Жердің сыртқы қабаттарын суреттеңіз



бет2/7
Дата30.11.2022
өлшемі36,03 Kb.
#53634
1   2   3   4   5   6   7
Жер қыртысын суреттеңіз.

Жер қыртысы жердің сыртқы қатты бөлігін кұрайды. Оның шекарасын ең алғаш анықтаған югославия ғалымы, сейсмолог Андрей Мохорович (1909) болды. Сондықтан, бұл шекара ғалымның құрметіне “Мохорович шекарасы”, қысқаша “Мохо (м) деңгейі” деп аталады. Жер қыртысының қалыңдығы 5—8 км-ден 70—75 км-ге дейінгі аралықта өзгеріп отырады. Оның құрылысы мен құрамы континенттер мен мұхиттар түбінде бірдей емес. Континенттерде жер қыртысының орташа қалыңдығы 35—40 км (жазық алқаптарда), кейде таулы аймақтарда 50 —75 км-ге дейін жетеді. Жер қыртысының континенттік тегі үш қабаттан тұрады (жоғарыдан төмен қарай): 1) шөгінді (5—20 км); 2) гранитті- гнейс (10—30 км); 3) габбро-базальт (5—40 км) секілді тау жыныстарынан құралады. Ал мұхиттық тегі—шөгінді (1,5—2 км), кейде вулканогендішөгінді және базальтты (4—8 км) қабаттардан тұрады. Мұхит түбінде гранитті қабат болмайды. Австрия ғалымы В. Конрад (1925) гранитті-гнейс және базальт қабаттарының аралығында (10—30 км-дей тереңдікте), тек материктерде ғана кездесетін сейсмикалық шекараның болатындығын анықтайды. Бұл шекара “Конрад жазықтығы” немесе қысқаша “К” деңгейі деп аталады

  1. Мантия туралы айтып беріңіз.

Шартты түрде мантия жоғарғы мантия (В), ортаңғы мантия (С) және төменгі мантия (Д) болып үшке бөлінеді. Жоғарғы мантия (В) “Мохо деңгейінен” 400 км-ге дейінгі тереңдікті қамтиды. Бұл шекара неміс геофизигі Б. Гутенбергтік (1926) құрметіне “Гутенберг шекарасы” деп аталады. Жоғарғы мантияның орталық бөлігінде, материктердің астында — 100 км-ден 250 км-ге дейінгі, ал мұхит түбінде 50 км-ден 400 км-ге дейінгі аралықта сейсмикалық толқындардын, таралу жылдамдығы тереңдеген сайын өсудің орнына, керісінше төмендейді. Бұл жағдай мантия қабатын құрайтын заттардың балқыған күйде болатындығын көрсетеді. Мұндай зоналарды “астеносфера” деп атайды. Астеносфералық зоналарда вулкан ошақтары орналасады. Сонымен бірге, жер қыртысында байқалатын тектоникалық әрекеттердің көзі осы астеносфера болып саналады. Астеносферадан жоғары аймақ жер қыртысын қоса есептегенде “литосфера” деп аталады. Бұл атауларды (астеносфера, литосфера) ғылымға алғаш енгізген американдық ғалым — геолог Дж. Баррель (1914) болды. Ортаңғы мантия (С) немесе аралық зона 400 км-ден 1000 км-ге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл зонаны алғаш рет орыс академигі Б. Б. Голицын (1912) анықтайды. Сондықтан “Голицын шекарасы” деп аталады. Төменгі мантия (Д) “Голицын деңгейінен” 2900 км-ге дейінгі аралықты камтиды. Бұл зона неміс ғалымдары Э. Вихерт пен Б.Гутенбергтің (1914) құрметіне “Вихерт— Гутенберг шекарасы” деп аталып кетті. Мантиялық заттардың құрамында алюминий мен кремнийдің мөлшері азайып, ал темір мен магний элементтері көбейе бастайды.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет