Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы



бет10/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

Ғарыштық жылдамдықтар — жасанды денелердің (жерден) бастапкы ұшу жылдамдығы: біріншісі — 7,9 километр/сек., екіншісі — 11,2 километр/сек., үшіншісі — 16,7 километр/сек.
Жердің тартылыс күшін теңестіріп, ракетаның жер орбитасын айналып жүруі үшін оған жер бетінде бастапкы жыл Жерлдамдық беру керек. Ол — 7,9 километр/сек. (шеңбер жылдамдығы). Ракетаның ұшу биіктігі арткан сайын айналудың бастапқы жылдамдығы кемиді (200 километр ұшу биіктігінде — 7,9 километр/сек-ке дейін, 1000 километр биікте — 7,3 километр/сек-ке дейін). Өйткені жердің тартылыс күші азаяды. Жер бетіндегі бастапқы жылдамдықты 7,9-дан 11,2 километр/сек-ке дейін арттырса, ракета эллипс тәрізді орбитада ұшады, оның бір бүйірі жердің орталығында болады. Жылдамдық шеңбер жылдамдығынан артқан сайын, эллипс соғұрлым созылыңқы болады. Жер бетіндегі жылдамдық 11,2 километр/секундке жеткенде, ракета жердің тартылыс күшін женіп, жасанды планетаға айналады. Жер бетіндегі бастапқы жылдамдығы 16,7 километр/секундке жетсе, ракета Жердің де Күннің де тарту күшін жеңіп, күн жүйесінің шеңберінен шығады.
Бірінші ғарыштық жылдамдық (V1) — ұшу денесінің планетаны (аспан денесі) планетаның радиусындай қашықтыққа тастап шығуы үшін қажетті ең төменгі жылдамдық. Басқаша айтқанда, ұшу денесінің планетаны тастап, оның айналасындағы орбитаға барып орналасуы. Бұл жерде атмосфераның кедергісі мен планетаның қозғалысы мен айналу бағыты ескерілмейді.
Бірінші ғарыштық жылдамдыққа ие болып, орбитаға шыққан ұшу денесі планетаның тартылыс күші (гравитация) ықпалымен кері қарай құламай, шеңбер тәріздес орбитасын айнала ұшып жүреді.
Екінші ғарыштық жылдамдық (V1) -Жер серігіңнің жылдамдығы бірінші ғарыштық жылдамдықтан сәл асқанда, оның орбитасы эллипс болады,ал жылдaмдық 11,2 км/сек-қа жеткенде, траекториясы, қанаттары шексізге кеткен параболаға айналады. Дененің аспан денесінің тартылыс күшінен босап, шексізге кету мүмкіншілігін тудыратын ғарыштық жылдамдықты екінші ғарыштық жылдмдық деп атайды. Кез келген массасы М, радиусы r аспан денесінің жұлдыз немесе планетаның бірінші ғарыштық жылдамдығын есептейік. Ньютонның екінші заңын және бүкіләлемдік тартылыс заңын ескерсек, бұл дененің r қашықтықтағы еркін түсі үдеуі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет