсті 
металлургия  өндірістері  шоғырланған  аймақ  жатады.  Бұл  облыстар 
атмосфераны  өндірістік  қалдықтармен  ластау  тұрғысынан  "бірінші  орын" 
алады.  Ең  қауіптісі  -  осы  өндіріс  орындарынан  ауа  кеңістігіне  тарайтын 
қалдықтардың 90 пайызы улы заттар. Одан да сорақысы - бұл қалдықтар ауа 
бассейнін ғана ластап қоймай, Ертіс өзеніне де құйылып жатыр. 
    С  зонасына  негізінен,  ауылшаруашылық  саласына  кәсіптендірілген 
оңтүстік  облыстар  кіреді.  Бұл  аймақ  жеткілікті  көлемде  сумен  қамтамасыз 
етілмеген. Соның кесірінен бұл аймақта адам өлімі өсе түскен.  Мұның алдын 
алуға  дәл  қазіргі  қалыптасқан  экономикалық  жағдайда  мүмкіндік  жоқ. 
Өйткені, бұл аймаққа арнайы су құбырын салу үшін ғана ең кемі 900 миллион 
доллар  қаржы  керек.  Ал  қазіргі  Балқаштың  ахуалын  60  жылдардағы  Арал 
теңізімен салыстыруға болады. Тек айырмашылығы  - Арал теңізі суының  1 
литрінің  құрамында  1  грамм  тұз  болса,  Балқаштың  суында  тұз  литріне  2 
граммнан келеді. Бұл дегеніңіз, егер Балқаштың басына Аралдың  күйі туар 
болса, қасірет екі есе ауыр болады деген сөз. 


 
77 
     Осыған  қоса  тағы  бір  жайтты  айтпай  кетуге  болмайды.  Ол  -  шөлейтті 
жерлерде  өсетін  сексеуілдің  парықсыз  оталуы.  Бүгінде  кәуап  пісіріп  сатуды  
бизнеске  айналдырғандар  үшін  сексеуіл  табылмайтын  отын.  Осыны 
әлдекімдер "тиімді" пайдаланып, жөн-жосықсыз шауып әкеліп, сатып жатыр. 
Бұдан соң сексеуіл оталған жер жалаңаштанып, құмдауыт жердің көлемі өсе 
түсуде. 
    Осының  көбі  адам  қолымен  жасалып  отырған  апат.  Жалпы,  әлемнің  110-
нан  астам  елінде  қу  тақырға  айналған  жер  бар.  Дүние  жүзінде  ауыл 
шаруашылығына  пайдаланылатын    жердің  70  пайызы  құнарынан  айрылған. 
Бұл  жердің  1,4  миллиард  гектары  –  Азияға,  1  миллиард  гектары  –Африкаға 
және  Еуропа  одағына  кіретін  бес  елге  қатысты.  Орташа  есеппен  жердің 
құнарсызданып  азуы  адамзатқа  жылына  42  миллиард  доллар  зиян  келтіреді 
екен.  Бұл  материалдық  жағы  ғана.  Ең  қорқыныштысы,  әлемде  135  миллион 
адамға  осы  экологиялық  зардаптың  әсерінен  жылы  орнын  тастап,  қоныс 
аудару қаупі туып отыр. 
    Бірте-бірте  жер  бетін  жайлап  келе  жатқан  экологиялық    кеселдің  себебі 
неде? 
    Экологтардың  пікірінше,  жерді  шектен  тыс  көп  мөлшерде  жырту, 
жайылымды  тоздырып  қу  тақырға  айналғанша  пайдалану,  орман-тоғайды 
кесіп  құртып  жіберу,  өндірістің  зиянды  қалдықтарын  төгу  -  аталмыш 
экологиялық кеселдің басты себептері болып табылады. 
 
         Мәтін  мазмұнынан  жаңа  ой  басталатын    сөйлемдерді  табыңыз  да, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет