19. Күн сәулесінің шашырау қарқындылығы мен жұтылуы атмосферадағы сәуле бағытының аралығына тәуелділігі
Күн радиациясының шашырауы мен жұтылу қарқындылығы атмосферадағы сәуле бағыты аралығының артуымен өсе түседі. Осы арқылы көкжиек үстіндегі Күннің биіктігіне байланысты Жер бетінің жарықтануы анықталады. ЖҚЗ процестерін жүргізуге Күннің жоғарғы биіктігі, яғни көкжиектен 60-80-та болуы тиімді болып келеді. Осы кезде жарықтың бір қалыптылығы, жер бедері мен түсіріс объектілерінің көлеңкелері болмауы себеп болады. Арнайы тақырыптық түсірістердің кейбір жағдайларында жазық және шөлейтті аймақтарды, күннің төмен тұруында түсіру қолайлы. Сондықтан ЖҚЗ тиімді шарттарын таңдау ауданның нақты топографиялық жағдайларына, түсірістер мақсатына, оның әдістеріне шешілетін міндеттерге байланысты.
20. ЖҚЗ-ға аэрозольдық шашыраудың ықпалы
Егер аэрозоль бөліктерінің мөлшері толқын ұзындығынан біршама ұзын болса, онда кез-келген ұзындықтағы электромагниттік толқындар үшін белгілі бір үзындықтағы толқындардың молекулалық шашырауына қарағанда аэрозольдық шашырау процесі жүреді. Үлгі ретінде жарықтың түтінде, тұманда, бұлттарда ыдырауы қызмет етеді. Осы себеп бойынша су тамшысының түсі болмаса да, бұлт ақ сияқты көрінеді, өйткені ұзындықтары жиынтыққа ақ түс спектрін құрайтын толқындардың шашырауы өтеді. Тұман мен бұлт толқын ұзындығы 0.75-1.1 мкм сәулеленудің жақын инфрақызыл диапазонын күшті ыдыратады.
• Молекулалық және аэрозольдық шашырау атмосфераның диффузиялық жарқырауына алып келеді, олар пайдалы ақпарат пен ЖҚЗ кезінде тіркеледі. Пайдалы сигналдарды аппаратурамен қабылдауда кедергілер пайда болады, түсірілетін жердің қарама қарсылығы (контрасы), жарығы, бейнелеуінің кеңістіктік түсіру мүмкіндігі төмендейді. Диффузиялық жарқырау жарық сүзгілерінің көмегімен сүзгілейді. Спектрдің ультракүлгін және көгілдір бөліктеріндегі толқынның ыдырауы сары және қызғылт жарық сүзгісімен азайтады, олар күлгін және көгілдір сәулелерді жүтады.
• Атмосфералық кедергінің кері әсері толқын ұзындығы 0.8 мкм-ден кем және жақын ИҚ диапозоны төмен болғанда орасан зор болады.Жоғарыда көрсетілген себептер салдарынан бұлттармен тұрақты жабылған аудандарды түсіру үшін тек микротолқынды сәулеленуге негізделген ЖҚЗ-ның белсенді әдістері ғана қолданылады. Екі сантиметрден артық толқын ұзындығының таралуына бұлт, тұман, жаңбыр әсер етпейді.
Сөйтіп, ЖҚЗ материалдарының сапасына ықпал ететін мынадайфакторларды бөліп көрсетуге болады:
– атмосфераның жай-күйі;
– Күннің биіктігі және ұшу кезіндегі азимут;
– аппаратураның техникалық параметрлері (спектрлік, радиометрлік, жиіліктік, кеңістіктік қамту ауқымы).
Аппаратура параметрлерін түзету үшін су буы, шаң мен аэрозольдің шоғырлану көлемін, бөлшектер көлемін анықтайды, температуралық бейінді өлшейді, ауа-райының өзгерісі туралы мәліметтерді ескереді (жел, жауын-шашын)