Коммерциялық табу бонусының мөлшерi - салық салу объектiсi, есептеу базасы мен ставка негiзге алына отырып белгiленедi. Коммерциялық табу бонусының мөлшерiн есептеу үшiн
1) кен орнынан алынатын пайдалы қазбалар қорының уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiткен осы мақсаттағы көлемi салық салу объектiсi болып табылады;
2) алынатын пайдалы қазбалар қорының бекiтiлген көлемiнiң құны төлемдi есептеу базасы болып табылады. Алынатын қордың құны осы пайдалы қазбаның төлем жүзеге асырылған күнгi Халықаралық (Лондон) биржада белгіленген биржалық баға бойынша есептеледі. Пайдалы қазбаларға биржалық баға белгілебеген жағдайда шығарылатын қордың құны құзіретті орган бекіткен жұмыс бағдарламасында көрсетілген өндіруге жұмсалатын жоспарлы шығындардың жоспарлы рентабелділік мөлшеріне түзетілген сомасынан айқындалады;
3) коммерциялық табу бонусы есептеу базасының 0,1 пайызы ставкасы бойынша бөлінеді.
Коммерциялық табу бонусын уәкілеттік берілген мемлекеттік орган кен орнындағы пайдалы қазбалар қорының шығарылатын көлемін бекіткен күннен бастап 90 күннен кешіктірілмей төленедi.
Коммерциялық табу бонусы жөнiндегi декларацияны жер қойнауын пайдаланушы тiркелген жерi бойынша салық органына төлеу мерзiмi басталған айдан кейiнгi айдың 15-iне дейiн табыс етедi.