Суреттерді Дешифрлеу дегенiмiз жергілікті жердің Фотосуреттерінде бейнеленген объектілердің сипаттамасын табу, тану және анықтау. Суреттерді дешифрлеу (аэросуреттерді, Фотосуреттерді, бейнелерді) картаны құруда ең қиын және - маңызды процессі, сондықтан картанын сапалы орындалуында дешифрлеудің маңызы өте зор. Дешифрлеу процессі бірнеше этапқа бөлінеді:далалык зерттеуге дайындық, далалық зерттеу, дешифрлеу, суретте сызу, өзінөзі тексеру, дайын продукцияны тапсыру. Суреттерді дешифрлеу жергiлiктi жерде объектінін кеңістікте орналасу заңының кезегінен және оның оптикалык және геометриялық қасиетінің фотографиялык кабылдау заңына байланысты болады. Суреттерді дешифрлеуде максаты мен тапсырмасына байланысты дешифрлеудің екітүрі болады: жалпы географиялық және салалы (тематикалық, арнайы) • Жалпыгеографиялық дешифрлеуде Жер бетінің накты анықтамасын алады. Оған жер бетінің регионалды және типологиялық аудандары, жергiлiктi жердiн гидрография жүйесi, жол торабтары, елдi мекен пунктері, жасыл жабынды және топырак элементтерi, олардың өзара байланысын орнату, топографиялық карталарды құру және жаңарту жатады. Жалпыгеографиялык дешифрлеудiң екi түрi бар -топографиялык және ландшафтық. Далалық әдіс - жұмыс тек кана жергiлiктi жерде суретте бейнеленген объектілерді тауып сонымен катар суретте бейнеленбеген объектiлердi де дешифрлеу қарастырылады. Дешифрлеудің барлық әдiстерi мен тәсiлдерi екi негiзгi әдiске байланысты: • визуалды және автоматтандырылған (компьютерлік). Виуалды дешифрлеу дегеніміз-сурет кандай формада усынылғанына карамастан, орындаушы орындайтын процесс. Ол компьютер экранындагы фото немесе басып шығарылған сурет турiнде болуы мүмкін. Керісінше, автоматтандырылған (компьютерлік) дешифрлеу -бұл компьютердегі суреттерді бағдарламалық өндеу. Біраз уақыт бұрын автоматтандырылған шифрды шешу визуалды дешифрлеуді толығымен ауыстырады деген түсiнiк дұрыс емес болып шықты. Сонымен қатар, ультра жоғары кеңiстiктiк ажыратымдылықтағы суреттерді қолдану кеңейген сайын, визуалды дешифрлеу шешудің рөлі артады. Бұл адамның бейнені талдау кабілеті әзірге есептеу мүмкіндіктерінен едәуір асып түсетiндiгiмен түсiндiрiледi.