Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Ғарыштық түсіріс фотокамераларын жіктеу



бет35/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

33. Ғарыштық түсіріс фотокамераларын жіктеу


Ғарыштық түсіріс фотокамераларын жіктеу (ҒТФК) олардың мақсатымен, түсірістер жүргізу әдісімен, геометриялық параметрлермен анықталады (8–сурет).
ҒТФК сапалық көрсеткіші мыналарды анықтайды:
1) түсірістің өлшемдік және дешифирлеу қасиеттері;
2) сындарлы және пайдалану мәліметтері оның массасын, габаритін, энергия тұтынуын, ҒҰА бортында орналасу мүмкіндігін анықтайды.

8-сурет - Ғарыштық фотокамералар жіктемесі
ТФК түсірістер материалдарының мақсаты бойынша төрт топқа бөлінеді:
1) топографиялық;
2) дешифирлеу;
3) жұлдыздық;
4) көп зоналық.
Топографиялық ҒТФК топографиялық карталарды жасауға пландық фототүсірістерді алуға арналған. Түсірістердің өлшемдік қасиеті бейнелеу масштабында ± 10 мкм аспайтын орташа квадраттық қатемен нүкте коодинаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Жазықтықтағы пленканы тегістеу қатесі ± 0, 01 мм жуық болуға тиіс, координаттық белгілердің болуы қажет, объектив затворы геометриялық бұрмалауларды шығаруға тиіс емес.
Дешифирлеу камералары тақырыптық карталарды, фотопландарды, фотосұлбаларды жасауға жарамды түсірістерді алуға арналған. Осы камералардың, әдеттегідей, 300 мм астам фокустық қашықтығы және кадрлық өлшемі үлкен болып келеді. Дисторсия мәніне және пленканы тегістеуге қатаң талаптар қойылмайды. Дешифирлеу мақсаты үшін аппараттардың кадрлық және панорамалық типтері қолданылады. Фокустық арақашықтық мәні 30 бастап 3000 мм дейін.
Жұлдыздық камералар жұлдызды аспан түсірістерін алуға арналған, олар бойынша ҒҰА координаттары мен фотокамера жұмысы сәтіндегі тасығыш бағытын анықтайды. Кадр пішіні мен фокустық арақашықтығын, қажетті дәлдік қамтамасыз ететін бір кадрдағы жұлдыз бейнесінің санына қатысты таңдайды.
Көп зоналық камералар бірнеше спектрлік зонадағы бір уақыттағы түсірістерге арналған. Түсірістер әртүрлі зоналық сүзгілер мен бір пленкаға бірнеше объективтері бар бір камерамен немесе зоналық жарық сүзгілерін қолдана отырып, пленкаларды әртүрлі типтеріне бірнеше камералармен орындалуы мүмкін. Осы камералардың фокустық арақашықтығы 100-200 мм.
Экспонирлеу кезінде бейнені сақтап қалуды «выдержканы» қолдану қажеттігіне байланысты көптеген аппараттар бейнелеудің жылжуын (компенсациялау) өтеу механизмімен жабдықталады.
Сонымен қатар, камералардың барлық түрлері үшін басты фактор болып бейнелеудің ең жоғары түсіру ауқымын алу қажеттігі болып табылады.
Төменде бірнеше ғарыштық фотокамералардың техникалық сипаттамалары келтіріліп отыр.
КАТЭ-140, 500 фотоаппараттары; топографиялық кластағы «Салют», «Мир» үлгісіндегі орбиталық станция орнатылады. Объективі орталық затвордан экспозицияны орнату қондырғысынан, қысу қондырғысы бар ауысымдық таспадан, вакуумпомпадан, команда беру аспабынан тұрады, оның фокустық арақашықтығы 140 мм, кадр пішіні 18 х 18 см. Кадрге координаттық белгілер, кадрлар есептегіші, сағат басылады. КАТЭ-140, 500 мм орындалған түсірілім материалдары табиғи ресурстарды шолулық зерттеу, ұсақ масштабтағы картографиялау және басқалар үшін қолданылады. Бейнелеудің түсіріс ауқымының қабілеті 35-50 м құрайды.
МКФ-6 көп зоналық ғарыштық фотоаппаратын КСРО мен ГДР мамандары әзірлеген, “Карл Цейсс Йена" фирмасы жасап шығарған. Аппаратта фокустық арақашықтығы 125 мм объективтермен жабдықталған корпустағы біріктірілген алты фотокамерасы бар. Әрбір камера кадрының пішіні 81х56 мм.

9-сурет - МКФ-6 көп зоналық ғарыштық фотоаппараты
«Ресурс-Ф» сериясындағы заманауи Ресейлік сериялық табиғаттанушылық пен картографиялық жер серігі 5.4.2 тарауда берілген.
ЖҚЗ мақсаттары үшін фототүсіріс аппаратурасы бастапқы кезеңде АҚШ-та да пайдаланылды.
Жерді зерттеу мақсаттары үшін алғашқы көп зоналық фототүсіріс орбитаға 1969 ж. 03.03 мамырда шығарылған “Апполон-9” ұшырылатын ғарыштық кемесінде жүргізілді. Түсіріс үшін сүзгі-үлдірдің әртүрлі үйлесіміндегі “Hasselblad 500 EL” төрт камерасынан тұратын блок пайдаланылды. Объективтердің фокустық қашықтығы 2.8 саңылауға қатысты 80 мм.
“CКАЙЛЭБ” (1973-1974 жж.) ғарыштық кемесінде “S-190 A” көп аймақтық камера-жүйесі орнатылды. Олар әртүрлі спектрлерде алты синхрондық түсіріс жасады. Кадр пішіні 5,58ₓ5,58 см, бейнелеу масштабы 1: 2 850 000. Бейнелеудің түсіріу ауқымы зоналарға байланысты 30 бастап 79 м дейін құрайды. Объективтердің фокустық арақашықтығы – 15,2 см, жарық күші 2,8-1,6 құрайды.
Түсірілімдер жапсарлас бейнелеудің жылжуын өтеу арқылы 45,7 см фокустық арақашықтықтан объективпен "ЕТС" (S-190 В) камерасымен жүргізілді, кадр пішіні 11,43ₓ11,43 см, бейнелеу масштабы 1: 950 000. Ұшу биіктігі 435 км, кеңістіктік түсіру мүмкіндігі пленка комбинациясына байланысты 17 бастап 30 метрге дейін құрады.
Жиі пайдаланылатын «КОЛУМБИЯ» ғарыштық кемесінде ГФР-де жасап шығарылған, фокустық арақашықтығы 305 мм, кадр пішіні 23х23 см. RMK-30/23 “Zeiss” фирмасы аэрофотоаппаратының үлгісін көрсететін “Metric-Camera” (метрлік камера) фотокамерасы пайдаланылды. Ұшу биіктігі 250 км кезіндегі түсіру мүмкіндігі 21 м құрады. Одан әрі камера 600 мм фокустық қашықтықтағы және бейнелеудің жылжуын өтеу механизмімен жетілдірілген нұсқада ірі масштабтағы (1 : 50 000) топографиялық және тақырыптық карталарды жасау мүмкіндігін зерттеу мақсатында “CПЕЙС-ШАТТЛ” көп пайдаланылатын ғарыш кемесінің ұшуы кезіндегі түсіріс үшін пайдаланылды.
Ғарыштан ЖҚЗ-ның фотографиялық әдісі АҚШ пен Батыстың басқа елдерінде дамыған жоқ. Басымдық фототүсірістердің алдында айқын артықшылығына байланысты ЖҚЗ оптикалық-электрондық жүйесін жасауға берілді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет