Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Көп зоналық фотометрлік фотографиялау принципі



бет34/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

Көп зоналық фотометрлік фотографиялау принципі объектілердің сәулеленудің эталондық көздерін бір уақытта фотографиялауды жүргізуі абсолюттік немесе салыстырмалы бірліктерде объектілердің спектрлік жарығының шынайы мәнін алуға мүмкіндік береді. Үлгі (эталон) ретінде фотометрлік (оптикалық) сына пайдаланылады, оны бейнелеуде сүзгі арқылы әрбір кадр алаңында басылады.
Әрбір алаңда сынаның қараюы энергетикалық бірліктерде көрсетілген экспозицияның белгілі бір мәніне сәйкес келеді.
Энергетикалық жарықтың салыстырмалы бірлігі спектрлік жарық коэффициенті болып табылады (объекті жарығының тиісті спектрлік құрамындағы сәулеленуді ең тиімді көрсететін беттік жарығына ара-қатынасы).
Көп зоналық фотографиялау кезінде жекелеген камералардың 3-6 оңтайлы санын құрайды. Жекелеген камералар санын ұлғайтуда (түсіріс спектрларының аймағы) бейнелеулердің біразы өңдеудің еңбек сыйымдылығын арттыруға алып келеді.
Көп зоналық фотожүйелерді қалыптастыру және олардың түсірілім материалдарын пайдалану стратегиясы зерттеулер мен нақты физикалық-географиялық шарттар үшін ақпараттар беретін бір профильді арнаның таңдалатындығынан құралады. Басқа арналар жетіспейтін ақпаратты алу және дешифрлеу сенімділігін көтеру үшін қызмет етеді. Фотографиялаудың спектрлік диапазонын таңдау кезінде айқындаушы сәттер болып табылатындар: объектінің, атмосфера айналасы мен спектрлік өткізуінің спектрлік шағылысу сипаттамасы.
Көп аймақтық түсіріс материалдарын айырып жазу тиімділігі зоналық түсірістер синтезін қолдану және олар бойынша шартты түстерде жергілікті жер бейнелерін қалыптастыру кезінде арта түседі. Осы процесс әртүрлі түрлі-түсті сүзгілер үшін түсірістердің оптикалық немесе оптика-электрондық үйлесуі жолымен жүзеге асырылады. Шартты түрлі-түсті бейнелеулер саны арналар және қолданылатын сүзгілер санымен анықталады. Позитивті, сондай-ақ негативті бейнелеуді синтездеуге, әрбір арнаның дәлдігін орнықтыруға, түстерді алу мен шығаруды қолдануға болады. Көп зоналық түсіріс объектілерінен келетін жарық қабылдағышқа барлық электромагниттік толқындардан жеткізілетін энергияны шығарады немесе әлсіретеді. Сондықтан жеке алынған немесе синтезделген зоналық бейнелеулер ақ-қара немесе түрлі-түсті түсірістер бойынша дешифирлеу кезінде жоғарғы тиімділіктер береді.
Мысалы, жақын ИҚ-диапазонындағы түсіріс кезінде (0,7-0,9 мкм) негізінен тек жер беті белгіленеді, өсімдік жамылғысын, орманды қоса алғандағы бейне қатты әлсіз болып келеді. Су айдындарының жағалаулық сызықтары айқын көрінеді. 0,45-0,6 мкм диапазонынды түсіріс кезінде сумен жасырынған бейнелерді белгілеу (фиксация) жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет