Байланысты: Жердеу тәсілдері мен салт-ғұрыптары. Қоныстар мен тұрғын үйлер-melimde.com
Жерлеу құрылыстарының құрылымы, өлікті жерлеу ғұрпы, петроглифтердегі образдардың семантикасы бойынша Қазақстан жеріндегі қола дәуірі ескерткіштері бір-бірімен ұқсас болып келеді. Ол әсіресе қабір үстіндегі құрылыстардың құрылымына (қоршаулар тік бұрышты, шаршы және шеңбер түрінде болып келеді), жерлеу құрылыстарынан (жердегі қазылған қабір шұңқырлары, тас жәшіктер, цисталар), жерленгендердің жатқызылуынан (өлікті оң немесе сол қырынан бүгіп жерлеу), оларды белгілі бір бағытқа қарап жерлеуден (басын оңтүстікке қарату, аздап батысқа бұру), жерлеу мүліктерінен (бітімі жатық, құмыра түріндегі қыш ыдыстар) көрінеді .

Шығыс Қазақстан жеріндегі жерлеу орындары: жалпы қола дәуіріндегі Қазақстан аумағындағы қабірлердің үсті айнала жалпасынан салынған немесе қырынан қойылған және қазылып орнатылған тақта тастардан тік бұрышталып, шаршыланып, дөңгелектеніп қоршалды, кейде обалар да етегінен тақта тастармен айнала көмкерілді, осындай тақта тастар лақыт шығарғанда да қолданылды. Оның ең көп тараған түрі тақта тастардан тігінен қойып жасалған немесе жалпағынан салынып, ішке қарай ұмсындыра өріп жапқан тас жәшіктер болды. Дегенмен, әр өңірдің өзіне тән ерекшеліктері болды. Шығыс Қазақстан жерінде қола дәуірінің ерте кезеңіне жататын жерлеу орындары сондай көп емес, оған жататын Қанай, Сарыкөл, Жанажұрт, Қойтас .