ЖҚЗ әдістерін активті және пассивті деп жіктеуге болады.
Пассивтіге: 1-фотографиялық; 2. телевизиялық; 3. зарядтау байланысы бар аспаптар (ПЗС)негізінде; 4. сканер;
Активті түсірілім жүйелеріне мыналар жатады:1. радиолокациялық; 2. лазерлік.
Жерді қашықтықтан зондтаудың радиолокациялық әдістері соңғы бірнеше онжылдықта белсенді дамып келеді.
• Радиолокациялық түсірілім-зондтау жүйесі радиотолқынды сәуле шығаратын және жер бетінде шағылысқан кері сигнал кабылдайтын белсенді түсірілім түрі.
• Радиолокациялық зондтау электромагниттік спектрдің баска диапазондарында түсіріліммен салыстырғанда бірнеше артықшылықтарға ие
Радиолокациялық түсірілім қиын ауа-райында басқа бақылау құралдарымен салыстырғанда таптырмас болып табылады.
Артықшылықтары:атап айтканда тәуліктің кез келген уақытында және кез келген ауа-райында суретке тусіру мүмкіндігі, объектілердің координаттары мен геометриялық сипаттамаларын өлшеудің жоғары дәлдігі, қар немесе есімдік жамылғысымен жасырылған электромагниттік спектрдің оптикалық немесе инфрақызыл диапазонында көрінбейтін объектілерді байқау және анықтау мүмкіндігі
Радиолокациялық әдіс ЖҚЗ-ның белсенді әдістеріне жатады. Бүйірлік (түсірудегі) шолудағы радиолокациялық (РЛ) станциялар (БШРЛС) түсірілетін аумақты (радиотолқындармен) «жарықтандырды». Қондырғының ұшуы кезінде аппараттың бойлау осінің бойында орнатылған антенна түсірілетін беттің ұшу бағытына перпендикуляр тар желек түріндегі диаграммасы бар жоғары жиіліктегі импульстерді жібереді. Жер бетінен шағылысқан сигналдарды антенна қабылдап, ол бейне сигналдарға айналады да, фотопленка немесе цифрлық түрде магнит таспасына тіркеледі.
Шағылған импульстің тіркелетін параметрлеріне мыналар жатады: генератордан бастап сәуле таратқыш қабылдағышына дейінгі импульстің өту уақыты, қабылданған сигналдың қарқындылығы, радиолокатор координаттары жүйесіндегі сәулеленген объектінің орналасуы.
Радиолокациялық жүйелердің екі түрі қолданылады:
1-нақты апертурасы (шамасы) бар түсірілімдік радиолокациялық жүйелер, антенналар (БШРЛС немесе когеренттік емес жүйе, SLAR) Нақты апертурасы бар БШРЛС салыстырмалы түрде қарапайым және бейнені құру кезінде мәліметтердің күрделі өңделуін талап етпейді, алайда кеңістіктік қамту ауқымы жоғары емес.
және 2- антеннаның синтезделген апертурасы бар түсірістік радиолокациялық жүйелер (РЛСА, SAR). Синтезделген апертурасы бар жүйелер антенна мен объектінің арасындағы қашықтыққа тәуелсіз жоғары кеңістіктік түсірісті алуға мүмкіндік береді, бірақ, мәліметтерді алу мен өңдеу өте күрделі.