Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Радиолокациялық түсірістердің геометриялық бұрмалаушылықтары



бет48/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

44. Радиолокациялық түсірістердің геометриялық бұрмалаушылықтары


Радиолокациялық түсірістер жер бедері мен түсіру параметрлеріне (бағыт және көру бұрыштары) байланысты бір мезгілде пайда болатын геометриялық және жарықтық бұрмалануларымен сипатталады. Суреттерде бұрмаланудың үш түрі болуы мүмкін: еңістерді қысу / созу (алдын ала қысқарту), еңістің үстіңгі және астыңғы қабатын жабу (лайверт) және радиолокациялық көлеңке (радар көлеңкесі).
Еңістердің кескінін сығу/кеңейту келесідей қалыптасады (диаграмманы қараңыз): АВ еңіс, радарға қарай еңіс, суретте ВС еңісімен салыстырғанда, одан көлбеу, қысқарақ және жарқынырақ көрінеді.

ЛЕКЦИЯ.
РЛ-түсірістер құрылу принципі бойынша сканерлік болып табылады. Бейнелеуді қалыптастыру сызбасы саңылаулық тиегі бар аэрофототүсірістік камерадағымен бірдей.
РЛ-түсірістері бейнелердің геометриялық ерекшеліктерінен және түсірілім платформасының кеңістіктік жағдайының ауытқуларынан туындаған қателер мен бұрмалануларды құрайды. Бейнелердің геометриялық ерекшеліктеріне байланысты қателер радиолокациялық жүйенің радиоимпульстар қозғалысының уақытын анықтауда қателесетіндігінен туындайды. Ұзындықтары бірдей кесінділер көлбеу қашықтықтары бойынша жергілікті жерде (R көлбеу қашықтығы бойынша арақашықтықты өлшеу) әртүрлі көрінеді (4.3.3-сурет).
Сонымен қатар, РЛ-түсірілімдерде бедердің сипаттамасынан туындаған бұрмаланулар бар. Өзінің ұзындығы бойынша салыстырмалы беткейлер көздеу бұрышының өзгерісі кезінде түсірістерде әртүрлі ұзындық кесінділермен беріледі. Беткей бұрышы мен радиосәуленің түсу бұрышының әсерінен туындайтын қателіктерді түзету қиын соғады.
Төменде бедер сипатына тәуелді қателердің негізгі түрлері келтірілген.

Жердегі объектіден шағылыстырылған сигналдар қабылдау антеннасына олардың түсіріс тәртібімен жетуге тиіс. Биік таулы аудандарда сигнал жартас биіктігіне оның бөктеріне қарағанда ерте жететін жағдайлар да кездесуі мүмкін. Сәйкесінше тау биіктігінен шағылыстырылған сигналдар олардың табанынан шағылыстырылған сигналдарға қарағанда ертерек келіп жетеді. Сондықтан түсірістерде биік таулардың антенна бағытына ығысу әсері және жартастардың күрт құлама әсерлері беріледі.
Радарлық жолдың әсері болып көлбеу қашықтық, көздеу бұрышы және жартас бұрышының функциясы саналады. Жақын аймақтағы бұрмалаушылық жоғары. Осыған орай көздеу және жартас бұрыштарының артуымен бұрмалануда өсе түседі.
Перспективті қысқарту. Антеннаға ығысқан беткейлер антеннадан ығысқан беткейлермен салыстырғанда, РЛтүсірілімдерде «сығылған» түрде беріледі (4.3.7-сурет).

(ав) беткейінен қабылданатын шағылыстырудың (а'в') уақыттық аралығы (в'с') қашықтығынан қысқа. Осы құбылыстың салдарынан түсірілімде жергілікті жерде (ав=вс) тең болса да беткей (а'в') ұзынырақ бейнеленеді.
Радиокөлеңкелер. Радиотолқындардың тіксызықтылығы салдарынан тау учаскелерінде олар жетпейтін және шағылыстырыла алмайтын орындар да бар. РЛ-түсірістерде осындай учаскелер қара түспен бейнеленеді және радиокөлеңкелер деп аталады. Функционалды тұрғыда радиокөлеңкелер ұшу биіктігіне, көлбеу бұрышына, түсіріс объектісінің биіктігіне тәуелді.
Ұшу аппаратының ауытқуларынан туындаған геометриялық бұрмаланулар 4.3.8-суретте келтірілген.
Платформаның көлбеулік ауытқулары түсірілімдердің масштабты сызықтық емес бұрмалануларына алып келеді. Платформаның горизонталь (крен, тангаж) және вертикаль өстерінің төңірегіндегі (рыскание) антенналардың ауытқуына алып келеді. Ұшақтың бойлық өсінің бойындағы бұрылыстары (крендер) зондтаушы сәуле ішіндегі энергия таралуының өзгерісіне алып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет