Программаның ЖҚЗ мәліметтері
Алғашқы буындағы СПОТ ЖЖС-дан ақпарат нақты уақыт режимінде немесе жылдамдығы 2*25 Мбит/с, 8253 МГц жиілігіндегі магнитофондардан (жазу ұзақтығы 22 минут) берілді. Екінші буындағы жер серіктерінде ақпаратты 40 минут бойында беруГе мүмкіндік беретін Schlumberger фирмасының борттық магнитофондары пайдаланылатын болады. HRG үш камерасынан ақпаратты берудің жиынтық жылдамдығы 50 Мбит/с асып түседі және 8025-8400 МГц диапазонында жүзеге асырылатын болады.
SPOT жүйесінің жердегі кешеніне мыналар кіреді:
Орбитада ЖЖС қызметін, сондай-ақ ЖҚЗ мәліметтерін қабылдау мен алдын-ала өңдеуді қамтамасыз ететін басқару орталығы (Тулуз қ., Франция);
Франциядағы (Aussaguel), Швециядағы (Kiruna) ЖҚЗ мәліметтерін қабылдайтын екі негізгі жер беті станциясы;
Геостационарлық ЖЖС арқылы оптикалық сызық бойынша ЖҚЗ мәліметтерін қабылдауға арналған Тулуз қ. жер беті станциясы;
Тулуз қ. алдын-ала өңдеу мен мұрағаттау орталығы;
Кирун қ. мәліметтерді алдын-ала өңдеу орталығы;
Барлық құрлықтарда орналасқан нақты уақыт режиміндегі ақпаратты қабылдаудың он жеті станциясы;
ЖҚЗ материалдарын коммерциялық таратуға жауапты филиалдары бар Spot Image фирмасы.
ЖҚЗ мәліметтері оларды өңдеу технологиясымен бірге таратылады және ЭЕМ-мен стандарттық үйлесімдегі магниттік оптикалық көздерде және фотоөнімдер түрінде жеткізілуі мүмкін. Шектеусіз жер бетіндегі кез-келген учаскені сатуға ұсынылады. Жүйенің ең көп тараған фотоөнімі 1:100 000, 1:50 000 маштбтағы панхроматты және түрлі-түсті синтезделген түсірістер болып табылады. Жүйені пайдаланудың алғашқы жылдары әлем мемлекеттерінің барлық астаналарында түсірілімдер жасалды.
Түсірілімдердің жоғары кеңістіктік түсірілу рұқсаттығы оларды табиғи ресурстар мақсаттарымен қатар, 1:200 000 және ұсақ масштабтағы топографиялық карталарды жасау мен жаңарту, 1:25 000 масштабта фотокарталарды жасау мақсатында да пайдалануға мүмкіндік береді.
СПОТ жүйесінің ЖҚЗ материалдары тұтынушыға түсердің алдында күрделілік деңгейі әртүрлі алдын-ала өңдеуден өтеді:
1 деңгейі: негізгі радиометрлік және геометриялық түзету (ЖЖС бағдарлау элементтерін және жер бетіндегі тірек нүктелерін пайдаланусыз);
1А деңгейі: стереобейнені құру және базалық спектрлік зерттеулер үшін жарамды әрбір спектрлік диапазондағы ЗБҚ – детекторларының нормаланған алғашқы ақпараты (сканерлік түсірілімдегі сызықтық қателерді қоспағанда);
1В деңгейі: фотографиялық түсіндіру, тақырыптық талдау мен стереожұпты қалыптастыру үшін жарамды толық радиометрлік және шектеулі геометриялық түзету;
2;2 В деңгейі: берілген картографиялық кескінге бейнелеуді келтіру;
2 А деңгейі: жер беті тірек нүктелерін пайдаланусыз орындалған 2 деңгейге сәйкес келеді;
S деңгейі: 0,5 пиксел дәлдігімен түсірістің үйлесуін қамтамасыз ететін жер беті тірек нүктелерін пайдалану арқылы түсірісті салыстыру. Камераның көздеу бұрышындағы 0,6-1,8 жуық айырмашылық кезінде орындалады;
1АР деңгейі: түсірістердің фотограмметрикалық өңделуін қамтамасыз етеді.
СПОТ жүйесі түсірістерін бейнелеудің геометриялық сапасын бағалау төмендегі көрсеткіштер бойынша жүргізіледі:
Байланыстыру дәлдігі;
Сызықтық бұрмалаулардың шамасы, анизоморфизм, жергілікті когеренттік;
Бейнелерді үйлестіру қателіктері;
Түсірістерді фотограмметрикалық өңдеу кезіндегі жоспарлы және биіктік дәлдік.
Мәліметтерді өңдеудің әртүрлі үш деңгейі 1500 метр, 50 метр, 10 метр байланыстыру дәлдігін қамтамасыз етеді. Надир бағытында (1500 м) түсірілімдер жүргізу кезінде, үйлесімнің бастапқы дәлдігін мерзімдік бақылау Жердің бетін әртүрлі аудандары түсірістерін статистикалық өңдеумен жүргізіледі. Бастапқы дәлдік орбита параметрлері және ЖЖС бағдарлау элементтерін нақтылау аппаратурасымен қамтамасыз етіледі.
Вертикаль бағдарлау кезінде көлбеу камераларының осьтері, сызықтық бұрмалаулар түсірілімнен алынған үстіңгі беттің нақты қашықтығы мен оның мәні арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. Осы параметрдің мәні 1% аспауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |