Жер туралы ғылымдар • антропогендік әсер • адамдар және көміртек айналымы 1 1-бөлім: Көміртегі айналымы



Pdf көрінісі
бет4/14
Дата16.05.2023
өлшемі1,84 Mb.
#93978
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Байланысты:
kktwig-adamdar-zhne-kmirtek-aynalymy

• Ұсынылатын фильмдер
 
- Карбон әулеті
 
- Карбон әулетінің болашағы
• Ұсынылатын фильмдер
 
- Карбон әулеті
 
- Карбон әулетінің болашағы


ЖЕР ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМДАР • АНТРОПОГЕНДІК ӘСЕР • АДАМДАР ЖӘНЕ КӨМІРТЕК АЙНАЛЫМЫ
4
• Көміртегінің қалдық іздері неге әртүрлі болады?
Мәдениет, өнеркәсіп, тұтыну және көлік тәрізді түрлі факторлар көміртегінің 
қалдық ізіне әсер етеді, алайда жалпы алғанда жан басына шаққандағы 
табысы жоғары елдердің көміртегілік қалдық ізі жоғары болады. АҚШ тәрізді 
бай елдердегі адамдардың көпшілігі көбірек тұтынады және олардың өмір 
салты көп энергияны қажет етеді. Мұнай мен газ өндіруші Катар мен Біріккен 
Араб Әмірліктері тәрізді елдердің де көміртегілік қалдық іздері үлкен болады. 
Оларда отын арзан болғандықтан, энергия көп мөлшерде қолданылады. 
Атлант немесе Үнді мұхитындағы кішкентай, оқшауланған аралдар көп 
тауарларды импорттайды және халқы көп саяхат жасайды. Нәтижесінде, 
олардың көміртегілік қалдық іздері жоғары болады.
Тұтынуды азайту мен қайта 
өңдеудің көміртегілік қалдық ізі 
кішкентай болады
Қосымша сұрақ
С9. Корреляция дегеніміз не?
Корреляция – жұп айнымалылардың бір-бірімен байланыстығын, және қаншалықты мықты байланысқанын 
көрсететін статистикалық әдіс. Корреляцияны шашыраған график арқылы көрсетуге болады. Оң корреляция 
(мысалы, айнымалылардың екеуі де өседі), теріс корреляция (мысалы, айнымалылардың екеуі де кемиді) 
және корреляция болмауы мүмкін. Есіңізде болсын, байланыс корреляцияны көрсетеді, ал корреляция екеуінің 
арасында байланыс барын көрсете бермейді!
3-бөлім: Көміртегі өтемақысы
• Көміртегі өтемақысы дегеніміз не?
Көміртегі өтемақысы тұлғалар және бизнес өздерінің көміртегілік қалдық ізін теңдестіру үшін экологиялық таза 
жобаларға инвестиция жасауға мүмкіндік беретін қаржылық құрал. Мәселен, Нью-Йоркке барып-қайтатын ұшу 
сапары әсерінен шығарылатын көмірқышқыл газының шығарылымы мен ағаш отырғызудың экологиялық пайдасын 
есептеп шығуға болады. Көміртегі өтемақысы қазбалы отынды пайдаланудың қолайлы әрі арзан балама жолын 
ұсынады, сол арқылы оны “көміртегіге бейтарап” етеді.
Қосымша сұрақ
С11. Көміртегі өтемақысы барлығына 
бірдей міндетті ме?
Көміртегі өтемақысы жеке ұшақтар 
өнеркәсібі тәрізді кейбір өнеркәсіп түрлеріне 
ғана міндетті. Алайда, бұл болашақта 
бірқатар өнеркәсіп түрлеріне міндетті болуы 
мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет