Жерді қашықтан зондтау саласының даму тарихы


Ғарыштық ұшу аппараттарының орбита түрлері



бет7/75
Дата20.12.2023
өлшемі11,81 Mb.
#141386
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75
Байланысты:
Ғарыштық түсірілімдерді дешифрлеу негіздері пәні бойынша емтихан сұрақтары 2022 (1)

7. Ғарыштық ұшу аппараттарының орбита түрлері


Ғарыш аппараты— жартылай болсада, ғарыш кеңістігінде, яғни тығыз атмосфераның сыртымен ұшатын ұшу аппараттары (100 километрден жоғары).
Ғарыш айлағы – жасанды жер серігін (ЖЖС) жеткізгіш зымыран арқылы берілген орбиталарға шығарылуын қамтамасыз етеді.
Орбитаның бірнеше типтері бар:
Негізгі белгілері бойынша орбита былай жіктеледі: орбитаның пішіні, жазықтың көлбеу бұрышының мәні, орбита бойынша FҰA қозғалысының бағыты, FҰA ұшу биіктігі.
Орбита пішіні бойынша дөңгелек, эллипстік, параболалық және гиперболалық болып бөлінеді. Жалпы орбита пішіні экспентритет мәнімен анықталады: яғни, е-0 болғанда орбитаның пішіні денгелек, 0<е<1 эллипс, е=1 парабола, e>1 гипербола болады.
Тұйықталмаған параболалық және гиперболалық орбиталар басқа ғаламшарларға FҰA шығару үшін қолданылады. Тұрақты ұшу биіктігін қамтамасыз ету мақсатында ЖҚЗ процестері жүзеге асырылатын FҰA үшін, дөңгелек орбита қолайлы болып келеді.
Көлбеу бұрышының мәні бойынша орбиталар экваторлық, полярлық (полюстік), көлбеулік болып бөлінеді.

8. Электр өрісі векторының поляризациясы


Жарық толқындары электромагниттік толқындардың бір түрі болып табылады да, олардың өрісін электр өрісі векторы Е мен магнит өрісі векторы Н арқылы сипаттауға болады. Бұл векторлар өзара және толқын таралатын бағытқа перпендикуляр болатындығын бұрыннан білеміз. Осындай жарық толқыны өрісінің векторлары үздіксіз өзгеріп тербелісте болады. Сондықтан, мұндай векторлар кейде жарық векторлары деп аталады. Жарық толқындары заттың атомдары мен молекулаларында жүріп жатқан кейбір процестер нәтижесінде пайда болады. Ал жарық көзі құрамында сансыз көп атомдар бар. Осы атомдардың шығаратын жарық толқындарының электр векторларының бағыттары әр түрлі болып ылғи да өзгеріп отырады. Сөйтіп, жарық толқынының электр өрісі векторы түрлі жаққа бағытталған, яғни әр түрлі жазықтықта тербелуі мүмкін. Олай болса, электр өрісі векторының кеңістікте осылайша барлық бағытта таралатын жарығы табиғи жарық деп аталады (1, а-сурет). Табиғи жарық толқындарының кез келген бағыттағы интенсивтігі бірдей болады.
Ал кейбір жағдайларда жарық толқыны тек белгілі бір бағытта ғана тербелуі де мүмкін. Осындай жарық поляризацияланған жарық деп аталады (1, б-сурет). Өріс векторының тербеліс бағыты мен тербелістер таралатын бағыт арқылы өтетін жазықтық поляризацияланған жарықтың тербеліс жазықтығы, оған перпендикуляр жазықтық поляризациялану жазықтығы деп аталады.
Егер жарық векторы тербелістері бір ғана жазықтықта болса, онда бұл жарық жазық поляризацияланған жарық болады.
Мысалы, турмалин пластинкасынан өткен жарық толқынының электр векторы белгілі бір жазықтықта тербеледі, демек табиғи жарық турмалиннен өткенде поляризацияланады, сөйтіп жарық тербелістерінің көлденең тербелістері болып табылады.
Егер кристалл пластинкадан шыққан жарық толқынының электр векторының ұшы эллипс сызса, онда жарық тербелістерінің траекториясы эллипс болады. Сонда жарық толқындары эллипс бойымен поляризацияланған толқын деп аталады, сондықтан бұл құбылыс эллипстік поляризация делінеді.
Жалпы поляризация дегеніміз-электр тогы өткен кезде ерітінді мен электрод арасындағы потенциалдар айырмасының тепе-теңдік мәнінен ауытқуы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   75




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет