Жер қойнауын пайдаланушының жинақталған табыстардың жинақталған шығыстарға қатынасы 1,2-ден жоғары болған салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының бір бөлiгi үстеме табысқа салық салу объектiсi болып табылады.
Жер қойнауын пайдаланушының салық кезеңiндегi әрбiр жекелеген келiсiм-шарт бойынша таза табысының салық кезеңiнiң аяғына шегерiмдер сомасының 20 пайызынан асатын бөлiгі салық базасы болып саналады.
Осында таза табыс салық салынатын табыс және корпорациялық табыс салығы, сондай-ақ резидент еместiң тұрақты мекемесiнiң таза табысына салынатын салық арасындағы айырма ретiнде айқындалады.
Салық базасы Қазақстандық кадрларды оқытуға iс жүзiнде жұмсалған шығындардың және тiркелген активтер өсiмiнiң сомасына түзетiледi, бiрақ ол салық базасының он пайызынан аспайды.